Пікір жазғандар: Тоқсанбаева Н.Қ. психология ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет4/31
Дата06.10.2023
өлшемі2,34 Mb.
#112962
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Даму психологиясы негіздері 2015 Kulimbaeva

этикалық нормаларды
сақтау керек. Олар:
1. Адамгершілік және педагогикалық оптимизм ұстанымы 
“Зиян тигізбе” принципін сақтау міндеті;
2. Объективті және ғылымилық ұстанымы, бала дамуының 
заңдылықтарын 
түсінуге 
әкеледі. 
Сыналушының 
зерттелуге ерік білдіруі;
3. Кешенділік, жүйелілік ұстанымы даму үстіндегі тұлғаны 
жан-жақты ұзартылған зерттеу арқылы жүзеге асырды. 
Зерттеудің жасырын сипаты, яғни ешкім зерттелу 
мәліметтерін білмеуі тиіс;
4. Детерминизм ұстанымы - баланың оның 
дамуының 
келесі 
кезеңдеріндегі 
тәрбиесі 
мен 
өмір 
жағдайларындағы 
мінез- құлықтарының себептерін 
іздеуге бағыттайды. Бала дамуының ерекше психикалық 
детерминанттары: 
жеке 
тұлғаның 
қалыптасуы 
үрдісіндегі мінез-құлқы мен оқытушының ерекше рөлі, 
баланың бас миының қалыптасу деңгейі, оның жалпы 
жүйке жүйесі, бұрынғы психологиялық дамуының келесі 
дамуға әсер етуі болып есептеледі. Нәтижелер туралы 
сыналушылардың білуі;
5. Әрекеттегі сананың, психика дамуының ұстанымы- 
баланың әрекетін зерттеуді психика дамуының шарты 
және оны зерттеу жолдарының бірі ретінде көрінеді. 
Зерттеуге қатысушыларға қандай бір жеңілдіктер болуы


тиіс, яғни зерттеуге қатысқан уақыттың орнына олар 
қызықты, ақпараттық шараларға қатысуларына болады.
6. Сана бірлігі мен әрекет ұстанымы олардың ара қатынасы 
мен бір- біріне әсерін білдіреді. (Рубинштейн), сананы 
әрекет арқылы зерттеу. Баланың психикалық дамуының, 
оның жетекші әрекетпен байланысы есептеледі, баланың 
жетекші әрекеттегі мінез-құлқы мен әрекеті саналады 
және талданады. Психикалық құбылыстар 3 координат 
жүйесінде қарастырылады.
7. Индивидуалдылық және тұлғалық жағынан қарау 
ұстанымы, әр бала дамуындағы психиканың ортақ 
заңдары өзінше және қайталанбас түрде көрінеді. Мұны 
онымен жұмыс істегенде есепке алу қажет.
Даму психологиясында төмендегі әдістер сұрыптамасына 
сүйенеді (Б.Г.Ананьев бойынша).
1.¥йымдастырушылдық әдістер; а) көлденеңдік әдіс, бала 
қиындықтарының салыстырлуы (әртүрлі топтарды олардың 
жасы, әрекет түрі, ақау күрделігінің дәрежесі бойынша 
психикалық 
үрдістер 
ерекшелігі 
туралы 
шынайы 
статистикалық мәліметтерді алуға болады, бірақ өкінішке 
орай мәліметтер орташаланады және зерттелушілердің 
индивидуалдық 
ерекшеліктерін 
көрсете 
алмайды; 
б) 
лонгитюдтік (ұзақ уақыт бойы бір адамдарды көп рет 
зерттеу). Сонымен қатар зерттелушінің тұлғалық және 
психикалық 
даму 
үрдісінің 
сапалы 
ерекшеліктері 
қалыптастырылады, дамудың көзі және жетекші күші 
анықталады, бірақ қортындылар үмітті ақтамай барлық 
таңдауларға 
көшу 
мүмкіндігі 
немесе 
индивидуалдық 
айырмашылықтарының рөлі үмітті ақтамай жоғарылауы 
мүмкін; в) кешенді (бір объектті зерттеу үшін әртүрлі 
құралдар, ғылыми белгілер қолданылады). Бұл әдіс әртүрлі 
құбылыстар арасындағы тәуелдікпен байланысты орнатуға 
мүмкіндік береді.
2.Эмпирикалық әдістер (бақылау және өзін- өзі бақылау, 
эксперимент), 
психодиагностикалық 
әдістер 
(тесттер, 
сауалнамалар, 
анкеталар, 
әңгімелесу, 
әрекеттерінің 
нәтижесін талдау, биографиялық әдістер).


3.Сандық (статистикалық және сапалық «топ бойынша 
материалдарды дифференциалдау кіретін) мәліметтерді 
өңдеу әдісі, оны талдау.
4.Интерпретациялық әдістер: генетикалық (фаза деңгейлері, 
сыни 
сәттерді 
ерекшелеу 
арқылы 
даму 
бойынша 
материалдардың талдауы, яғни даму деңгейлері арасындағы 
тігінен 
байланыс 
орнату, 
құрылымдық 
(тұлғааралық 
мінездемелер арасындағы құрылымдық байланыс орнату 
яғни көлденең құрылымдық) байланыстар анықталады. 
*Бақылау
*Эксперимент
Б ақы лау - зерттеудің негізгі әдісі; әдейі ұзақ уақыт 
қабылдауды көздейді; мақсаты қандай да бір өзгерістерді 
бақылау болып табылады (Венгер Л.А., Мухина В.С.). 
Бақылау күнделікті өмір барысында мақсатқа бағытталған 
психологиялық фактілерді есептеуді жобалайды. Балаларды 
зерттеу үшін әдісті қолдануға дайындалу мақсатының 
тұжырымдамасы, жоспар құру, объект ерекшелігін, уақытты 
және өлшемдердің таңдауын жобалайды.
Өзіндік дәрежесі бойынша бақылау өзінділік және өзінділік емес 
болуы мүмкін. Өзінділік бақылауды зерттеушінің өзі жүргізеді, 
бақыланатын үрдістер мен құбылысты тікелей бақылау арқылы, 
тікелей 
емес 
бақылау 
қорытындыларының 
нәтижесін 
пайдаланады. Өзіндік емес әдісте басқа адамдар дайындаған, 
мысалы, жетекшілер мен мұғалімдердің сөздері, аудиотаспа, 
кино және видеотаспа болуы мүмкін.
Ашықтық деңгейі бойынша, бақылау ашық (айқын және 
жасырын болып бөлінеді). Ашық бақылау бөтен адамдардың 
саналы түрде болу фактілері, шарттарында жүреді. Сондай-ақ 
бақыланып жүрген адамдардың (мектепке дейінгі оқушылар, 
педагогтар) мінез-құлқы өзгереді және маңыздысы бақылаудың 
мақсаты тікелей айтылмауы тиіс. Жасырын бақылау - бұл 
шыны әйнек немесе Геззелл айнасы арқылы бақылау, олар 
жарықты бір бағытта ғана өткізеді және бақыланушылар бұл 
жайында білмейді, сондықтан мінез-құлқының табиғи түрлерін 
көрсетеді. Осындай бақылау барысында жасырын камералар да 
қолданылуы мүмкін.


Қосылу дәрежесі бойынша, бақылау қосылу (қатысты) және 
қосылмаған (қатысты емес) болады. Қосылған бақылау белгілі 
бір әлеуметтік жағдайда орындалады және жаңалықтар «іштей» 
талданады. Зерттеуші зерттелетін топ мүшесі ретінде көрінеді. 
Қосылмаған бақылау зерттеушімен басқа жақта жүргізіледі. 
Қосылмаған бақылау (біркелкі) белгілі бір кезеңде жүйелі түрде 
жүргізіледі, 
балалардың 
психикалық 
әрекетінің 
көрінісі 
есептеледі. 
Қорытындысы 
педагогтар 
мен ата-аналардың 
күнделіктерінде жазылады. Жүйелік емес бақылауды басқаша 
таңдаулы деп атайды, өйткені қандай да бір процесс негізінде 
психикалық құбылыс бақыланады, мысалы балалардың сөзі, 
оның сабақтағы тәртібі, т.б.
Жүргізілу уақыты бойынша бақылау ұзақ мерзімді және қысқа 
мерзімді болып бөлінеді. Ұзақ мерзімді бақылау бірнеше 
жылдар бойы балалардың психикасының дамуын зерттеуде 
орын алады. Қысқа мерзімді бақылау аз уақыт аралығында 
балалардың әрекеттерін бақылау, бір сағатта бір оқиға барысы, 
т.б. Объектіге қатысы бойынша бақылау ішкі және сыртқы 
болып бөлінеді. Сыртқы бақылау - басқа адам туралы 
мәліметтер 
жинау, 
оны 
сыртынан 
бақылау 
арқылы 
психологиясын және тәртібін бақылау. Ішкі бақылау (өзін өзі 
бақылау) - бақылаушының өзін-өзі зерттеуі, өзінің құбылыс 
кезіндегі уайымдарын сезінуі.
Бақылауды хаттамалау болашақ талдаудың бастапқы сәттеріне 
оралуға мүмкіндік береді. Хаттамалауға бірнеше талаптар 
қойылады:
Хаттаманы 
жүргізу 
түрі 
тапсырмамен, 
пәнмен, 
зерттеу 
жиілігімен 
зерттелетін 
деректерді 
тіркеу 
үшін 
шартты 
белгілермен жасалған жүйелерінің, техника құралдарының, 
белгілі 
бір 
деректердің 
барлығының 
қайталануымен 
анықталады.
Объективті талдау жүргізу үшін жазбалар өте нақты болуы тиіс. 
Маңызды мәліметтерді жіберіп алмау үшін жазбаларды бақылау 
кезінде немесе одан кейін жасау керек. Жазбалар қаралып, 
түзетілуі тиіс, қажет болса толықтырылуы керек. Әрбір әрекет 
пен сөз шектеусіз қабылдануы керек, басқа әрекеттермен, 
сөздермен, құбылыстармен байланысты тез жазбалар тезірек 
өңделуі тиіс, ол бақылаудың өзіне қарағанда көбірек уақытты


талап етеді. Бақылау қорытындыларының жазбалары біркелкі 
(тұлғаны 
толық 
зерттеуде) 
және 
таңдамалы 
(жекелеген 
психикалық әрекеттердің көріністерін бекіту) болады. Бақылау 
үрдісінде объективті мәліметтерді алу үшін дыбыстық жазбаны, 
фото және кинотаспаны қолданады.
Эксперимент - зерттеудің негізгі бір әдісі, балалардың 
психикалық ерекшеліктерін зерттейді. Және, арнайы шартта 
құрылған 
деректерді 
жинау, 
зерттелетін 
психикалық 
құбылыстардың 
белсенді 
көріністерін 
қамтамасыз 
етеді. 
Эксперимент мақсатты құру мен объектіні таңдауды қажет 
етеді. Әдістемені жүргізу, өңдеу, сәйкес шарттарды құру. Нақты 
нұсқау құрылуы тиіс. Зерттеу объектісімен сенімді қарым- 
қатынас орнатылуы тиіс. Әдіс қорытындыларды бекітуді 
қамтамасыз етеді. Белгілі бір жұмыстардың қарқыны мен 
уақытын зерттелушілер жақтан сәттіліктер мен сәтсіздіктерге 
ұстамды реакцияларды талап етеді. Экспериментте зерттеушінің 
белсенді ұстанымы болуы тән, ол зерттеушінің психикалық 
құбылыстарды, болжамды тексеру үшін қанша уақыт қажет 
болса, сонша қажеттілігінің мүмкіндігінде және зерттелетін 
қасиеті жақсырақ көрінетін, оны нақты жеңілірек бағалауға 
болатындай 
жасанды 
жағдай 
туғызуында 
көрінеді. 
Эксперименталдық зерттеулерде ауыспалылардың екі түрі 
қамтылады: тәуелсіз экспериментатор арқылы жүргізілетін 
жағдай), тәуелді экспериментатордың әсерімен өзгертілетін 
жағдай). Экспериментте тек қана тәуелсіз ауыспалы ғана 
өзгертілуі 
тиіс. 
Эксперименттік 
зерттеулерде 
барлық 
зерттелушілер жасы, оқу әрекеті, танымдық белсенділігі, 
денсаулығы, т.б. жағынан тең болуы тиіс. Болжамдардың 
растығына тәжірибелердің бірнеше рет қайталануы немесе 
зерттелушілердің кейінгі 
математикалық өңдеулері санының 
артуы 
арқылы 
қол 
жеткізуге 
болады. 
Тәжірибелердің 
қорытындылары зерттелушілердің аты жөні, жасы, жынысы, 
денсаулық жағдайы, психикалық күйі, зерттеудің күні, уақыты, 
міндеті, қателер саны, олардың сипаты, шешімнің тәсілі және 
оның түсініктемесі көрсетілетін хаттамада көрінеді. Хаттамада 
қосымшалар мен қосымша ескертпелер болады. Эксперимент 
лабораториялық және табиғи жағдай барысында жүргізіледі. 
Лабораториялық эксперимент аспаптардың көмегімен және


оларсыз 
да 
жүргізіледі. 
Лабораториялық 
эксперимент 
барысында 
зерттелушінің 
әрекеті 
мен 
мінез-құлқының 
ерекшеліктері қылықтары, әрекеттері,олардың компоненттері), 
реакциялары (қызығушы, вегетативті) мидың, бұлшықеттер 
терісінің, 
жүрегінің 
электрлік 
белсенділігі 
тіркеледі. 
Лабораториялық 
эксперимент 
экспериментаторға 
барлық 
зерттелушілердің 
тәжірибеге 
қатысу 
шарттары 
мен 
түрткілерінің 
теңдігі, 
нақты, 
бір 
мәнді 
нұсқаулардың 
зерттелушіге 
түсініктілігі, 
субъективтік 
факторлардың 
қаталдығы: эмоциялардың күйі, жолығу деңгейі, репликаларды 
бекіту 
және 
зерттелушілер 
санасының 
жеткілікті 
және 
тәжірибелер саналарының жауапты қарым-қатынасын талап 
етеді. 
Лабораториялық 
эксперименттің 
күмәнсіз 
артықшылықтарына қажетті психикалық үрдісті тудыратын 
жағдайларды 
қалыптастыру 
мүмкіндігін, 
сондай-ақ 
тітіркендіргіштерді қатаң өлшеу есебінің алдын ала алынған 
реакцияларының, ұқсас тәжірибелердің қайталануы немесе 
алынған көрсеткіштердің міндетті математикалық өңдеуін 
жүргізу және серияларын жатқызуға болады. Лабораториялық 
эксперименттің негізгі кемшілігі зерттелуші өзіне эксперимент 
жүргізіліп жатқанын біледі, ол көп жағдайда зерттелініп жатқан 
психикалық процедуралардың кейбір бұрмалаушылықтарына 
әкеп соғады.
Табиғи эксперимент табиғи жағдайда зерттелетін психикалық 
құбылыстарды 
анықтауға 
немесе 
әрекеттің 
табиғи 
міндеттерімен жүргізіледі және 
өмірге 
барынша жақын 
эксперименталдық жағдай шартында анықтауға рұқсат береді. 
Зерттеуші табиғи эксперимент барысында зерттелушілердің 
әрекет 
жағдайларын 
өзгертеді. 
Жиналған 
мәліметтер 
математикалық 
түрде 
өңделеді, 
объективті 
алынған 
қорытындылардың сенімділігі артады. Лабораториялық және 
табиғи эксперименттер (констатирующий) - берілген уақыттағы 
психикалық даму мен сәйкес сапаларының қалыптасқан 
деңгейінің 
ерекшеліктерін 
анықтау 
және 
қалыптастыру 
эксперименті - тұлғаның қандай да бір білімдерді үйрену, 
біліктерді, 
дағдыларды 
үйрену 
арқылы 
психикалық 
құбылыстарды тікелей белгілі бір сапаларының белсенді 
қалыптасу үрдісін зерттеу (үйретуші эксперимент) және


тұлғалардың қандай да бір қасиеттерін тәрбиелеу (тәрбиелеуші 
эксперимент) деп бөлінеді. Қалыптастырушы эксперимент 
негізінде зерттеу объектісі - бала тұлғасының қалыптасу 
барысын ұйғарады; алдын ала жоспарланған және жаңа 
құралдар мен тәсілдердің жасалған жағдайларына кіріспе, олар 
баланы 
әрекетке 
ендіруге 
көмектеседі 
(танымдық, 
коммуникативті); оқыту, тренингтік Бағдарламаларды құру 
және олардың зерттеушінің болжамдарын тексеру үшін 
апробациясы, қандай да бір психикалық құбылыстардың 
кешенді 
зерттеу 
шеңберінде 
философтардың 
әлеуметтік 
зерттеушілердің тәртіп аралық серіктестігі. Қалыптастырушы 
эксперимент зерттеушіден тиянақты жоспарды ғана емес, 
сонымен 
бірге 
тәуелсіз 
ауыспалылардың 
теориялық 
платформасын 
зерттеуді 
таңдауы 
және 
зерттелетін 
құбылыстардың пайда болуына әсер ететін оқыту немесе 
тәрбиелеудің шынайы факторларын толық есепке алуды талап 
етеді.
Әңгіме психологиялық зерттеу әдісі ретінде жеке 
қолданылады немесе бақылау мен эксперимент екеуімен бірге 
жүргізіледі. Ол зерттеушіні қызықтыратын бақыланушымен 
шынайы екі жақты қарым-қатынаста алынған эмпирикалық 
мәліметтердің 
негізінде 
байланыстарды 
анықтауды 
қарастырады. 
(Ж.Пиаженің 
«Клиникалық 
әңгімелесуі»,
З.Фрейдтің «Психоаналитикалық әңгімесі»)
Әңгімелесу әдісінің артықшылықтары: біріншіден, бір бала 
туралы, сондай ақ топтағы балалар туралы тез арада жеткілікті 
түрде көп материал жинап алу мүмкіндігі; екіншіден, бір 
уақытта зерттелушілердің психикалық әрекеттерінің бірнеше 
жақтарын зерттеу; үіншіден, әртүрлі материалдарды қолдану 
арқылы жағдайларды түрлендіру. Ол балалардың психикалық 
ерекшеліктерін тереңірек түсінуге көмектеседі. Төртіншіден, 
жас ерекшеліктердің өзгерісін анықтау мақсатында қайтадан 
қолдану мүмкіндігі.
Тікелей сұрақтардың үлгісі ретінде мынадай сұрақтар болуы 
тиіс: «Саған өздеріңнің сыныбың, сенің мұғалімдерің ұнай ма?» 
Жанама сұрақтар: «Саған өзіңнің сыныптастарыңмен жиі 
араласқан ұнай ма?», «Сенің сыныптастарыңа өздеріңнің


сыныптарың ұнай ма?». Жобалық сұрақтар: «Сенің ойыңша, 
сенің құрдасың бұл жағдайда не істер еді?».
Әңгімелесу 
әдісінің 
кемшіліктері: 
Әңгімелесу 
әдісіндегі 
жасерекшелік шектеулер баланың үнемі өзінің уайымдарына
сезімдеріне есеп бере алмауы, өздерінің қалауларын және іс- 
әрекеттерін түсіндіре алмауды, өйткені шартты түрде әрекетке 
қабілеті жоқ және сөйлеу деңгейінің төмендігімен түсіндіріледі. 
Субъективизмнің 
көрінуі, 
өйткені 
материалды 
таңдау, 
сұрақтарды құрастыру, баламен қарым қатынас орнату, 
жауаптарды бекіту және интерпретациясы зерттеушінің сөйлеу 
дағдысының кәсібилігіне байланысты. Осылайша, зерттеушімен 
жеткіліксіз 
психологиялық 
қарым 
қатынас 
жасағанда 
бақылануында 
«абыройын жоғалту», 
күдіктілік, 
әңгімеде 
стереотипті жауап беру және сұрақтарға жауап беруден бас 
тартудан көрінетін қорқыныш сезімі пайда болуы мүмкін. 
Керісінше, 
зерттелушіге 
жақсы 
көзқараспен 
қараса, 
бақыланушы да оған жағу үшін саналы емес ұмтылыс пайда 
болуы мүмкін, оның күткен жауабымен оны «қуанту». 
Зерттеушінің 
бақыланушымен 
тікелей 
қарым 
қатынас 
барысында тұлғалық қарым- қатынаста абстракцияландыру 
қиынға соғады, осыған сай қажетсіз салдарына әкеп соғуы 
мүмкін.
Әңгімелесудегі жетістікке жету зерттеушілердің мамандығына, 
бақыланушымен қарым-қатынас орната білуге, оған өздерінің 
ойларын кеңінен еркін білдіре алу мүмкіндігін беру және 
тұлғаның 
қарым-қатынасты 
әңгімелесу 
мазмұнынан 
бөлектендіре алуына байланысты.
Интервью әдісін іштей әңгімелесу деп айтуға болады. Ал 
анкета 
әдісін 
сырттай 
әңгімелесуге 
жатқызуға 
болады. 
Интервью - бұл мақсатқа бағытталған сауалнама, онда 
зерттеуші өзінің зерттеуші екенін естен шығармауы тиіс және 
өзіне керекті бағытта әңгімелесу жоспарын жіберіп алуға 
құқығы жоқ. Интервью жүргізген адам бейтарап ұстанымды 
ұстануы керек. Анкета жүргізудің негізгі құрамы сұрақтарды- 
жауаптарды зерттеуден тұрады. Анкетаның басында қарапайым 
бейтарап мәндес сұрақтар ұсынылады, олардың мақсаты -
серіктестікке 
қалыптастыруды 
орнату, 
сұралушының 
қызығушылығы, анкета ортасында - есте сақтаудың талдануы,


ойлау белсенділігін талап ететін сұрақтар; Анкетаның соңында -
сұралушының жеке басын куәлендіретін мәліметтерге арналған 
сұрақтар (жынысы, жасы). Анкета сұралушының психологиясы 
мен жалпы 
мәдениетінің деңгейін есепке 
алуы 
қажет; 
материалдардың 
ұйымдастырылуы 
және 
сұрақтардың 
орналасуы алынған мәліметті өңдеу әдісінің жалғасы. Анкета 
сұрақтары, 
нақты 
тұжырымдамасы, 
зерттеу 
болжамы 
негізделеді. Сұрақтардың зерттеушілік міндетке жауап беруі 
тиіс, оның және нақты қалыптастырылуы тиіс, ол жас 
ерекшелігіне сай болуы тиіс. Сұралушының терминологиясы 
мен сөздік қорын есепке алу; Барлық жауап берушілерге бірдей 
қалыптасуы және түсінік болмауы тиіс, сұралушылар тұлғасына 
қарасты әдепті болуы керек, стилистикалық жағынан сауатты 
болу, нақты жауапты талап ететін ойлар көп мөлшерде болуы 
тиіс, басқа бастамалардан алуға болатын ақпараттардың екі 
түрлі талқыламасы болмауы керек; теңгерілмейтін құндылықтар 
арасында таңдау жасауды ұсыну, әлеуметтік жағдаймен 
анықталуы тиіс, айтып жіберу түріндегі сендіру сипаты болу 
керек және сұралушыға жауапсыз болуы тиіс.
Сұрақтар мазмұны жағынан: сана ақиқаты туралы; мінез құлық 
ақиқаты туралы; тұлға туралы қызметі жағынан сұрақтарды 
негізгілерге бөлуге болады, олар зерттелетін құбылыстардың 
мәні туралы ақпарат жинауды ұйғарады.
Тестер 
даму 
психологиясында 
кеңінен 
қолданылады, 
эксперименттік сынақтар, кейбір психикалық функциялардың 
даму деңгейін анықтау үшін қолданылады және баланың 
тұлғалық сипаттамасы мен индивидке қажетті білімдер, 
біліктер, 
қабілеттердің 
өзекті 
даму 
деңгейін 
белгілі 
мүмкіндікпен анықтауға рұхсат береді. Ең алғаш бұл терминді 
ағылшын психологы Ф.Гальтон енгізді, кейін Д. Кеттелдің 
зерттеулерінде таралды.
Зерттеудің негізгі әдістерінің ар ты қ ш ы л ы қ тар ы мен
кемш іліктері
Зерттеу әдістері
Б ақы лау
Эксперимент
А р ты қш ы л ы қтар ы
*Бала өзін табиғи түрде 
ұстайды, психо-көріністері 
бұрмаланбайды.
*Қолдану жаспен
* Зерттелетін пси 
факторларды жүр 
заңдылықтары ме 
анақтауға мүмкін


Кемш іліктері
шектелмейді.
*Бақылау құралдары 
тиімділігімен және 
арзандылығымен 
ерекшеленеді.
*жиналатын 
мәліметтер 
әр 
түрлі.
*Экспериментті қ 
арқасында алғашқ 
және нақтылап ай 
*Ү лкен деректер 
мүмкіндік береді 
*Өте объективті : 
әдістемесінде мәл 
бекітулерінің нақ 
*Зерттелетін құбі 
жағдайларынан а 
*Деректердің тал 
көрсеткіштер арқ 
сапалы өңдеуге ұ
*Бақыланатын факторлар 
көптеген жолшыбай 
құбылыстармен қосылуы 
мүмкін (ортақ болуы). 
*Зерттелетін құбылыс 
зерттеушінің мәжбүрлі күткен 
позициясынан көрінбеуі 
мүмкін.
*Объективтіліктің 
бұзылуы 
мүмкін,балаға оған тән емес 
ойлар мен сезімдерді қосып 
жазу,бақылаушының 
субъективизмі. 
*Қорытындыларды бекітудің 
қиындығы, күрделілігі._______
*Балалардың пси 
табиғилықтың жо 
*Баланың 
псих 
көзқарас қалыпта 
*Басқа әдістерге 
және мұқият дайы
Психологиялық зерттеуді ұйымдастыру әртүрлі болуы 
мүмкін. Көбінесе 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет