әлеуметтену процесі.
Бір
принциптен екіншісіне өту «Меннің» әр түрлі функциялары
дамудың белгілі бір сатыларына қол жеткізгенде ғана мүмкін
болады. Бұған мысал: есі дамыған бала тәжірибе мен болжау
негізінде әрекет ете алады, сөйлеуді меңгеру оны қоғам мүшесі
етеді, логика себеп пен салдарды түсінуге мүмкіндік береді, сол
себепті әлемге бейімделу саналанған және адекватты болады.
Шынайылық принципі мен ойлау процестерінің қалыптасуы
әлеуметтенудің жаңа механизмдерінің пайда болуына жол
ашады:
имитация
(еліктеу),
идентификация
(рөлдерді
қабылдау), интроекция (басқа адамның сезімдерін өзіне
қабылдау). Бұл механизмдер «Жоғары-Меннің» қалыптасуына
мүмкіндік береді. Бұл инстанцияның пайда болуы бала үшін
оның әлеуметтенуінде шешуші прогресс болып табылады.
Сонымен қатар бала дамуына анасының индивидуалды
құмарлығы мен антипатиясы да ықпал ететіндігі дәлелденген.
А. Фрейдтің пікірінше, үйлесімсіз тұлғалық даму келесі
принциптерге негізделеді: даму сызығы бойынша біркелкі емес
прогресс,
біркелкі
емес
созылатын
регрессиялар,
ішкі
инстанцияларды
бір-бірінен
ажырату
ерекшеліктері
мен
олардың арасында байланыс орнату, т.б. «Бұл жағдайларда
адамдар
арасындағы
индивидуалды
айырмашылықтардың
соншалықты үлкен екендігі таңданыс туғызбайды, дамудың
тура сызығынан ауытқу әртүрлі және қатаң норманы анықтау
қанағаттанарлық емес. Прогресс пен регрестің үнемі бір-біріне
өзара ықпалы қалыпты даму шеңберінде сансыз түрлендірулерге
(өзгерістерге) әкеледі».
Эрик Эриксонның тұлғаны ң эпигенетикалы қ теориясы
Американдық психоаналитик Э.Эриксонның (1904-1994)
тұлға теориясының пайда болуына психоанализге арналған
еңбектер себепші болды.
Э.Эриксон
З.Фрейдтің тұлға
құрылымын қабылдап, «Мен» мен қоғамның қатынастары
жайлы
психоаналитикалық
тұжырымдаманы
жасады.
Ол
адамзат «Менінің» негізі қоғамның әлеуметтік ұйымында жатыр
деп, тұлға дамуындағы «Меннің» рөліне ерекше көңіл аударды.
Соғыстан кейін Америкадағы адамдардың басынан өткерген
тұлғалық
өзгерістерді
бақылай
отырып
ол
осындай
қорытындыға келді. Адамдар анағұрлым мазасыз, қатыгез,
апатияға ұшыраған, абдырап-абыржаған болды. Саналанбаған
мотивация
идеясын
қабылдай
отырып,
Э.Эриксон
өз
зерттеулерінде әлеуметтену процестеріне ерекше көңіл бөлді.
Э.Эриксонның еңбегі психиканы зерттеудің жаңа -
психотарихи әдісінің бастамасы болуымен танымал. Бұл әдіс
психоанализді тұлғаның дамуына ол өмір сүрген тарихи кезеңді
есепке ала отырып қолдану болып табылады. Бұл әдістің
көмегімен Э.Эриксон Мартин Лютердің, Махатма Гандидың,
Бернард Шоудың, Томас Джефферсонның және басқа да атақты
адамдардың өмірбаянын, сондай-ақ, қазіргі адамдардың да -
ересектер мен балалардың өмір тарихын тлдады. Психотарихи
әдіс индивид психологиясына да, адам өмір сүріп отырған қоғам
сипатына да бірдей көңіл бөлуді талап етеді. Э.Эриксонның
негізгі міндеті нақты мәдени ортаны ескере отырып, тұлға
дамуының жаңа психотарихи теориясын жасау болды.
Екі
үнді
тайпасының
бала
тәрбиелеулеріне
этнографиялық зерттеу жүргізе отырып және оларды АҚШ-ң
қалалық отбасыларындағы бала тәрбиесімен салыстыра келе
Э.Эриксон әрбір мәдениетте аналық сезімнің өзіндік ерекше
стилі
бар
екендігін
анықтады.
Алайда,
Эриксонның
көрсетуінше, аналық стилі әрдайым болашақта баладан өз
әлеуметтік тобы - оның тайпасы, табы немесе кастасы - не
күтетіндігімен анықталады. Дамудың әрбір сатысына өзінің,
аталмыш қоғамқа тән, индивид ақтауы немесе ақтамауы мүмкін
күтулер сәйкес келеді, соған сәйкес ол қоғамға енеді немесе
алшақтатылады.
Эриксонның
бұл
ойлары
оның
тұжырымдамасының екі ең маңызды ұғымына - топтық
бірдейлік пен эго-бірдейлікке негіз болды.
|