1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


Роберт Оуэннің педагогикалық қызметі мен көзқарастары



Pdf көрінісі
бет20/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   101
 
2.Роберт Оуэннің педагогикалық қызметі мен көзқарастары. 
Роберт Оуэн көрнекті ағылшын қогам қайраткері, өз кезінде оқыту, 
тәрбиелеу, жалпы педагогика мәселелеріне көңіл бөлді. Жиырма жасында 
фабрика басқарып, еңбекшілердің ауыр тұрмысын өз көзімен көрді. 
Капитализмнің халықтық тұрмысын ауырлатып отырғанын байқап, Оуэн
әсіресе балалардың жағдайын жақсартпақ болды. Адам айналасын 
қоршаған ортаның нәтижесі, ендеше алдымен жұмысшының тұрмысын 
жаңсарту керек деп есептеді. Ол фабрикада жұмыс күнін 14 сағаттан 10 
сағатқа дейін қысқартты, жұмысшылардың жалақысын көбейтті, олар үшін 
жаңа пәтерлер салдырды, жақсы дем алуына жағдай жасады. 10 жасқа
толмаған балаларды фабрикаға жұмысқа алуға тыйым салды, фабрика 
жанынан оқу-тәрбие мекемелерін, «Сәбилер мектебі»: (1 жастан 6 жасқа 
дейін) ясли, балабақша, ойын алаңы, бастауыш мектеп (6-дан 10 жасқа 
дейін), кешкі мектеп (өндірісте жұмыс істейтін жас өспірімдер үшін) 
ұйымдастырды. Ересек жұмысшылар үшін лекция, әңгіме, ойын-
сауықтар ұйымдастырылды. 
Оуэн «Сәбилер мектебіне» көп қамқорлық жасады. Балалар 
кішкентайынан ән айтуға, билеуге үйретілді және уақытының көпшілігін таза 
ауада өткізді. Әсіресе дене тәрбиесіне көп көңіл бөлінді. Балаларды
қоғамдық рухта тәрбиелеуге, жолдастарын сыйлауға, бір-біріне
көмектесуге Оуэн үлкен мән берді. Табиғат, айналадағы заттар мен 
құбылыстар жөнінде әңгіме өткізілді. Эстетикалық тәрбиеге жете көңіл 
бөлінді. Сәбилерді тәрбиелеуге балаларды сүйетін фабриканың жас 
жұмысшылары шақырылды. 
Бастауыш мектепте оқушылар ана тілін, арифметика, география, 
жаратылыс және тарих пәндерін оқыды. Берілетін білімнің көлемі 
Англиядағы басқа бастауыш мектептен кең белгіленді. Оуэн мектепте дін 
сабағын оқытпады. 0л мектепте балалардың жас ерекшелігіне сай білім беріп, 
ойлауын дамытуға тырысты. Оқытуда көрнекілікті кең түрде қолданды. 
Мектепте жануарлар мен өсімдіктердің суреттері тағы басқа көрнекі 
құралдар пайдаланылды. Оуэн еңбек тәрбиесіне көп көңіл бөлді. Балалар 
ересектердің еңбегімен танысты және мектепте еңбек дағдыларына үйретілді. 
Ер балалар қолөнері, жеміс ағаштарын өсіру, қыз балалар іс тігуге үйретілді. 
Жұмыс істейтін жас өспірімдер 10 жастан бастап кешкі мектепте оқыды. 
Оуэн оқуды өндірістік еңбекпен ұштастырды. Оуэннің бұл тәжірибесін 
Маркс өте жоғары бағалады. 1816 жылы Оуэн Нью-Ленаркте «Адам мінезін 
қалыптастыратын» жаңа институт құрды. Оған ол ұйымдастырған оқу-тәрбие 
мекемелерінің бәрі кірді. 
Оуэннің мұндай игі істері жұрт арасына кең тарады. Нью-Ленаркті көруге 
ірі капиталистер, мемлекет және қоғам қайраткерлері және ғалымдар келіп 
тұрды. 


47 
Оуэннің ағарту қызметінің мәні өте зор болды. 1819 жылы оның 
араласуымен Англияда әйелдер мен балалардың еңбегін фабрикада 
пайдалануға белгілі шек қоятын заң қабылданды.
Халықты ағартуда Оуэн жаппай бастауыш білім беруді, діннің мектепке 
әсерін жоюды, бүкіл оқыту жүйесін мемлекеттің колына беруді жақтады. Ол 
1813 жылы «Қоғамға жаңа көзқарас, яғни адам мінезін қалыптастырудың 
принциптері туралы тәжірибе» атты еңбегін жариялады. Бұл еңбегінде Оуэн 
адамның мінезі айналасын қоршаған ортаның әсеріне сай калыптасады деп 
көрсетті. Адамның кемшілігі, жағымсыз мінезі айналасын қоршаған ортаның 
әсеріне байланысты. Егер айналасын қоршаған ортаның әсерін, тәрбиені 
өзгертсе, адамның мінезі де өзгереді. Халыққа білім беру, тәрбиелеу арқылы 
жаңа қоғам құруға болады деп сенді Оуэн. 
Маркс Оуэннің бұл пікірінің сыңар жақты екенін атап көрсетті. Өйткені 
Оуэн адамды ортаның пассивті нәтижесі санаған еді. Маркс адамдар 
қоғамдық белсенді әрекет, революциялық тәжірибесі арқылы қоғамдық 
қатынасты, сонымен қатар өз табиғатын өзгертеді деп атап көрсетті. 
1817 жылы Оуэн капиталистерді, ағылшын парламентін қоғамды 
өзгертуге, социализм құруға үгіттей алмайтындығына көзі жетіп, ол енді 
капитализмді сынауға және коммунистік идеяларды насихаттауға көшті. 
Капитализмді сынағанда Оуэн үш нәрсеге қарсы күресу керек деп санады: 
өндіріс құралына жеке меншік, дін, некенің буржуазиялық формасы. Оуэн 
жаңа қоғам коммунистік қауым, кооператив арқылы, әсіресе дұрыс 
ұйымдастырылған тәрбие арқылы бейбітшілік жолмен құрылады деп санады. 
Жаңа коммунистік қоғамда тәрбие жан-жақты, оқу шын мәнінде ғылыми 
сипатта болады. Ақыл-ой тәрбиесі дене тәрбиесімен және өнімді еңбекпен 
ұштастырылады. Балалар мені жас өспірімдер өз шамаларына қарай еңбекке 
араласады және өндіріс пен ауыл шаруашылығының барлық түрімен 
танысады. Моральдық тәрбие де басқаша жүргізіледі, балалар ұжымшылдық
рухында тәрбиеленеді деп есептеді. 
Капитализмді 
сынағаны 
үшін 
және 
коммунистік 
идеяларды 
насихаттағаны үшін Оуэнді Англияда қуғынға салды. Ол Америкаға кетуге 
мәжбүр болды. Америкада Оуэн өзінің әріптестерімен 1825 жылы «Жаңа 
гармония» атты коммунистік колония құрды. Бұл колонияда ол өзінің 
коммунистік қоғам жөніндегі көзқарасына сай тәртіп орнатты. Колонияда 
қоғамдық меншік болды, еңбек жалпыға бірдей деп есептелінді. Адамдар 
еңбегіне қарай еңбек өнімімен бірдей пайдаланды. Колония мүшелері киімге, 
пәтер үйге және тәрбиеге бірдей дәрежеде ортақ болды. Колонияда Оуэннің 
принциптеріне сай бірнеше мектептер ашылды. Онда ғылыми негізде жүйелі 
білім, жаңа мораль нормаларына сай адамгершілік тәрбиесі, еңбек және дене 
тәрбиесі берілді. «Жаңа гармонияда» оқу өнеркәсіп және ауыл шаруашылық 
еңбегімен ұштастырылды. Әрине, капиталистік қоғамда мұндай коммунистік 
колония құру идеясының еш нәтиже бермейтіні айқын еді. 
Оуэн Америкада коммунистік колония тәжірибесінен мүлде кедейленіп, 
1828 жылы Англияға қайтады. Жұмысшылар арасында одан кейін ол отыз 
жыл өмір сүрді. Жұмысшы табының мүддесі үшін жүргізілген Англиядағы 


48 
барлың коғамдық қозғалыс және оның табыстары Оуэннің есімімен 
байланысты болды деп жазды Энгельс. 
Марксизм негізін салушылар Оуэннің адамды жан-жақты дамыту 
идеясын, оқуды өнеркәсіп еңбегімен ұштастыру тәжірибесін келешек 
тәрбиенің бастамасы деп бағалады. Оуэн алғаш рет мектеп жасына дейінгі 
балаларды қоғамдық тәрбиелеу мәселесін жүзеге асырды, жұмысшылардың 
балаларына алғаш рет мектепке дейінгі тәрбие мекемелерін ұйымдастырды. 
Оның оқу-тәрбие мекемелерінде ақыл-ой және дене тәрбиесі берілді. Ол 
дінге қарсы күресті. Оуэннің ересек жұмысшылар үшін ашқан мәдени-ағарту 
мекемелерінің де мәні өте зор болды. 
Оуэн капиталистік қоғам мен ондағы тәрбие жүйесін батыл сынағанмен
ол қоғамды өзгертудегі пролетариаттың таптық күресінің ролін түсінбеді, 
коммунистік қоғамды құру коммунистік тәрбиені жүзеге асыру пролетариат 
революциясының нәтижесінде ғана орындалатынын білу дәрежесіне, ол 
көтеріле алмады. 
Р.Оуэн «адамдардың бірлігі мен ұжымдық еңбегіне негізделген қоғамдық 
тәртіп» жеке және қоғамдық сұраныстың байланысына әкеледі деп түсінді. 
Ол Нью-Лэнарктегі (1800-1829) шотландиялық текстилді фабрикада 
реттеуші-директор қызметін атқарған шақтан бастап педагогтық тәжірибе 
өткізуді көздеген еді. 1817 жылы өткізген педагогикалық бастамасы оның 
филантропиялық әрекетінің бөлігін құрды, әрі жұмысшылардың өмірі мен 
еңбегінің шарттарын жаңартуға бағытталды. Аталған фабрикада он жасқа 
толмаған балардың еңбегін пайдалнуға шек қойды. Жұмыс күнін 10 сағат 45 
минөтке дейін қысқартты. Бұл сол замандағы жаңалық еді. өйткені ағылшын 
өндірісіндегі жұмысшылардың басым көпшілігі 5 жастан 10 жасқа дейінгі 
балалардан тұратын, олар күніне ересектермен бірдей 14-16 сағаттан еңбек 
ететін. Р.Оуэнннің көпжылдық әрекетін тред-юниондар қолдап, 1819 жылы 
ағылшын парламентін «фабрикалық заңды» қабылдауға мәжбүр етті. Заң 
бойынша он жасқа толмаған балалар еңбек етуін тоқтатты, 10,5 сағатқа дейін 
жас өспірімдердің еңбек етуіне шек қойылды. Бірақ өндірісте еңбек етуші 
жастардың мектепте білім алуына мүмкіндік болмады. Р.Оуэн адамда 
жағымды қасиеттер баулу үшін үздік тәрбие жұмысын жүргізу қажет деп 
есептеді. Ол 1816 жылы «Мінез-құлықты қалыптастырудың жаңа 
институтын» ашты. Оның құрамында: мектепке дейінгі мекеме–1-5 жастағы 
балаларға арналған, 10 жасқа дейінгі балаларға арналған бастауыш мектеп, 
фабрикаларда жұмыс істейтін жасөспірімдер үшін кешкі сыныптар, сауатсыз 
жұмысшыларға арналған білім беретін кешкі мәдени ошақтар, лекторий 
жұмыс істеді, ата-аналардың балалар туралы кеңес алуына жағдай жасалды, 
музыкалық кештер, билер, ойындар өткізілді. 1816 жылы 1 қаңтарда «Жаңа 
институт» өзінің тәрбиелік ықпалын 1 жастан 25 жасқа дейінгі аралықтағы 
759 адамға жүргізді. 
Осы әлеуметтік педагогикалық тәжірибе Р.Оуэннің «Қоғамға жаңа 
көзқарас немесе адам мінезін қалыптастырудың тәжірибесі» еңбегінде
көрініс тапты. Бірақ 1817 жылдан кейін Р.Оуэннің көзқарасында бетбұрыс 
болды. Филантропиялық әрекеттің негізінде жүргізілген жұмыстары және 


49 
педагогикалық бастамасының болашағы жоқтығы туралы сенімге келді. 
Түбегейлі әлеуметтік реформаның қажеттігін түсінді, коммунистік 
колониялар-қауымдастықтар ретінде жаңа қоғам ұяшықтарын құруды қолға 
алды. Жаңа қоғамдық жағдайда тәрбиені ұйымдастырудың эскизін «Лэнарк 
графтығының кеңесіне баяндама» еңбегінде жасады. Бұл жаңа бағыттағы 
бастамасын Солтүстік Америкадағы Индиана штатындағы «Нью-Хармони» 
(1825-1828), 
Англияның 
Гемпшир 
графтығында 
«Хармони-Холл»
коммуналық қауымдастығында іске асты. Бұл қауымдастықтар аз өмір 
сүргенімен, мұнда тәрбие мен жан-жақты білім беру, ауылшаруышылықты 
еңбекке қатыстыру (ферма мен егістікте, мектеп шеберханаларында), кейін 
өнідірістік кәсіпорындарда еңбекке баулуісі жүзеге асты. 
ХІХ ғасырдағы әлеуметтік ілімдерде тәрбиеге деген екі көзқарас 
қалыптасты: адамның тұлға ретінде дамуының жолы мен шегі, оның жан-
жақты дамуында тәрбиенің педагогикалық қызметі мен жалпы адамдық 
мақсаты және әлеуметтік өзгерістің, қоғамдық қатынастардың үйлесімділігі 
ретінде қарастырылды. 
Социал-утопистер әр баланың ой-санасы мен дене күштерін дамыту және 
еңбек етуге деген қабілетін қалыптастыру адамның барлық қабілеттерінің 
көрініс табуының факторы деп санады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет