Государственного педагогического


Қолданылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет26/35
Дата07.04.2017
өлшемі2,28 Mb.
#11304
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35

 
Қолданылған әдебиеттер тізімі:  
1.Таубаева  Ш.Т., Лактионова С.Н. Педагогическая инноватика как теория и практика нововведений в 
системе образоввания – Алматы «Ғылым»,- 2001  
2.Ажмурат С.А. Современные технологии воспитателя. –Павлодар:ТОО НПФ «ЭКО», 2004. 
3.Внутришкольное  управление: теория и опыт педагогических  управленческих инноваций /  Под ред. 
Н.В.  Горбуновой.  М.:  Новая  шк.,  1995.  Қазақ  педагогикалық  энциклопедия  сӛздігі.  Республикалық 
баспа кабинеті. Алматы, 1995 
4.Идрисова Б.Қ. Мектепке дейінгі ұйымдардағы әдіскердің жұмысының инновациялық бағыттары. 
«Қазақстандағы мектепке дейінгі білім», 2010-№2.  
 
Аннотация.  В  статье  рассматриваются    особенности  использования    и  классификация 
инновационных технологий в учебно-воспитательном процессе детских дошкольных учреждений. 
Аnnotation.  This  article  discusses  the  features  and  usage  classification  of  innovative  technologies  in  the 
educational process of preschools. 
 
 
ӘОЖ 940.1 
       Қ 53 
ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ЖАҢА ҦРПАҚ ТӘРБИЕСІ 
 
М.И. Қобландина  
№40 гимназия, Тараз қ. 
 
Қазақ  –  ӛнегелі  халық.  Береке  –  бірлікті,  ынтымақты,  елдікті  ту  еткен  ата-бабаларымыз:  «Он 
адам жүрген жерде із қалады, жүз адам жүрген жерде – соқпақ, мың адам жүрген жерде жол қалады», 
деген  ұлағат  қалдырған.  Байыптап  үңілген  жанға  бұл  сӛздің  мәні ӛте  терең.  Халқымыздың  ел  болу 
тарихындағы  Тәуелсіздікті  ойлағанда  КСРО  кӛзге  елестейді.  Бұл  империя  оп-оңай  тізе  бүге  қойған 
жоқ. Ол державаны осыған мәжбүрлеген, кенеттен ұйқы-тұйқы етуге итермелеген себеп-салдар кӛп 
еді.  Сол  күрделі,  әлемдік  тарихта  маңызы  зор  оқиғалардың  бірі  емес,  бірегейі  1986  жылғы  әйгілі 
Желтоқсан  оқиғасы  болды.  Қазақ  жастарының  бұл  наразылық  толқуы  тек  Қазақстан  үшін  ғана 
маңызды болған жоқ, барлық бұрынғы одақтас республикалар үшін шешуші тұтқаға айналды десек 
те болады. Жастарымыздың ӛктем үні азулы да айбынды империяны қатты шошытты, олар бұл оқыс 
іс-әрекеттердің одақта жаппай қолдау тауып, белең алып кетуінен қорықты. Ол солай болуға тиісті де 
еді.  Сондықтан  да  олар  қолда  тізгін  барда  мұның  қанат  жайып  кетпеуіне  күш  салып,  жӛргегінде 
тұншықтыруға тырысты.  
Сол  кездегі  кеңестік  жүйенің  кейбір  идеологтары  айтып  дәлелдеуге  тырысқандай,  бұл 
маскүнемдер мен  нашақорлардың  басын  қосып,  бірігіп  жасаған  ақымақшылық,  есерлік,  даңғаза  іс-
әрекеттер  емес  еді.  Тарих  талабы  алып  келген,  заманы  тудырған  заңдылық  еді.  Осы  тарихи  замана 
талабының сынын қаймықпай кӛтерген халқымыздың аяулы қыз-жігіттері болатын. Бұл біз үшін зор 
мақтаныш сезімін тудырады.  
Тәуелсіздік тарихының жаңа замандағы жарқын беттері осылайша жазылды. Сан ғасырлар бойы 
небір  қасіретті  бастан  кешсе  де,  ақын  Ж.Молдағалиев  жырлағандай,  мың  ӛліп,  мың  тірілсе  де 
мойымаған қазақ халқы ұрпағының бас бостандығы, тәуелсіздігі үшін жан аямай күресті. Осы жолда 
ұлтымыздың аяулы тұлғалары, қайтпас қайсар батырлары жанын қиды. Әрине, олар бұл күнге жете 
алмаса да, ӛздерінің күрескерлік рухын, асқақ арманын болашақ ұрпақ жүрегіне жалғап, алдағы күнге 
үміт  артты.  Міне,  сол  ата-бабаларымыздың  ғасырлар  бойы  кӛксеген  арманы,  аяулы  мұратына  ХХ 
ғасырдың соңына қарай қолымыз жетті десек, сол ақтүйенің қарны жарылған ақжарылқап арманның 
жүзеге  асқанына  да  бүгінде  22  жыл  толып  отыр.  22  жыл  –  тарих  үшін  қас-қағымдай  ғана  уақыт 

 
166 
болғанымен,  тәуелсіз  Қазақ  елі  үшін  ғасырдың  жүгін  арқалаған  кезең  болды.  Иә,  небәрі    22  жыл 
ішінде қазақ халқы бұрын  – соңды кӛз кӛріп, құлақ естімеген жетістіктерге жетті. Әрине, оның бәрі 
бізге оп-оңай келе салған жоқ. Тарихтың таңғажайып сыйы – тәуелсіздікті баянды етуді басты мақсат 
санаған қазақстандықтардың еңбегінің, маңдай терінің арқасында ерен қиындық еңсерілді.  
Еліміздің  саяси  ӛмірі  жаңартылып,  түбегейлі  ӛзгерістер  жасалды.  Экономикамыз  нарықтық 
жолға  түсті.  Халықтың  әл-ауқаты  жаңа  деңгейге  кӛтерілді,  әлеуметтік  салада  жаңа  асулар 
бағындырылды. Мемлекеттік шекарамыз айқындалып, елдің тұтастығы, жердің бүтіндігі қамтамасыз 
етілді. Елбасының кӛрегендігі мен ерік- жігерінің нәтижесінде Қазақстан әлемде тұңғыш рет ядролық 
қарудан бас тартып, Семей сынақ полигонын жабуы бүкіл дүние жүзінің назарын ӛзіне аударды. Осы 
бір  батыл  қадамның  нәтижесінде  мемлекетіміз  тәуелсіздігінің  қауіпсіздігіне  әлемнің  іргелі 
мемлекеттері  кепілдік  берді.  Әлем  елдерімен  терезесі  тең  тәуелсіз  мемлекет  құрып,  ата-
бабаларымыздың  ғасырлар бойғы ұлы арманы мен мақсаты орындалды.  
Сонымен  қатар  Президентіміз  талантты  жастарды  «Болашақ»  бағдарламасы  бойынша 
шетелдерде  оқытуға  жол  ашты.  «Мәдени  мұра»,  «Жасыл  ел»,  «Үш  тұғырлы  тіл»  бағдарламаларын 
жүзеге  асырды.  Осының  барлығы  Елбасымыз  Н.Назарбаевтың  арқасында  келген  абырой.  «Бүгінде 
әлем бес, әрі кеткенде алты ықпалды саясаткерді біледі,  Нұрсұлтан  Назарбаев солардың арасында», 
деп сақа саясаткер Маргарет Тетчэр тегін айтқан жоқ.  
Еуразия  кіндігінде  ұлт  пен  ұлысты  сүттей  ұйытып,  келісім  мен  жарасымның  үлгісін  кӛрсетіп 
отырған  Президент  Н.Назарбаев  мемлекеттігімізді  орнатып,  оны  қалыптастырып,  экономикасын 
реформалап, елін әлемге танытқан дарынды тұлға.  
Қазақ  елінің  тәуелсіздік  алғалы  бергі  жетістіктерінің  барлығы  осы  ерен  тұлғаның  атымен 
байланысты.  Осы  жылдары  тәуелсіз  елдің  рәміздері,  Конституциясы  қабылданып,  Республикамыз 
құқықтық мемлекетке айналды. Тұңғыш  Президентіміз  «Ұлт кӛшбасшысы» деген мәртебелі атқа ие 
болды.  Бұл  еліміздің  жарқын  болашағының  іргетасын  қалыптастырған  тұлғаға  лайықты  құрмет. 
Парижде ӛткен ЭКСПО  Халықаралық кӛрмелер бюросы Бас ассамблеясының шешімімен ЭКСПО  - 
2017  халықаралық  кӛрмесі  Астана  қаласында  ӛтетін  болып  шешіліп,  тӛрткүл  дүние  назарына 
Қазақстанның осы шараны ӛткізу құзырын жеңіп алуы еліміздің әлем алдындағы абыройын тағы бір 
аспандатты. Бұл – Елбасының тағы да бір жеңісі. 
Ел  Президенті  «Назарбаев  университетінде»  «Қазақстан  білім  қоғамы  жолында»  деген 
тақырыпта  интерактивті  лекциясында  «Жас  қазақстандықтар  ұмытпауға  тиісті:  азамат  –  тек  құқық 
қана емес, сондай-ақ бірінші кезекте ӛзің, ӛз отбасың және Отаның үшін ұлы жауапкершілік»  - деп 
атап  ӛтті.  «Сендер,  Тәуелсіз  Қазақстанның  келешегі  үшін  тарихи  жауапкершілік  арқалайтын 
азаматсыңдар. Осы жауакершілікті сезіне біліңдер» - деп Елбасымыз жас ұрпаққа үлкен сенім артты. 
Келешек ұрпаққа туған жері мен елі алдындағы үлкен жауапкершілік жүктеді. Қай  ғасырда болсын 
Ұлт ӛмірін ӛркендетуші саналы да салауатты, ұлтжанды, рухы биік, парасатты ұрпақты тәрбиелеу  – 
қоғам  алдындағы  басты  міндеттердің  бірі.  Елбасымыз:  «Мемлекеттік  егемендік  –  бұл  кез  келген 
халықтың орасан зор әрі аса қымбат ресурсы, жарқын келешек үшін Ел бірлігін сақтау, тәуелсіздіктің 
қадірін ерекше бағалай білу, толерантты болу сияқты маңызды құндылықтарды жас ұрпаққа аманат 
етуінде үлкен мән жатыр» - деп атап кӛрсетті.  
«Терең  білім  –  тәуелсіздігіміздің  тірегі,  ақыл-ойы,  азаматтарымыздың  алдаспаны»  -  деп 
Елбасымыз  қасиетті  Отанымыз  Қазақстанның  болашағы  білім,  ғылым,  инновацияны  дамытуда  жас 
ұрпаққа зор міндеттер жүктеді.  
Жас  ұрпақты  елжандылыққа  тәрбиелеп,  мемлекетіміздің  ӛркендеп  ӛсуіне  жауапкершілік 
сезіміне, бауырмалдылық сезіміне тәрбиелейтін ұлттық  педагогикалық идеялар ӛзге ұлт ӛкілдеріне, 
олардың тіліне, мәдениеті мен ӛнеріне құрметпен қарау қасиетін қалыптастырып, елімізде тыныштық 
мен  бейбітшілікті  сақтауда  аса  құнды  екені  даусыз.  Қазіргі  білім  беру  үрдісі  жас  ұрпаққа  білімді 
ұтымды  пайдалана  алатын  іскер,  білгір  де  білікті  етіп  ӛсіруімен  қатар  оның  адамгершілік  ішкі  жан 
дүниесін,  азаматтық  тұлғасын,  халықтық  қасиеттерін  орнықты  түрде  қалптастыру  болмақ.  Осыған 
орай, қазақ елінің болашағын айқындайтын, оны тұрақты даму деңгейіне кӛтеретін құндылықтардың 
бірі – Жас ұрпаққа Отан сүйгіштік, ұлттық нақыштағы  тәрбие беру. Осы жолда Ұстаздың еңбегі ерен 
болмақ. Жас ұрпаққа саналы білім беріп, ӛзінің педагогикалық қызметі барысында ӛнегелі үлгісімен 
танылатын әрине Ұстаз. Олардың ғылыми-педагогикалық талаптарға сай инновациялық технологияға 
негізделген, сабақ үрдісінің сапасын арттыруға елеулі септігін тигізер себеп  – ол Ұстаздың кәсіптік 
деңгейі.  
Ірі  қоғам  қайраткері  Ахмет  Байтұрсынов:  «Мектептің  жаны  мұғалім.  Мұғалім  қандай  болса, 
мектеп  сондай  болмақшы.  Яғни  мұғалім  білімді  болса,  ол  мектептен  балалар  кӛбірек  білім  алып 
шықпақшы. Сондай болған соң ең әуелі мектепке керегі-білімді, педагогика, методикадан хабардар

 
167 
жақсы оқыта білетін мұғалім» -деп ұстаздың халық ағарту ісінде, жас ұрпаққа тәрбие беруде, жалпы  
еліміздің болашағы алдындағы орасан зор жауапкершілігін айқындап кӛрсеткен.  
Ұстаздық жолды саналы түрде ӛз еркімен таңдаған адам халыққа білім беру мен ӛнегелі шәкірт 
тәрбиелеудің жауапкершілігін сезінуі тиіс. «Ұстаз» деген киелі атты аманатқа алған әрбір адамның ӛз 
мамандығын  жоғары  деңгейде  игеріп,  сапалы  білім  бере  білсе  жас  ұрпақ  алдында  жүзінің  жарқын, 
шынайы  еңбегінің  жемісті  болуына,  әсіресе,  қасиетті  отанымыз  Қазақстанның  ӛсіп-  ӛркендеуіне 
еңбек  сіңірсе  мерейі  үстем,  еңсесі  биік  болары  сӛзсіз.  Сондықтан  ұстаз-  тек  дәріс  беруші  емес, 
сонымен бірге әр оқушы бойына ізгіліктің нәрін сеуіп, болашаққа сенімі мен мықты үмітін ұялатып, 
нағыз  азамат  қалыптастырушы  тұлға.Ұстаз  оқушының  жүрегін,  оның  ішкі  дүниесін  түсіне  білетін 
шебер жан. Қазіргі заманға сай үнемі ізденіс үстінде жүретін ұстаз сабағын жан-жақты түрлендіріп 
ӛткізумен бірге тәрбие мәселесіне де ерекше кӛңіл бӛледі. Мен Тараз қаласындағы алдыңғы қатарлы, 
іргелі  №  40  гимназия  мектебінің  қазақ  тілі  мен  әдебиет  пәнінің  мұғалімі  ретінде  ӛз  сабақтарымда 
теориялық білім беруді тәрбиенің түрлі бағыттары арқылы  жүзеге асыруды, кез-келген тақырыптың 
тӛңірегіне  сәйкес  келер  тағылым  мен  тәлім  жолдарын  таңдап  алып,  түрліше  тапсырмалар  негізінде 
іске асырамын.  
Ӛркениетті  елдің  ӛскелең  ұрпағына  лайық  терең  білім,  тәлімдік  тәрбие  беру,  ұлттық 
дүниетаным сапаларын меңгертіп, ӛзіндік болмысы мен тұлғасын қалыптастыру – осындай ізденістен 
туған жан – жақты ойластырылған қызықты сабақтардан бастау алады.  
Ұлы ұстаз Әл-Фарабидің: «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз 
берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық ӛміріне апат әкеледі»,- деген дана 
пікірі  халқымыздың  тамырын  тереңнен  тартқан  асыл  мұрасы  –  туған  тіліміз  бен  әдебиетіміздің 
рухани  нәрін  жас  ұрпақтың  бойына  сіңірер  ұстаздардың  адастырмас  Темірқазығындай.  Ар  –  ұят, 
парасаттылық,  имандылық,  ақ  ниет,  мәдениеттілік  қасиеттері  адамзат  баласының  бойына  тәрбие 
құдіретімен ғана даритындығы кәміл.  
Қазақтың  үш мерейі  бар. Олар- жері, ұлты,  тілі.  Қазіргі  Қазақ  елінің  мекені  –  жер  иесі,  тілі  – 
тірлігіміздің  тіреуі.  Осы  үшеуі  бабаларымыздың  ұлт-  ұрпағына  қалдырған  аяулы  аманаты.  Қазақ 
тілінсіз  –  қазақ  жетім.  Жер  шарының  түкпір-түкпірін  мекендеген  алты  жарым  миллиард  халықтың 
бетке  ұстап,  беделін  кӛтеретін  мақтанышы,  мәдениетінің  шырайы  –  ұлт  тілі.  Сондықтан  тіл-қазіргі 
кезеңде  аса  кӛңіл  аударарлық  нәрсе,  ұлттық  және  жеке  тұлғалық  дамудың  қалыптасуына  тікелей 
бағыт-бағдар беретін құбылыс.  
Жауын  да  жеңіп,  досын  да  тапқан  осы  қазақ  тілі.  Ұлттың  қорғанышы  да,  ұятымыз  да,  ар-
намысымыз  да  осы  тіліміз.  Біз,  ұстаздар  қауымы,  тілдерді  қолдану  мен  дамытудың  2011-2020 
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сай,  үздіксіз білім беру моделі арқылы қазақ тілін 
оқыту  жүйесін  әзірлеу  және  енгізу  мәселесі  қамтылғанына  ризамыз.  Аталған  құжатта  мемлекеттік 
тілді  оқыту  әдісін  жетілдіру    және  стандарттау,  мемлекеттік  тілді  оқытудың  үдерісін  ынталандыру 
міндеттері алға қойылған. Мұның бәрі қазіргі заманның талабынан туындап отыр. Тіл маманы заман 
талабына  ілесіп  отыруы  үшін  біліктілікті  арттыру  қажет.  Қоғам  үшін  мектеп  білім  мен  тәрбиенің 
ұясы,  келешектің  тағдырлар  тоғысы,  ұрпақтар  сабақтастығының  тірі  куәсі.  Мұғалім  қандай  болса, 
шәкірті де сондай болмақ.  
Адамды адам еткен еңбек пен тәрбие десек, сол еңбекті ұрпағына үйретіп, танымдық, тәрбиелік 
дәстүрлері мен салт-санасын игерту, оны қастерлеуге баулу – біздің міндетіміз. Қазақстан тәуелсіздік 
алған  уақыттан  бері  ұмытыла  бастаған  салт-дәстүрлеріміз  қайта  жаңғырып,  санамызды  оятып, 
ӛмірімізге  зор  ӛзгерістер  әкелді.  Сондықтан  әр  ұстаз  ӛз  сабағын  халық  дәстүрімен  байланыстыра 
ӛткізгені  жӛн  деп  ойлаймын.  Ендеше,  егеменді  еліміздің  ертеңі  жас  ұрпақты  әдепті,  адамгершілігі 
жоғары  болып  ӛссін  десек,  ұлттық  тәрбие  тағылымын  басшылыққа  алып,  халқымыздың  рухани 
байлығын бүгінгі күн талабымен ұштастыра білсек ғана ұлттық тәрбиенің берері кӛп екені даусыз.  
Күн  ӛткен  сайын  Отанмыз  кӛркейіп,  халқымыздың  тұрмысы  артып,  болашаққа  зор  сеніммен 
қараймыз. Қазіргі кезде Қазақстан үшін басты міндеттердің бірі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына 
кіруге ұмтылу болып отыр.   
Қорыта  айтқанда,  Елбасы  Н.Назарбаевтың:  «Дүниеде  тәуелсіз  қазақ  елі  бар.  Әлемде  егемен 
Қазақстан  бар.  Оның  кӛп  ұлтты,  тату,  ынтымақты  халқы  бар.  Қуатты  экономикасы,  сенімді  саяси 
жүйесі  бар.  Ең  бастысы  –  бүгіннен  нұрлы,  бүгіннен  жемісті  болашағы  бар»  деген  сӛздері  әрбір 
қазақстандықтың кеудесіне қуаныш пен шаттық әкеліп, жарқын болашаққа деген сенім ұялатады.  
 
Әдебиеттер тізімі: 
1.Қазақ тілі мен әдебиеті журналы, 2008-2010ж.  №5 
2.Тілім-тірегім, жерім-тұғырым. Д.Нүркеұлы. 

 
168 
3.«Тілдерді  қолдану  мен  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы» 
материалдарынан.   
4.Егемен Қазақстан газеті материалдарынан.  
5.Интернет материалдарынан: Тағылымды тәрбие – сапалы дәріс кӛзі.  
 
Аннотация.  В  этой  статье  рассматривается  о  Независимости  Республики  Казахстан,  и  какую  роль 
сыграл в процессе обретения независимости первый президент Республики Казахстана Н.Назарбаев. 
А также говорится о роли учителя в воспитании молодого поколения. 
Annotation.  This  article  is  about  the  Independent  of  Kazakhstan  and  the  role  of  the  first  President  of 
Kazakhstan  N.  Nazarbaev  in  the  process  of  finding  the  independence.  The  author  shows  the  role  of  the 
teacher in upbringing of the youth of Kazakhstan. 
 
 
ӘОЖ 3989   42/48 
 
ЖАСТАРДЫ ТҦЛҒА РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА  
ҦЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ РӚЛІ 
 
Б.Д. Маханова, Л.А. Тағашбаева 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық 
және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері  негізінде  жеке  адамды 
қалыптастыруға  және  кәсіби  шыңдауға  бағытталған  білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау»  деп 
атап кӛрсетілген.  
Тәуелсіздігімізді алып, ӛркениеттілікке құлаш сермеген бүгінгі таңда адамгершілігі мол,сапалы 
да  салауатты  ұрпақ  тәрбиелеуде  халықтық  тәрбиенің  алатын  орны  ерекше.Қазір  оқу  орындарында 
ұлттық  тәрбиеге  айрықша  мән  берілуде.  «Жастар  біздің  болашағымыз»  дейтін  болсақ,  сол 
жастарымызды ұлтын сүйетін ұлтжанды, Отанын сүйетін патриот, жоғары адамгершілік иесі, ұлттық 
рухы  биік  парасатты  азамат  етіп  тәрбиелеу  үшін  оларға  ұлттық  тәрбие  қажет  екенін  ӛмірдің  ӛзі-ақ 
кӛрсетіп  отыр.  Сабақ  үрдісінде  оқушыларға  тұрмыстық  тәрбиеге  байланысты  салт-дәстүрлер,  бала 
дүниеге  келгеннен  ӛскенге  дейінгі  аралықта  қолданылатын  салт-дәстүр,  ырым-тыйымның  рӛлі, 
сәлемдесу  әдебі,  сыйластық,  қонақ  күту,  ас  ішу  әдебі,  инабаттылық  дәстүрлері,  сӛйлеу  әдебі  және 
киім  кию  тәрбиесі,  ұлттық  тәрбиедегі  еңбек  тәрбиесінің  орны,  қазақ  халқының  озық  мәдениет 
үлгілері мен олардың тәрбиелік мәні сияқты ұлттық құндылықтарымызды оқытуымыз керек.  
Ұлттық тәрбиенің мақсаты – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің ӛркендеуіне үлес 
қоса  алатын  ұлттық  құндылықтар  мен  жалпы  адамзаттық  құндылықтарды  ӛзара  ұштастыра  алатын 
ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.  
Ұлттық тәрбиенің міндеті – мәдени-әлеуметтік ӛзгермелі жағдайдағы ұлттық тәрбиенің діңгегі – 
ана  тілі  болып  қалатынын  негіздеу,  қазақ  тілі  мен  тарихын,  мәдениеті  мен  ділін,  салт-дәстүрі  мен 
дінін  құрметтеуде  жастардың  ұлттық  интеллектуалдық  мінез-құлқын  қалыптастыру,  бүгінгі  қазақ 
елінің  индустриалық-инновациялық  жүйесінің  дамуын  қамтамасыз  ететін  парасатты,  ұлттық 
сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу, білім және мәдени-рухани тұрғыда басқа ӛркениеттермен 
бәсекеге  қабілетті  болуын  қамтамасыз  ету,  қоғам  мен  адам,  адам  мен  табиғат  қарым-қатынасының 
ӛркениеттілік сана-сезімін ұлттық рухта қалыптастыру.  
Халқымыздың сан ғасырлар бойы ұстанған ұлттық салт-дәстүрлер мен рухани құндылықтарын 
әлем  елдерінің  озық  дәстүрлері  мен  озық  тәрбие  үлгілерімен  байытып,  жаңа  тәрбие 
тұжырымдамаларын  жасауда.  Осы  арқылы  білім  беру  ісі  мен  ұлттық  тәрбие  бірлігіне  қол  жеткізіп, 
жаңа ғасырдың жаңа сипаттағы интеллектуалды ұрпағын қалыптастыру ісі басты нысанаға алынып 
отыр.    Ендеше,  «Ел  боламын  десең,  бесігіңді  түзе»  демекші,  ел  болып,  ұлт  болып  қаламыз  десек, 
«Ұлттық тәрбие» балабақшалар мен мектептерден бастап қолға алғанымыз жӛн.  
Қазақ  халқының  ұлттық  тәрбиесі  –  әлемде    теңдесі  жоқ  тәрбие.  Рухы  асқақ,  іргесі  берік  ел 
боламыз десек, ең бастысы, ұрпақ тәрбиесі мен біліміне сергек қарауымыз қажет. Бұл жӛнінде Абай 
атамыз:  «Балаға  мінез  үш  алуан  адамнан  жұғады:  бірінші  –  ата-анасынан,  екіншісі  –  ұстазынан, 
үшіншісі  –  құрбысынан»,  –  деген  екен.  Ұлттық  тәрбие  атауын  алғаш  әдеби-педагогикалық 
оқулықтарға  енгiзген  М.  Жұмабаев  болды.  Ол  педагогиканың  ұлттық  тәрбиеден  бастау  алатыны 
жайлы айтқан. «Педагогика» атты еңбегінде былай дейді: «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, кӛп 

 
169 
буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір ұлттың баласы ӛз ұлтының арасында ӛз 
ұлты  үшін  қызмет  ететін  болғандықтан,  әрбір  тәрбиеші баланы  сол  ұлт  тәрбиесімен  тәрбие  қылуға 
міндетті»  
Қай заманда да  адам баласы үшін құнды да бағалы, мәнді де маңызды дүниелер болған. Оған 
ұлттық құндылық жатады. Ұлттық құндылық дегеніміз- ұлттың ұлт болып қалыптасып дамуы үшін 
ұлттық  санадан  кейінгі  маңызды  орын  алатын  асыл  мұра.  Ұлттық  құндылыққа  –  ұлтымыздың 
мәдениетін, әдебиетін, ӛнерін, музыкасын, спортын жатқызуға болады.  
Ұлттық  тәрбиенің  кӛздері:  фольклор,  халық  ауыз  әдебиеті,  ұлттық  әдебиет,  әдет-ғұрып,  салт-
дәстүр,  ұлағатты  қағидалар,  шешендік  сӛздер,  ӛнеге-ӛсиеті  бар  мақал-мәтелдер,  туған 
топырағымызда дүниеге келген ойшыл ғұламаларымыздың еңбектеріндегі тәрбие қағидалары болып 
табылады.  Ұлттық  тәрбие  –  ұлттық  сана-сезімі  жоғары  болашақ  жастарды  тәрбиелеуге  негізделген 
білім беру жүйесінің құрамдас бӛлігі.  
Міне,  бұл  орайда  ұлттық  салт-дәстүрлерді  үйрету  сабақта  және  сабақтан    тыс  тәрбие  тәрбие 
сағаттарында  кӛрсету  үрдіске  айналып  келеді.  Еліміздің  ертеңін  сеніп  тапсыратын  отансүйгіш, 
еңбекқор  ұрпақ  тәрбиелеу  үшін  аянбай  тер  тӛгуіміз  қажет.  Бүгінгі  таңда  ғасырлар  қойнауында 
қалыптасқан  ұлттық  тәрбиені,  озық  ӛнегелі  дәстүрлерді,  адамгершілік  асыл  қасиеттерді  жастар 
бойына қалыптастыруда, оны ұтымды пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне айналып отырғаны 
даусыз.  Сондай-ақ,  ұлттық  мәдениеттің,  әдебиеттің,  тілдің,  халықтық  педагогиканың  тағдыры  мен 
болашағы  да  мектептегі  жас  ұрпақ  тәрбиесіне  байланысты.  «Отбасы  адамның  ӛте  маңызды,  ӛте 
жауапты ісі. отбасы ӛмірді кемеліне келтіреді, отбасы бақыт әкеледі, бірақ әрбір отбасы, ең алдымен 
мемлекеттік  маңызы  бар  зор  іс  болып  табылады»,-  деп  анықтама  берген  А.С.  Макаренко  болатын. 
Яғни,  отбасы  –  қоғамның  маңызды  буыны  және  ӛзінше  бір  кішігірім  ұжым.  кӛп  ұлтты 
мемлекетіміздің  негізі  осы  шағын  ұжымдардан  қаланады.  осы  жағынан  кез  келген  отбасы  ӛзін 
қоғамның бір бӛлігі деп түсінеді. Отбасы тәрбиесінің ұлттық ерекшеліктері; туыстық қарым-қатынас, 
жеті  ата  туралы  түсінік,  перзенттік  парыз  бен  қарыз,  ұлттық  намыс,  сана-сезім,  отансүйгіштік, 
еңбексүйгіштік қасиеттер ұлттық тәрбиенің негізгі бағыттарына жатады.Тұрмыс – салтқа байланысты 
туған  әдет-ғұрыптар  мен  салт-дәстүрлердің,  бәрінде  халықтың  арман-тілегі,  ой-пікірі,  келешек 
ұрпаққа айтар ӛсиеті кӛрініс беріп отырады. 
Тәрбиедегі басты бағыт делінген тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: ―Әрбір адам ең алдымен ӛз 
халқының перзенті, ӛз Отанының азаматы болу керек екенін, ұлттық болашағы тек ӛзіне байланысты 
болатынын  есте  ұстауға  тиіс.  Оның  осындай  тұжырымға  тоқталуына  ұлттық  әдет-ғұрыптар  мен 
дәстүрлер  кӛмектеседі,  солар  арқылы  ол  жалпы  азаматтық  мәдениетке  аяқ  басып,  ӛз  халқының 
мәдени  игілігін  басқа  халықтарға  жақын  да  түсінікті  ете  алады.  Сондықтан  әрбір  ұрпақ  ӛз  кезімен 
ӛткеннің  тағдыры  мен  талаптарын,  объективті  факторлар  ретінде  ұсынып,  сол  арқылы  ұрпақты 
ӛмірге  даярлап,  оларды  жинақталған  бай  тәжірибе  негізінде  тәрбиелей  отырып,  ӛзінің  ата-
аналарының  рухани  мұрасын  игере  түсуі  керек‖  екені  айтылған.  Қазіргі  кезеңдегі  саяси, 
экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы, тұрмыстағы күйзеліс, ұлтаралық қатынастардың шиеленісе 
түсуі,  адамгершілік  құндылықтардың  құлдырауы,  білімге,  адал  еңбекке  деген  ынтасының  азаюы, 
отбасын құруға жауапкершілікпен белсенді қарамауы, зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің бел алуы 
т.б. мәселелері жастар тәрбиесіне жаңаша қарауды талап етіп отыр. Сонымен қатар, қазақ халқының 
әріден  келе  жатқан  мәдениетін  және  білім,  тәлім-тәрбие  беру  жүйесінің  негіздерімен  жан-жақты 
танысу  бүгінгі  күннің  басты  бағдары,  талабы  десек  те  болады.  Кӛне  заманнан  келе  жатқан  таным-
түсінік, әдеп-тағылымдарын ұғыну, білу және ӛмірге үйлесімдерін қажетке жарату – жастардың туған 
халқына деген құрметінің артып және ӛнегенің рухани түлей түсуіне ықпал етеді. 
Ұлттық салт – дәстүрлер тарихи кӛне үрдіс.Ӛйткені олар халықтардың тіршілік кәсібіне, наным 
–  сеніміне  байланысты  туып,  қалыптасатын  ұрпақтан  ұрпаққа  ауысып  жаңарып  отырған,  ұлттық 
болмыс  адам  мінезінен,  іс  әрекетінен  ерекшелене  кӛрінетін  құбылыс  екені  .  және  салт-дәстүрдің 
ӛміршеңдігі  туралы  педагогика  ғылымының  докторы,  ғалым-педагог  С.Қалиев  ӛз  зерттеулерінде 
«Әдет-ғұрып замандар бойы сыннан ӛтеді. Ӛз дәуірінде ардақталып, ата-бабадан әулетке мұра болып 
ауысып,  рудан  руға  ,  ұрпақтан-ұрпаққа  жетеді.  Олар  халықтың  сыртқы  бейнесі  болып  табылады. 
Онсыз халық бет әлпетсіз бейне, болымсыз тас мүсін тәрізді…» деп кӛрсетеді.Қазақ халқының салт-
дәстүрлерін сақтағанда ғана мынадай нәтижеге қол жеткізуге болады: 
 
Жастардың танымдық қабілетін жетілдіреді;    
 
Ұлттық тәрбие арқылы адами қасиеттерді қалыптастырады; 
 
Ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелейді; 
 
Шығармашылық қасиеттерін оятады; 
 
Данышпандық кӛреген қасиеттердің дамуына жол ашады.  

 
170 
Ұлттық  тәрбие  барысында  ұлттық  сананы  қалыптастыру  ең  маңызды  шарттардың  бірі  десек 
қателеспейміз.  Қазіргі  жаһандану  кезіндегі  Батыс  ӛркениетінен  біздің  алатынымыз  да  бар,  ысырып 
тастайтын тұстарымыз да бар. Алатын тұстарымыз қатарына батыстың технологиялық жетістіктерін, 
экономикалық  ӛндірісті  ұйымдастыру  тәжірибелері  мен  ғылыми-техникалық  мәдениетін  қабылдау 
сияқтыларды атауымызға болады.  Батыстың білімі,  ғылымы, техникасы, технологиясы, біздер үшін 
ӛте қажет десек те, Батыс ӛркениетіне шамадан тыс еліктеушілік – жақсылықтың нышаны емес. 
Қазақтың айтулы қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай былай дейді: «Ұлттық мәдениеттен жұрдай 
рухта  тәрбиеленген  ұрпақтан  халқымыздың  қажеті  мен  мүддесін  жоқтайтын  пайдалы  азамат 
шықпайды». Яғни елдің туын кӛтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл бетбұрыс жасаған 
бүгінгі  таңда  адамзаттық  игіліктерді,  халқымыздың  ғасырлар  бойы  армандаған  мәдени-рухани 
мұрағаттары  мен  ұлттық  тәлім-тәрбие  саласындағы,  білім  жүйесіндегі  ізденістерін  кӛрсету  –  басты 
міндетіміз.  Ұлы  бабамыз  Әбу  Насыр  әл-Фараби:  «Адамға  біліммен  қатар,  тәрбие  берілуі  керек, 
тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы», – деген екен. Ұрпақ тәрбиесі ежелден қалыптасқан 
халқымыздың  жақсы  дәстүрлерін  оқып  үйрену,  ӛнеге  тұту,  жас  ұрпақты  ізгілікке  баулу  үлкен 
жауапкершілікті  талап  етеді.  Ұлттық  тәрбиенің  құдыретін  қанша  айтсақ  та,  түгесу  мүмкін  емес. 
Осындай ұлы тәрбие ізгіліктері бала  кезіңнен бастау алмаса, кейін ӛте қиынға соғатыны – дәлелдеуді 
қажет етпейтін ақиқат.  
Менің  ойымша,жастардың  ұлттық  тәрбиемен  сусындауы-  олардың  қазіргі  қоғамымызда 
кездесетін  жат  қылықтардан  аулақ  болуларына  үлкен  әсері  бар.Теледидар,ғаламтор  арқылы  жастар 
арасында кездесетін зорлық-зомбылық әрекеттерді кӛріп жүрміз.Ұлттық дәстүр арқылы тәрбие алған 
жастар  бейәдеп  әрекеттерге  бармайды.Сондай-ақ  ұлттық  тәрбиені  бойына  сіңірген  жастар  жат 
қылықтардан жолдастары мен достарының да алыс болуға шақырады. Тарих кӛші жылжып,заманның 
талабы,адамдардың  қажеттілігі  ӛзгерсе  де,ата-бабамыздың  рухы  сақталған  ұлттық  тәрбие-барлық 
тәрбиенің  бастауы.  Жас  ұрпаққа  ұлттық  тәрбие  берудің  негізгі  бағдарлы  идеялары  еліміздің 
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» халыққа жолдауында былай деп жазылған: «Толық 
ӛркениетті ел болу үшін алдымен ӛз мәдениетімізді, ӛз тарихымызды боиымызға сіңіріп, содан кейін 
ӛзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жӛн». Олай болса, басты мақсат – жас ұрпақты ұлттық игіліктер 
мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет