2. Инструменталдық . Билікті түпкілікті әлеуметтік мәселелерді шешетін
құрал, аспап ретінде қарастырады. Бұл тәсіл билік құралдарын қолдану
қажеттілігін аша отырып, олардың әлеуметтік процестегі мәнін анықтайды.
Биліктік ықпалдың шынайы актілерін, ұйымдастыру құрылымдарының
сәйкестігін, ӛкілеттіктерін, түпкілікті әлеуметтік мәселелерді шешу үшін
қолданатын әдістер мен құралдарды бағалауға, сараптауға мүмкіндік береді.
Бірақ инструменталдық тәсілдің негізінде билік әрекетінің тиімділігін анықтау
әдістемесін жасау мүмкін болғанымен, оның биліктік іс-әрекеттің гуманистік
аспектілерін толықтай бейнелей алмайтындығын ескеру қажет. Биліктің аса
тиімді әлеуметтік құрал екені сӛзсіз. Ол үстемдік етуші әлеуметтік күштердің
мүдделерін іске асыруға пайдаланатын сословиелік, таптық, этникалық және
басқа да құрал болуы мүмкін. Сондықтан биліктің инструменталдылығы оның
әлеуметтік маңызын аша алмайды деп айтуға болады.
3. Функционалдық . Әлеуметтік құбылыстарды, оның ішінде билікті
зерттеудің де бірден-бір іргелі тәсілі, ӛйткені тек функцияларда ғана мейлінше
толық формада биліктің мәні, әлеуметтік ықпалы мен маңыздылығы, оның іс-
әрекетінің ӛзгешелігі кӛрініс табады. Билік құру адамдар қауымдастығының
тұрақтылығын, олардың мүдделерінің түйісуі мен дамуының мақсаттылығын
қамтамасыз ететін маңызды әлеуметтік функция болып табылатындығы сӛзсіз.
Функционалдық тәсіл билік пен саясаттың ажырамас бірлігінен туындайды.
Билік функциялары, ең алдымен, саяси тұрғыда болады. Яғни билік
формасының қажеттілігін, билік субъектісінің билік құруға құқығын, билікті
жүзеге асыруда белгілі бір ұйымдасқан құрылымдарды, күштерді, құралдарды
12
және әдістерді пайдалану заңдылығы мен қажеттілігін негіздейтін саяси
идеология жасақталынады.