1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


« Азаматтық тәрбие » және « Еңбек мектебі » педагогикасы



Pdf көрінісі
бет23/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   101
2.« Азаматтық тәрбие » және « Еңбек мектебі » педагогикасы. 
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қалыптасқан ерекше бір 
ағым « Еңбек мектебі педагогикасы » және « Азаматтық тәрбие теориясы » 
деген болды. Бұл теорияны реакцияшыл неміс педагогы 
Георг 
Кершенштейнер
(1854-1932 

негіздеді. 
Әр 
түрлі 
рекацияшыл 
педагогикалық теориялардың дәлелінше, мектеп « әлеуметтік тұрақсыздыққа 
» қарсы, таптық күрес пен революцияшыл қозғалысқа қарсы, еңбекшілер 
арасына марксизмнің тарауына қарсы күресуге тиіс. 
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Германияның 
экономикасының өсуі жеделдеді. Буржуазияға техникамен қаруланған,саяси 
жағынан сол буржуазияға тәуелді тәрбиеленген жұмысшы керек болды. 


52 
Г.Кершенштейнер буржуазияның осы мүдделерін қанағаттандыратындай 
педагогика мәселесін зерттеді. Мектептің міндеттерін анықтай келе, мектеп 
түгелімен буржуазиялық мемлекеттің ( Германия империализмнің) мүддесіне 
қызмет етуге тиіс деді. 
Г.Кершенштейнер әсіресе пролетариаттың санасының жетілуінен, 
жұмысшы қозғалысының өрлеуінен сескенеді. 
Сондықтан оның ұсынған « Азаматтық тәрбиесі » балаларды мемлекетке 
сөзсіз бағынуға үйрету еді. 
Оның айтуынша, « ішкі жауларға», пролетарлық санаға қарсы зеңбірек 
те, броненосец те, бүкіл буржуазияның қарулы күші де қарсы тұра алмайды. 
Бұған басқа нәзік құрал, сонымен бірге айқын, күшті, әсерлі құрал керек. Ол 
– саяси тәрбие, бұл тәрбие оқушыларға мемлекет міндеттерін, азаматтық 
борышты түсіндіретіндей болсын деді. 
Әңгіме халық бұқарасы жөнінде болғандықтан, Кершенштейнер мектеп 
тәрбиесінің негізгі мәні – оқушыларға белгілі идеяларды сіңіру деп есептеді. 
Ол бұл тәрбие арқылы еңбекшілерді шовинистік тәрбиелегісі келді, бағынуға 
ғана икемді жұмысшылар мен солдаттарды даярлауды көздеді. 
Ал енді өзі негіздеп ұсынған « Еңбек мектебі » идеясы бойынша
мектепке «реформа» жүргізу керек: халық мектебінде оқушы қол еңбегіне 
үйренеді, техникалық дағдылар алады, әр түрлі аспаптарға үйренеді. Халық 
мектебінің оқушылары, болашақ мамандығы үшін жалпы еңбек даярлығынан 
өтуі тиіс. 
Сөйтіп, Кершенштейнердің « Еңбек мектебі » педагогикасының негізгі 
мақсаты - оқушыларды еңбекке деген ұқыптылық әдеттерге, үнемі сөзсіз 
бағынып, бой ұсынушылыққа, міндеттеріне сөзсіз берілгендікке жүйелі түрде 
тәрбиелеу. Осының барлығы буржуазия талаптарын орындауға бағытталды. 
Демек, Кершенштейнер буржуазия мүдделерін қанағаттандыратындай 
еңбектің тәрбиелік әсеріне үлкен мән берді, яғни ол еңбекті « Азаматтық 
тәрбиенің » ең маңызды құралы деп есептеді. 
Кершенштейнер 
«Азаматтық 
тәрбиені» 
осылай 
бұқараның 
революцияшыл талабымен күресетін құрал ретінде қарады. Оның ұсынған « 
Азаматтық тәрбие » теориясы, онан туатын, «Еңбек мектебі » идеясы мүлдем 
реакцияшыл 
бағытта 
құрылды. 
Сондықтан 
да 
Н.К.Крупская: 
« 
Кершенштейнер демократизм атаулыдан алыс.... ол буржуазиялық 
мемлекетке бас иіп, соның мүддесін барынша қорғап, өзінің педагогикалық 
қызметін де соның мүддесімен ұштастыра жүргізеді » - деп жазды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет