1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


Экспериментальдық педагогика



Pdf көрінісі
бет25/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   101
Экспериментальдық педагогика
.
Империализм 
дәуіріндегі 
буржуазиялық 
педагогикада 
экспериментальдық педагогика көрнекті орында болған, мұның белгілі 
өкілдері неміс педагогтары 
Эрнст Меймен
(1862-1915) және жоғарыда 
әңгіме болған А. Лай болды.
ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде Германия мен Америкада құрылған 
экспериментальдық педагогикалық психологияның лабораториялары кейінен 
Ангияда, Францияда, Италияда, Россияда ашылды. Кейінірек оқу мен 
тәрбиенің проблемалары біртіндеп экспериментальдық зерттеу арқылы 
жүргізіліп отырды, сөйтіп, экспериментальдық педагогика ерекше бағыт 
болып дамыды. 
Эксперименттер үшін әдейі жасалынған өлшеу приборларының 
көмегімен және арнайы байқауларды ұйымдастыру арқылы балалардың дене 
дамуының кейбір заңдылықтары анықталды, балалар творчествосының 
(сурет салу) жалпы ерекшеліктері зерттелді, балалардың қабылдауын, ойын 
дамытуға творчестволық еңбектің маңызы бары анықталды. Мұнда басқа да 
бағалы байқаулар мен қорытындылар жасалынды. 


54 
Бірақ 
экспериментальдық 
педагогиканың 
қайраткерлері 
баланы 
эксперимент арқылы зерттеуден басқа ғылыми – педагогикалық 
зерттеулердің басқа әдістерін мойындамады. Сонымен бірге олар баланы 
қоғамдық жағдайлардан бөліп алып қарады, тәрбиенің әлеуметтік құбылыс 
екендігін ескермей, оны тек қана жалаң биологиялық құбылыс ретінде 
қарады. Экспериментальдық педагогиканың өкілдері теорияны зерттуге 
көңіл бөлмеді, олар тек қана эмпериканы, « обьективтік » мәліметтерді 
мойындап, 
философиялық 
педагогиканы 
субьективтік 
есептеді. 
Экспериментальдық 
педагогика 
педагогикалық 
қорытындылар 
мен 
тұжырымдарды тікелей психологияның мәліметтерінен ғана шығарды. 
Экспериментальдық педагогиканың көрнекті өкілі Эрнст Мейман өзінің 
экспериментінде баланы алдын ала құрылған жасанды лабораториялық 
жағдайда зерттеді. Баланы әр түрлі әрекетте зерттемей, оқу үстінде тұтас 
оқушы ретінде қарамай, оны психикалық функциялары бойынша (ес, зейін, 
елес, ойлау, сезім т . б.) зерттеді. Э.Мейман психологиялық экспериментті – 
негізінен жетілу және жұмыс үстіндегі балаға жүргізілетін психологиялық 
эксперимент деп есептеді. Оның барлығы педагогикалық теорияның мәнін 
кемітті, балалар жөніндегі мағлұматтардың негізгі көзі болып саналатын оқу 
– тәрбие жұмысының мәнін теріс бағалауға апарып соқтырды. 
Америка педагогтары С.Холл, Торндайк пен француз психологы Бине 
еңбектерінде экспериментальдық педагогика педологияға барып ұласты. 
Бұлар өздерінің қорытындыларын оқытудың тест методикасы негізінде 
құрды. Бұл әдіс бойынша, балаларды жете және жеткілікті мерзімде 
тексерместен, жасанды түрде құрылған текстер ( сұрақ және тапсырмалар) 
бойынша 5-6 минут ішінде баланың дарындылығы анықталды. Бұл әдіс 
арқылы буржуазиялық балалары еңбекшілер балаларымен салыстырғанда, 
ақыл –ой жағынан жоғары тұрады деген ғылымға қайшы жалған дәлелдер 
айтылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет