Кіріспе
Билік – адамзат қоғамын басқару, бақылау, қадағалау, біріктіру, бағыттау,
үйлестіру, ұйымдастыру сияқты кең ауқымды қызметтерді кешенді түрде
атқаратын, саяси ӛмірдің басты құрамдас элементі әрі қозғаушы күші
саналатын бірегей құбылыс болып табылады. Ауасыз тіршілік болмайтыны
сияқты, биліксіз саясат болмайды. Биліктің табиғаты күрделі, қасиеті мен
белгілері, құпия сырлары кӛп. Биліктің түрлері де сан-алуан, биліктің мәні мен
мазмұнына қарай саясат та мың құбылады. Сондықтан билік ұғымы
саясаттануда ерекше орын алады, тіптен, билікті зерттеуші саяси ғылымның
дербес саласы – кратология бар. Бұл оқу құралының қажеттілігі мен маңызы да
осымен анықталады, оның алдына қойған мақсаты – билік ұғымына жан-жақты
анықтама бере отырып, студенттердің бойында билік туралы жүйеленген
біртұтас түсінік қалыптастыру.
Нақтырақ айтар болсақ, біріншіден, билікті күрделі қоғамдық құбылыс
ретінде теориялық тұрғыда танып-білген сайын, студенттердің саясатқа деген
қызығушылығы артады. Екіншіден, оқу құралы билік туралы теориялық білім
берумен қатар, студенттерді тәжірибелік маңызы зор ақпараттармен
қамтамасыз ету арқылы саясат пен басқарудың ӛзара қатынасын айқындауға,
билікті жүзеге асыру барысында атқарылатын қызметтерді (шешім қабылдау,
шешімдерді атқару, бақылау, бағыныштыларды сендіру және кӛндіру,
ынталандыру, мәжбүрлеу, т.б.), биліктің легитимділігі, тиімділігі, нәтижелігі
сияқты сапаларын, билік қатынастарының психологиялық ерекшеліктерін
білуге кӛмектеседі.
Сонымен қатар осы оқу құралын тиісті пән ауқымындағы әдістемеге сай
қолдану арқылы әлемдегі және Қазақстанның саяси ӛміріндегі биліктің орны
мен рӛлі, саяси жаңғыру мен дамуға биліктің қатысы, биліктегі жағымды
ӛзгерістер мен жағымсыз құбылыстар, мемлекеттік биліктің құрылымы мен
қызметі жайлы да кешенді білім алуға болады. Түптеп келгенде, билікті тану
болашақ саясаттанушы маманның біліктілігі мен азаматтық белсенділігін
арттыруына ықпал етеді.
Биліктің нысаны мен субъектілері қалыптасқан саяси хал-ахуалға қарай
орын ауыстырып отыруға қабілетті екені де оқу материалдарында ескерілген.
Мысалы, демократиялық қоғамда биліктің қайнар кӛзі халық болуы халықтың
билікке қатынасын бір мезгілде объект және субъект деңгейлеріне алып
шығуымен ерекшеленеді. Яғни биліктің объектісі ретінде халық билік
тарапынан басқарылса, субъектісі ретінде халық биліктің қайнар кӛзі
болғандықтан, ӛздерінің ӛкілдері арқылы ӛзін-ӛзі басқарады, билікке қоғамдық
бақылау жасайды. Осындай жағдай биліктің жекелеген субъектілеріне
(президент, министр, король, шах, әмір, император, т.б.) қатысты саяси ӛмірде
орын алуы жиі кездеседі. Тарихта да, қазіргі кезде де билік субъектілеріне
астыртын ықпал етуші сыртқы саяси күштер, «сұр кардиналдар», кландар,
лоббилік қысым жасаушы топтар кӛптеп кездеседі. Оқу құралы билік
7
әлеміндегі осындай мәселелердің де мәнін ашып беріп, оқырмандардың
қызығушылығын оята түседі.
Оқу құралы шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектеріндегі зерттеу
нәтижелеріне сүйене отырып, құрастырылған. Ежелгі заман ойшылдарынан
бастап, орта ғасырлардағы, қайта ӛрлеу дәуіріндегі, жаңа замандағы
ғалымдардың билік туралы тұжырымдамаларымен негізделген. Қазіргі
замандағы билік туралы қалыптасқан ғылыми кӛзқарастар саясат пен билік
қатынастарындағы тенденциялармен ӛзара байланыста қарастырылған.
Әлемдік саяси тәжірибедегі билік қатынастарының ерекшеліктері де
назардан тыс қалмаған. Демократиялық, авторитарлық және тоталитарлық
биліктердің мәні мен мазмұнын білумен қатар, тарихтан сабақ ала білу
қажеттігі ескерілген. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында әлемді дүр
сілкіндірген билікті тӛңкеру процестері, түрлі-түсті тӛңкерістер мен «араб
кӛктемі» сияқты биліктің легитимділігінен айырылу процестері де арнайы
тақырып ауқымында қарастырылған.
Жалпы, кратология ғылымында қолданылатын терминдер мен ұғымдардың
саны бес мыңнан асып кетеді (мысалы, конституция, демократия, диктатура,
президент, монарх, парламент, депутат, министр, сыбайлас жемқорлық,
аристократия, бюрократия, охлократия, технократия, саясат, монархия,
иерархия, тоталитаризм, кӛшбасшы, император, шах, әмір, хан, уәзір, спикер,
құзырет, мэр, әкім, инаугурация, импичмент, регламент, ӛкілеттік, референдум,
консенсус, реформа, жүйе, дағдарыс, менеджмент, мониторинг, билік бӛлінісі,
т.б.). Олардың үштен бірі кратологияның сӛз қорын құраса, қалған бӛліктері
негізгі ұғымдар мен биліктің бай табиғатын сипаттауға арналған. Қазақ елінің
ӛзінде мемлекет басшысының бірнеше атауы бар – Президент, Ұлт
кӛшбасшысы, Елбасы, мемлекет басшысы, Бас әскери қолбасшы. Сондықтан
да, саяси билікті зерттеп түсіндіретін кез келген әдебиеттің құрылымы мен
мазмұны күрделі болып келеді. Осы жерде, автор тарапынан оқу материалын
қазақ тілінде барынша түсінікті мазмұндау мен баяндауға барынша күш
салынғанын айта кеткіміз келеді.
Оқу құралын қолдану тек студенттер қауымына ғана емес, билік
органдары, мемлекеттік қызметкерлер, партиялар мен қоғамдық ұйымдардың
ӛкілдері, журналистер, педагогтар, жалпы, билікке қызығушылық танытатын
кӛпшілік үшін де кеңінен қолдануға жарайды. Себебі билік әмбебап ұғым ғана
емес, қоғамдық құбылыс болып табылады.
|