2.22-сурет.
Орталық (оң жағындағы) жəне стеореографиялық азимут-
ты (оң жағындағы) проекцияда құрылған қалыпты картографиялық тордың
түрлері мен олардағы бұрмалану элипсоидтары
Ортографиялық
картографиялық тор жобалу сəулелері бір-
біріне бағыттас глобустан тыс шексіздіктен жобалау барысында
түзіледі. 3.25-суретте көрсетілгендей бұл проекциямен құрылған
жарты шарлардың картографиялық торларда экватордан шетіне
қарай параллельдердің аралықтары өте кемиді. Осыған орай бұл
бағытта меридиандардың бойындағы ұзындықтың бұрмалану
84
көрсеткіштері де кемиді. (теориялық тұрғыдан орталығында 1 ден
шетінде 0-ге дейін кемиді) Ал проекциядағы параллельдердің ра-
диусы олардың глобустағы радиусына тең. Жобалау барысында
өзгермейтіндіктен, олардың бойында ұзындықтың бұрмалануы
жоқ (
п
=1). Бұл осы проекцияда
m
=
b
;
п
=
a
; 0<
p
<1 екенін көрсетеді.
Проекцияда картаның шетіне қарай артуы күшейетін бұрыштың
бұрмалануы бар. Қасиеттерінің жиынтығы бойынша теңаралық
еркін проекцияға жатады.
Б.ж.д. ІІ ғасырда Ежелгі Грецияда
Аполлони
құрған ортогра-
фиялық проекцияны қазіргі кезде оқу карталарында ғарыштық
дене ретіндегі Жер бетін, сонымен қатар, Айды жəне Күн жүйе-
сіндегі ғаламшарларды кескіндеу үшін қолданылады. Ол аспан
денелерін жерден немесе кеңістікті ғарыштан суретке түсі
ру
барысында бақылаушы нысанның диаметрінен жүздеген есе
алыс қашықтықта тұрады. Бұл жағдайда көру сəулелері нысан -
дағы бір-біріне қарама-қарсы тұрған диаметрдің шеткі нүк теле-
рін іс жүзінде бір-біріне бағыттас етіп көрсетеді. Ал нысан ның
бейнесі немесе суреті ортографиялық проекцияда құрыл ған дай
болады. Көбінесе көлденең жəне көлбеу азимутты орто графия-
лық проекция көп қолданылады. Атап айтсақ, 6 сынып тың гео-
гра фиялық атласында жердің бетіне түсетін күн сəуле сінің айыр-
машылықтарының сызба-нұсқасы, Жердің жарты шар
ларының
кар таларын көлденең азимутты, жердің күнді айнала қозғалуын
көр сету барысында төрт кескіні көлбеу азимутты ортографиялық
прое кциямен құрылған [2.23-сурет].
2.23-сурет.
Көлденең (сол жақтағы) жəне көлбеу азимутты (оңжақтағы)
ортографиялық азимутты проекцияда құрылған қалыпты картографиялық торы
|