С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ҧлттық медицина



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата06.04.2017
өлшемі0,98 Mb.
#11191
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ҧлттық медицина 



университеті 

 

 

 

 

 

 

ҚазҦМУ 80-жылдық мерейтойына арналады

 

 

 

 



 

 

 



 

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ 

ҦЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 

МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҤЛГІСІ 

 

 



 

 

 

4-ші бӛлім 

ҚҦЗЫРЕТТІЛІКТЕРДІ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2011ж.

 

 



 

 


 

УДК 378 



ББК 74.58 

М 74


 

 

Ақанов  А.А.,  Ахметов  В.И.,  Абирова  М.А.,  Қызаева  А.Д.,  Есенжанова  Г.М.,  Мирзабеков  О.М., 



Каракушикова А.С., Турдалиева Б.С., Керимбаева С.Р., Тусупова Н.М. 

 

Редакция алқасы: Славко Е.А., Мустафина К.К., Карлова Э.К.  



 

М 74  С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҦМУ-ң медициналық білім беру ҥлгісі. 1 шығарылым.

 

– Алматы: С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, 2011. –4-ші бӛлім. – 62 бет



 

 

 



ISBN 978-601-246-226-5 

 

Қазақстан 



Республикасының 

білім 


саласындағы 

түбегейлі 

сапалы 

ӛзгерістері 



мемлекетіміздің Болон декларациясына қол қоюымен айқындалған, білім жүйесінің халықаралық 

білім  кеңістігіне  ықпалдастығына  септігін  тигізеді.  С.Ж.  Асфендияров  атындағы  Қазақ  Ұлттық 

медицина  университеті  –  Университеттердің  Ұлы  Хартиясына  қол  қойған  жоғары  оқу 

орындарының бірі.  

Қазақ Ұлттық медицина университетіндегі білім сапасын дамытудың негізгі бағыты – білім 

берудің  сапалы  жаңа  жүйесін  қолдану  арқылы  кәсіби  маманның  жаңа  үлгісін  қалыптастыру. 

Ұсынылып  отырған,  жеке-жеке  тӛрт  бӛлімнен  тұратын  кітаптар  жинағы  осы  мәселені  шешуге 

бағытталған, бұл жинақтарда университеттегі білім беруді дамытудың жаңа алгоритмі берілген.  

Бірінші  кітапта  жеке  мамандықтар  бойынша  оқыту  деңгейіне  сай  іріктелінген 

құзыреттіліктерге мәліметтер берілген.  

Екінші  кітапта  МЖМБС  –  2006  сәйкес  элективтік  пәндерді  кӛрсете  отырып, 

құзыреттіліктерге  негізделген  білім  бағдарламалары  ӛңделінген.  Бұлай  ӛңдеу  келешекте 

студенттің  жеке  білім  траекториясын  таңдауға  септігін  тигізетін  мамандықтың  білім 

траекториясын қалыптыру кешенін дайындауға мүмкіндік туғызды.  

Алға  қойған  мақсаттарды  іске  асыру  және  білім  сапасын  арттыру,  тиімділігі  мен  қол 

жетімділігін қамтамасыз ету барысында Университет оқытудың инновациялық әдістерін белсенді 

түрде енгізуде, бұл жайлы үшінші кітапта баяндалған.  

Оқытудың  жаңа  жүйесі  білім  алушылардың  құзыреттіліктерін  бағалаудың  тек  қана 

бағаланатын  құзыреттілікті  ғана  қамтымай,  оқыту  деңгейін  ескеруді  де  қажет  ететін,  ӛзге 

жолдарын талап етеді. Тӛртінші кітап осы  мәселелерді қамтыған.  

Жинақ магистрлерге, резиденттерге, студенттерге және медициналық жоғарғы оқу орнының 

оқытушыларына және білім саласындағы мамандар мен оқу орындарының басшыларына арналған.  

 

Кітапты дайындауда белсенді үлес қосқан ҚазҰМУ қызметкерлері: Исаева Б.Г., Исина З.Б., 



Балмуханова  А.В.,  Мұқанов  М.У.,  Есенкұлова  С.А.,  Батырханов  Ш.К.,    Сарсенбаева  С.С., 

Тӛлебаев К.А., Әміреев С.А.,  Бекмағамбетова Ж.Д., Саттаров А.И., Оразалин Ж.Б.,  Супиев Т.К., 

Стабаева  Г.С.,  Шаяхметова  М.К.,  Баскакова  И.В.,  Трегубова  Т.В.,  Сағатбаева  А.Д.,  Нысанова  

Б.Ж.,  Қамалиев  М.А.,  Бӛрібаева  Ж.К.,  Датхаев  У.М.,  Устенова  Г.О.,  Қаржаубаева  А.М.,  және 

студенттер  Ақанов А., Темирханова М., Зяблицкая М., Бакытжанұлы А. 

 

 



Рецензенттер:  медицина ғылымдарының  докторы Анартаева М.У.   

 

УДК 378 



                          Педагогика  ғылымдарының докторы Балыкбаев Т.О.  

 

ББК 74.58 



 

 

ISBN 978-601-246-226-5 (4 б.)   



 

 

 



© С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ 

ISBN 978-601-246-213-5 (жалпы.)        

 

 

 



© «Эверо» ЖШС баспа

 

М А З М Ҧ Н Ы 



 

 

 

КІРІСПЕ ................................................................................................................................  



1. 

Медициналық жоғарғы оқу орындары студенттерінің білімін бағалау: 

шетелдер тәжірибесі  

 

1.1  Медициналық білім берудің бүкіл әлемдік федерациясы: студенттер білімін 



бағалаудың негізгі әдістері .................................................................................................  5 

1.2  АҚШ-тың медициналық білім беру жүйесі ......................................................................  7 

1.3  Канаданың медициналық білім беру жүйесі ……………………….……………............  12 

1.4  Австралиядағы медициналық білім беру жүйесі ………………………………………..  13 

1.5  Еуропа жоғары оқу орындарындағы студенттердің білімін бағалау ..............................  13 

1.6  Ұлыбританиядағы медициналық білім беру жүйесі …………………………….......... 

18 

2. 

Медициналық жоғары оқу орындары студенттерінің біліктілігін бағалау 

әдістері мен қалыптасу кезеңдері ....................................................................................  19 

2.1  I кезеңде біліктілікті бағалау әдістері  (Топта оқытушы арқылы оқыту).......................  20 

2.2  I I кезеңде біліктілікті бағалау әдістері (Муляж арқылы оқыту)…………………....... 

31 


2.3  ІІІ кезеңде біліктілікті бағалау әдісі 

(Стандартталған науқастар әдісі мен ауруларды курациялау).........................................  32 

2.4  IV кезеңде құзыреттілікті бағалау әдісі (жағдайды модельдеу)......................................  33 

2.5  V кезеңде құзырлықты бағалау әдісі 

 (Шынайы құрылымдалған клиникалық  емтихан) ...........................................................  33 

3. 

ҚазҦМУ  студенттерінің қҧзыреттілігін бағалау ҧстанымдары...............................  35 

4.  

ҚазҦМУ-дің студенттерін бағалауға қолданылатын әдістер ....................................  38 

 

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………… 



51 

 

ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………...……………………………………....  53 



 

ҚОСЫМША…………………………………………………………………….………......  55 



 

Кіріспе 



 

  Қазақстанның  медициналық  білім  беру  жүйесі  медицина  мамандарын  даярлау  сапасын 

кӛтеруді, бәсекеге қабілетті, халықаралық деңгейдегі жаңа буын мамандарын даярлауды алдына 

үлкен мақсат етіп қойып отыр. Жаңа мыңжылдық мамандарын даярлау үрдісі қазіргі білім беру 

жүйесіне түбегейлі ӛзгерістер енгізуді талап етуде.  

Медициналық  білім  беру  жүйесін  жетілдіру    жұмыстары  кӛп  жылдардан  бері  жүзеге 

асырылуда,  қазірдің  ӛзінде  қол  жеткен  жетістіктер  туралы  сеніммен  айтуға  болады.  2006 

жылдан  бастап,  күні  бүгінге  дейін  үкіметтің  2006-2010  жылдар  аралығындағы  медициналық 

және  фармацевтикалық  білім  беруді  қайта  құру  туралы  концепция  бекітілді.  Ол  ең  үздік 

халықаралық  тәжірибелердің  негізінде  жасалған  ерте  клиникалық  білім  беруге  бағытталған. 

Осы  жылы  Қазақстан  ресми  түрде  Болон  процесіне  қосылады.  Сонымен  қатар  жоғары  білім 

берудің кӛп деңгейлігі  ескеріледі; академиялық кредиттер жүйесі енгізіледі,  оқытушылар мен 

студенттердің байланысы артып, бірыңғай Еуропалық диплом беру жүйесінің сапасын арттыру 

т.б. ой-пікір  барысында 2011-2015  жылдарға  арналған  «Салауатты  Қазақстан» атты Қазақстан 

Республикасында  денсаулық  сақтау  ісін  дамыту  бағдарламасы  бекітілді.  Осылайша 

медициналық білім беруді жетілдіру жүйелі түрде іске асырылуда.  

Түлектерге  қойылатын  қазіргі  экономика  мен  қоғамның  жоғары  талабына  және  басқа  да 

үрдістерге  сәйкес  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  жақындасу  еліміздің  ЖОО-ның  алдына  жаңа 

мүмкіндіктер  мен  жаңа  мақсаттар  қойып  отыр,  бұл  оқу  бағдарламасын  ғана  емес,  оқу  үрдісін 

бақылау  межелерін  де  қайта  қарауды  талап  етеді.  Студенттердің  білімі  мен  білім  алу 

нәтижелерін бағалаудың дәстүрлі әдістері қазіргі талапқа сай келмейді.  

ҚазҰМУ білім беру жүйесін жетілдіру саласында әлемдік үрдіске ұмтылуда. ҚазҰМУ-да 

медициналық университет бітірушілерінің кәсіби құзыреттілік үлгісі және ҚР МЖБС-на сәйкес 

барлық  курстарға  арнайы  бағытталған  құзыреттілік  жасалған.  Барлық  жалпы  білім  беру  және 

элективті  пәндер  бойынша  ҚазҰМУ-ды  бітіруші  түлектерге  құзыреттілік  моделдері  жасалған. 

Құзыреттілікке  сай  оқытудың  әдістері  ұсынылды  (1,2    және    3  кітаптардан  қараңыз).  Тұңғыш 

рет  қазақстанның  медициналық  білім  беру  жүйесінде  кәсіби  құзыреттілікті  оқытатын  пәндер 

кешені  мен  сағаттар  санына  байланысты  емес,  білім  берудің  белгілі  бір  нәтижесіне,  яғни 

құзыреттілікке байланысты бағалауға талпыныс жасалды. 

ҚазҰМУ-дағы  білім  беруді  инновациялық  қайта  құру  үрдісіне  кешенді  тұрғыдан  келу 

саласы  бойынша  жағымды  ӛзгерістерді  кӛрсете  отырып,  әлі  де  кезек  күттірмейтін  біраз 

мәселелер  бар  екенін  ескеру  керек.  Солардың  бірі  -  әлемдік  кәсіби  білім  беру  сапасы 

стандарттарына  сай  келетін  университет  студенттерінің  кәсіби  құзырлылығын  бағалу  жүйесін 

қалыптастыру мәселелерін шешу. Түлектерді дайындау сапасы оқушының білімін  тексеру мен 

бағалау қалай жүзеге асатындығына байланысты ғой, яғни оқу орнының беделі оның отандық 

және әлемдік жоо-дағы рейтингі де осыдан шығады.   

Осылайша Қазақстандағы білім беру жүйесіне жаңа тұрғыдан келу, жоо-дағы оқыту әдісін 

жетілдіру, қазақстандық білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне жақындастыру, жас 

мамандар  арасында  бәсекелестікті  жоғарылату  және    бітірушілерге  мемлекет  пен  қоғам 

тарапынан қойылатын талаптардың күшеюі студенттер білімін шынайы және тиімді бағалауды 

талап  етіп  отыр.  Бұл  монографияда  студенттердің  білімін  бағалаудың  негізгі  әдістері 

қарастырылған,  бұл  мәселе  бойынша  әлемдік  тәжірибелерге  шолу  жасалды,  қазіргі  бағалау 

әдістерін  жүйелеу  мен  қазақстандағы  медициналық  білім  беру  жүйесіне  қолдануға  болатын 

бағалаудың жаңа үлгілерін жасауға ұмтылыс жасалған.  

  Барлық  кемшіліктер  мен  ұсыныстарды  авторлар  ризашылықпен  қабылдайды  және 

кейінгі шығарылымдарда ескереді.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



1-ші тарау. Студенттердің білімін бағалау: шетелдер тәжірибесі. 

 

1.1.

 

Дҥниежҥзілік медициналық білім беру федерациясы:  

      студенттер білімін  бағалаудың негізгі әдістері 

 

Дүниежүзілік  білім  беру    кеңістігінде  медициналық  білім  беру  сапасының  эталоны 



қызметін  базалық  медициналық  білім  берудің  сапасы  мен  дамуының  кепілі  болып  табылатын 

Медициналық Білім берудің Халықаралық Федерациясы (World Federation of Medical Education 

- WFME) ұсынған Халықаралық Базалық Медициналық білім беру Стандарты атқарады.  

WFME медициналық оқу орындарындағы медициналық пәндерден дәріс  беретін барлық  

оқытушылардың халықаралық бірлестігі; WFME медициналық білім берулегі неғұрлым жоғары 

деңгейдегі ғылыми және этикалық стандарттарды қамтамасыз етеді; оқытудың жаңа әдістерін, 

әдістемелік  нұсқаулар,  медициналық  білім  берудегі  нұсқаулықтар  жасайды.  (Медициналық 

білім  беру  сапасын  артыруға  арналған  WFME  дүниежүзілік  стандарты,  Dr.  Hans  Karle, 

Президент WFME, Дания).  

Дүниежүзілік  WFME  стандарттары  медициналық  білім  берудің  3  кезеңіне  де:  яғни, 

жоғары  базалық  медициналық  білімге;  дипломнан  кейінгі  медициналық  білімге,  медицина 

қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыруға  қатысты  және  сондай-ақ  медициналық  кӛмек  кӛрсету 

сапасын  арттыру  мақсатында  Копенгагенде  ӛткен  Дүниежүзілік  медициналық  білім  беру 

конференциясында қабылданған (15-19 наурыз, 2003 ж.) Дүниежүзілік медициналық стандартқа 

сай болуы тиіс. 

WFME  Стандарттарын  жасауға  әрқайсысы  жеке-дара  жұмыс  істейтін  және  негізінен 

электронды  пошта  арқылы  байланысып  отыратын  мамандардың  неғұрлым  үлкен  тобын 

құрайтын 3 халықаралық комиссия тартылды. Комиссияға қатысушылар тәжірибелеріне сәйкес, 

сондай-ақ  әлемнің  әр  аймағы  туралы  толық  мәлімет  алу  мақсатында  іріктеп  алынды. 

Стандарттар  әлемнің  әртүрлі  аймақтарында  талқыланып,  айтылған  кӛптеген  ұсыныстар 

ескеріліп, соған сәйкес ӛзгерістер осы Стандарт  мәтінін толықтырды.  

Медициналық  білім  беру  саласындағы  халықаралық  Стандарттарды  жасаудың  негізгі 

мақсаты:  

 

қоғамның талаптары мен күткендерін қанағаттандыратын дәрігерлер даярлау; 



 

медициналық  ғылыми  және  терапевтік  басылымдар  тасқынында  дәрігерлерді 

бағытынан жаңылмауға үйрету; 

 

дәрігерлерді кәсіби қызметінің ӛн бойында үздіксіз үйренуге ынталандыру; 



 

студенттер  мен  дәрігерлерді  заманауи  ақпараттық  технологияларға  даярлауды 

қамтамасыз ету; 

 

медициналық  білім  беру  жүйесін  ӛзгеріске  түсіп  жатқан  медициналық  кӛмек  кӛрсету 



жүйесіне бейімдеу. 

 

Халықаралық стандарттар қабылдау үшін тӛмендегі шарттар қабылданды: 



 

Базалық жоғары медициналық білім берудің тек жалпы аспектілерін ғана айқындау. 

 

Стандарттар  оқытудың  мазмұнына,  үрдісіне,  ресустарына,  нәтижелеріне  қарай  үлкен 



категорияларға бӛлінуі керек.  

 

Стандарттар  медициналық  білім  беру  жүйесінде  ӛзгерістер  мен  реформалар  жасауға 



меже болуға тиіс. 

 

Стандартқа сәйкестік дәрежесін әрбір ұйым, ел немесе аймақ ӛз беттерінше таңдайды.  



 

Стандарттар  оқыту  схемасындағы,  жекелеген  медициналық  жоо-дағы,  оқу 

бағдарламасындағы  аймақтық  және  ұлттық  ӛзгешеліктер  ескеріліп,  сондай-ақ    медициналық 

жоо-ның дербестік дәрежесі сақтала отырып жасалуы тиіс.  

 

Халықаралық  стандарттардың  біртектес  жиынтығына  кӛшу  бағдарламалардың 



мазмұны  мен  медициналық  жоо-дағы  оқу  нәтижелері  бірдей  болуы  керек  дегенді  білдірмейді 

және толығымен сәйкес келуін талап етпейді.  

 

Стандарттарда бағдарламаларды жасаудың қозғалымды сипаты ескерілуі қажет. 



 

 



Стандарттар  ұйымдастыру  құрылымдары  мен  медициналық  жоо  бағдарламасын 

жасаудың үлгісі болуы тиіс. 

 

Стандарттардың  болуы  медициналық  жоо-дағы  оқу  бағдарламасының  кӛлемін 



шектемеуі керек.  

WFME  стандарттары  түрлі  негізгі  медициналық  білім  беру  үшін  екі  түрлі  деңгейде 

берілген;  (а) негізгі стандарт немесе минималды талап (б) сапаны кӛтеру стандарты.  

Базалық  стандарт  барлық  медициналық  ЖОО-да  міндетті  түрде    орындалуы  тиіс  және 

әрбір ЖОО тексерілетін оқыту сапасын ұсынады.  



Сапаны  көтеру  стандарты.  Бұл  стандарттарға  халықаралық  деңгейде    қабылданған 

нәтижелі    базалық  жолдар  жатады.  Олардың  орындалуы  берілген  ЖОО-да  құжат  ретінде 

рәсімдеу керек. Стандарттардың орындалу деңгейі  мен медициналық оқу орындарының даму 

деңгейі, ондағы ресустар саяси жағынан әр түрлі болуы мүмкін. \ 

ВФМО  –  стандарттарын  қарастырайық  медициналық  ЖОО  білім  беру  белгілі  бір 

жетістіктерге  жетуге  бағытталуы  керек.  Яғни  студенттер  бітіру  емтиханына  дейін  білім  мен 

дағдыны біртұтас меңгеруі керек.  

ВФМО-ның базалық стандарты қарастырды.  

Медициналық  жоғары оқу орны студенттердің бітіру емтиханында кӛрсететін білімі мен 

біліктілігінің  кӛлемін  анықтау  керек.  Олар  денсаулық  сақтау  жүйесінің  жоспарлы  оқыған   

саласында  жұмыс  істеу  қабілеттілігі  болуы  керек.  Білім  мен  жаңалық  медицинада 

фундаменталды,  клиникалық,  психологиялық  және  әлеуметтік  пәндерді  білумен  қатар 

эпидемиялогияны  және  қоғамдық  денсаулық  сақтау  клиникалық  медициналық  этика 

мәселелері,  клиникалық  дағдылар  (диагностика,  әрекет  ету,  сӛйлесу,  емдеу  және  аурулардың 

алдын  алу,  денсаулық  сақтау,  ӛзін  қалпына  келтіру,  клиникалық  ойлау  және  мәселені  шешу) 

үнемі  оқып  жетілу  қабілеттілігі,  мамандығы  бойынша  жұмыс  істеу  барысында  ӛзінің  кәсіби 

деңгейін кӛтеру туралы толық, нақтылы ұғынып білуді талап етеді.  



Сапаны көтеру. 

Бітіру  емтиханында  талап  етілетін  білім  мен  дағдыны  біріктіре  отырып,  оны  дипломнан 

кейінгі  медициналық  білім  алуға  қолдану.  Бітірушінің  білімі  мен  дағдысы  туралы  бағалау 

ақпаратын  оқыту    бағдарламасында  зерттеліс  жоспарын  жасауда  кері  байланыс  кӛрсеткіштері 

ретінде  пайдалану ұсынылады.  

Студенттердің білімін бағалау.  

Баға әдістемесі. 

Базалық стандарт.     

Медициналық  жоғары  оқу  орны  студенттерінің  білімін    бағалау  әдістемесін    нақты 

анықтау және оны сипаттау керек. Оның ішіне емтихан тапсыру критериі кіреді.  

Сапаны жоғарылату.  

Әдістеменің  бағалануы  нақты  және  сәйкес  болуы  тексерілу  және  құжат  ретінде  тіркелуі 

керек. Олардың негіздемесі бойынша бағалаудың жаңа әдістері жасалынады.  

 

Білімді  бағалау  әдістемесін  анықтау  барысында  формальды  және  қорытындыланған 



бағалардың  қатынасын  қарастыруға  болады.  Емтихан  санын  және  бағалаудың  басқа  әдістері 

жазбаша  және  ауызша  емтихандардың  салыстырмалы  бағалаудың  нормативті  және  деңгейлі 

бағалауды  қолдану.  Емтихандардың  мамандандырылған  нақты  түрлерін  қолдану.  Мысалы 

нақты құрылымды клиникалық емтихан ӛткізу.  

 

Бағалаудың жаңа әдістемелеріне тәуелсіз емтихан алушыларды тарту енгізіледі.  



Бағалау  мен  оқытудың  ӛзара  байланысы.  (бағалау  мен  оқыту  үрдісінің  ӛзара 

байланысы).  



Базалық стандарт.  

Бағалаудың  ұстанымының  әдістерін  және  жолдарын  оқытудың  мақсатына  қарай  таңдау 

керек. Олар оқу үрдісіне ықпал етуі керек.  

Сапаны жоғарылату. 

Емтихан  ӛткізу  санын,  түрін,  оқу  жоспарының  қажетті  үрдістерінде  түрлі  элементтерді 

интеграциялап оқыту барысында  интеграциялауға  ықпалды болуға тиіс. Аса күрделі қажетсіз 

ақпараттарды алып тастау керек.  

 


 

Ескертулер:   



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Емтихандардың    саны  мен  түрі  бейімделу  барысында  оқыту    үрдісінің    кері  ықпал 

етуінен сақтау керек.  

Студенттердің білімін бағалау барысында медициналық  білім беру жүйесі. Халықаралық 

базалық медициналық стандартқа сай болу керек (Муминов Т.А., Даулетбакова М.И., 2003): 

 

медициналық  білім  беру  сапалы  елдің  дүниежүзілік    білім  беру  жүйесіне  ӛтуіне 



байланысты және дүниежүзілік  қауымдастықтың сұранысына байланысты ӛзгереді. 

 

білім алуға кӛзқарас әлеуметтік экономикалық ресурсқа байланысты болуы «ӛмір бойы 



білім алу» концепциясын жүзеге  асыру арқылы және білім алу адам капиталын қалыптастыру 

құралы ретінде қаралады.  

 

болашақ  дәрігерлердің  басты  біліктілігі  сапалы  медициналық  жоғары  білім  алуына 



байланысты қаралады.  

 

мемлекет  ұсынған  сапалы  қызметі  үшін  әрбір  оқытушы  мен  студент  кәсіптік 



компитенцияның жетістігіне жауапты. 

Стандарттарда  қолға  алынған  зерттемелік  бағдарламалардың  динамикалық  ӛсуі  есепке 

алынуы тиіс.  Стандарттар  ұйымдастыру  құрлысын  зерттеуге  медициналық  жоғары  оқу 

орындарында бағдарламалық үлгі болуға арналған.  

Стандарттың  нақтылығы  медициналық  жоғары  оқу  орындарында  оқу  бағдарламасының 

кӛлемін шектемеу керек.  

 

1.2. АҚШ-тың медициналық білім беру жҥйесі 

 

АҚШ-та  дәрігер  мамандығы  жоғары  тӛленетін  және  жоғары  сұранысқа  ие 

мамандықтардың бірі.  

Америкадағы  дәрігер  –  студенттердің  кӛпшілігі  4  жылдық  колледжді  немесе 

университетті  бітірген  соң  медициналық  мектепте  22  жаста  білім  алуын  бастайды.  Әдетте 

медициналық  мектептің  алғашқы  2  жылында  негізгі  биомедициналық    ғылымдарды    қамтиды 

(анатомия,  гистология,  жасушалық  биология,  биохимия,  физиология,  микробиология, 

фармакология,  патология  және  бихевиоризм).  Үшінші  және  тӛртінші  жылдар  ішкі  аурулар, 

хирургия,  акушерлік  және  гинекология,  педиатрия,  психиатрия,  жанұялық  медицина  немесе 

жалпы  тәжірибе  сияқты  клиникалық  пәндерге  арналған.  Америкалық  медициналық 

мектептерінің түлектерінің 98% резиденттік бағдарламалардың біріне түседі, ол бұрынғы КСРО 

мемлекеттеріндегі клиникалық ординатура және  интернатураға сәйкес.    



 

Тҥсу емтиханы  

Медициналық  мектепте  оқу  американдықтардың  кӛпшілігінің  қол  жетпес  арманы. 

Медициналық  мектепке  түсу  үшін,  талапкердің  аттестатында  биологиядан,  физикадан, 

лабораториялық  физиканы қоса, бейорганикалық  және органикалық  химиядан, математикадан 

жақсы  бағалар болу керек. Зерттеулік жұмыстарға немесе арнаулы бағдарламаға қатысуы және 

де  медицинамен  байланысты,  медициналық  мекемелерде  немесе  жобалардағы  еркін  жұмысы 

жоғары  бағаланады.  Бұлардың  бәрі  жоғары  оқу  орындарының  қабылдау  комиссиясын 

талапкердің дәрігерлік қызметке ӛмірін арнау ниетіне сендіруге үлесін қосады.  

Медициналық  мектепке  алыну  үшін  талапкер  білімінің  кӛпсатылы  бағалануы  бойынша 

ӛтеді:  


1.

 

Medical  College  Admission  Test  (MCAT)  –  тӛрт  тапсырма  кіреді:    физика  мен   



биологиядан      сұрақтар    ауызша      және    жазбаша      жұмыс.  Емтихан    5    сағат      45  минутқа  

созылады. 

Бұл  уақыт   ішінде  талапкерге  дұрыс  жауапты таңдау ғана  емес  сонымен қатар ӛз білімін  

кӛрсету  ұсынылады. 

2.

 

Эссе  бағасы, талапкер неліктен  дәрігер  мамандығын және осы оқу  орнын  таңдағаны 



түсіндіріледі. 

3.

 



Қабылдау комиссиясымен әңгімелесу. 

 

 



 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет