1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


Иоганн Гербарттың (1776-1841) педагогикалық теориясы



Pdf көрінісі
бет15/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   101
Иоганн Гербарттың (1776-1841) педагогикалық теориясы
Иоганн Фридрих Гербарт 1776 жылы Германияда чиновник отбасында 
туған. Ол әуелі классикалық латын мектебін онан кейін Йен университетін 
бітіреді. Оқуын біітіргеннен кейін Швейцарияда жеке үйлерде сабақ беретін 
оқытушы болады. Осы кезде атақты педагог Г. Песталоццимен танысады, 
бірақ Гербарт оның көзқарасындағы демократияшыл бағыттан әсер ала 
алмады. 
1802 
жылдан 
бастап 
Гербарт 
Геттинг 
және 
Кенигсберг 
университеттерінде профессорлық қызметте болады. Осы қызметінде ол кең 
салалы педагогикалық жұмыспен айналысып, Кенигсберг университетінде 


35 
мұғалімдер әзірлейтін семинар құрады, педагогикалық практика жүргізу 
үшін оның жанынан шағын мектеп ашады, онда өзі де сабақ береді. 
Осылай Гербарт өзінің университеттегі профессорлық қызметін 
педагогикалық тәжірибемен ұштастырды. Бұл оған педагогика мәселелерін 
тереңірек қарастыруға жағдай туғызды. 
Гербарттың педагогикалық идеялары оның жазған мынадай еңбектерінде 
«Тәрбие мақсаттарының негізіндегі жалпы педагогика» (1806)», « 
Психология оқулығы» (1816), «Психологияны педагогикаға пайдалану 
жөніндегі хаттар» (1831), «Педагогика лекцияларының очеркі» (1835) 
баяндалған. 
Гербарт 
педагогика 
ғылымының 
жүйесін 
идеалистік 
философияның негізінде, әсіресе этика мен психологияға байланысты 
зерттеуді көздеді. Өзінің философиялық пікірлері бойынша, ол метафизик 
болды. Оның пікірінше, дүние шексіз көп, өзгермейтін мәңгілік, абсолюттік 
мазмұндардан тұрады, бұларды адам танып біле де алмайды. Дүниенің 
өзгеруі жөніндегі адамның елестеулері мен түсініктері алдамыш; болмыс, 
болмыстың мазмұны да өзгермейді деді ол. Гербарт психологиялық 
мәселелерді зерттеуде де метафизик болды. Оның ойынша, адам жаны да 
өзгермейтін, қарапайым мазмұн. Жан адам денесімен ұштасу, байланысу 
кезінде өзіндік дербестікке ие болып, сол тән арқылы бірнеше түйсіктерге 
ұшырайды, адамдағы басқа денелермен байланысады, осыдан елестеулер 
туады. 
Гербарт бүкіл психиканы елестеулермен байланыстырды, адамның бүкіл 
мазмұны елестеулерден тұрады деп есептеді. Оның ойынша, психология 
елестеулер жөніндегі, солардың пайда болуы, ұштасуы және жойылуы 
жөніндегі ғылым. Ес, қиял, тағы баскаларды Гербарт сол елестеулердің өз ара 
қатынастары арқылы түсіндірді. Сезіну — оның топшылауынша, 
елестеулердің әр салалы түрлері жағынан өзгерістері ғана. 
Гербарт_— ассоциативтік психологияның көрнекті өкілі. Онық 
психологиялық теориясында апперцепция ұғымы кең орын алады, бұл 
ұғымды ол адамның бұрынғы тәжірибесінің оның елестеулеріне әсер етуі 
ретінде түсінді. Гербарт апперцепцияға осындай мән бере отыра, оны ес, 
қызығушылық тағы басқа психикалық функциялармен байланыстырды
Осылай Гербарт адам психикасының әр түрлі салаларының 
ерекшеліктерін мойындамады. Ол психикалық әрекеттің күрделі, алуан 
салалы, терең диалектикалық процесін елестеулердің жай құрамына әкеліп 
тіреді. Ол баланың елестеулеріне ықпал ете отыра, сол арқылы оның 
сезімдері мен еркінің де қалыптасуына әсер етуге болады деп есептеді. 
Осыдан келіп Гербарттың ойынша дұрыс ұйымдастырылған оқу тәрбиелі 
сипатта болуға тиіс деген пікірлер туды. 
Гербарт өзінің саяси пікірлерінде XVIII ғасырдағы француз 
буржуазиялық революциясына, неміс қоғамының алдынғы
тобының ішіндегі 
сол революцияның әсерімен өрістеген прогрессившіл қозғалысқа теріс 
қарады. 
Тәрбиенің мәні жөніндегі үғымды Гербарт идеалистік философиядан, ал
тәрбиенің мақсатын этикадан шығарды. Ол этикалық теорияны тым 


36 
метафизикалық тұрғыда кұрды. Оның ойынша, қоғамдық және жеке 
адамдардың адамгершілігі белгілі бір өзгермейтін және мәңгілік 
адамгершілік идеялардың негізінде калыптасады. Осы идеялар, оның 
ойынша, таптан тыс, жалпы адамгершіліктің негізі болады, оның бұл ойлары 
сол кездегі пруссияшылдық монархиядағы үстемдік етіп тұрған коғамдық 
қатынастар мен адамгершілік бағыттарды күшейтуге тиісті. 
Өзінің этикалық теориясына сүйене отырып, Гербарт тәрбиенің мақсаты 
— адамдағы ізгілік пен жақсылықты қалыптастыру, бұл ізгілік пен жақсылық 
та мәңгі және өзгермейді деп тұжырымдады. Демек, Гербарт тәрбиенің 
мақсаты — ізгілік пен жақсылық дей отыра, өмір сүріп отырған қоғамдық 
қатынастарға икемделе алатын адамдарды тәрбиелеуді, қалыптасқан тәртіпті 
сыйлай білетін, соған бағына білетін адамдарды тәрбиелеуді көздеді. 
Гербарт тәрбиеде екі түрлі қажетті және ілгеріге бағытталған, іске асуға 
тиісті мақсаттар болады деді. Бұл мақсаттар адамның бүкіл іс-әрекеттерінің 
кез келген салаларына қажетті. Іске асуға тиісті мақсаттар адамның алдына 
белгілі бір мамандықтардың салалары бойынша қойылады. 
Бүкіл тәрбие процесін Гербарт 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет