кесінді әдісі
арқылы дамудың белгілі бір
аспектісін зерттейді, мысалы, интеллектуалды даму деңгейін.
Нәтижесінде осы топқа тән мәлімет алады. Бірнеше кесінді
жасағанда
салыстырмалы
әдіс қолданылады: топтар бойынша
мәліметтерді салыстырады.
Лонгитюдті әдіс
“ұзақ уақытты зерттеу” деп аталады.
Бір баланың дамуын ұзақ уақыт бойынша зерттеу. Зерттеуші
зерттеу міндетін және оны шешудің негізгі жолдарын белгілеп
отырып, өзінің жұмысында бірнеше қадам жасайды. Негізгі
әдістерге, жалпы психологиядағы сияқты екі әдіс- бақылау және
эксперимент жатады.
Бақылау
—
кішкентай
баламен
жұмыс
жасауда
таптырмайтын
әдіс.
Баланың
мінез-құлқының
барлық
ерекшеліктері қызықтырған кезде, тұтастай бақылау болады,
бірақ көбінесе бақылау таңдаулы болады. Бақылау - күрделі
әдіс, оны қолдануға бірнеше талаптар бар. Бір нақты қойылған
мақсат және бақылаудың схемасы (бақылаушы ол нені көріп
нені тіркеу керек екенін біледі және байқаған құбылысын тез
суреттейді), объективтілік (фактілердің өзі әрекетте суреттеледі,
фраза немесе баланың эмоционалды реакциясы), бақылаудың
жүйелілігі (эпизодтық бақылауда балаға тән сипаттамаларды
ғана емес, кездейсоқтық мезеттерді де көрсетуге болады);
баланың табиғи мінез-құлқын бақылау (бала оны ересек адам
бақылап отырғанын білмеуі керек);
Эксперимент -
балалармен әдеттенгендей жағдайда өтуі
керек.
Констатациялаушы экспериментте
бала дамуының
ерекшеліктері және деңгейлері анықталады. Бұл баланың
тұлғалық дамуына және қоршаған әлемге деген қатынасына
және интеллектуалды дамуына қатысты.
Тұлғаның дамуы баламен әңгімелесу, жазбаша сұрақтар
және
жанама
әдістер
арқылы
зерттеледі.
Соңғысына
проективті әдістер
жатады. Олар проекция принципіне
негізделген, өзінің қажеттіліктерін, қатынастарын, қасиеттерін
басқа адамдарға көшіру.
Бала бақша және мектептегі сыныптарда балалар арасындағы
қарым-қатынасты
социометрия әдісі
арқылы анықтайды.
Интеллектуалды дамуы түрлі әдістер арқылы зерттеледі, ал ең
бастысы-ол тесттер стандартталған болуы керек.
Балалар ісінің қорытындысына талдау жасау өзінше
зерттеу әдісі болып саналады. Баланың іс-қорытындысына,
мысалы, қыздардың тіккен кестелеріне, ұлдардың жасаған
мүліктеріне,
т.б.
негізделеді.
Балалардың
осы
іс-
қорытындыларына қарап,
оның сол кездегі
психикалық
ерекшелігін дәл байқауға болады.
Жас ерекшелік психологиясының негізгі зерттеу әдістерінің бірі
- бақылау, оның түрлері. Эксперимент және оның түрлері, сынақ
(тест) әдістер, әлеуметтік қарым-қатынасты зерттеу әдісі.
Сауалнама, әңгімелесу, қызмет нәтижесін зерттеу, өмірбаянын
зерттеу.
Негізгі ұғымдар: психикалық даму, даралық сала,
онтогенез, жетекші іс-әрекет, әрекеттену, интеллект (ақыл-ой),
ғылыми пәннің зерттеу объектісі. Проблемді ситуация, әдіс,
теориялық ойлау, психологиялық білім, психодиагностика.
П ы сы қтау сұрақтар:
1. Эксперименттік зерттеудің жоспары.
2. Зерттеудің лонгитюдтік әдісі.
3. Даму психологиясындағы лабораториялық және табиғи
эксперимент.
4. Қалыптастырушы эксперимент.
5. Даму психологиясындағы сандық және сапалық әдістер.
Әдебиеттер тізімі
1. Выготский Л.С. Вопросы детской психологии //Собр. соч.: В 6
т. Т. 4. М., 1984. с. 243-432.
2. Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения: Опыт
теоретического
и
экспериментального
психологического
исследования. М., 1986.
3. Крайг Г. Психология развития (Н итап Беуе1оршеп1). СПБ.,
2000
4. Лубовский В.И. Психологические проблемы диагностики
аномального развития детей. М., 1989.
5. Психология человека от рождения до смерти /Под. общ. ред.
А.А. Реана. СПБ., 2001.
6. Слободчиков В.И. Категория возраста в психологии и
педагогике развития //Вопросы психологии. 1991. №2. с. 37-49.
7. Слободчиков В.И., Исаев Е.И. Основы психологической
антропологии.
Психология
развития
человека:
Развитие
субъективной реальности в онтогенезе: учебное пособие для
вузов. М., 2000.
3 тақы ры п . Даму психологиясының негізгі
тұж ы ры м дам алары
Б ал а дамуыны ң психоаналитикалы қ теориялары
Психоанализ алғашында емдеу әдісі ретінде пайда
болды, бірақ көп кешікпей жаңа психологиялық жүйеге негіз
болған
психологиялық
фактілер
алу
құралы
ретінде
қабылданды.
З.
Фрейд пациенттердің еркін ассоциацияларын талдай
келе,
ересек адамның
аурулары
бала
күніндегі
бастан
кешіргендеріне
саяды
деген
қорытындыға
келеді.
Психоанализдың теориялық тұжырымдамасына
Достарыңызбен бөлісу: |