Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Сансонның жалған цилиндрлі тең ауданды проекциясы



Pdf көрінісі
бет65/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Сансонның жалған цилиндрлі тең ауданды проекциясы

Сансонның проекциясында өзара перпендикуляр түзу сызықты 
жəне кеңістікте бас масштабта теңдей бөлінген. Параллельдер 
экваторға бағыттас түзу сызықты, сол сияқты меридиандарда 
теңдей бөлінген ұзындықтың бас масштабы сақталған. Барлық 
меридиандар қисық (орталық меридианнан басқасы) жəне 
олардың бойында ұзындық масштабы бас масштабтан үлкен 
болады. Бұрыштардың күшті бұрмалануына пішінінен айқын 
байқалғанына қарамастан, картографиялық тор тең ауданды 
қасиетке ие болады. Сансон проекциясының картографиялық 
торын жеңіл құруға болады. Ол үшін глобустан экватордың, 


105
орталық меридиан мен параллельдердің аралықтары өлшемін 
алып, көрсетілген ретпен қағаз бетіне түсіреді. Меридиандардың 
қисық сызықтарын параллельдердің бөліну нүктесі арқылы көз 
мөлшерімен немесе лекал бойынша сызады [2.35-сурет].
2.35 сурет.
Дүниежүзінің карталарына арналған Сансонның тең ауданды 
жалған цилиндрлі проекциясының картографиялық торлары
Торды құру үшін экватордың, меридиандар мен параллель-
дердің өлшемдерін мұғалімдерге арналған атластағы кестеден де 
алу ға болады. 
Француз географы Сансон өз проекциясын ХVІІ ғасырда 
ұсынған. Ол оңтүстік материктері Африка, Оңтүстік Америка 
жəне Аустралияны, сонымен қатар бұрынғы КСРО-ның солтүстік-
тен оңтүстікке созылып жатқан аймақтарын кескіндеуге қолайлы.
Жеке елдер мен аймақтардың карталарын құруға арналған 
проекциялар. М. Д. Соловевтің қиып өтетін көлбеу цилиндрлі 
еркін проекциясы. 
Бұл проекцияның карторафиялық торла-
ры параллельдер мен меридиандардың арақашықтығын есептеу 
арқылы құрылады. Қиып өтетін көлбеу цилиндрдің бір нөлдік 
бұрмалану сызығы глобустың кіші шеңбері 60° параллель арқы-
лы өтеді. 60° с.е. параллель мен 100° ш.б. меридианның қиылысы 
орталық меридиан ретінде қабылданған. Қиып өтетін ци линдр дің 
білігі глобустың білігін 15° үшкір бұрыш жасап қиып өте ді.
Жайылған цилиндрдегі глобустың кіші шеңберінің қиылысы 
түзу сызық түрінде кескінделетіндіктен параллельдермен сəйкес 
келмейді. Орталық мериданы түзу, қалған меридиандары по-
люсте түйілісетін қисық. Параллельдері концентрлі доға тəрізді 
нөлдік бұрмалану сызығы 60°с.е. пен 100°ш.б. қиылысы арқылы 


106
өтеді. Кіші шеңдердің солтүстігіне қарай түзу сызықты болып 
келетін орталық меридианға қатысты көршілес параллельдердің 
арақашықтықтары артып, оңтүстігіне қарай жылжыған сайын 
кемиді [2.36-сурет].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет