Э.Эриксонның
тұжырымдамасы
тұлғаның
өмірлік
жолының эпигенетикалық тұжырымдамасы
деп аталады, бұл
тұжырымдамаға сәйкес өсетіннің
барлығының жалпы жоспары
болады. Осы жалпы жоспарға сүйене отырып, жекелеген
бөлімдер дамиды, әрі олардың әрқайсысының даму үшін
анағұрлым қолайлы кезеңі бар. Барлық бөлімдер дами отырып,
функционалды тұтастықты құрғанша осылай жалғаса береді.
Эриксон кезеңдердің жүйелілігі - бұл биологиялық
жетілудің нәтижесі, ал даму мазмұны қоғамның адамнан не
күтетіндігімен анықталады деп санады. Ол өзінің кезеңдерге
бөлуін тұлға теориясы
деп қарастыруға болмайтындығын, бұл
тек осындай теорияны құруға жол сілтейтіндігін мойындады.
Ә леуметтік үйрету теориясы
Әлеуметтік үйрету тұжырымдамасы баланың осы әлемге
қалай бейімделетіндігін, оның қазіргі қоғамның әдеттері мен
нормаларын қалай меңгеретіндігін көрсетеді. Бұл бағыттың
өкілдері классикалық шартталыну мен оперантты үйренумен
қатар имитация және еліктеу арқылы да үйренудің бар екендігін
айтады. Мұндай үйрену американдық психологияда үйренудің
жаңа, үшінші формасы ретінде қарастырылады. Әлеуметтік
үйрету теориясында даму мәселесі бала мен қоғамның
бастапқыдағы антогонизмі тұрғысынан қарастырылады.
Ғалымдар әлеуметтену ұғымын енгізді.
Әлеуметтену
-
бұл
индивидтің
қарым-қатынас
пен
іс-әрекетте
жүзеге
асырылатын әлеуметтік тәжірибені меңгеру және белсенді түрде
өндіру процесі мен нәтижесі. Әлеуметтену тұлғаға әр түрлі
бағыттағы факторлар сипатына ие қоғамдағы өмірдің әр түрлі
жағдайларының стихиялық
әсер етуі нәтижесінде, сондай-ақ,
тәрбиенің, яғни, тұлғаны мақсатты түрде қалыптастырудың
нәтижесінде жүруі мүмкін. Тәрбие әлеуметтенудің жетекші
және анықтаушы негізі болып табылады. Аталмыш ұғым
әлеуметтік психологияға 1940-1950 жылдары А. Бандураның,
Дж. Кольманның және т.б. еңбектерінде енді. Әртүрлі ғылыми
мектептерде
әлеуметтену
ұғымы
түрліше
түсіндірілді:
необихевиоризмде ол әлеуметтік үйрену ретінде;
символдық
интеракционизм мектебінде әлеуметтік өзара әрекеттесудің
нәтижесі
ретінде;
«гуманистік
психологияда»
«Мен-
тұжырымдамасын» өзіндік өзектілендіру ретінде түсіндірілді.
Әлеуметтену құбылысы көп аспектілі, сондықтан да көрсетілген
бағыттардың әрқайсысы зерттелетін феноменнің бір жағына
ғана көңіл аударады.
Әлеуметтік
үйрету
мәселесімен
американдық
психологтар А. Бандура, Р. Сирс, Б. Скиннер және басқа да
ғалымдар айналысты. Олардың ұсынған кейбір теорияларын
нақтырақ қарастырайық.
А. Бандура (1925) жаңа
мінез-құлықты қалыптастыру
үшін мадақтау мен жазалау жеткіліксіз деп санады. Сол себепті
ол жануарлардан алынған нәтижелерді адам мінез-құлқын
талдауға қолдануға қарсы шықты. Ол балалар
Достарыңызбен бөлісу: