1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет16/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   101
үш салаға бөлді
: басқару, оқыту және 
адамгершілік тәрбие. 
Басқару.
Оқу процесі кең өрістегенге дейін балаларда өз іс-әрекеттеріне 
түсінбейтін «тағылық тәрізді тентектік» кезең болады, бұл кезде оны 
тәрбиелемей, бағындырып басқару керек. 
Басқарудың бірінші құралы — корқыныш туғызу. Бірақ бұл көздеген 
мақсаттарға жеткізе бермейді. Күшті және мықты балалар мұны ескере 
бермейді, мойындамайды да, қайта сотқарлығы күшейе түседі. Ал әлсіз 
мінезді балалар қорқынышқа жете түсіне алмайды. Сондықтан бағындыра 
басқаруда қорқыныш туғызуға қосымша құрал ретінде қадағалап бақылау 
құралын да қолдану керек, мұны әсіресе баланың ертерек жасында қолданған 
жен. Бұл да нәтижесіз болуы мүмкін, бақылаудағы бала үнемі сонан 
құтылатын кезең мен жолдарды іздеумен болады. 
Сондықтан балаларға бұйрық және тыйым салу әдістерін де қолдану 
керек. Бұл балалар үшін дәл және нақты болуға тиіс. Белгіленген ережелерді 
бұзған балалар үшін мектепте штрaф кітабы құрылады, мұны үйде де 
қолданған жөн. Бағындырып басқарудың құралдары ретінде Гербарт 
жазалауға оның ішінде ұрып-соғуға көп көңіл бөлді. 
Гербарт ұсынған жазалардың түрлері неміс, орыс гимназияларында, 
француз лицейлерінде және баска да елдердің орта дәрежелі оқу 
орындарында қолданылды. Ол ересектердің беделі мен сүйіспеншілік 
білдіруін басқарудың қосымша құралдары ретінде ұсынды. 
Сонымен Гербарт ұсынған балаларды басқару жүйесі оларды жазалауға, 
ретсіз қайталауларға бағыттала құрылған. 
Ол басқаруды, яғни тәртіптендіруді тек қана тәрбиенің алдындағы кіріспе 
жағдай деп, оны адамгершілік тәрбиесінен бөліп алып қарады. Бұл теріс 
көзқарас, өйткені тәртіп шындығында тәрбиенің алдындағы жағдай емес, ол 
тәрбиенің құралы және нәтижесі. 


37 
Оқыту.
Гербарттың бүкіл педагогикалық жүйесінің орталығы оқыту 
теориясы болды. Тәрбиенің мақсаты — ізгілік, жақсылық, ал оның маңызды 
құралы — оқу, ол оқудың тәрбиелі сипатта болу идеясын ұсынды. 
Өзінің оқыту теориясының негізінде Гербарт адамның алуан салалы 
қызығушылықтарын алды. Адамдағы қызығушылықтар айналасын коршаған 
дүниені танып білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты болады. 
Біріншісіне жататын қызығушылықтар: э
мпирикалық: 
бұл — айналасын 
қоршаған дүниенің кейбір оқиғаларын білуге бағытталады, ойлауға 
негізделген 
ақыл-ой қызығушылығы: эстетикалық қызығушылық 
— 
оқиғаларды 
көркемдік 
жағынан 
бағалай 
білушілікті 
көрсетеді. 
Қызығушылықтың екінші тобына жататындар: 
симпатикалық
қызығу, 
бұл 
жеке адамдар арасында қатынас туғызады; 
әлеуметтік қызығу
әр
 
түрлі 
қоғамдық ұйымдардың ара катынасын анықтайды; 
дінге қызығу — 
діни 
ұғымды күшейтеді. 
Осы алты түрлі қызығушылықтар оқушылардың меңгеретін білім 
мазмұнын анықтайды деді. 
Гербарт анықтаған қызығушылықтар жүйесі оның идеалистік 
көзқарастарынан 
туған 
логикалық 
тұжырымдар 
еді. 
Жоғардағы 
кызығушылықтар ақыл-ой түріндегі топшылаулар сипатында болды да, 
практикалық өмірмен байланыспады. Сөйткенмен де оқушылардың әр 
салалы қызығушылықтарын дамыту тұрғысынан және оқуды соларға 
негізден жүргізу жөнінен Гербарт топшылауының кұптарлық пікірі де болды. 
Гербарт баланың қызығушылықтарына сәйкес оқылатын білімнің 
шеңберін белгілей отыра оқу — оқушылардың акыл-ой әрекетін дамытуы 
тиіс деді. Оқу материалдарын орналастыру мәселесінде білімнің жуйелі 
берілу принципін негіз етті. 
Гербарт оқудың мазмұны жөніндегі проблеманы окытудың сатысы 
жөніндегі теориямен тығыз байланыстыра зерттеді. 
Оның ойынша, оқу процесі немесе сабақ төрт сатыдан тұрады, мұны 
әдетте оқытудың формальды сатылары деп те атайды. Олар: 1) анықтық-
айқындық, 2) ассоциация, 3) жүйе, (4) әдіс. 
Бірінші — 
анықтық-айқындық 
сатысында оқылатын материалды 
оқушылар басқалардан бөліп алып, тереңірек оқиды. Дидактикалық тұрғыдан 
алғанда, бұл сатыда оқытушы жаңа материалды хабарлап, көрнекілікті 
қолданады. 
Екінші саты — 
ассоциацияда 
— жаңа материал оқушылардың мұнан 
бұрынғы өткен сабақтарда алған мәліметтері өмірден алған елестеулерімен 
ұштасады. Дидактикалық жағынан бұл кезде оқытушының окушылармен 
әнгіме жүргізуі тым сәтті болады. Үшінші саты —жүйe. Мұнда оқушылар 
оқытушының басшылығымен өткен сабақта алған мәліметтерімен 
байланыстырып, жаңаның негізінде тұжырымдар мен қорытындыларды, 
анықтамаларды және заңдарды іздестіреді. Дидактика саласында бұл сатыда 
әр түрлі оқу жаттығулары жүргізіледі, оқытушылар окушылардың бұрынғы 
меңгерген білімдерін талап етеді, олардың логикалық және шығармашылық 
ойлауын бақылайды. 


38 
Міне, осы оқыту сатылары, Гербарттың ойынша, оқудың бірізлілігі мен 
жүйелілігін анықтайды. Бірақ бұл сатылар формальдьі болды, себебі бұлар 
оқу материалының нақты мазмұнына да, оқушылардың жасына да, сабақтың 
дидактикалык міндеттеріне де байланысты болмады. 
Оқуды мұндай оқшау универсальдық схемаға ғана салу ғылыми
педагогикаға кайшы келді, себебі оқудың әдістері мен кұралдарын таңдау оқу 
материалының нақты ерекшеліктеріне байланысты болады. Сабақты 
жоғарыдағыдай жеке-жеке тұратын төрт сатыға міндетті түрде бөліп 
тастаудың өзі де теріс, себебі күнделікті оқу процесінде бұл сатылар 
араласып келіп отырады. Ақырында, Гербарттың ұсынған сатылары 
оқушыларға жеке-жеке, дара қатынас орнатуға қажетті жағдай туғызбады. 
Гербарттың дәлелдеуінше, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет