Саяси ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет7/59
Дата27.09.2023
өлшемі1,12 Mb.
#110738
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   59
Байланысты:
treatise15701

4.
 
 Қҧрылымдық-функционалдық.
Бұл тәсіл адамдар қауымдастығының 
билеуші және бағынышты болып екі құрылымдық элементке бӛлінуімен және 
олардың бір-біріне функционалдық тәуелділігін анықтаумен байланысты. Осы 
тәсіл билік пен оған бағынушылардың ӛзара қарым-қатынасын субъект-
субъектілік қатынастар ретінде қарастыру арқылы оларға қойылатын 
әлеуметтік талаптар жүйесін анықтауға мүмкіндік береді. Функционалдық және 
құрылымдық-функционалдық тәсілдер билік пен саясаттың жалпы теориясын 
жасақтау үшін, билік пен саясаттың адамдар қауымдастығындағы орны мен 
мәнін анықтау үшін құнды. Бірақ билікті қолдану іс-әрекетін, билік құрудың 
әлеуметтік-саяси тәжірибесін, оның ситуативтік және субъективтік аспектілерін 
анықтау мен бағалаудың нақты процесін сараптау үшін бұл тәсілдер 
жеткіліксіз. 
5.
 
 Билікті еріктің, жігердің кӛрінуі ретінде тҥсіну.
Бұл тәсілде биліктік 
ықпал етудің мақсаттылығы мен қарқындылығына ерекше назар аударылады, 
әлеуметтік дамудың нақты процесі билік құрушының субъективтік еркінің, 
жігерінің іске асуының нәтижесі ретінде қарастырылады және субъект 
субъектілік катынастардың объективтік негіздері еленбеуі де мүмкін. 
Методологиялық тұрғыдан алғанда бұл тәсіл волюнтаризмге, субъективизмге, 
авантюризмге ұрындырады. Билік қаншалықты күшті әрі агрессивті 
болғанымен, дүниеде барлығы дерлік билікке бағына бермеуі мүмкін. 
Бихевиористік анықтама
бойынша билік деп басқа адамдардың жүріс-
тұрысын, ӛзін-ӛзі ұстауын ӛзгерту мүмкіндігіне негізделген іс-әрекеттің ерекше 
түрін айтады. 
Сонымен қатар 
конфликтілік анықтама
билікті дау-жанжал жағдайында 
игілікті бӛлуді реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің кұралы деп 
түсіндіреді.
Біраз ғалымдар билікті кең мағынасында басқаларға тигізілетін жалпы 
ықпал ретінде карайды. П. Моррис, А. Гидденс сияқтылар, жоғарыдағы 
кӛзқараспен келіспей, билікті біреуге немесе бірдеңеге тигізетін жай ғана 
ықпал, әсер емес, оларды ӛзгертуге бағытталған іс-әрекет дейді. 
Америка саясаттанушылары Г. Лассуэлл мен А. Каплан «Билік және 
коғам» деген кітабында билікті шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігі ретінде 
сипаттайды. 
Сонымен, біз билік туралы ғалымдардың арасында ортақ пікір, анықтама 
жоқ екенін байқадық. Батыстың әлеуметтанушысы Р. Мартин билік махаббат 
сияқты, күнделікті тілімізде жиі пайдаланылады, іштей сезіледі, бірақ сирек 
анықталады деп бекер айтпаған. Оның себебі француздың саясаттанушысы Ж. 
К. Шевалье айтқандай, адамдарды биліктің жалпы ұғымының айналасындағы 
айтыс-тартыстан гӛрі нақтылы, шын мәніндегі биліктің ӛзі кӛбірек 
ойландырған, магнитше тартқан. 
Дегенмен, ғылым болғандықтан түрліше анықтама беріледі. Мысалы, 
«Философиялық энциклопедиялық сӛздікте» билік туралы былай делінген: 


13 
«Сӛздің жалпы мағынасында билік ӛз еркінде жүзеге асыруға қабілеттілік пен 
мүмкіндік, адамдардың жүріс-тұрысы, іс-әрекетіне қайсы бір амал-әдістер – 
бедел, құқық күштеу арқылы шешуші ықпал жасау» (Философский 
энциклопедический словарь. – М., 1983. – 85-б.). Біздіңше, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет