1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет24/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   101
3.« Әрекет педагогикасы» 
ХІХ ғасырдың 90 – жылдарынан бастап неміс 
буржуазияның белгілі педагогы 
Август Лай
(1862-1926) « Әрекет 
педагогикасы » теориясын негіздеді. 
Өзінің ғылыми педагогикалық зерттеулерінің бастапқы кезінде Лай 
экспериментальдық педагогикасымен айналысты. 1903 жылы басылып 
шыққан « Экспериментальдық дидактика » еңбегінде эксперимент арқылы 
кейбір оқу пәндерінің әдістері мен тәсілдерін негіздеуге тырысты. Мұнан 
кейін 1908 жылы оның « Экспериментальдық педагогика » еңбегі жарыққа 
шықты. 


53 
Өз заманындағы мектептердің талаптарына жауап беру мақсатымен Лай 
1911 жылы « Әрекет мектебі » деген еңбегін жазды. Өз еңбегінде 
мектептерде үстем болып отырған кітаппен сөйлеу арқылы ғана оқыту әдісін 
сынады. Бірақ оның оқыту әдістеріндегі ойлары тым тұрпайы болатын. Оның 
« Әрекет мектебінің » негізінде жалаң биологизаторлық теория болды; оның 
ойынша, кез келген организмнің қарапайым түрінен бастап адамға 
дейінгілердің барлығының әрбір өмір жолы мынадай схемадан өтеді: 
қабылдау, қайта өндеу, әрекет. Осы жалаң схемада Лай негізгі көңілді үшінші 
кезеңіне - суреттеуге, бейнелеуге немесе әрекетке бөледі. Осыдан оның 
бүкіл теориясы « Әрекет педагогикасы » деп аталады. «Әрекет» деген 
ұғымды Лай балалардың тек қана дене қимылы, қозқалыс реакциясы деп 
түсінеді де, тәрбие мен оқуды реакциялар тудыру деп есептеді. Осылай Лай 
педагогиканы биологизациялады. 
«Әректтің » негізгі құралдары әр түрлі бейнелеу істері болып саналады. 
Олар: сурет салу, өрнектеу, кескіндеу әрекеттері, сызу, модель жасау, ән, 
музыка, драма т.б. 
Лай үлгісімен оқытқан мектептерді сол кезде иллюстрациялау мектептері 
деп атаған. Бұл мектептерде оқу уақытының көбі сурет салуға, схемалар 
сызуға, модель жасауға, ән – музыкаға бөлінді де, білімнің көлемі кеми берді. 
Бейнелеу жұмыстары оқушылардың нағыз білімдік істерден көңіл бөліп 
отыратын. 
Балалардың бейнелеу әрекетін Лайдың шектен тыс дәріптеп, оқыту ісін 
екінші қатарға қойып, оған аз көңіл бөлуі сөзсіз теріс көзқарас болып 
саналады. Бұл бағыт оқушылардың жалпы білім дәрежесінің төмендеуіне 
әкеп соқтырды. 
Тәрбие мәселесінде Лай ұлтшылдықты және діни тәрбиені жақтаушы 
болды. 
4.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет