Пікір жазғандар: Тоқсанбаева Н.Қ. психология ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет2/31
Дата06.10.2023
өлшемі2,34 Mb.
#112962
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Даму психологиясы негіздері 2015 Kulimbaeva

сензитивтілік
деп аталады. Сонымен, ана тілді 
меңгеруі үшін қолайлысы 2-5 жас болып табылады, сол кезде 
бала сөйлемдік байланысты меңгере отырып, өзінің сөздік 
қорын белсенді түрде молайтылады. Бала өмірінде сензитивтік 
кезең маңызды болып табылады, яғни сол кезеңде баланың 
дамуы үшін маңыздының барлығын беру қажет (мысалы, 
мектепке 
дейінгі 
жастағы 
-
этикалық 
көріністер 
мен 
нормаларды, бастауыш мектеп жасындағыларға - ғылыми 
негіздерді, т.с.с.).
Л.С. Выготскийдің ойынша, бұл кезеңдегі белгілі бір ықпалдар 
терең өзгерістерді тудыра отырып, барлық даму үрдісіне әсер 
етеді.Басқа кезеңдерде сол шарттар бейтарап болуы мүмкін; 
тіпті даму барысынан керісінше әсерлер де көрінуі мүмкін. 
Сензитивтік кезең оқытудың оптималдық уақытымен сәйкес 
келеді. Оқу үрдісінде балаға қоғамдық-тарихи тәжірибелер 
беріледі. Балаларды оқыту - тек педагогикалық мәселе емес. 
Бұл жерде мынандай сұрақ туындайды, баланың дамуына оқыту 
әсер етеді ме, егер әсер етсе,қалай әсер етеді, бұл -
жасерекшелік 
психологиясының 
негізігі 
мәселесі. 
Биологизаторлық бағыттың өкілдері оқытуға аса мән бере 
бермейді. Олар үшін дамудың психикалық үрдісі - өзінің 
ерекше ішкі заңдылықтарымен жүретін спонтандық үрдіс, ал 
сыртқы өзара әсерлер түп тамырымен оны өзгерте алмайды. 
Дамудың әлеуметтік факторын мойындайтын психологтар үшін, 
оқыту принципиалды түрде маңызды сәт болып табылады. 
Социологизаторлық бағыттың өкілдері даму мен оқытуды 
теңдестіреді.


Л.С. 
Выготский 
психикалық 
дамудағы 
оқытудың 
жетекші рөлі туралы пайымды ұсынды: адамзаттық шынайы, 
жоғарғы психикалық функциялар дамудың тарихи өнімі болып 
табылады. Адамның дамуы ( жануарлардан ерекше) және өзінің 
психикасын қайта құратын белгілерді меңгеруіне байланысты 
жүреді. Белгілерді меңгерілуі (ең бастысы сөз, сан және т.б) 
демек баланың өткен ұрпақтың тәжірибелерін меңгеруі тек 
оқыту барысында жүзеге асырылады. Сондықтан да психиканың 
дамуы белгілік тәсілдерді меңгеру болатын, әлеуметтік ортадан 
тыс қарастырылмайды, және оқытусыз оны түсіну мүмкін емес. 
Сондай-ақ Л.С. Выготский бір жастан басқа жасқа өтудің 
динамикасын да қарастырған. Бала психикасының әрбір 
кезеңдерде өзгеруі баяу, әрі біртіндеп жүрсе, кейбіреулерінде 
бірден, әрі жылдам болуы мүмкін. Соған сәйкес даму «тұрақты» 
және «тұрақсыз» (дағдарыстар) кезеңдер деп бөлінеді. Тұрақты 
кезеңге бала тұлғасында жылдам қозғалыстар мен ауысымдар 
байқалмайтын, дамудың біріңғай үрдісі тән. Ұзақ уақыт ішінде 
болатын мәнсіз, минималды өзгерістер әдетте айналадағылар 
үшін байқалмайды.
Л.С. Выготский баланың қатынасы мен функциясындағы 
болып жатқан сапалы қайта құрулардағы дамудың дағдарыстық 
кезеңдеріне де ерекше мән берген. Баланың психикалық 
дамуындағы дағдарыстардың рөлі мен орны бойынша жас 
ерекшелік психологиясында біріңғай пікірлер жоқ. Дағдарыстар
- қалыпсыз, «күйзелмелі» құбылыс, дұрыс берілмеген тәрбиенің 
нәтижесі. Басқа психологтардың пікірінше, бала дамуындағы 
дағдарыстардың 
болуы 
заңдылық. 
Дағдарысты 
басынан 
өткізбеген бала болашақта толықтай дами алмайды.
Л.С. Выготский тұрақтылық пен дағдарыстық кезеңдерді 
бала дамуындағы заңды ауысым ретінде қарастырды. Қазіргі 
кезде бала дамуындағы өзгерісті кезең жайлы жиі айтылып жүр, 
көбіне, 
дағдарыстық, 
жағымсыз 
көріністер 
оның 
алған 
тәрбиесінің, өмірлік жағдайларының ерекшеліктеріне қатысты. 
Бұл көріністерді айналасындағы жақын ересектер жеңілдетуі 
немесе керісінше, ушықтыруы мүмкін. Фактілі зерттеулер 
көрсеткендей, 
өзгерісті 
кезеңдердегі 
дамудың 
жағымсыз 
мазмұны - кез келген дағдарыстық жастың мәнін құрастырушы, 
тұлғаның жағымды өзгерісінің көлеңкелік жағы.


Тұрақты 
кезеңдерге 
қарағанда дағдарыстар 
қысқа 
мерзімдік, бірнеше айға, сәтсіз тоғысқан жағдайда бір жылға 
дейін немесе екі жылға дейін созылады. Бұл қысқа болғанымен, 
қарқынды кезең, яғни бала дамуының ағымында маңызды 
қозғалыстар, жылдам өзгерістер жүріп, апатты сипатта жүруі 
мүмкін. 
Дағдарыс 
елеусіз 
басталып 
аяқталады, 
оның 
шекаралары көмескі түрде өтеді. Асқыну- кезеңнің ортасына 
таман пайда болады.
Л.С. Выготский жазғандай, ол айналадағылар үшін 
баланың «қиын тәрбиеленуінің» көрінісімен, мінез-құлық 
өзгерісімен байланысты. 
Бала ересектердің бақылауынан 
шығып, бұрын нәтиже беріп жүрген педагогикалық әсерлердің 
ықпалы 
жойылады. 
Аффективтік 
ызалар, 
қыңырлықтар, 
жақындарымен азды көпті күрделі дау-дамайлар - көптеген 
балаларға тән, дағдарыстың типтік бейнесі. Оқушыларда 
жұмысқа 
деген 
қабілет 
төмендейді, 
сабаққа 
деген 
қызығушылықтары бәсеңдейді, үлгерімдері төмендейді, кейде 
ішкі дау-дамайлар пайда болады. Дегенмен, дағдарыстық кезең 
әр балада түрліше өтеді. Біреуінің мінез-құлқы қиыншылық 
тудырса, екіншісі баяғы қалпынша, тыныш, тілалғыш. Тұрақты 
кезеңге 
қарағанда, 
дағдарыс 
кезінде 
индивидуалдық 
ерекшеліктер көбірек болады. Бірақ, бәрібір сыртқы түрде 
болсын 
өзгерістер 
болады. 
Оны 
байқау 
үшін, 
баланы 
құрдастарымен емес, бұрын оның қандай болғандығы туралы, 
яғни өз-өзімен салыстыру керек. Әр бала айналадағылармен 
қарым-қатынасқа түскенде қиындықтарды басынан өткізеді, 
және әрқайсысында оқыту жұмысына деген ілгері қарқындылық 
баяулайды. Дағдарыс кезінде болатын басты қиындықтар - ішкі 
болып табылады. Даму жағымсыз сипатты иемденеді. Бірінші 
кезекке инволюциялық үрдістер қойылады: алдыңғы кезеңде 
қалыптасқанның барлығы құлдырап, жойылады. Баланың кешегі 
барлық 
іс-әрекетіне 
бағытталған 
қызығушылықтары 
жойылады,ал 
бұрынғы 
қатынас 
формалары 
мен 
құндылықтарынан бас тартады. Бірақ жоғалтқанның орнына 
жаңалар пайда болады. Қарқынды, өтпелі кезеңде пайда болған 
жетілудің жаңа құрылымдары тұрақсыз болып, келесі тұрақты 
кезеңде трансформацияланады, басқада жаңа құрылымдарымен 
толықтырылып, соларға сіңіп кетеді. Дағдарыстық кезеңде


негізгі 
қарама-қайшылықтар: 
бір 
жағынан 
баланың 
қажеттіліктерінің өсуі арасындағы және әлі де шектеулі 
мүмкіндіктері, басқа жағынан - ересектермен баланың жаңа 
қажеттіліктерінің арасында бұрынғы қатынастары ж әне жаңа 
қажеттіліктері арасындағы қарама-қарсылықтарға психикалық 
дамудың қозғаушы күші ретінде қарастырылады.Эмпирикалық 
мәліметтерге сүйене отырып,көбінесе Л.С. Выготский келесі 
сыни кезеңдерге бөледі: нәрестелік, бір жас, үш жас, жеті жас, 
он үш жас (жеткіншетік), он жеті жас (жасөспірімдік) 
дағдарыстар. Қазіргі кезде жеткіншектік дағдарысқа он бір-он 
екі жастағылар, жасөспірімдікке - он бес жастағылар жатады 
(Д.Б. Элькониннің кезеңдері бойынша).
Кемелдік жастағыларда да (30-60 жас) сыни кезеңдерді 
бөледі. 
Орта 
жас 
дағдарысы 
физикалық 
күштің, 
сексуалдылықтың, ригидтіліктің өсуімен, тартымдылықтың 
бәсеңдеуімен сипатталады.
Дамудың қозғаушы күші не болып табылады?
Психикалық дамудың шынайы мазмұны ішкі қарама- 
қайшылықтарымен күрес, 
психиканың ескі формаларын 
жаңашамен ығыстырудың арасындағы күрес (Л.С. Выготский,
А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн және т.б.). Ішкі қарама- 
қайшылықтар психикалық дамудың қозғаушы күштері ретінде 
көрінеді. Олар әрбір жас кезеңінде ерекше болады, дегенмен бір 
басты қарама-қайшылық шеңберінде - баланың ересек болуға, 
олармен ортақ өмір сүруге, қоғам өмірінде белгілі бір орын 
алуға, дербестілік көрсетуіне және оларды қанағаттандыруға 
шынайы мүмкіндіктің болмауы арасында туындайды. Бала 
санасының деңгейінде ол «керек» және «жасай аламын» 
дегеннің арасындағы келіспеушілік. Мұндай қарама-қайшылық 
жаңа 
білімнің 
меңгерілуіне, 
іскерлік 
пен 
дағдылардың 
қалыптасуына, дербестік шекарасын кеңейтуге, іс-әрекеттің 
жаңа түрлерін 
игеруге 
мүмкіндік 
береді. 
Мүмкіндіктер 
шекарасын кеңейту өз кезегінде баланы ересектер өмірінен 
күннен 
күнге 
жаңа 
аймақтардың 
«ашылуына» 
әкеледі.Сондықтан да, бір қарама-қайшылықтың шешім табуы 
басқалардың пайда болуына әкеледі. Соның нәтижесінде бала 
әлеммен кең, әрі жан-жақты байланыстарды орнатып, олардың


шынайы 
танымдық 
және 
әрекеттік 
формаларын 
қалыптастырады.
Психологиялық 
дамумен 
байланысты 
маңызды 
теориялық 
ұғымдардың 
бірі 
адам 
дамуының 
үрдісін 
жылдамдататын немесе баяулататын«даму факторлары» болып 
табылады.
Психологияда баланың психикалық дамуын түрліше 
түсіндіретін бірнеше теориялар бар. Оларды екі бағытқа 
біріктіруге болады - биологизаторлық және социологизаторлық. 
Биологизаторлық бағытта бала -табиғатынан белгілі бір 
қабілеттерді, бет әлпет сипатын, мінез-құлық формаларын 
иемденген биологиялық жан сияқты қарастырылады. Тұқым 
қуалаушылық оның бүкіл даму барысын, оның қарқынын, 
жылдамдығын немесе баяулығын, барар жерін - яғни, 
дарындылығын, қаншалықты жетістікке жеткендігін анықтайды. 
Бала тәрбие алып жатқан орта балаға туылғаннан берілген 
осындай 
қасиеттерді 
айқындайтын 
дамудың 
о-бастан 
анықталған жағдайлары болып табылады. Социологизаторлық 
бағытта баланың психикалық дамуына қарама-қайшы тұрғы 
болады. XVII ғасырдың философы Джон Локктың идеяларынан 
бастау алады. Оның ойынша, бала туғаннан таза тақта іспеттес.
Қазіргі кезде қалыптасқан психикалық даму факторлары:
• 
тұқым қуалаушылық;
• 
орта;
• 
белсенділік;
• 
тәрбие және оқыту
Л.С. Выготский ұсынған бала дамуындағы кезеңдердің
негізіне жастық динамика алынды:
Нәрестелік дағдарыс
Нәрестелік жас 
(2 айдан - 1 жасқа дейін)
Бір жас дағдарысы
Ерте балалық шақ (1-3 жас)
3 жас дағдарысы
Мектепке дейінгі шақ (3-7 жас)
7 жас дағдарысы
Мектеп жасы (8-12 жас)
13 жас дағдарысы
Пубертаттық жас (14-18 жас)
17 жас дағдарысы


Л.С. Выготскийдің кезеңдері 
жайлы идеяларын кеңестік 
психологияда 
Д.Б. 
Эльконин 
дамытқан. 
Ол 
әрбір 
психологиялық жасты төмендегідей қарастыруды ұсынды:
1. Дамудың әлеуметтік жағдайы - осы кезеңде баланың 
ересекпен қатынастың нақты формаларына түсуі;
2. Әлеуметтік қатынастарды жүзеге асыратын жетекші 
іс-әрекеттің түрі;
3. Осы 
кезеңде 
туындайтын 
психологиялық 
құрылымдар.
Э.Эльконин бала дамуының 6 кезеңін бөліп қарастырған. 
Олардың әр қайсысына жетекші іс-әрекеттің өзіндік типтері тән.
Нәрестелік кезең (0 - 1 жас)
Тікелей эмоционалдық қатынас
Ерте балалық шақ (1 - 3 жас)
Заттық - манипулятивтік іс- 
әрекет
Мектепке дейінгі шақ (3 -7 
жас)
Сюжеттік - рөлдік ойын
Кіші мектеп жасы ( 7- 10 жас)
Оқу іс -әрекеті
Жеткіншектік жас ( 10 - 15 
жас)
Қарым - қатынас
Ерте жастық шақ ( 15 -17 жас)
Оқу - кәсіби іс - әрекет
Тұлға дамуының кезеңдері (Э.Эриксон бойынша)
Даму кезеңі
Дамудың қалыпты 
желісі
Дамудың аномалды 
желісі
1. 
Ерте
нәрестелік
шақ
(туылғаннан 

жасқа 
дейін)
Адамдарға деген сенім. 
Өзара махаббат, үйір 
болу, ата-ана мен 
баланың бірін-бірі 
тануы, балалардың 
араласудағы және басқа 
да өмірлік 
қажеттіліктерін 
қанағаттандыру.
Анасының баласына 
нашар қарауының 
нәтижесі ретінде 
баланың адамдарға 
сенбеуі, мән 
бермеушілік, 
немқұрайлық, 
махаббаттан айыру. 
Баланы ана сүтінен 
өте ерте және күрт 
айыру, баланы 
эмоционалдық 
оқшаулау.


2. Кейінгі
нәрестелік
шақ
(1 жастан 3 
жасқа дейін)
Дербестік, 
өзіне-өзі 
сену. Бала өзін дербес, 
жеке, бірақ әлі ата- 
анасына тәуелді адам 
деп санайды.
Өз-өзіне сенбеу, өте 
ұялшақ болу. Бала 
өзінің
бейімделмегендігін 
сезініп, қабілеттеріне 
күдіктенеді. 
Қарапайым қимыл 
әдеттерінің 
дамуында 
кемшіліктерді 
сезінеді, мысалы, 
жүргенде. Оның 
сөйлеу қабілеті 
нашар дамыған, 
кемшіліктерін 
қоршағандардан өте 
қатты жасыруға 
тырысады.
3. Ерте 
балалық шақ 
(3-5 жас 
шамасында)
Қызығушылық және 
белсенділік. Қоршаған 
ортаны қызыға зерттеп, 
бейнелерді елестету, 
ересектерге еліктеу, 
түрлі рөлдерге қосылу.
Пассивтілік және 
адамдарға мән 
бермеу.
Инициативаның 
болмауы, сылбыр 
болу, басқа 
балалардан қызғану, 
ұсыныстардан бас 
тарту, рөлдерге 
қосылу белгісінің 
жоқтығы.
4. Орта 
балалық шақ 
(5 пен 11 жас 
аралығы)
Еңбекті сүю. Мойнына 
жүктелген парызды 
сезіну, табыстарға 
ұмтылу. Танымдық 
білім және 
коммуникативті 
әдеттердің дамуы. Өз 
алдына шынайы мақсат 
қойып, оған жетуге
Өзін-өзі кемсіту. 
Әлсіз дамыған еңбек 
ету
қимылдары.Күрделі 
тапсырманы 
орындаудан, 
басқалармен 
жарысудан бас тарту. 
«Дауыл алдындағы»


тырысу.Құралдық және 
заттық әрекеттерді 
белсенді
меңгеру,жетістіктерге
бағдарлану.
немесе жыныстық 
жетілу кезеңі 
алдындағы 
тыныштық сезімі. 
Біреуге
бағынушылық. Түрлі 
есептерді шешкенде 
жұмысты зая 
кететіндей сезіну.
5. Жыныстық 
жетілу, 
жеткіншек 
жасы және 
бозбалалық 
(11 мен 20 
жас аралығы)
Өз болашағын анықтау. 
Уақытша 
перспективаның- 
болашаққа жоспардың 
дауы. Қандай болу? Кім 
болу? Деген сұрақтарға 
жауап іздестіру.Білім 
алу, үйрену. 
Тұлғааралық тәртіп 
формаларындағы 
жыныстық
ерекшеліктер. Дүниеге 
көзқарастың 
қалыптасуы. Құрбылар 
арасында лидер болу, 
қажет болса оларға 
бағыну.
Рөлдердің шатасуы. 
Уақытша
перспективалардың 
ығысуы және 
араласуы: болашақ 
пен осы шақ туралы 
да ойлардың пайда 
болуы.Рухани 
күштерді өзін-өзі 
тануға жұмсау, 
сыртқы әлем, 
қоршаған
адамдармен қарым- 
қатынас орнатудың 
орнына өзін-өзі 
түсінуге тырысу. 
Еңбек белсенділігін 
жоғалту. Жыныстық 
айырмашылықты 
көрсететін рөлдердің 
ауысуы, лидер 
болуға ұмтылмау. 
Мораль мен дүниеге 
көзқарастың 
шатасуы.
6. Ерте ересек 
шақ (20 мен 
45 
жас 
аралығы)
Адамдарды 
жақын 
тарту, 
оларға 
көмектесуге 
тырысу. 
Бала 
сүйіп, 
оларды
Адамдардан 
оқшаулану, олардан 
қашу, әсіресе 
жақындардан,


тәрбиелеу, махаббат пен 
жұмыс. 
Жеке 
бас 
өміріне қанағаттану.
олармен жыныстық 
қатынасқа түсуден 
қашу. Мінездің ауыр 
болуы,адамдарды 
таңдамай араласу, 
болжамға келмейтін 
әрекеттер жасау. 
Мойындамау, 
оқшаулану, әлем 
қауіптерге толы-мыс 
деген ойлардың 
әсерінен психика 
ауытқуының, жан 
дүниесі күйзелуінің 
алғашқы белгілері.
7. 
Орта 
ересек 
шақ 
(40-45 
және 
60 
жас 
аралығы)
Шығармашылық. 
Өзімен-өзі және басқа 
адамдармен өнімді және 
шығармашылық 
жұмыстар жүргізу. 
Толық қанды, әр қилы 
өмір. Отбасылық 
қатынастарға 
қанағаттану, өз 
балалары үшін риза 
болу. Жаңа ұрпақты 
үйрету және тәрбиелеу.
Тоқтап қалу. Эгоизм 
және эгоцентризм. 
Жұмыстың 
өнімсіздігі. Ерте 
мүгедек болу. Үнемі 
өзіне кешірімді 
болып, тек өзіне ғана 
күтім жасау.
8.Кеш ересек 
шақ (60 
жастан 
жоғары)
Өмірдің 
түрлі 
оқиғаларға бай болуы. 
Үнемі өткенді ойлап, 
оған саналы баға беру. 
Өткен өмірді өз күйінде 
қабылдау, 
оның 
пайдасын 
түсіну. 
Тағдырдың жазғанына 
көну 
қабілеті. 
Өлім 
қорқынышты 
емес 
екендігін ұғыну.
Үміт үзу. Өмір босқа 
өткен деп, уақыт аз 
қалғандығын, ол өте 
тез өтуде деп ойлау. 
Өмір сүруді 
мағынасыз деп 
түсіну, өз күшіне, 
басқаға деген 
сенімнің
жоғалуы.Қайта өмір 
сүруді тілеу, бұрын


алғаннан да көбірек 
нәрсені қажет ету. 
Әлемде тәртіп 
жоқтығын, жаман, 
санасыз бастаманың 
көптігін сезіну. 
Жақындап келе 
жатқан өлімнен 
қорқу.____________
Адамның жас кезеңдерінің қазақша атаулары жайлы: 
адамның жас кезеңдерінің қазақша атауларының әлі де бір 
қалыпқа келмегенін осы тақырыпқа байланысты жазылған 
әдебиеттерді зерделегенде бірден байқауға болады.
Сөзіміз дәлелді болу үшін осыған орай жазылған бірнеше 
кітаптарды саралап көрелік:
1. М.М. Мұқанов «Жас және педагогикалық психология» 
Алматы 1982, 25-29 беттер
2. 
«Педагогикалық және жас ерекшелігі 
психологиясы» 
Редакциясын басқарған проф. 
А.В. 
Петровский. 
Екінші 
басылымнан 
қазақшаға 
аударылған 
Алматы 
1987. 
Аудармашылар: 
Қ.Қойбағаров, 
Д.Мадеев, 
Р.Шаймерденов. 
Кітап терминдерін ғылыми бір ізге келтірген кітапқа пікір 
жазған проф. Қ.Б. Жарықбаев.
3.Ж.Б. Қоянбаев. «Семья және балалар мен жеткіншіктер 
тәрбиесі» Алматы: Рауан 1990, 66-75 беттер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет