1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет26/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   101
5.Прагматикалық педагогика.
Америка Құрама Штаттарынды ХІХ 
ғасырдың 90-жылдарынан бастап, тым кең тараған философиялық 
жүйелердің бірі прагматизм философиясы болды. Оны толық түрде 
негіздеген Джемс еді. Прагматизм үшін пайдалы нәрсе ғана шындық – ақиқат 
болып саналады. Джемс: « Біз үшін ең жақсы қызмет етуші, бізді жетелеп 
бағыттаушы, өмірдің әр бөліміне ең ыңғайлы келетіні ғана пайдалы », - деді. 
Әрине, мұндай философия буржуазияға тым қажет еді. Осы философияға 
сүйене отыра, буржуазия өзіне пайдалылардың және өз мүдделерінен 
қанағаттандыратындардың барлығын «ақиқат– шындық» деп жариялады. 
Мысалы, мұндай идея буржуазияға пайдалы болғандықтан, ол буржуазияны 
қанағаттандырады. Сондықтан бұл «идея» прагматистер көзқарасында 
«ақиқат –шындық» және құдайдың болуы да « ақиқат ». Прагматизм осылай 
ақиқатты бұрмалап, бірақ буржуазияға пайдалы шындықты жақтауға 
көмектесті. 
Империализм дәуіріндегі Америка буржуазиясына тән талаптарды толық 
негіздеген белгілі философ – педагог 
Джон Дьюи
(1859-1952 ) болды. Дьюи 
Чикаго университетінің педагогика профессоры болған. 


55 
Ол педагогика мен педагогикалық психология жөнінен көптеген еңбек 
жазды. Олардың ішінде кең тарағандары: «Мектеп және қоғам » (1899), 
«Мектеп пен бала» (1902),«Болашақтағы мектеп» (1915), «Біз қалай 
ойлаймыз » (1910 ), « Демократия және білім » (1916 )т.б. Бұл еңбектерінде 
Дьюи баланы зерттеп білмегендігі үшін, оның талабын ескермегендігі үшін, 
өмірден қол үзгендігі үшін, оқу процесінің нәтижесіздігі үшін ескі мектепті 
сынады. Сонымен бірге ол сол кезде маңызды болған мынадай 
педагогикалық 
проблемаларға 
көңіл 
бөлді: 
мектептің 
өмірмен 
байланыстылығы, оқу процесінде балалардың белсенділігін дамыту, 
оқытудың тәрбиелілігі т.б осының барлығы Дьюи шығармаларына 
практикалық қызметкерлердің көңілін аудрады.
Философия саласында Дьюи осы кездеге прагматизм бағыттарының бірі 
– «Инструментализм» бағытының көрнекті өкілі болды. Бұл бағыттың 
дәлелдеуінше, кез келген теория, кез келген идея белгілі бір жеке адамға 
пайдалы болса,оны «әрекет инструмент » деп қарау қажет деді. Мұндай 
философияға негізделген педагогика, әрине, сыңар жақты, жалаң «іскерлік» 
ерекшелікте, сипатта болды. Сондықтан да Дьюидің идеал ретінде айтатын 
нақыл сөзі – «жақсы тұрмыс» жасау. 
Америка империализмнің мүдделеріне сәйкес құрылған өзінің 
социологиялық ойларын Дьюи капитализмнің кейбір жақтарын сынау 
арқылы бүркемелеп отырды. Бірақ өз еңбектерінде буржуазиялық 
демократияны дәріптеп, капиталимстік құрылыстың таптық қайшылықтарын 
бүркемеледі. 
Ал енді екінші империалистік соғыстан кейін АҚШ-та реакцияның өріс 
алуына байланысты, СССР-дің дүние жүзі алдында күші мен беделінің 
бекуіне байланысты Дьюидің социализм еліне көзқарасы мүлдем өзгерді. 
Оның саяси көзқарастары барған сайын реакцияшыл бола берді. СССР-дің 
қас жауына айналды, өмірінің соңғы жылдарында фашизмді жақтады. 
Өзінің философиялық және саяси әлеуметтік көзқарастары бойынша 
Дьюи бала тәжірбиесін үнемі үзбестен жақсартып, тереңдетіп отыру керек 
деді. Дьюидің ойынша, баланың дамуы, оның тәжірбиесін жетілдіру – 
тәрбиенің негізгі мақсаты. Дьюи баланың жетілуі оның өзі өмір сүріп 
отырған қоғамға икемделуі деп қарады. Мұндай тәрбиенің негізгі мақсаты - 
өз қарабасының қамын ойлау, материалдық байлыққа жанталаса ұмтылу. 
Дьюидің ойынша, бұқараның мұқтажы мен тілегі ақыл –ой жағынан 
жетілуде емес, тар ұғымдағы іскерлік. Осыған сәйкес білім беру ісі де 
жүргізілуі тиіс Еңбекшілер балаларының «тар ұғымдағы іскерлік » талаптары 
болғандықтан, оларға арналған мектепте «әр түрлі жұмыс істей алуға, әр 
нәрсені жасай алуға ғана икем » дейді. Сондықтан көпшілікке арналған 
бұқаралық мектеп жұмыс істеуге ғана үйретуі тиіс, теория мен жүйелі білім 
еңбекшілерге қажетсіз, жұмысшылар талабы өмірге практикалық ғана керек 
етеді деді. 
Дьюи жүйелі білімнің мәнін кеміте отыра, «оқу ісін жұмыс арқылы 
жүргізгенде ғана баланы мірмен ұштастырады» деп есептеді. «Еңбекпен 
айналысу мекпет өмірінің орталық кіндігі болады»- деді Дьюи. Адам 


56 
өмірінде еңбек әр салалы болғандықтан, оқушылар оның әр түрімен танысуы 
тиіс. 
Бірақ Дьюидің тек сыңар жақты жұмыс арқылы оқытып үйрету керек 
дегені мектеп тәжірбиесіндегі теорияның, оқытушының ролін кемітуге әкеліп 
соғады. Ол оқытушыны тек қана ұйымдастырушы, консультант, тергеуші 
ретінде есептеп, оны білім беруші, сол білімді меңгертуші басшы ұстаз деп 
бағаламады. 
Дьюи мектепті тек ұйымдасқан бір ғана орта, мектептің өзі өмір деді. 
Демек, ол мектеп пен өмір, ортаның арасына шек қоймайды, сондықтан да 
мектепте оқу програмалары, оқу кестелерінің болуы шарт емес. Дьюидің өзі 
кейінен орын алған « проект әдісін» ұсынбады, бірақ оның мектеп жөніндегі 
ойларын, оның жолын ұстаушылар сол әдісті негіздеу үшін пайдаланады. 
Сонымен Дьюи жүйелі білімді ығыстыра отыра, өндіріске практикалық 
қызметкерлерді ғана тәрбиелеуді ойластырды. 
Дьюидің еңбек тәрбиесі жөніндегі ойлары капиталистердің мүдесін ғана 
көздеп Америка мектебін қайта құруға көмектесті, бірақ 
сол ойлар әсерімен оқушылардың жалпы мәдениеті кеміді, оқу тек қана 
тар шеңберде жалаң іскерлік бағыт алды. Сондықтан Дьюидің көзқарастары 
АҚШ- тың буржуазиялық тобының талаптарын ғана қанағаттандырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет