10
мақсатты жасақтау, бағыныштылардың тіршілік әрекеттерінің мәнді
аспектілерін бағдарламалау;
шешімдер қабылдау, оларды жүзеге асыру тетіктерін анықтау;
жеке мүдделерді түйістіру мен ескеру;
жалпы мүдделердің жеке мүдделерден басымдығын мойындау және осы
басымдықтарды қамтамасыз ету үшін биліктік ықпал ету нормалары мен
құралдарын қолдану;
биліктік ықпал етудің әлеуметтік мәнін мойындаумен байланысты билік
субъектісінің ерекше психикалық жағдайы, т.б.
Осы аталған бағалау пікірінің барлығы билік мәніне тереңдей енуге
талаптану болып табылады. Әлеуметтік ӛмірде билік ӛзін кӛпаспектілі және
кӛпӛлшемді құбылыс ретінде кӛрсетеді. Билік құрушы субъект ӛз
акцияларында, әрекеттерінде ӛз «Менінің» шегінен шығып кетеді. Оған
объектіге ықпал етуге ұмтылу, онда ӛзінің субъектілігін, яғни ӛзінің әлеуметтік
ықпалы мен мәнін жүзеге асыру тән. Бұқаралық санада қалыптасқан жалпы
түсінік бойынша билік тәртіп үшін керек, ол – қоғамдағы тәртіпті сақтаудың
қаруы, құралы. Бұл формуланың кӛзге кӛрініп тұрған қарабайырлығына
қарамастан мұнда билік қажеттілігін мойындау мен билік құрудың мақсаты
кӛрсетілген.
Биліктің маңызды қырлары:
адамдарды
нақты
іс-әрекетке
ояту
қабілеті,
үстемдік
етуші субъект мүдделері мен мақсаттары негізінде әрекеттер жасату;
адамдардың билікке тиімсіз іс-әрекеттерінің алдын алу қабілеті;
нақты күштердің үстемдігін кӛрінбеген жағдайдың ӛзінде жүзеге асыру
мүмкіндігі;
тұтастығы, барлық жерде мәжбүрлеу түрінде ӛмір сүру қабілеті. Мұндай
мәжбүрлеу жеке үстемдік ретінде қабылданбайды.
Достарыңызбен бөлісу: