1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет29/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   101
Фома Аквинскийдің
(1225-1247 ) ой – пікірлерін қайта жаңартуға 
арналды.Неотомистер материализмге, атеизмге және басқа прогресшіл саяси 
- әлеуметтік идеяларға қарсы күресу мақсатын ұстанды. 


60 
Неотомизм – орта ғасырлық, феодалдық философия емес, ол осы 
заманның буржуазиялық философиясы.Неотомизм – діни сипаттағы 
обьективтік идеализмнің бір саласы. 
Саясат және социология саласында неотомистер капиталистік ситеманы 
жақтаушылар, олар өндіріс құралына жеке меншіктің сақталуын табанды 
түрде қорғап, әлеуметтік теңсіздіктіуағыздады, неотомистердің көпшілігі 
антикомунизмнің берік туын ұстаушы болып саналды. 
Неотомизмнің педагогикалық концепциясын кең түрде насихаттаушы 
белгілі француз буржуазиясының философы, неотомизмнің танылған 
басшысы, осы кезде АҚШ-та тұрақты Жак Маритен. Католик 
педагогикасының көрнекті өкілдері: У.Каннингам мен У.Макгакен (АҚШ ), 
М.Казотти мен М. Стефанин (Италия ). 
Неотомизмнің педагогикалық концепциясындағы негізгі мәселе - адам 
табиғатының екі жақтылығы жөніндегі ғылымға қарсы діни догма. 
Неотомистер адам екі жақты құбылыс: ол, бір жағынан, индивид, екінші 
жағынан, адам. Индивид болғандықтан,адам материалдық құбылыс, табиғат 
пен қоғам заңдарына бағынады, белгілі ұлтпен, әлеуметтік ортамен және 
тарихи дәуірмен байланысады. 
Адамның екінші жағы – ол негізгі болып саналады, адам өлмес, өшпес 
жанға ие. Адам жер бетіндегілердің бәрінен жоғары, ол тек қана құдайға 
бағынады деді. Жак Маритен: «Адам материя мен рухтан тұрады. Оның 
денесі, мүмкін, тарихи эволюцияда жануарлық түрден шыққан болар, бірақ 
оның өшпес жаны тікелей құдай әмірінің нәтижесі », - деп жазды. Тәрбиенің 
мақсаттары мен негізгі принціптерінің осы догмадан шығарады. Неотомистер 
адамның екі жағы бар, демек оның денесі және жаны жөнінде ле қамқорлық 
қажет деп есептеді. Бірақ олардың ішіндегі негізгісі - адам жаны,олай болса 
«тәрбие » рухани бастаманың басымдылығына сәйкес құрылуға, демек, 
тәрбие діншілдік негізде болуға тиісті деді. 
Неотомистердің 
айтуынша, 
жаңам 
педагогикалық 
теорияның 
идеологиялық эстетикалық мазмұн «гуманизм» болуға тиіс.Бірақ олардың 
уағыздаған «гуманизмі » қайта өркенлеу дәуірінің және ХV ІІ – ХVІІІ 
ғасырлардағы гуманистік идеялармен де, әсіресе социалистік гуманизммен де 
ешбір қатысы жоқ. Неотомистердің жалған гуманизмі қоғамды 
революцияшыл түрде өзгерту идеясына анық қарсы. Олардың ойынша, 
адамды «аман сақтау» - діншіл ықпалдарды үнемі күшейте беруге 
байланысты. 
Неотомистік педагогиканың теоретиктері мектепте жүйелі түрде осы 
заман ғылымының негіздерін оқуға формальды жағынан қарсы да шықпайды, 
міндетті оқу жоспарын жақтайды. 
Бірақ іс жүзінде екі жүзді декларацияларды бетеріне ұстай отыра, 
неотомистер бүкіл білімді дін рухымен шырмауға, оқуды түгелдей « 
христиандық тәрбиенің міндеттеріне » бағындыруға тырысады. Олардың 
ойынша, діни оқу жүйелі түрде мектеп білімінің барлық сатысында 
жүргізілуі тиіс. Американың неотомист педагогы У. Макгакен: «Дін католик 


61 
мектептердің бүкіл біліміне, арифметикадан зоологияға дейін енуі тиіс», - 
деді. 
Сонымен неотомизм педагогикасы өзінің негізгі мақсаты ретінде 
жастарды діни сарқыншақтар мен догмалардың шырмауында ұстауды, 
оларды күшті әлеуметтік – саяси проблемалардан алшақтатуды, азаттық 
қозғалысына араластырмауды көздейді. Мұндай бағыттың реакцияшыл 
екендігі айқын. 
Сондыұтан мектеп пен педагогикалық ой – пікірге бағытталған 
клерикалық ықпалға қарсы күресу – капиталистік елдердің прогресшіл 
жұртшылығының маңызды міндеті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет