П у бли ка сы м әдениет, а қ п а ра т ж ә н е қ о ға м д ы қ к е л іс ім м и н и с т р л іг ін щ м ем л е к етт ік тілді дам ы ту бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет466/497
Дата14.10.2023
өлшемі38,54 Mb.
#113886
1   ...   462   463   464   465   466   467   468   469   ...   497
Байланысты:
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis

362
СӨЗЖАСАМ
М ысалы: 
Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы бол-
сын
(М ұқанов). Бұл күрделі сындардың мағы на- 
сы сыңарларының мағынасының қосындысынан 
жасалады.
Екі құрамды күрделі сынның тағы бір үлгісі 
етістік

катыстык сын: ұлы ған торсықтай,
кақкдн кдзыктай, күйген терідей, аршыған жұмырп-
кадай, түксиген кабақты, ашыған айрандай
т.б.
Өнімсіз үлгі ретінде етістік + 
сапа сыны
үлгісінде де күрделі сындар кездеседі: 
кат қан
қара, шыжыған ыстық, уылжыған жас, борпиған
сары, ілмиген арық, лыпылдаған ж ылпосі.Ь.
Беті күйген терідей бырысып-тырысып қа л-
ған неме екен
(М ұқанов).
Бұл күрделі сындардың мағынасы сыңарлар- 
ды ң м ағы насы ны ң жинақталуы арқылы ж асал- 
ғанымен, одан алыстап, дерексізденген.
Тілімізде үш құрамды күрделі сындар да бар, 
бірақ күрделі сы нны ң бұл түрі өте аз, екі құрам- 
ды күрделі сындармен саны ж ағы нан салысты- 
руға келмейді: Алайда аз болса да, 
аш қасқырдай
қомағай, сары алтындай салмақты
(қыз), 
таңғы
шықтай таза
(сезім), 
ал қара көк, бес биенің са-
басындай, ақ сұр жүзді
(қыз), 
түйе жүн шекпенді,
кызыл қүрең жүзді
(жігіт).
Үш құрамды күрделі сындар негізінен екі 
жолмен жасалады: 1) дара сын + күрделі сын, 2) 
күрделі сын + дара сын.
Дара сын
+
күрделі сын
үлгісімен ж асалған 
күрделі сындар төмендегідей: 
күмістей таза сулы,
нәзік қоңыр сәулесі
т.б.
Күрделі сын
+
дара сын
үлгісімен ж асалған 
үш құрамды күрделі сы ндарға мысал мынадай: 
сары алтындай салмақты, аш қасқырдай қом а-
ғай, ақ сұр жүзді, қызыл күрең жүзді, түйе жүн
шекпендіт.б.
Үш құрамды тіркесті күрделі сындардың ма- 
ғынасы да - жалпы күрделі сындардың м ағы на- 
сы сияқты құрамындағы сыңарлардың мағы на- 
сы негізіндегі жалпы туынды м ағы на.
М ысалы, 
аш қасқырдай қом ағай
деген үш 
құрамды тіркесті күрделі сынды алсақ, ол күрделі 
сын мен дара сынның қосындысынан жасалған. 
М ұндағы 
аш қасқырдай
деген күрделі сын 
қома-
ғай
деген дара сынның мағынасын толықтырып, 
күш ейтіп тұр, соны ң нәтижесінде тек қом ағай
деген белгінің күшейтілген мағынасы қалыптас- 
қан.
А л қара көк
деген күрделі сын дара сын мен 
күрделі сы нны ң тіркесінен ж асалған. М ұндағы 
қара көк
күрделі сыны көктің қараға жақындау 
реңкін білдіреді. О ған қосы лған 
ал қара көк
реңктің сәл аш ы қ реңкін білдіреді. Сөйтіп үш 
құрамды күрделі сындардың мағы насы да оның 
құрамындағы сыңарлардың мағынасына негізде- 
ле жасалады.
Күрделі сындардың құрамындағы сыңарлар- 
дың мағыналарының кеңуі, жалпылануы, нақты- 
лануы, қосылуы, кірігуі сияқты түрлі өзгерістер- 
ге ұшырауы арқасында күрделі сын біртұтас лек- 
сикалық м ағы наға көшеді.
Күрделі сындарды ң м ағы насы оны ң құра- 
мындағы сыңарларды ң м ағы налары ны ң кірігуі, 
жымдасуы, не сы ңарлары ны ң бірігуінің, не еке- 
уінің де негізгі м ағы н асы н ж оғалты п, басқа ма- 
ғы н аға көшуі, я ғ н и идиомалануы арқылы жаса- 
лады.
Осы күрделі сындарды жасауда ерекше қыз- 
метті сапа сындары мен қаты сты қ сындар атқа- 
рады. Күрделі сы нны ң жасалуында ұйымдасты- 
рушы қызметін тірек сыңар атқарса, күрделі сында 
тірек сыңар қы зметін түр-түс және сапа сыны 
мен қатыстық сындар атқарады. Басқа сөз тапта- 
рынан тірек сыңар қызметінде текж екелеген зат 
есімдер кездеседі, олардың идиомалануы арқылы 
күрделі сын жасалуы кездеседі, бірақ олар санау- 
лы ғана.
Күрделі сындар алуан түрлі мағынада қолда- 
нылады, сондықтан оларды түрлі мағыналық топ- 
тарға топтастыруға болады, бірақ бұл туралы ар- 
найы зерттеу ж асал м аған . С онды қтан мұнда 
күрделі сындардың кейбір ірі м ағы налы қ тобын 
түгел қамти алмайды.
Күрделі сындардың төмендегідей мағыналық 
топтары бар: 1) түр-түс күрделі сындары, 2) сапа 
мәнді күрделі сындары, 3) адамға қатысты күрделі 
сындар, 4) киімге қатысты күрделі сындар, 5) та- 
биғатқа қатысты күрделі сындар, 6) жануарларға 
қатысты күрделі сындар, 7) үй мүліктеріне қатыс- 
ты күрделі сындар, 8) құрал-ж абды ққа қатысты 
күрделі сындар.
Т ү р -тү с м ән ін д егі күрделі сы н дар түсті 
білдіретін негізгі сындардан жасалады. Өмірдегі 
зат атаулының түрлі түсін, реңкін білдіреді. Олар 
іштей аш ы қ түсті білдіретін күрделі сындар 
(ақ
боз, ал қызыл, ақ сұр),
қою түсті білдіретін күрделі 
сындар 
(қара қошқыл, қара көк, қара торы),
сол- 
ғы н түсті білдіретін күрделі сындар 
(күлгін көк,
солғын қоңыр),
түрлі түсті білдіретін күрделі сындар 
(көк ала, теңбіл көк, шұбар ала)
болып бөлінеді.
Сапа мәнді күрделі сындар мағынасы ж ағы - 
нан түрлі-түрлі. Олардың кейбірін ғана атауға бо- 
лады: аумақ-көлем мәнді күрделі сындар 
(еңге-
зердей үлкен, қағаздай жұқа, түпсіз терең, қылдай




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   462   463   464   465   466   467   468   469   ...   497




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет