1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет27/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   101
6. Буржуазия
 
педагогиканың осы кездегі негізгі бағыттары
.
Осы кездегі буржуазия педагогикасы күрделі және қайшылықты 
жағдайда танылып келеді. Мұндай жағдай капиталистік қоғамның әлеуметтік 
құрылысының күрделі болуына және буржуазия ғалымдарының тұтас және 
тұрақты көзқарасының болмауына байланысты. Сонымен бірге педагогикада 
ой – пікірдің дамуына әр түрлі әлеуметтік, экономикалық және саяси 
дамулардың, тарихи- мәдени дәстүрлердің айырмашылықтарының болуы 
әсер етуде. 
Капиталистік елдерде халық ағарту ісі шиеленіскен саяси және 
идеологиялық күрестің обьектісі болып отыр. Әлеуметтік- экономикалық 
ілгерілеу, ғылыми – техникалық прогресс және прогрессившіл күштер 
тарапынан күшейіп отырған талаптар буржуазиялық үкіметтерді жалпы және 
мамандық білімді белгілі дәрежеде кеңейтуге мәжбүр етуде. Балалар мен 
жастарға білім беру бірінші қатардағы мемлекеттік мәні бар міндеттерге 
айналуда. 
Осының барлығы буржуазиялық педагогиканың алдына маңызды жаңа 
проблемалар қоюда және теоретик-педагогтар жұмысын жандандыруда. 
Зерттеулердің проблематикасы кеңейіп, күрделі болып отыр, кітаптар мен 
мерзімді баспа ісі көбеюде, жаңа ғылыми – педагогикалық орталықтар 
құрылуда. 
Бірақ капитализмнің шешілмейтін қайшылықтары халық ағарту 
саласында да өріс алып, буржуазиялық педагогикалық ой– пікірдің дамуына 
әсер етуде. Осыдан барып буржуазиялық педагогикада классикалық 
педагогикалық теориялардың ең жақсы дәстүрлерінен бас тарту, дін мен 
ирроционализмнің күшеюі, таяу арада болған белгілі педагогикалық 
бағыттардың кейін шегінуі орын алып отыр. 


57 
Сөйтіп, осы кездегі Батыстың капиталистік елдерінде педагогика 
ғылымының беделі жоқ, ол іру дәрежесінде. 
Батыстағы педагогикалық ой–пікірдің кері кетуін көптеген буржуазия 
оқымыстылары мойындауда. «Педагогикалық теория мүлдем қараң қалды»,- 
дейді Америка профессоры П.Бурдинг. Лондон университетінің профессоры 
Дж. Лоурайс ағылшын педагогикасымен осы кездегі өмір талаптары және 
мектеп пратикасының араларында сәйкестік жоқтығын көрсетеді. Батыс 
Германияның 
прогрессившіл 
педагогтары 
Федеративтік 
Германия 
республикасында оқытушылар мен ата–аналар жастарды дұрыс тәрбиемен 
қамтамассыз ете алмайды, өйткені олардың өздері тұрақты этикалық 
принціптерді білмейді деген. 
Буржуазияшыл педагогтар өздерінің теориялық қағидаларын негіздеу 
үшін капитализмнің бүкіл идеологиялық құралдарын пайдаланады, әр түрлі 
қоғамдық ғылымдардың, ең алдымен философияның идеяларын негіз етеді. 
Бірақ осы кезде буржуазиялық философияның өзі терең дағдарысқа ұшырап 
отыр. Сондықтан философияның зиянды ықпалы педагогикалық ой- пікірдің 
дамуына да теріс әсер етуде. 
Италия, Англия, Япония, Швеция және басқа капиталистік елдердің 
мектептерінде прагматикалық педагогика өмір сүруде, АҚШ-та бұл 
педагогика жарты ғасырдан артық уақыт негізінен мемлекеттік мектептердің 
жұмыс бағытын белгіледі. 
Әр елдерде Дьюидің идеяларын таратушы, оның жолын ұстаушылар 
АҚШ-та Вильям Килпатрик, Гарольд Рагг, Джеймс Каунтс, Ангияда Перси 
Нанн т.б. прагматистік педагогиканың негізгі қағидаларының мектеп 
тәжірбиесіне енуіне жағдай жасады. 
Соңғы он шақты жылда прагматикалық педагогика қатаң сынға ілікті.
Бірақ бұл педагогиканың мектепте ықпалы әлі де күшті. 
Өзінің саяси әлеуметтік құрылысы бойынша прагматикалық педагогика 
либералшыл-буржуазиялық интеллегенцияның идеологиясын білдірді, бұл 
интеллегенция тап мүддесін “келістіруді",байланыстыруды " арман етті. 
Дьюи және оның жолын ұстанушылар таттық күрестің обьективтік 
қажеттілігін мойындамады, революцияшыл және азаттық күреске мүлдем 
қарсы болды. Олар қоғамдық құрылысты тек жас өспірімдердіңтәрбиелейтін 
мектеп арқылы дамытуға болады деген қорытынды жасады. 
Социолизмнің жеңістері Дьюидің бағытын өзгертті. Екінші дүние жүзілік 
соғыстан кейін, социолистік елдердің ынтымағы күшейген кезде, 
капиталистік құрылысты сақтау жолында ол “ табанды шаралар” қолдануға 
шақырды. 
Осы кезде прагматистер де осы бағытты ұстануда. Дьюидің осы кездегі 
жолын ұстаушылардың бағыты- Батысты қорғау. 
Бұл міндетті шешуде олар “ Батыс цивилизациясын ” қайта құруға 
тәрбиелейтін орын мектеп деп есептеп, оған негізгі салмақ жүктеді. 
Прагматистер адам мен тәрбиенің мәні жөніндегі Дьюи көзқарастарымен 
пікірлес бола отыра, адам туысынан ішкі “өзімі” дегенін ала келеді 
дейді.Олардың ойынша, осы ішкі “өзімі” арқылы жеке адамның 


58 
творчествосы, ерекшелігі мен айырмашылығы қалыптасады. Адам табиғатын 
осылай бағалай отыра прагматистер (Э.Келли, А. Комбс, Т. Брамельд) 
тәрбиені дәрменсіз- қасиетті процесс деп есептеген. 
Прагматистер сонымен бірге ашық түрде санаға қарсы шығады және 
иррациональдық пен санасыздықты дәріптейді. Осыған байланысты осы 
кездегі прагматистер оқудың мазмұны жөніндегі Дьюи көзқарастарын қолдай 
келе, оқушыларға жүйелі ғылым, білім беруге қарсы шыққан. Олардың 
ойынша оқу – жеке «өзім» дегеннің тілегінен туатын мейлінше 
индивидуалдық процесс, сондықтан оқудың мазмұнын анықтаушы да жеке 
оқушының өзі деді. 
Прагматист Т. Брамельд физика, химия, биология пәндерінің жүйелі 
курстарының оқытылуына қарсы шықты. 
Прагматистердің мектеп білімі жөніндегі тұжырымдарының әлеуметтік 
мәні – еңбекшілердің балаларына берілетін ғылыми білімдердің дәрежесін 
төмендету, өйткені ғылыми білімдер капитализмге қарсы күресте 
еңбекшілерге мықты құрал болды. 
Прагматистер адамгершілік тәрбиесі жөніндегі теорияны да идеалистік 
тұрғыдан түсіндірді. Адам мінезі «өзім »дегеннің терең тамырынан туатын 
жағдайлармен белгіленуі тиіс. К.Роджерстің айтуынша, сол жағдайлар ғана 
әрқашанда дұрыс және адам үшін ыңғайлы. Бұл теория жекешілдікті, 
жастардың адамгершілік жағынан азғындалуын жақтайды. 
Сонымен, осы кездегі Дьюидің жолын ұстаушылар(Теодор Брамельд, Эрл 
Келли, Карл Роджерс, Артур Комбс және басқалар ) Дьюидің педагогикалық 
жүйесінің ең реакцияшыл жақтарын ілгері дамытуда. Халыққа берілетін 
теориялық білімге қарсы шыға отыра, утилитаризм мен индивидуализмді 
дәріптеуде, прагматизм педагогикасы реакцияшыл күштерге адал қызмет 
етуде. Дүние жүзінің рпогрессившіл күтері прагматизм философиясына 
қарсы, атап айтқанда, прагматизм педагогикасына қарсы үзбестен күрес 
жүргізуде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет