Тақырыпты пысықтау сҧрақтары:
1.
Биліктің табиғатын түсіндіруші ғылыми тұжырымдамалар.
2.
Биліктің мәнін анықтау барысында туындаған парадигмалар
(телеологиялық, бихевиористік, психологиялық, жүйелік, құрылымдық-қызметтік,
реляциондық тәсілдер ауқымындағы биліктің түсіндірмесі).
3.
Ежелгі саяси ойдағы билік мәселесі.
4.
Орта ғасырлардағы саяси билікке қатысты идеялар
3-дәріс. Биліктің белгілері, сипаты, қызметі, қҧрылымы.
Биліктің сипаттамасы
Биліктің психологиялық негіздері
Биліктің қызметі
Жалпы алғанда,
билік дегеніміз
қоғамдағы тап, әлеуметтік топ, мемлекет,
жеке адам, т.б. субъектілердің тарапынан ӛзіндік ерік-жігерді іске асырудағы
қабілеттерін пайдалана отырып, адамдардың қызметі мен мінез-құлқына бедел
мен мәжбүрлеу құралдары арқылы әсер ету деп түсінуге болады.
Қазіргі саяси ғылыми әдебиеттерде кеңінен белгілі америкалық
саясаттанушы Герберт Саймонның билік туралы пікірі таралған. Ол билікті
ықпал етудің түрі, А-ның В-ға билік жүргізуі деп түсінген:
В-ның таңдауы мен әрекеттеріне А ықпал етеді;
В-ның таңдауы мен әрекетін А ӛз қалауынша ӛзгерте алады;
В-ның қарсылығын А тұқыртып тастауға қабілетті;
А мен В арасындағы 1, 2 және 3 пайымдауларда айтылған ӛзара қарым-
қатынас қандай да бір әлеуметтік құрылымның бір бӛлігі болып табылады және
тұрақты сақталып қалу үрдісіне ие.
Сонымен, билік барлық ғылыми анықтамаларда адамдардың ӛз ерік-жігерін
(бедел, заң, күштеу) әртүрлі құралдар арқылы іске асыру тәсілі мен мүмкіндігі
ретінде түсіндіріледі.
Қоғамдық қатынаста биліктің пайда болуы мен жүзеге асырылуына
тӛмендегі бӛлшектердің болуы шарт:
1. Кем дегенде билік қатынасының жеке адамда немесе топтан тұратын екі
ӛкілі болуы керек.
2. Билікті жүзеге асыру үшін оған бағынбаған жағдайда жазалау шараларын
қолданатындығы жӛніндегі басқарушының бұйрығы болуы тиіс.
3. Билікті жүзеге асырушыға билігі жүретін адамдардың бағынуы керек.
15
4. Бұйрықты берушінің оған құқы бар екендігін айқындайтын қоғамдық
ережелердің болуы тиіс. Ол бұл бұйрық кімге қатысты болса, биліктің
жүргізушіге бағынуға міндеттілігін айқындауға тиіс.
Сонымен,
саяси билік
дегеніміз қоғамдағы адамдардың, не сол адамдардан
құрылатын әртүрлі әлеуметтік және институционалдық субъектілердің іс-
әрекетінің бағытына, сипатына және мінез-құлқына
экономикалық,
идеологиялық, т.б. механизмдер арқылы ықпал ету, қабілет пен мүмкіндік.
Биліктің мәні оның
кӛріністері
арқылы белгіленеді, ол – басшылық,
үстемдік, бағындыру, бақылау, ұйымдастыру, қадағалау. Осы тұрғыдан алғанда
билік әлеуметтік түрлерді іске асыру құралы да бола алады.
Биліктің белгілері: 1) қоғамдық ӛмірді реттеушілік монополиялығы; 2)
қоғамға және жеке адамға мәжбүр етудің мүмкіндігі; 3) үстемдік ықпалының
басымдылығы; 4) басқарушылық аппаратының болуы.
Билік күрделі қоғамдық құбылыс. Оның
құрылымдық бӛлшектері
мыналар
болып табылады:
1) үстемдік мүдде, 2) осы мүддені танытатын ерік, 3) мүддені іске асыруды
қамтамасыз ететін құралдар. Оның ӛзінің қайнар кӛздері мен жүзеге асу
құралдары бар.
Билік – кӛп қырлы ұғым. Ол қоғам мүшелерінің арасындағы әлеуметтік-
табиғи айырмашылықтарға, субъективті-объективті қарым-қатынастарға
байланысты қалыптасады. Оның мақсаты – қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз
ету, ал ішкі мән-мазмұны – үстемдік пен бағыныштылықты орнықтыру.
Экономикалық, саяси, құқықтық, әскери, рухани және отбасылық
билік
түрлерінің арасында қоғамдық дамудың ұйытқысы әрі саяси күрестің негізгі
нысаны болып саналатын мемлекеттік биліктің маңызы ерекше. Ӛкіметтің ерік-
қалауын топтастыру, айрықша басқару аппаратын иелену, арнаулы органдар
дербестігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тұрмысты тәртіпке келтіру ісіне дара
иелік ету, қоғам мен жеке тұлға қарым-қатынасында мәжбүрлеу мүмкіндігіне
жету билікке тән белгілер болып табылады. Субъектінің мақсатына орай
биліктің нысанына ықпал ету үшін пайдаланылатын құралдардың
барлығы
«билік ресурстарын»
құрайды. Мысалы, қоғамдық ӛндіріс пен
тұтынуға қажетті материалдық игіліктер, ақша, құнарлы жерлер, пайдалы
қазбалар, т.б. – биліктің экономиялық ресурсы, ал әлеуметтік, әскери, т.б.
ресурстарды туындатушы әмбебап қор саналатын адамзат баласы
демографиялық ресурс ретінде бағаланады.
Саяси биліктің ӛз ерекшеліктері бар. Біріншіден, адамдардың үлкен
тобының мүддесін қорғайды, ол топтың қоғам экономикасындағы рӛлі басым
болады да, қоғам сол топ мүддесі тұрғысынан басқарылады. Екіншіден,
қоғамдағы басшылық кӛбінесе сол топ ӛкілдерінің қатысуымен мемлекет,
қоғамдық-саяси ұйымдар мен саяси кӛсемдер арқылы жүргізіледі. Үшіншіден,
саяси биліктің арнайы басқару ісімен шұғылданатын ерекше кәсіби топтар
болады.
Саяси билік қасиеттерінің бірі – оның ең жоғарғы, басты айқындаушы,
шешуші күш ретіндегі ықпалы. Екінші қасиет – биліктің иерархиялық сипат
16
алуы. Үшінші қасиет – үстемдікті шоғырландыруға және монополизациялауға
ұмтылу.
Саяси билік қоғамда кӛбінесе мемлекеттік билік арқылы жүзеге асады.
Мемлекеттік билік – саяси биліктің бір түрі. Мемлекеттік билік белгілі бір
территорияда ерекше аппарат арқылы жүргізіледі, ӛзінің күштеу аппаратына
сүйенеді және монополиялық сипат алады.
Достарыңызбен бөлісу: |