1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет28/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   101
Экзистенциализм
(« тіршілік, өмір сүру философиясы» ) – Батыстағы ең 
кең тараған идеологиялық ағымдардың бірі 
Экзистенциалистердің айтуынша, олардың негізгі көңілі қазіргі 
замандағы адамға, ең алдымен жеке адамның адамгершілігіне бөлінеді. 
«Тіршілік, өмір сүру философиясының » негізгі мәселесі – бүкіл 
мүдделері мен тілектері тек жеке өзін ғана қамтитын оқшауланған, жападан 
жалғыз индивид,сыртқы дүниенің қол жетпейтін күштеріне қарсы 
бағытталған жекебастың трагедиясы. 
Экзистенциалистердің дәлелдеуінше, адам өлімінің алдында үнемі қатты 
қорқыныш сезімінде болады. 
Экзистенциалистік идеалар ескі дүниенің күйрей бастауынан зәресі 
ұшқан, 
терең 
пессимизмге 
ұшыраған 
көптеген 
буржуазия 
интелегенциясымен мұңдас болды. 
Осы кездегі экзистенциализмнің орталықтары Франция және Батыс 
Гермения болып есептеледі, соңғы жылдары бұл философия жедел түрде 
АҚШ, Англия және басқа да капиталистік елдерге де таралып отыр. 


59 
Экзистенциалистердің (М.Хайдгер, К.Эксперс, Г.Марсель, Ж.П.Сартр 
т.б) көзқарастары айқын түрде педагогика ғылымына, оның мақсаттары мен 
мүмкіншіліктеріне сенбестік бағытында болып отыр. 
Экзистенциалистер адамды өздерінің философиялық жүйесінің орталығы 
ете отыра, осы заман ғылымы сол адам жөнінен ешбір реалды мағлұматсыз, 
біздің адам жөніндегі біліміміз толық емес және көбіне дәл де емес дейді. 
Сартрдың пікірінше, «адам» деген ұғым бос және мәнісіз абстракция, себебі 
жалпы адамдық қасиеттер болмайды. 
Экзистенциализм педагогикалық концепциясының ерекшелігі – адамның 
қалыптасуындағы 
тәрбие 
мен 
білімнің 
мәнін 
жоққа 
шығару. 
Экзистенциалистердің дәлелінше, адам бір мақсатқа бағытталған тәрбиенің
практикалық тәжірбие мен білімдердің нәтижесінде, дағдыларды, 
нормаларды, принціптерді меңгеру арқылы қалыптаспайды, адам үнемі өзі 
жүргізетін «таңдаулардың» үстінде, ешбір басшылықсыз қалыптасады. 
Адамның негізгі сапалары мен қасиеттері сол адамда өздінгінше пайда 
болады, сондықтан оған басқа жақтан араласу зиян тигізу мүмкін дейді. 
Экзистенциалистер осыған байланысты адамның өзін-өзі тәрбиелеуін 
нәтижелі деп есептеді. Сөйтіп, өздігінше тәрбиеленуді семьяның, мектептің, 
әлеуметтік ортаның тәрбиелік ықпалына қарсы қойды, бұл оларды 
субьективті-идеалистік қорытындыға әкелді. 
Экзистенциалистер мектептің басты міндеті индивидуализмге тәрбиелеу 
деп жариялады. Осыған байланысты мектеп негізгі көңілді жеке оқушыға 
бөлуге 
тиіс, 
коллектистік 
жұмыстар 
мейлінше 
азайтылуы 
керек.Экзистенциалистер осылай адамдар арасындағы ынтымаққа және өз 
ара көмектесуге қарсы, баланы бөліп оқшаулады, адамды қоғамға, 
коллективке қарсы кою рухында тәрбиелеуді ұсынды. 
Экзистенциалистер мектеп білімінің мазмұнын қарастыра келе, ондағы 
негізі нәрсе оқушылардың интеллктісін, ақылын,ой-өрісін дамыту емес, 
«эмоционалды тәрбие»және иррациональдық тәрбие беру деді.Кейбір 
экзистенциалистер бірінші орынға эстетикалық тәрбиені ұсынды,бірақ оған 
діни бағыт берді. 
Экзистенциалист педагогтар ғылыми білімге, әсіресе қоғамдық 
ғылымдарға қарсы болды. Олар оқушыларға өздерін жақсы білуге және 
сыртқы дүниеге өздерінің қатынасын анықтайтын ғана білімдер беру керек 
деді. 
Экзистенциалистердіңпедагогикалық пікірлері капиталистік құрылысқа 
тән рухани өмірдің терең қайшылығын көрсетеді. 
Осы кездегі Батыстың тәрбие мен білім беру жөніндегі діни 
теорияларының жалпы принціптері неотомист педагогтар пікірінде кең түрде 
орын алды. 
ХІХ ғасырдың аяғынан бастап ресми түрде католик шіркеуінің 
философиясы ретінде жарияланған неотомиз ағымы католик діннің иесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет