11
1) адамдар барлық жағдайда ӛз құқықтарын қамтамасыз етеді;
2) қоғамдық қатынастардың негізі болып келетін қоғамдық ережелерді
бекітеді;
3) қоғамдағы шаруашылық қызметін атқарады.
Билік ұғымы саяси ғылыми әдебиеттерде әртүрлі жағынан түсіндіріледі.
Билік туралы түсінік күнделікті ӛмірде ғылыми әдебиетте кеңінен қолданылады
Қазіргі саяси ғылыми әдебиеттерде биліктің бес анықтамасы бар:
1.
Телеологиялық
(грекше teleos – мақсат, logos – түсінік, ілім)
.
Телеологиялық тәсіл кез келген құбылыс, процесс ӛзінің негізі, қозғалтқыш
күші ретінде алдын ала белгіленген мақсатты ұстанатынын мойындауды
білдіреді. Сондықтан адамдар қауымдастығына бірқалыпты, реттелген даму
мен тұтастықты сақтау мақсат болып табылатындықтан, биліктің қалыптасуы
мен қызмет атқаруы осыдан келіп шығады-мыс. Мұндай тәсіл биліктің
қажеттілігінің қандай да бір анық аспектісін дәйектегенімен, оның қалыптасуы
мен қызмет етуінің жолдары туралы нақты сұраққа жауап бере алмайды.
Маңызды элементі билік болып табылатын барлық әлеуметтік процесті тек
нәтижеге, мақсатқа телу оның мағынасын және ондағы билік рӛлінің мәнін
түсінуді тым жұтаңдатып жібереді. Адамгершілікке жат мағынаға ие «мақсатқа
жетуде кез келген әрекетті қолдануға болады» деген белгілі формула ӛзінің
әдістемелік негізі ретінде билікті түсінудің осындай тәсілін ұстанады.
Достарыңызбен бөлісу: