1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет19/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   101
Дәріс № 4. 
Тақырыбы
Адольф Дистервег пен Роберт Оуэнның
педагогикалық қызметі мен ой-пікірлері 
Жоспар 
1.
 
Адольф Дистервегтің (1790-1866) педагогикалық қызметі мен ой-
пікірлері. 
2.
 
Роберт Оуэннің педагогикалық қызметі мен көзқарастары. 
1.
 
Адольф Дистервегтің (1790-1866) педагогикалық қызметі мен ой-
пікірлері. 
Көрнекті неміс педагогы Адольф Дистервег XIX ғасырдың орта
шеніндегі 
Герман 
буржуазиялық-демократиялық 
педагогикасының 
прогрессивті өкілі болып табылады. Ол_университетті бітірген соң 1813 
жылдан бастап физика, математикадан орта мектепте сабақ береді. Кейін 
мұғалімдер семинариясының директоры болып қызмет істеді. Өз 
тәжірибесіне сүйене отырып Дистервег Песталоццидің дидактикалық 
пікірлерін насихаттады. Ол Берлинде «Педагогтық қоғам» құрып неміс 
мұғалімдерін біріктірді. Дистервег 1835_ жылы өзінің бай тәжірибесіне 
сүйене отырып «Неміс мұғалімдерінің білімін жетілдіруге басшылық» атты 
үлкен еңбегін жариялады. Бұл еңбектің бірінші_бөлімі-_педагогика мен 
дидактиканың жалпы мәселелеріне, ал екінші бөлімі әр пәндерді 
оқытудың_әдістемесіне арналды. Бұл еңбек көптеген жылдар бойы алдыңғы 
катарлы неміс мұғалімдерін жастарға білім беру үшін күреуге жұмылдырды. 
Дистервег бұл еңбегінде алдымен өзінше ойлайтын, белсенді азаматтар 
тәрбиелеуді қажет деп санады. Оның басқа еңбектері, әдістемелік 
нұсқаулары, халық мектебі үшін шығарған оқулықтары да осы бағытта 
жазылды. 
Дистервег математикадан, неміс тілінен, географиядан,_астрономиядан 20-
дан аса оқулық және оқу құралдарын жазды. Олар Германияда және басқа 
елдерде кең пайдаланылды.
1827 жылдан бастап Дистервег «Тәрбие және оқыту
жөнінде Рейн 
беттері» атты журнал шығарып тұрды. Ол журналға педагогика мәселелеріне 
арналған 400-ден аса мақалалар жазды. Дистервег бастауыш мектептің 
мұғалімдерін даярлауды жақсарту үшін күресті. Германия халық 
мұғалімдерін біріктіру жөнінде көп жұмыс жүргізді. Осы қызметтері және 
халықтың мүддесін жақтағаны үшін Дистервегті Пруссия үкіметі қуғындап, 
Берлин мұғалімдер семинариясының директоры қызметінен босатады. Халық 
мұғалімдерін біріктіруде көп еңбек еткенін бағалап Дистервегті Германия 
мұғалімдер одағының председателі, кейін Пруссия депутаттар палатасына 
өкіл етіп сайлады. Ол шын мәніндегі «Неміс мұғалімдерінің ұстазы» 
болатын. 1851 жылдан бастап Дистервег «Педагогикалық жылдық» атты 
жинақ шығара бастады. Ол Пруссия үкіметінің халық ағарту саясатын батыл 
сынады. Әсіресе 1854 жылы қабылданған мектеп жөніндегі реакциялық 
заңды әшкереледі. Бұл заң арқылы Пруссия үкіметі мектепті толығынан 
шіркеуге бағындыруға тырысты, бастауыш мектепте берілетін білімнің 
көлемін азайтып, дін сабағын негізгі сабақ етіп жүргізді. Бұл сабаққа көп 


42 
жаттауды керек ететін материалдар енгізілді. Мұғадімдер семинариясында 
берілетін білімнің көлемі де қысқартылды. Дистервегтің баспа аркылы да, 
депутаттар палатасының трибунасы арқылы жоғарыда ,аталған заңға батыл 
шығуы да оған белгілі өзгеріс енгізуге үкіметті мәжбүр етті. 
Дистервег жалпы халықтық тәрбие беру идеясын жақтады, яғни 
сословиялық тәрбиеге қарсы болды. Мектептің мақсаты — азаматтарды 
саналы адамгершілік рухта тәрбиелеу деп белгіледі. Жалпы адамға және 
халыққа деген сүйіспеншілік бала тәрбиесінде ұштасып жатуы қажет деп 
көрсетті. 
Балалардың туғаннан даму мүмкіндігі зор деген Песталоццидің пікірін ол 
қызу құптады. Оқытушылар балаларды зерттеп біліп, өзінің педагогтық 
қызметін олардың ерекшелігіне сай жүргізуі кажет деп есептеді. Балалардың 
жас ерекшелігімен катар, олардың дара ерекшеліктерін, зейін, ес, ойлау 
процестерін білудің қажеттілігін атап көрсетті. Дистервег психологияны 
тәрбие туралы ғылымның негізі деп бағалады. Ол педагогиканың дамуының 
негізі ретінде педагогикалық тәжірибені атап көрсетті, оны жинақтау кажет 
деп есептеді. Тәрбиеге койылатын негізгі міндеттердің бірі ретінде 
балалардың белсенділігін дамытуды ұсынды. 
Песталоцци сияқты Дистервег те окытудың негізгі міндеті балалардың 
ақыл-ойын және кабілетін дамыту деп көрсетті. Оқыту арқылы адамды жан-
жақты дамытумен қатар, балаға моральдық тәрбие беру кажет, мектепте 
окытылатын әрбір пәннің білім берумен қоса тәрбиелік әсері болуга тиісті 
деп есептеді. 
Балаларға білім беруде тарих, география, ана тілі мен әдебиеттің зор мәні 
бар деп білді. Балалардың ақыл-ойын дамытуда жаратылыс және математика 
пәндерінің ролін жоғары бағалап, ол пәндердің жалпы білім беретін 
мектептердің бәрінде оқытылуын жақтады. Жеке пәндерді оқыту арқылы 
балаларды болашақ қызметке керекті білімдермен қаруландыруға ерекше 
көңіл бөлуді талап етті. 
Дистервег бастауыш мектепте берілетін білімнің кеңейтілуін, атап 
айтқанда жаратылыс, география, физика және геометрия пәндерінен қажетті 
білім берілуін қостады. Орта мектепте өмірге қажетті білімдердің берілуін 
жақтады. 
Дистервег әрі білім беретін, әрі тәрбие беретін оқытудың дидактикасын 
жасады. Оның дидактикасы окыту мәселесі жөнінде 33 заңмен жинақталған 
ережелерден тұрады. Оқытуда алдымен балалардың қабылдау_ерекшелігін 
ескеру қажет деп са-нады. Оқытуды жеке мысалдардан ережеге қарай, заттың 
өзінен оны білдіретін сөзге қарай жүргізілуін қолдады. 
Дистервег сезім мүшелеріне әсер ететін заттың тікелей өзімен балаларды 
таныстыруға зор мән беруімен бірге, қабылдаған материалдың жете түсінікті 
болып, барынша ойландыратындай болуы өте қажет деп есептеді. 
Көрнекі оқытуды Дистервег «жақыннан алысқа», «жай нәрседен 
күрделіге», «жеңілден ауырға», «белгіліден белгісізге» деген ережелермен 
байланыстырды. Бұл ережелерді бұрын Коменский ұсынса, енді Дистервег 


43 
одан әрі дамытты. Мысалы, «жайдан күрделіге» деген ережені ол «нақты 
ұғымдардан абстракты ұғымдарға қарай» деп анықтай түсті. 
Дистервег оқыту ісіңде_балалардың оқу материалын саналы түрде 
игеруіне зор мән берді. Саналы түрде материалды игерудің көрсеткіші — 
негізгі мәселені толық түрде айтып бере алуында. Сондықтан ол «Балалар 
түсіне_алмайтын ,материадды_балаларға окытпа» немесе «Уақытынан ерте 
еш нәрсеге оқытпа» деген ереже ұсынды. Білім берік болуы үшін балаларға 
шамасы келмейтін мәліметтер бермей, тек қана негізгі мәліметтерді ғана 
түсіндіру керек деп есептеді. Оның үстіне жалпы білім беретін мектепте 
оқытылатын материалды ерекше екшеп алу қажет екенін ескертті. Жас 
мұғалімнің негізгі кемшілігі — өзіне белгілі материалды балаларға тегіс 
айтып беруге тырысу деді. 
Материалды пысықтауға Дистервег үлкен мән берді. Ол жөнінде 
оқытудың мынадай: «Оқушылардың оқыған материалы ұмытпауына 
қамқорлық жасау керек» деген ережесін ұсынды. Сондықтан оқылған 
материалды жиі пысықтау отыру қажет деді. 
Оқытудың жемісті болуы оның тәрбиелік мәнінің болуында-деп санады. 
Оқыту баланың ақыл-ойын ғана дамытып қоймайды, оның еркін, сезімдерін, 
мінез-құлқын қалыптастырады. Сондықтан мектептегі оқушылардың тәртібін 
мұғалімнің жұмысын ұйымдастыру мәселесімен тікелей байланыстыру керек. 
«Кім жақсы оқытса, сол тәртіптілікке дұрыс тәрбиелейді,— деп 
тұжырымдады ол. 
Дистервег оқыту әдістерінің мәнін балалардың ақыл-ойын дамытуға 
тигізетін әсеріне қарай бағалады. Оқытуда әсіресе әңгіме әдісінің_ ролін өте 
жоғары бағалады. Әңгіме балалардың акыл-ойын дамытады, іздеуге, 
талдауға, ойлауға үйретеді деп санады. 
Коменский сияқты Дистервег оқытуда оқу жоспарына және жақсы 
оқулыққа үлкен баға берді. Бірақ окытудың нәтижелі болуына негізгі себепші 
мұғалім деп есептеді. Жақсы мұғалім өз пәнін жете білумен қатар, өз 
мамандығын және балаларды сүюі қажет. Сабақ үстінде балалар еркін болуы 
керек, мұғалім сабақты қызу қарқынмен жүргізу арқылы, олардың ақыл-ойын 
дамытып, еркін шынықтырып, мінез-құлқын қалыптастыруы қажет. 
Оқушылар өзінің алға қарай дамып отырғанын үнемі сезініп отыратындай 
болсын деді. 
Мұғалімнің еркінің күшті болуының, жақсы мінезінің, әсіресе табанды 
болуының тәрбиелік мәнін өте жоғары бағалады. Мұғалім қатаң талапкер 
болуымен қатар, әділ болуға тиісті, сонда ғана ол балалар алдында беделді 
бола алады. 
Мұғалімнің ісі мектеп жұмысымен ғана шектеліп қоймай, халық 
арасында саяси-ағарту жұмысын жүргізуін талап етті. Оқытушы үнемі өз 
білімін жетілдіріп отыруы қажет. Ол өз пәнін жете білумен қатар, тарих, 
әдебиет және педагогика, психология, әдістеме жөніндегі жаңа еңбектермен 
үнемі танысып отыруы тиіс деді. 
Дистервег мұғалімдерді педагогтық дағдылар мен шеберлікке үйрету 
мәселесіне зор көңіл бөлді. Ол басқарған семинарияның оқушылары үлгілі 


44 
мектептерде тәжірибелі мұғалімдердің басшылығымен ұзақ мерзімді 
практикадан өтетін. Дистервег белгілеген окыту дидактикасы, оның 
оқулықтары бастауыш мектептің дамуында үлкен роль атқарды. Ол 
халықтық мектеп үшін күресті. 
Дистервег дидактикалық көзқарасында жалпыадамдық тәрбие пікірін 
ұстанды. Оның пікірінше мектептің міндеті-ізгілікті адамдарды және саналы 
азаматтарды тәрбиелеу. Тәрбиенің ең жоғарғы мақсаты-шындыққа, 
сұлулыққа және жақсылыққа көркемшығармалышықпен қызмет ету деп 
атады.
Тәрбиенің негізгі қағидаларына табиғатқа сәйкестілік, мәдени сәйкестілік 
және көркем шығармашылықты жатқызды. Табиғатқа сәйкестілік қағидасын 
баланың бойындағы дамуға деген талпынысына сәкес туа біткен қасиеттерін 
ашу деп түсінді. Мәдени сәйкестілік қағидасына берілген уақыт пен 
мемлекеттің мәдени деңгейін ескеруді талап етті. Бұл талап баланың дамуы 
белгілі қоғамдық жағдайға байланысты жүзеге асатынын білдіреді. Сонымен 
бірге, Дистервег тәрбиенің объективті жағының алға қойған мақсаты 
баланың көркемшығармашылығы мен белсенділігін дамыту деп қарастырды.
Кесте 1. 
Баланың бойындағы қасиеттер бір мезгілде, бір деңгейде дамитындығын 
байқаған Дистервег, бала дамуының үш басқышын айқындайды: 
Бірінші басқыш–сезімдердің басымдылығы (сезімдік таным) - 6-жастан 9 
жасқа дейінгі аралық. Бұл жаста бала жылдам, көп қозғалғыш, дене әрекетін 
орындауға талпынысы күшті. Қиял ойыны еркін, ертегі, әңгімелер 
тыңдағанды жақсы көреді. Бұл жастағы балалармен жұмыс жасайтын педагог 
оның сезім органдарына түсінікті көрнекі материалды пайдалана оқытуы 
тиіс. 
Кесте 1. Тәрбиенің мақсаты мен қағидалары. 
шындыққа, сұлулыққа және жақсылыққа
қызмет ету үшін ізгілікті, саналы азаматтардың 
жалпыадамдық тәрбиесі
мәденисәйкестілік көркемшығармашылық
пен белсенділік 
Т а б и ғ и с ә й к е с т і л і к 
Екінші басқыш, 9-дан 14 жас аралығында бала есте сақтау қабілеті 
дамып, санасын түсініктердің жинақталуымен сипатталады. Бұл жастағы 
балалар түсіну, ескеру, ойлау, жалқыдан жалпы шындықты ажырату
қабілеттерін байқатады. Дегенмен, бұл абстрактілі ойлау жүйесінің дамуы.
Оқыту бұрынғыдай көрнекілікке негізделеді. өмір бойына қажетті 
материалды берік есте сақтау үшін сананы дамыту жұмысы жүргізіледі. 


45 
Үшінші басқыш 14 жастан кейінгі мерзімді алады – естің дамуы, ой-
сананың қалыптасуына ұласады. Баланың ойша елестету қабілеті логикалық 
бірізділікте туындайды. Оқу саналы, ережелер мен заңдылықтарды айқын, 
дәл түсінумен жүзеге асады; адамгершілікті түсініктер құндылықтарға 
айналады, ал олар мінез күшін сипаттайды. 
Баланың 
дамуының 
әр 
кезеңінде 
психикалық 
қызметтер 
өзарабайланыста, даму үстінде қалыптасады. Осыған орай, алты жастағы 
баланың ойлау жүйесін дамытуға септігін тигізетін тіл негіздерімен, 
арифметиканың төрт амалымен таныстыруды ұсынады.Баланың дамуындағы 
жас ерекшелігіне, тәрбие қағидаларына сүйене отырып, Дистервег дамыта 
оқыту дидактикасының негізін салды. Мұнда ол дидактикалық ережелер (33) 
жүйесін жасап, «Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне жетекшілік» атты 
оқулығында жазады. Дидактикалық ережелер төрт топқа жинақталған: 
1.
Оқушыға қатысты оқыту ережелері (субъектіге); 
2.
Оқу материалына қатысты оқыту ережелері (объектіге); 
3.
Сыртқы жағдайға, уақытқа, орынға қатысты оқыту ережелері; 
4.
Мұғалімге қатысты оқыту ережелері. 
әрбір тарауда белгілі заңдылықтар, талаптар жинақталған. Бұл 
заңдылықтарды Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци қарастырған болатын, 
Дистервег оларды жүйелеп, толықтырып, оқыту объектісі мен субъектісіне 
қатысты мазмұнын кеңейтті.
Дамыта оқыту әдісіне Дистервег «танымның табиғи жолына» сәйкес 
келетін элементарлы әдісті жатқызады. Бұл әдіс көрнекілік жолмен жүзеге 
асып, оқушыны дербестелінгеннен жалпыны қорытындылап, дамыта білуге 
үйретеді. Элементарлы, дамытушы, немесе ізденісті (эвристикалық) әдісте 
оқытудың диалогты тәсілі қолданылса, ғылыми, хабарлаушы, немесе 
догматикалық әдісте мазмұндау тәсіл пайцдаланылады. Бастауыш мектепте 
сұрақты-дамытушылық тәсілді қолдануды ұсынады. Бұл тәсілдің тиімді
түріне сократтық әңгімені жатқызады. Дистервег Песталоццидің пікіріне 
сүйеніп, формальды білім беру мақсатын бірінші орынға қояды. Бірақ өмір 
бойына қажетті болар біліммен балаларды қамтамасыз ету керек деп 
есептейді. Бұл пікір Дистервегті оқытуда формальды және материалды білім 
бірлігі туралы тұжырымға әкеледі.
Дистервег оқытуда дәл құрастырылған жоспар мен жақсы оқулықтың 
маңызын жоғары деп санағанымен, оқушыларға өз үлгісімен көп ықпал 
ететін мұғалімнің орнын шешуші деп түсінеді. Жақсы мұғалімнің 
қасиеттерін ол төмендегідей сипаттайды: 
1. Өз пәнін жетік меңгеруі, балаларға деген сүйіспеншілігінің болуы және 
оқыту ісін оқушылардың білімге деген ынтасын өсіре жүргізуі қажет; 
2. Мұғалім өз мамандығын жақсы көруі, өз ісінде көшбастаушы 
(энтузаист) болуы тиіс; 
3. Тәрбие қағидаларын берік ұстанып, қойған талаптарынан қайтпайтын, 
педагогтық ұстамдылығы жоғары болуы тиіс; 
4. Азаматтық өжеттілігі, күшті ерік-жігері, биік моральды қасиеттері 
болуы тиіс; 


46 
5.
Мұғалім өзінің кәсіби деңгейін жүйелі түрде көтеріп отыруы тиіс.
Мұғалім мамандығын құрметті деп бағалап, халықтың тәрбиешісі ұлттың 
ең озық адамдары болуы керек деген пікірді ұстанды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет