бақылау мен
имитация
арқылы, яғни, өздері үшін маңызды адамдарға еліктей
отырып және
идентификация,
яғни, басқа беделді адамның
сезімдері мен әрекеттерін пайдалану арқылы жаңа мінез-
құлықты игереді деп жазды.
А. Бандура балалар мен жасөспірімдер агрессивтілігіне
зерттеу жүргізді. Балалардың бір тобына ересек адамның
әртүрлі салдарлары бар (мадақтау немесе жазалау) мінез-
құлықтарының түрлі үлгілері (агрессивті және агрессивті емес)
көрсетілетін фильмдер ұсынылды. Мысалы, фильмде ересек
адамның ойыншықтармен қалай агрессивті түрде қатынас
жасайтындықтары көрсетілді. Фильмді көрген соң балалар
оңаша қалып, ойыншықтармен фильмде көргендеріне ұқсас
ойнай бастады. Нәтижесінде фильмді көрген балалардың
агрессивті мінез-құлқы оны көрмеген балаларға қарағанда
басым болды. Егер фильмде агрессивті мінез-құлық мадақталса,
балалардың мінез-құлқындағы агрессивтілік те арта түсті. Ал
ересектердің агрессивті мінез-құлқы жазаланатын фильмді
көрген балалар тобында ол азайды.
А.Бандура «стимул-реакция» диадасын ұсынды және бұл
сызбаға еліктеу модельдерінің балалардың жаңа мінез-құлқын
қалыптастыруға қалай әсер ететіндігін түсіндіру үшін төрт
аралық процесті енгізді:
1) модель әсеріне зейін аудару;
2) модельдің әсерлерін есте сақтау;
3) көргендерді қайта жаңғыртуға мүмкіндік беретін қозғалыс
дағдылары;
4) баланың көргендерін қайта жаңғырту тілегін анықтайтын
мотивация.
Сонымен, А. Бандура еліктеу негізінде мінез-құлықты
қалыптастыру мен реттеудегі танымдық процестердің рөлін
мойындады.
Белгілі американдық психолог Р.Сирс (1908-1998)
тұлга
дамуын диадалық талдау принципін
ұсынды. Бұл принцип
былайша тұжырымдалады,
тұлғаның көптеген қасиеттері
бастапқыда «диадалық жағдаяттарда» қалыптасады, өйткені,
адамның әрекеттері басқа адамға тәуелді және оған бағытталған.
Диадалық қатынастарға ана мен баланың, мұғалім мен
оқушының, әке мен ұлының және т.с.с. қатынастарын жатқызуға
болады. Ғалым тұлғаның қатаң түрде белгіленген және
өзгермейтін ерекшеліктері жоқ, өйткені адам мінез-құлқы
әрдайым диаданың басқа мүшесінің тұлғалық қасиеттеріне
тәуелді болады деп ойлады. Р.Сирс бала дамуының үш фазасын
бөліп көрсетті:
1) рудиментті мінез-құлық фазасы - туа біткен қажеттіліктер
мен ерте балалық шақтағы үйренуге (өмірдің алғашқы
айларында) негізделеді;
2) алғашқы мотивациялық жүйелер фазасы - отбасы ішінде
үйрену (әлеуметтенудің негізгі фазасы);
3) екінші мотивациялық жүйелер фазасы - отбасынан тыс
үйрену (ерте балалық шақ шегінен шығады және баланың
мектепке келуімен байланысты).
Р.Сирс әлеуметтену үрдісіндегі басты нәрсе ата-аналардың
балаларын тәрбиелеуге ықпалы деп санады.
Р.Сирс үйренудің негізгі компоненті тәуелділік, яғни,
баланың елемеуге болмайтын қажеттілігін санады. Балада пайда
болатын алғашқы тәуелділік бұл, ерте балалық шақта шарықтау
шегіне жететін анаға тәуелділік екендігі белгілі. Р.Сирс тәуелді
мінез-құлықтың бес түрін бөліп көрсетті:
1. «Жағымсыз назарды іздеу» - бала ұрсысу, бағынбау,
қатынастарды үзу арқылы ересектердің зейінін аударуға
тырысады. Оның себебі балаға қатысты талаптардың жеңілдігі
мен жеткіліксіздігі болуы мүмкін.
2.
«Үнемі растауды іздеу» - бұл кешірім сұраулар, өтінулер,
артық уәделер немесе қорғаныс, жайлылылық, жұбаныш іздеу.
Себебі - балаға, әсіресе, оның жетістіктеріне қатысты ата-
анасының екеуінің тарапынан да талаптардың жоғары болуы.
3. «Жағымды назар іздеу» - мақтау күтуден, топқа кіру
немесе одан шығу тілегінен көрінеді.
4. «Жақын жерде болу» - үнемі басқа баланың немесе
балалар тобының, ересектердің жанында болу. Бұл түрді
«піспеген», мінез-құлықта жағымды тәуелділіктің көрінуінің
енжар түрі деп атауға болады.
5. «Жанасу мен ұстау» - бұл агрессивті емес жанасу,
құшақтау немесе басқаларды ұстау. Бұл жерде де мінез-
құлықтың «піспеген» тәуелді түрі туралы айтуға болады.
Р. Сирс ата-аналар тәрбиелеуде орташа жолды табуы қажет
деп санады. Мына ережені ұстану қажет: тым күшті де, тым
әлсіз де емес тәуелділік; тым күшті де, тым әлсіз де емес
идентификация.
Жаңа
мінез-құлықты
қалыптастыруда
мадақтау
мен
жазалаудың рөлін американдық психолог-необихевиорист Б.
Скиннер (1904-1990) қарастырды. Оның тұжырымдамасындағы
бекіту,
яғни,
аталмыш
мінез-құлықтың
қайталану
ықтималдығын азайту немесе арттыру болып табылады. Ол
аталмыш процесте мадақтаудың рөлін де қарастырды, бірақ
жаңа мінез-құлықты қалыптастыруда бекіту мен мадақтаудың
рөлін ажыратып көрсетті, бекіту мінез-құлықты күшейтеді, ал
мадақтау үнемі ондай мүмкіндік туғыза бермейді деп санады.
Оның пікірінше, бекіту жағымды және жағымсыз, бірінші
(тамақ, су, суық) және шартты (ақша, сүйіспеншілік, көңіл
аудару, т.б.) болады.
Б.Скиннер жазалауға қарсы шықты және ол тұрақты әрі
жалғасымды нәтиже бере алмайды, ал жаман мінез-құлықты
елемеу жазалаудың орнын баса алады деп санады.
Американдық психолог Дж.Гевирц нәрестенің ересекке,
ересектің
нәрестеге
әлеуметтік
мотивациясы
мен
жақындығының пайда болу шарттарын зерттеуге көп көңіл
бөлді. Ол әлеуметтік психология саласындағы жетістіктер мен
Сирс және Скиннердің идеяларына сүйенді. Гевирц баланың
мінез-құлқының көзі ортаның ынталандырушы әсері мен бекіту
негізіндегі үйрену, сондай-ақ, баланың әр түрлі реакциялары,
мысалы, күлу, жылау, күлімсіреу, т.б. болып табылады деген
қорытындыға келді.
Американдық психолог У. Бронфенбреннер лабораториялық
зерттеулер нәтижелерін табиғи жағдайларда, яғни, отбасында
немесе құрдастары арасында тексеріп көру қажет деп санады.
Ол балалар мінез-құлқы дамуының маңызды факторы ретінде
отбасының
және
басқа
да
әлеуметтік
институттардың
құрылымына ерекше көңіл аударды. Сол себепті өз зерттеулерін
ол отбасыларды бақылай отырып жүргізді.
Бронфенбреннер
америкалық
отбасылардағы
«жас
ерекшеліктік сегрегация» феноменінің пайда болуын зерттеді.
Аталмыш феномен жастардың қоғамнан өз орнын таба алмауын
білдіреді. Нәтижесінде адам өзін қоршаған адамдардан қол
үзгендігін сезінеді, тіпті оларға дұшпандық қатынасты бастан
кешіреді. Жастардың басқа адамдардан қол үзу фактісі
американдық психологияда
жатсыну
деп аталады.
Жатсынудың негізін Бронфенбреннер қазіргі отбасылардың
төмендегідей ерекшеліктерінен көреді:
• аналардың жұмыс істеуі;
• ажырасулар санының артуы және соған байланысты әкесіз
өсетін балалар санының да көбеюі;
• әкелерінің жұмысбасты болуы салдарынан балаларымен
қарым-қатынастың жетіспеуі;
• теледидардың және жеке бөлмелерінің болуына байланысты
ата-аналармен қарым-қатынастың жетіспеуі;
• туыстарымен және көршілерімен сирек араласу.
Осылардың барлығы және басқа да көптеген жағымсыз
жағдайлар баланың психикалық дамуына әсер етеді, ал бұл,
себебі отбасының шырқының бұзылуы болып табылатын
жатсынуға әкеледі.
Ж ан Пиаженің алғаш қы еңбектеріндегі ойлаудың даму
мәселесі
Көрнекті швейцар психологы Ж.Пиаженің (1896-1980)
алдына қойған міндеті тұтас логикалық құрылымдардың
психологиялық механизмдерін ашу болды. Бірақ, ол ең алдымен
жасырын ақыл-ой тенденцияларын зерттеп, олардың пайда
болуы мен алмасу механизмдерін көрсетті.
Клиникалық әдістің көмегімен
Ж.
Пиаже
балалар
ойлауының мазмұны мен формаларын зерттеді: 1) баланың әлем
туралы мазмұны жағынан өзіне тән ойлары; 2) балалар
логикасының сапалық ерекшеліктері; 3) балалар ойлауының
эгоцентрлік сипаты.
Ж. Пиаженің негізгі жетістігі - бала эгоцентризмін ойлаудың
негізгі ерекшелігі, жасырын ақыл-ой позициясы ретінде
анықтау. Балалар логикасының, балалар сөйлеуінің, балалардың
әлем туралы түсініктерінің өзгешелігі тек осы эгоцентрлік ақыл-
ой позициясының салдары болып табылады.
Баланың әлем туралы өзіне тән түсініктері дамудың белгілі
бір сатысында оның заттарды өзі қалай қабылдайды солай
танитындығынан
және
заттардың
ішкі
қатынастарын
көрмейтіндігінен тұрады. Мысалы, бала аспандағы ай, ол жүрсе
оның ізінен жүріп, тоқтаса тоқтап, жүгірсе жүгіреді деп
ойлайды. Бұл құбылысты Ж. Пиаже
реализм
деп атады. Дәл осы
реализм баланың заттарды субъектіге тәуелсіз, олардың ішкі
өзара байланыстарында қарастыруына кедергі келтіреді. Өзінің
бір сәттік қабылдауын бала нағыз ақиқат деп санайды. Бұл
балалардың өз «Менін» қоршаған ортадан, заттардан бөліп
қарай алмауының нәтижесі.
Реализмнің
екі
түрі
болады:
интеллектуалдық және
моральдық. Мысалы, бала талдың бұтақтары жел туғызады
дегенге сенімді. Бұл интеллектуалдық реализм. Моральдық
реализм баланың қылықтарды бағалауда ішкі ниеттерді
ескермейтіндігінен және қылықтарға тек сыртқы эффект,
материалдық нәтиже тұрғысынан баға беретіндігінен байқалады.
Ж. Пиаже әлем туралы түсініктердің дамуы үш бағытта
жүреді деп санады: 1) реализмнен объективтілікке қарай; 2)
реализмнен тілекке
(өзаралыққа) қарай; 3) реализмнен релятивизмге қарай.
Реализмнен
объективтілікке
қарай
жүретін
бала
түсініктерінің дамуы бірнеше кезеңдерден тұратындығымен
сипатталады: партиципация (ортақтасу), анимизм (барлығына
жан бітіру) және артификализм (табиғат құбылыстарын адам іс-
әрекетіне ұқсастырып түсіну). «Мен» мен әлем арасындағы
эгоцентрлік қатынастар
бірте-бірте
көмескіленеді.
Заттар
арасындағы өз орнын түсінгеннен соң ғана баланың ішкі әлемі
бөлініп шығады және сыртқы әлемге қарсы қойылады.
Баланың
әлем
туралы
түсініктерінің
реализмнен
объективтілікке қарай жүретін эволюциясымен бірге балалар
идеясының реализмнен тілекке
(өзаралыққа) қарай дамуы жүреді. Бұл кезеңде бала басқа
адамдардың
көзқарасын түсініп,
оларға
мән
беріп,
өз
түсініктерімен салыстырады, олардың арасында белгілі бір
байланыс орнатады.
Бала ойлауы үшінші бағытта да - реализмнен релятивизмге
қарай дамиды. Алғашында бала абсолюттік субстанциялар мен
абсолюттік сапалар бар деп ойлайды. Кейін ол құбылыстардың
өзара
байланысты
екендігін,
ал
біздің
бағалауларымыз
салыстырмалы
түрде
болатындығын
түсінеді.
Мысалы,
алғашында бала әрбір қозғалатын затта оны қозғалысқа
келтіретін мотор болады деп ойлайды, ал, кейін жекелеген
заттың қозғалуы сыртқы күштің әсерінен болатынын түсінеді.
Балалар ойлауы мазмұнының сапалық өзгешелігімен қатар
эгоцентризм балалар логикасының мынандай ерекшеліктерін де
қамтиды: синкретизм (барлығын барлығымен байланыстыру
тенденциясы),
қатарласқан жағдайлар
(пікірлер
арасында
себептік байланыстардың жоқтығы), трансдукция (пікірлердің
жекеден жекеге қарай өтуі), қайшылықты сезбеу, т.б. Балалар
ойлауының
осы
ерекшеліктерінің
барлығына
ортақ
бір
ерекшелік бар, ол да іштей эгоцентризмге тәуелді.
Балалар психикасының тағы бір маңызды ерекшелігі -
эгоцентрлік сөйлеу феномені.
Ж. Пиаже балалар сөйлеуіне эгоцентрлік тән, өйткені олар
«өз
көзқарастары
тұрғысынан»
ғана
айтады
және
әңгімелесушінің позициясын түсінуге тырыспайды - деп
санайды. Балаға кез-келген адам әңгімелесуші бола алады.
Балада қызығушылық болса болғаны. Вербальды эгоцентризм
дегеніміз - баланың басқа біреуге әсер етуге тырыспай және өз
көзқарасының әңгімелесушінің көзқарасынан айырмашылығын
ұғынбай сөйлеуі.
Эгоцентрлік сөйлеу бала сөйлеуін толық қамтымайды, оның
үлесі біріншіден, баланың өзінің белсенділігіне, екіншіден, бала
мен ересек және бала мен құрдастары арасында қалыптасқан
әлеуметтік қатынастардың түріне тәуелді. Ересектің беделі мен
мәжбүрлеу қатынастары басым болған жерде эгоцентрлік
сөйлеу айрықша орын алады. Пікірталастар мен даулы
мәселелер орын алуы мүмкін құрдастар арасында эгоцентрлік
сөйлеудің үлесі азаяды. Алайда жас ұлғайған сайын эгоцентрлік
сөйлеу коэффициенті ортаға тәуелсіз түрде төмендейді. Үш
жаста ол 75 пайызға жетеді, үштен алты жасқа дейін эгоцентрлік
сөйлеу бірте-бірте азаяды, ал жеті жастан кейін мүлдем
жоғалады.
Ж. Пиаже таным эгоцентризміне ерекше көңіл аударды. Ол
эгоцентризмді индивидтің кейбір объектіге, пікірге немесе
түсініктерге қатысты өз позициясын өзгерте алмауы ретінде
қарастырды. Эгоцентризмнің түп негізінде субъектінің өз
көзқарасынан өзге көзқарасты түсіне алмауы жатыр деп санады.
Бұның себебі - субъектінің басқа адамдар мен өз психологиялық
құрылымының бірдейлігіне сенімділігі.
Эгоцентризм танымдық, моральдық, коммуникативті болып
бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |