Саяси ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет8/59
Дата27.09.2023
өлшемі1,12 Mb.
#110738
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   59
Байланысты:
treatise15701

билік деп біреудің 
екіншілерге әмірін жүргізіп, айтқанын істетіп, олардың іс-әрекеті, 
қызметіне ықпал етуін айтады. 
Билік адамзат қоғамымен бірге пайда болып, дамитын, кешегі мен бүгінді, 
бүгін мен келешекті жалғаушы құбылыс. Ол, ең алдымен, қоғамдық ӛндірісті 
ұйымдастыру үшін керек. Биліксіз барлық қатысушы адамдарды біртұтас ерікке 
бағындыру қиын. Билік адамдар арасындағы қарым-қатынастарды, адамдар, 
қоғам және мемлекеттік саяси институттар арасындағы қатынастарды реттеуге 
міндетті. Ол қоғамның тұтастығы мен бірлігін қолдау үшін керек. 
Алғашқы қауымдық қоғамда билік қоғамдық сипатта болды. Ол кезде 
билікті қауым бастығын сайлайтын ру мен тайпалардың барлық мүшелері 
бірігіп іске асыратын. Әлеуметтік бӛлшектену ӛрістеп, мемлекеттің пайда 
болуына байланысты ру басшыларының адамгершілік беделі тӛмендеп, оның 
орнына ақсүйектер билігінің беделі ұлғайды. Биліктің аппараты дүниеге келді, 
адамдарды еркінен тыс, ықтиярсыз еркіне кӛндірген мекемелер пайда болды. 
Олар мемлекет ретінде қоғамнан дараланып, оқшауланып, оның үстінен 
қарайтын органға айналды. Құлдық қоғамда саясат, саяси билік пайда болды. 
Сондықтан саяси биліктің пайда болуын қазіргі саясаттануда мемлекеттің пайда 
болуымен байланыстырады. 
Әдетте, «билік» деген сӛз әртүрлі мағынада қолданылады. Оны ықпал ету 
бағытына, объектісіне байланысты былай етіп бӛледі: ата-аналар билігі, 
мемлекеттік, экономикалық, саяси, әлеуметтік, құқықтық, әскери, рухани билік. 
Бірақ биліктің толық мағынасы мемлекеттік-саяси салада ғана айқындалады. 
Сондықтан саяси билік биліктің ең басты түріне жатады. 
Биліктің басқа түрлерімен салыстырғанда саяси биліктің мынадай 
ерекшеліктері бар: оның ӛктемдік сипаты (ол басқа биліктерден жоғары 
тұрады, оның шешімдерін қалғандары орындайды), оның бүкіл қоғамның 
атынан билік жүргізуі, басқарумен кәсіби айналысатын адамдардың ерекше 
тобының болуы, оның кӛпшілік адамдардың мүддесін қозғауы, басқа 
мекемелерге қарағанда билік органдарының тәуелсіздігі, қоғам ӛмірінің жұмыс 
тәртібін белгілеуде жеке-дара құқығы, мемлекет шеңберінде ашық күш қолдана 
алуы, т.б. 
Аталған тәсілдердің барлығы билік, билік құру ұғымдарымен белгіленетін 
қоғамдық қатынастардың шынайы мазмұнын жете түсінуге, биліктің 
кӛпӛлшемділігін, оның мәндік аспектілерін жете түсінудің қиындығын ашуға, 
билік мәнінің сарапшылар анықтаған тәсілге, позицияға және мүддеге 
тәуелділігін түсіндіруге мүмкіндік береді. Сонымен, билікті адамдар 
қауымдастығына тұтастықты сақтау үшін оның құрылымдық элементтеріне 
мақсатты әсерін тигізетін белсенді, жігерлі бастама ретінде, қоғамның ішкі 
және сыртқы ӛзекті мәселелерін шешуге бағытталған ұйымдастырушы әрекет 
ретінде де сипаттауға болады. Осы жағдайда ӛз ықпалының тиімділігін кӛтеру 


14 
үшін билік адамзаттың жинақтаған саяси мәдениетін, оның қандай да бір 
аспектілерін ӛз жағдайына, ӛзінің мәселелері мен міндеттеріне сәйкес 
ӛзектендіре отырып, қолдануы қажет. Сондықтан да билік шынайы ӛмірде 
кӛпнұсқалы болып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет