Пікір жазғандар: Тоқсанбаева Н.Қ. психология ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет6/31
Дата06.10.2023
өлшемі2,34 Mb.
#112962
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Даму психологиясы негіздері 2015 Kulimbaeva

санасыздық
пен 
жыныстық бастаманың
ашылуы негіз болып табылады. 
Санасыздыққа ғалым пациенттердің өздерінің айтқандары мен 
істегендерінің шынайы мәнін түсіне алмауын жатқызады.
З.Фрейд бойынша, бала күйзелістерінің жыныстық табиғаты 
бар. Бұл әкесіне немесе анасына деген махаббат, жек көру 
сезімі, ағасына немесе қарындасына деген қызғаныш және т.с.с.
З.Фрейд тұлға моделінде үш негізгі компонентті бөліп 
көрсетеді: «Ол», «Мен» және «Жоғары- Мен», «Ол» - 
инстинктерді тасымалдаушы, «елігудің қайнап жатқан қазаны». 
Иррационалды 
және 
санасыз 
болған 
«Ол» 
қанағаттану 
принципіне бағынады. «Мен» шынайылық принципін ұстанады 
және сыртқы әлемнің ерекшеліктерін, оның қасиеттері мен 
қатынастарын ескереді. «Жоғары-Мен» - бұл сыншы, цензор 
және моральдық нормаларды тасымалдаушы. «Менге» «Ол», 
«Жоғары-Мен» және шынайылық тарапынан болатын талаптар 
сәйкес емес, сол себепті ішкі конфликт туындайды, оны 
ығыстыру, проекция, регрессия, сублимация сияқты «қорғаныс 
механизмдерінің» көмегімен шешуге болады.
З.Фрейдтің түсінігінде тұлға - бұл итермелеуші және 
тежеуші күштердің өзара әрекеттесуі. Адамның психикалық 
дамуының барлық сатылары оның пікірінше, жыныстық 
дамумен байланысты. Осы сатыларды қарастырайық.
О ральды кезең (туғаннан 1 жасқа дейін). З.Фрейд бұл 
сатыда қанағаттанудың негізгі көзі тамақтанумен байланысты 
белсенділік аймағына шоғырланады деп санады. Оральды саты 
екі фазадан тұрады - өмірдің бірінші және екінші жарты 
жылдығында орын алатын ерте және кеш фазалар. Ерте фазада 
ему, 
сору әрекеті, кеш фазада тістеу әрекеті болады. 
Қанағаттанбау 
көзі 
анасының 
баланың 
тілегін 
бірден


қанағаттандырудың мүмкін еместігімен байланысты. Бұл сатыда 
«Мен» бірте-бірте «Олдан» ажырайды. Эрогенді аймақ ауыз 
болып табылады.
А нальды кезең (1-3жас). Ол екі фазадан тұрады. 
Либидо бала зейінінің объектісі болып табылатын анустың 
айналасына 
шоғырланады. 
Баланың 
«Мені» 
рахаттануға 
ұмтылыс пен шынайылық арасында келісім таба отырып
конфликтілерді 
шешуді 
үйренеді. 
Бұл 
сатыда 
«Мен» 
инстанциясы толығымен қалыптасады және ол «Олдың» 
импульстарын қадағалай алады. Әлеуметтік мәжбүрлеу, ата- 
аналардың жазалаулары мен олардың махаббатын жоғалтып алу 
қорқынышы 
баланың 
ойында 
тыйымдарды 
ұстауына 
мәжбүрлейді. «Жоғары-Мен» қалыптаса бастады.
Ф аллистік кезең (3-5 жас). Бұл бала сексуалдығының ең 
жоғары сатысы, басты эрогенді аймақ - жыныс мүшелері. 
Қарама-қарсы жынысты ата-ана бала үшін махаббат объектісі 
ретінде оның назарын аударады. З.Фрейд мұндай жақындықты 
ұлдарда «Эдип кешені», ал қыздарда «Электра кешені» деп 
аталады. З.Фрейдтің пікірінше, Эдип патша туралы грек 
аңызында өз ұлы әкесін өлтіріп, артынан өз анасына үйленуінің 
негізінде жыныстық комплекс жатыр: 
бала өз анасына 
махаббатты сезініп, әкесін жек көру мен қорқыныш туғызатын 
бақталас ретінде қабылдайды. 
Бұл сатының соңында «эдип 
кешенінен» арылу жүреді, бала анасына деген елігуден бас 
тартуға және өзін әкесімен теңестіруге мәжбүр. Осыдан кейін 
«Жоғары-Мен» 
инстанциясы 
толығымен
дифференциацияланады.
Л атенттік 
кезең 
(5-12 
жас). 
Жыныстық 
қызығушылықтың төмендеуі байқалады, «Мен» инстанциясы 
«Олдың» 
қажеттіліктерін 
толығымен 
қанағаттандырады. 
Либидо (елігу) энергиясы құрдастарымен және ересектермен 
достық қатынас орнатуға, жалпы адамзаттық тәжірибені 
меңгеруге ауысады.
Генитальды кезең (12-18). З.Фрейд жеткіншек бір 
мақсатқа - қалыпты жыныстық қарым-қатынасқа ұмтылады; бұл 
кезеңде барлық эрогенді аймақтар бірігеді деп санады. Егер 
қалыпты жыныстық қарым-қатынасты жүзеге асыру қиындық 
туғызса, онда алдыңғы сатылардың біреуіне қатысты фиксация


немесе регресс феномендерін байқауға болады. Бұл сатыда 
«Мен» инстанциясы қайтадан бас көтерген «Олдың» агрессивті 
импульстеріне қарсы күресуі қажет.
Қалыпты даму сублимация механизмінің көмегімен 
жүреді. Басқа механизмдер ауытқу сипаттарын туғызады.
З. 
Фрейдтің даму тұжырымдамасы - бұл адам дамуында 
басты рөлді оны қоршаған заттар емес, басқа адам атқарады 
дейтін динамикалық тұжырымдама. Оның ең басты құндылығы 
да осында.
Көрнекті ресей психологы Л.С.Выготский (1896-1934) 
бұл 
тұжырымдаманың 
құндылығы, 
бірқатар 
психикалық 
құбылыстар (мысалы, невроздар) мен жасырын сексуалды 
фактілерді бейсаналық арқылы анықтауға болатындығында деп 
санады, ал психологияның әр түрлі тармақтарына еніп кеткен 
сексуалдықты метафизикалық принципке айналдыруды сынға 
алды.
Психоанализбен сондай-ақ, К. Юнг, А. Адлер, К. Хорни 
сияқты 
ғалымдар 
айналысты. 
С.Д. 
Смирнов 
шетел 
тұжырымдамаларындағы тұлға дамуының қозғаушы күштері 
мен шарттарына талдау жасады. Нәтижесінде төмендегідей 
мәліметтер алынды:
• З. Фрейд бойынша, индивидуалды және тұлғалық 
дамудың негізі туа біткен елігулер мен инстинктер болып 
табылады, бұл жерде психикалық энергияның бірден-бір көзі 
ретінде биологиялық елігу (либидо) танылады;
• К.Юнг бойынша, даму - қауымдастықтан жіктелу 
ретіндегі 
индивидуализация. 
Инивидуализацияның 
соңғы 
мақсаты - «өзіндіктің», тұтастықтың жоғары нүктесіне және 
барлық психикалық құрылымдардың толықтай бірлігіне қол 
жеткізу;
• А.Адлер бойынша, адамға туғанынан «қауымдастық 
сезімі» немесе «қоғамдық сезім» тән, ол оны қоғамға енуге, 
әдетте, өмірдің алғашқы жылдарында пайда болатын өзіндік 
толымсыздық сезімін жеңуге және әр түрлі компенсациялардың 
есебінен артықшылыққа қол жеткізуге итермелейді;
• К.Хорни бойынша, тұлға дамуы үшін энергияның 
негізгі көзі болып мазасыздану, ыңғайсыздық сезімі, «түбегейлі


мазасыздық» және соның салдарынан қауіпсіздікке деген 
ұмтылыс болып табылады.
З. 
Фрейдтің қызы А.Фрейд (1895-1982) психоанализдің 
классикалық теориясы мен практикасын жалғастырып, ары 
қарай дамытты. Тұлғаның инстинктивті бөліктерінің ішінен ол 
сексуалдық пен агрессивтілікті бөліп көрсетті. Ол да бала 
дамуының әрбір фазасы ішкі инстинктивті елігулер мен 
әлеуметтік орта шектеулерінің арасындағы конфликтіні шешу 
нәтижесі деп санады. Бала дамуы оның пікірінше - бұл 
қанағаттану принципінен шынайылық принципіне өту заңына 
бағынатын баланың бірте-бірте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет