Саяси ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет11/59
Дата27.09.2023
өлшемі1,12 Mb.
#110738
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   59
Байланысты:
treatise15701

 
4-дәріс. 
Биліктің негіздері мен ресурстары
 
Биліктің құрылымы.
Биліктің негіздері мен ресурстары.
Билік етудің әдіс-тәсілдері 
Билік күш, байлық, статус, ұйым, білім мен ақпарат
 кӛздеріне негізделеді



17 
Саяси биліктің қоғамда жүзеге асуында әртүрлі құралдарды қамтамасыз 
етіп, пайдаланады. Ғылыми әдебиеттерде олар 
биліктің ресурстары
деп 
аталады. Биліктің ресурстарын жалпы мынадай түрлерге бӛлуге болады: 
– экономикалық (материалдық қажеттіліктер); 
– әлеуметтік (статусты ӛзгертуге арналған құралдар); 
– күш ресурстары (әскер, қару-жарақ, полиция); 
– ақпараттық (білім және ақпараттық құралдар); 
– демографиялық (адам – ең негізгі әлеуметтік құрал). 
Э. Тоффлердің пікірінше, осы ресурстардың ішінде қазіргі уақытта білім 
мен ақпараттық құралдар әлемде ерекше маңызға ие бола бастады. 
Саяси билік ресурстары – субъекті мақсатына сәйкес билік объектісіне 
ықпал етуді қамтамасыз ететін барлық құралдар. Олар: экономикалық, 
әлеуметтік, ақпараттық, күштеу, демографиялық. 
Экономикалық
– қоғамдық және жеке ӛндіріске, пайдалануға қажетті 
материалдық құндылықтар, ақша, пайдалы қазбалар, техника, т.б. 
Әлеуметтік
– әлеуметтік құрылымдағы орынды, әлеуметтік 
мәртебені жоғарылату немесе тӛмендету қабілеттілігі. 
Ақпараттық
– білім мен ақпарат, сонымен бірге оларды алу және 
тарату: ғылым және білім институттары, БАҚ, т.б. 
Мәжбүрлеу
– бұл қару, күшті қолдану аппараты, осы мақсатта арнайы 
дайындалған адамдар тобы. Мемлекетте оның ӛзегін армия, полиция, 
қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура құрайды. 
Демографиялық
– адамның ӛзі басқа ресурстарды құрушы әмбебап 
ресурс ретінде қызмет етеді. 
Биліктің негізгі міндеті – қоғамды басқарудың стратегиясын айқындап, 
дамудың негізгі бағыттары бойынша нақты шаралар қолдану, әлеуметтік 
процестерді шұғыл басқарып, дамудың орнықтылығы мен сындарлығының 
маңызды ӛлшемдеріне бақылау орнату, ал ең басты принципі – оның 
заңдылығы (легитимділігі). Билік әлеуметтік құрылымның ең күрделі 
әлеуметтік-саяси, қоғамдық, ұжымдар мен олардың арасындағы қарым-
қатынастарды қамтитын кӛпшілік немесе қауымдық және жеке адамдық, 
шағын топтық деңгейлерінде салтанат құрып, қызмет атқарады. Саясаттану 
ілімінде биліктің пайда болып, жүзеге асуының әрқилы пішімі зерделенеді. 
Ол басқару түріне
қарай  монархиялық (
абсолюттік және 
конституциялық
), республикалық (
президенттік және парламенттік
); 
- мемлекет құрылысының пішіміне қарай унитарлық, федеративтік, 
конфедеративтік; 

саяси режиміне қарай тоталитарлық, авторитарлық және 
демократиялық;

саяси ағымына қарай
консервативтік, неоконсервативтік, 
либералдық, неолибералдық, социал-демократиялық
болуы мүмкін.
Билікті заң шығарушы, атқарушы және сот қызметі тармақтарына бӛлу 
жаңа дәуірдің үлкен теориялық жаңалығы болды. Олардың арасында тежеу 
мен тепе-теңдік жүйесінің болуы, яғни дербес билік тармақтарының ӛзара 


18 
үйлесімділігін сақтау, олардың заңға бағынуын қамтамасыз ету принципі 
демократиялық, азаматтық қоғам орнатып, құқықтық мемлекет құруға берік 
негіз қалайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет