Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым


ІІІ тарау. Күш - ішімізде



Pdf көрінісі
бет45/71
Дата23.09.2023
өлшемі0,63 Mb.
#110005
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   71
Байланысты:
Л.Хей Көгілдір кітап.pdf

ІІІ тарау. Күш - ішімізде 
Бұл тараудағы өте маңызды хабарламаларды бірден қабылдап, сіңіріп алыңыз 
дей алмаймын. Бұл ойлардың кейбірі сізге ұнар, кейбірі ұнамас, ұнамағанын алып 
тастаңыз. Егер, сіз, мұндағы тым болмаса бір идеяны алсаңыз, ол сізге қызмет етсе 
және сіздің өміріңізді бұрынғыдан жарқын етсе, мен ризамын. 
Оқыған кезде мына терминдерге назар аударыңыз: күш, ақыл, шексіз сана, 
жоғарғы күш, Құдай, ғарыштық күш, ішкі ақыл. Бұлардың бәрі – Кеңістік пен сізді 
басқаратын күштің әртүрлі атауы. Егер осылар сізді қанағаттандырмаса, онымен 
шектелмей, оған өз ойларыңызды қосыңыз. 
Менің ойымша ауру және СПИД деген сөздерді жазғанда екіншісін бас әріппен 
жазудың керегі жоқ, олай етсек біз оған ерекше мән беріп, күшейткен боламыз. 
Біз сырттан іздеп жүрген КҮШ біздің ішімізде екенін түсінуіміз аса маңызды. 
Біз өз ішіміздегі КҮШ-ке жүгініп, оны біздің жарқын мақсаттарымызда орындауға 
пайдаланайық. 


42 
Мен емші емеспін. Мен ешкімді емдей алмаймын. Мен әркімнің санасы өзін-өзі 
емдеуге жетсе деймін. Мен адамдар өздерінің қандай тамаша екенін таныса деймін. 
Осы ғана. 
Менің көзімнің жеткені: кез келген проблеманың шешілу құралы – адамның 
өзіне өзінің махаббаты. Адам өзін күн өткен сайын сүйе түссе, оның өмірі орасан 
өзгеріске ұшырайды, күн санап жақсы бола береді. Ол армандаған жұмысына қол 
жеткізеді, қажет ақшаға ие болады, төңірегіндегілермен қарым-қатынасы жақсарады. 
Осыған жетудің қарапайым жолы - өзіңді өзің жақсы көру. 
Біз өзіміздің шын мәнінде қандай екенімізді біле бермейміз. Біз нақ осы сәтте 
нені сезініп тұрмыз, соны білмейміз, нені қалап тұрмыз, соны білмейміз. Өмір – саяхат, 
онда біз өзімізді жаңадан ашамыз. Өзін сүю – эгоизм емес. Ол – ішкі тазару тәсілі: өзін 
сүюді үйрену арқылы біз өзгені сүюді үйренеміз. Сүюді үйрену мен өмірге қуану 
арқылы ғана планетамызға шын мәнінде жәрдем бере аламыз. 
Біздің әсем де ерекше кеңістігімізді жасаған күш өзінің рухы жағынан 
махаббатқа ұқсас. Біз: “жерді айналуға мәжбүр етіп тұрған нәрсе – махаббат” дегенді 
жиі естиміз. Бұл шын мәнінде солай. Махаббат – кеңістікті ұстап тұрған нәрселердің 
негізі. Оның ыдырап кетпей тұрғанының себепшісі де сол. 
Менің жеке басым үшін махаббаттың мағынасы зор. Мен өзімнің өзіме 
махаббатым туралы айтқанда, “біз шын мәнінде бар екенімізді терең сезінуді” назарға 
аламын. Сезіну - өз қалпымызды жан-жақты қабылдау, оның ішінде кішкене 
алаңғасарлық, ұялшақтық секілді онша ұнамды емес мінездер бар. Сонымен бірге, 
әрине, дұрыс мінездер де бар. Сезіну - өзіңді толығымен және осылар болмаса демей 
қабылдай алу. 
Бақытсыздыққа орай, өзін сүюдің өзі оңай бола бермейді, ол үшін салмақ 
жоғалту, жұмыстан айырылып қалу немесе төмендеп қалу, дос таңдау, т.с.с. өзгерістер 
керек болып қалады. Біз өз махаббатымыз үшін де шарт қоямыз. Бірақ, одан басқа да, 
айқынырақ жол бар: өзіңді осы қалпыңда сүйе білу. 
Біздің планетамызда тұтастай алғанда махаббат жетіспеушілігі орын алған. 
СПИД-тен өліп жатқан адамдар көбейіп жатыр. Бірақ СПИД бізге ішкі кедергілерді 
жеңуге мүмкіндік береді, моральдық шектеулердің құрсауынан шығуға түрлі саяси 
және діни сенімдерді ұмытуға жәрдем береді, бұның бәрі біздің жүрегіміздің әмірін 
орындауға бағынады. Осыларды жасай алатын адамдар көбейген сайын біздің ең 
күрделі проблемаларымыздың шешуші жолдары табылады. 
Біз жеке өмірде бүкіләлемдік деңгейде өзгерістер болып жатқан әлемде өмір 
сүріп жатырмыз. Сондай әлемнің нақ ортасында өмір кешіп келеміз. Осындай күрделі 
мезгілде өмір сүріп жатқан біздің әрбірімізге, қазір және осында болуымыз керек пе, 
ескі әлемді махаббат пен тыныштық орнаған жаңа әлем ететін өзгерістердің 
қатысушысы болуымыз қажет пе, ұдайы таңдау жасайтынымызға сенімдімін. 
Балық дәуірінде біз құтқарушымыздан: “Мені құтқара көр! Мен үшін 
уайымдашы!” деп сұрасақ, енді Су құюшы дәуірі келді. Онда біз өзімізге өзіміз жол 
табуды үйрену арқылы құтқарушымызды табамыз. Біз қолдау күтетін күштің өзіміз. Біз 
өзіміз өз өміріміз үшін жауаптымыз. 
Мүмкін, сіз өзіңізді бүгін сүйгіңіз келмес? Олай жүре берсеңіз, сіз өзіңізді ертең 
де, арғы күні де сүйе алмайсыз: өзіңіздің өзіңізге деген келіспеушілігіңіз сізбен бірге 
ертеңгі күнге жылжи береді. Мүмкін ол жиырма жылға дейін сізбен бірге жүре берер, 
сіз одан о дүниеге кеткенде де ажырамассыз, кім білсін. Бүгін – нақ бүгін, сіз өзіңізді 
сөзсіз және алаңсыз сүйе алатын күніңіз. Мен бірін-бірі сүю ешқандай қауіпсіз әлемді 
құру үшін қолымнан келгенімді жасағым келеді, онда біз, өзіміздің шын мәнінде 
қандай екенімізді білуден қорықпаймыз; онда біз төңіректегілерімізге айыпталусыз, 
сынаусыз және көзқарасымызды өзгерте бермей-ақ сүйкімді болар едік. Махаббат 
біздің өзімізден басталады. Библияда: “Жақын адамдарыңды өзіңді сүйгендей сүй” 
дейді. Біз бұл ойды өзімізді ұмытқандай ұмытып кете береміз. Шындығында, біз 


43 
өзімізді сүйе білуді үйренбесек, бізге басқаларды сүю қиынға түседі. Өзіңе деген 
махаббат – адамға берілген сыйлардың ішіндегі ең ұлығы. Біз өзімізді, қандай болсақ 
сондай күйде сүйе алсақ, онда өзімізге де, өзгелерге де зиян жасай алмаймыз. Егер 
әркім өзінің ішкі тыныштығын түсінсе, онда соғысқа, терроризмге, тартып алуға, 
үйсіздерге орын қалмас еді. Түрлі кеселдер жойылар еді, СПИД-те, қатерлі ісік те, 
кедейлік те, аштық та болмас еді. Сонымен, мен үшін әлемдік тыныштық пен 
жайлылық әр адамның ішкі тыныштығы. Тыныштық, түсіну, жаны ашу, кешіре білу
және ең маңыздысы – махаббат. Біздің ішкі күшіміз осы өзгерістердің бәрін өмірге 
енгізуге жетеді.
Махаббат – ол, таңдауға тұратын нәрсе. Оны ашу, жек көру, мұң секілді етіп 
таңдау керек. Біз МАХАББАТТЫ таңдай аламыз. Бұл таңдауды іштей бүкіл өміріміз 
барысында жасаймыз. Олай болса барлық таңдаулардың ішінен махаббатты таңдап 
алуды қазірден-ақ бастайық. Бұл - ең ұлы күш. Ем беретін күш.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет