1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


адамгершілік тәрбиесінің мақсаты



Pdf көрінісі
бет17/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   101
адамгершілік тәрбиесінің мақсаты

мінез-
құлықты қалыптастыру. Бұл тәрбие негізінен оқу арқылы жүргізіледі. 
Осылай Гербарт адамгершілік тәрбиесін түгелдей интеллектуализм 
тұрғысынан есептеді. 
Осыған байланысты Гербарт адамгершілік тәрбиесі де оқу сияқты 
баланың әр салалы қызығушылықтары мен адамгершілікті елестетулеріне 
негізделеді деп есептеді. 
Ол адамгершілік принциптерін жоғарыда айтылған баланы бағындыра 
баскаруға карсы қойды. Бағындыра басқаруда баланың еркі мен саналылығы 
кемітіледі, тежеу жасалынады, ал адамгершілік тәрбиесінде бүкіл әдістер 
балада болатын барлық жағымды, жаксы сапаларға арка сүйеуге негізделеді. 
Тәрбиеші тіптен тәртіпсіз баланың өзінен жақсы сапаларды іздестіруі тиіс 
деді ол. 
Гербарттың ойынша, адамгершілік тәрбиесінің оқудан басқа мынадай 
жолдары болады: 
1. Баланы тежеп ұстау. Балалар мінез-құлқының шеңберін белгілеу. 
Баланы анықтап біле отыра, бағыттау. Бала тек оқытушының 
нұскауынша ғана емес, өз тәжірибесі арқылы да мінезін бағыттап отыруы 
тиіс. 
Мінез-кұлыктың накты ережелерін құру. 
Баланың шындыққа деген сенімін туғызу. 
Баланы макұлдау және оның кемістігін көрсету. 
Балаға насихат—өсиет айту,жіберген кателерін көрсету
г
оларды түзету. 
Адамгершілік тәрбиесінде жазалаулар да қолданылды, бірақ тәрбиелік 
бағыттағы жазалар кек алуға соқпай, бала үшін мейірімді түрдегі ескерту 
ретінде болды. 
Сонымен Гербарттың кейбір теориялық кағидалары өз заманында ірі 
педагогикалық проблемаларды зерттеуге себепкер болды. Ол алғашқы рет 
окытудың сатыларын зерттеуге тырысты, психология мен педагогиканың 
арақатынастарын карастырды. 
Гербарт зерттеген кейбір ұғымдар («Окудың тәрбиелілігі», «Әр салалы 
кызығушылық» т. б.) кейіннен психология мен педагогикаға енді. Бірақ 
Гербарт концепциясың түгелімен алып карағанда ол ғылыми жағынан 


39 
дәлелсіз болды. Өйткені оның ұсынған проблемалары мәнді болғанымен
олардың теориялық жағы-нан шешілуі метафизикалық еді. 
Гербарттың оқыту «сатылары» дегені өте схематикалық болды да, онысы 
оқуды бір ғана қалыпка бағыттады, формализмге апарып соқтырды, сабақ 
құрылысындағы бір сарындылықты негіздеді. 
Гербарттың реакцияшыл әлеуметтік-саяси көзкарастары әсіресе оның 
зерттеген этикасынан айқын байдалады. Ол халыктағы ең ізгілік пен 
жақсылық сол халықтың үстем тапқа бағына білуінде деп есептеді. 
1848 жылғы Батыстағы буржуазиялық революциядан кейін еңбекшілер 
мүддесі аяққа басылғанда, буржуазия өз үстемдігі мен тәртібін күшейту үшін 
Гербарт теориясымен әуестенді. Реакционерлер өздерінің демократияға 
қарсы теорияларын негіздеу үшін әрдайым Гербарттың материалдарын 
пайдаланды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет