Государственного педагогического


Кесте 1. Кӛкӛніс тҧқымының ӛнгіштігін және ӛну энергиясын анықтау ҥшін қажетті уақыт



Pdf көрінісі
бет34/35
Дата07.04.2017
өлшемі2,28 Mb.
#11304
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35

Кесте 1. Кӛкӛніс тҧқымының ӛнгіштігін және ӛну энергиясын анықтау ҥшін қажетті уақыт 
(тәулікпен) 
Кӛкӛніс дақылдары 
Ӛну энергиясы 
Ӛнгіштік 
Жуа (барлық тҥрлері) 

12 
Сәбіз 

10 
Қияр 


Қызан 

10 
Шалғам 


Укроп-аскӛк 
10 
21 
 
Осы  кӛрсетілген  мерзімнен  (тәулік)  соң  ӛніп  шыққан  тұқымдарды  санап,  шығарып  тастайды. 
Егер 100 тұқымнан 80-і ӛніп шықса — оның ӛнгіштігі 80% дейміз. Ӛнгіштік 40-60% дейін тӛмендесе, 
онда себу мӛлшерін кӛбейту қажет. Егу сапасы бойынша тұқымдар 2 класқа бӛлінеді (2-кесте). 
 
Кесте 2. Кӛкӛніс дақылдарының егу сапасының сипаттамасы  
Дақыл  класс  ӛнгіштігі, 

1000 тҧқымның 
салмағы, г. 
тҧқымның себу 
тереңдігі, см 
тҧқымның себу 
мӛлшepi, г/м
2
 
Жуа 

80 
2,8-3,7 
2-3 
8-10 
 
II 
60 
 
 
 
Қияр 

70 
1,3-1,5 
1,5-3,0 
6-7 
 
II 
45 
 
 
 
Қызан 

85 
2,8-3,3 
1,5-2,0 
2-3 
 
II 
65 
 
 
 
 
Себу  үшін  тұқымның  I  класын  пайдаланған  жӛн.  Тұқымның  сапасын  арттыру  үшін  себу 
алдында  алдын-ала  мына  дайындықтар  жүргізіледі,  яғни  тұқым  бойында  мына  процесстер  жүруі 
қажет: тұқымдарды ipiктey, зарарсыздандыру, су сіңіп бӛрту, ӛндіру, шынықтыру. 
Қаулаған  және  біртекті  кӛктеулер  алу  үшін  тұқымдарды  іріктейді.  Ipi  тұқымдарды  қолмен 
сұрыптап  алады,  ал  жарақаттанғандарын  немесе  табиғи  түсін  жоғалтқандарды  шығарып,  алып 
тастайды. Орамжапырақтың тұқымдарын 1,25–1,3 мм тесіктi елеуіштен ӛткізіп іріктейді. Бipaқ ең ipi 
тұқымдар тұрақты және толық жақсы пiciп жетілген бола бepмейді. Сондықтан тұқымдарды су және 
тұздың  ерітіндісіне  салып  іріктейді.  Қызан,  шалғам  тұқымдары  үшін  5%-тік  астұзының  немесе 

 
226 
аммиак  селитрасының  ерітіндісін  қолданады.  Қиярдың  тұқымына  аталған  epiтiндiлepдiн  3%-тiгiн 
қолданады. Бұл ерітінділерде тұқымдарды 5-6 минут ұстайды, қалқып шыққан тұқымдарды шығарып 
тастайды, ceбeбi олардың ӛнгіштігі жойылған немесе нашар. Ал ерітіндіге батқан тұқымдарды сумен 
жуып,  t  –  40°С  кeптipiп,  себуге  әзірлейді.  Тұқымдарға  саңырауқұлақ  және  вирус  ауруларын 
жұқтырмау үшін және зиянкестердің таралуын болдырмау үшін оларға зарарсыздандыру шараларын 
жүргізеді.  
Қиярдың  тұқымдарын  астаушыққа  салып,  жұқалап  жаяды,  одан  соң  духовкаға  3-4  сағатка 
қояды. Онда t – 50-60°С-ға дейін қыздырады. t-ны біртіңдеп кӛтереді: алғашқы t – 15-20°С болса, 1-2 
сағаттан  кейін  t-ны  алдағы  кӛрсеткен  денгейге  дейін  кӛтереді.  Тұқымды ретімен  араластырып  тұру 
қажет. Қызан тұқымын себер алдында калий мырыш қышқыл  0,1 % ерітіндісінде, борқышқылының 
0,02 % ерітіндісінде және мыс күкірт қышқылының 0,01 % ерітіндісінде дәрілейді. Әдепкіде 15 мин 
ерітінділерде тұқымды ӛңдейді, одан соң 5-10 мин оны таза сумен жуады, кептіреді, соңынан себеді. 
Тұқымдарды бөpimmipy және көктету. Дәкеден тігілген қалташықтың 2/3 кӛлеміне тұқымды 
салып, суға бастырады. Тез арада кӛктейтін тұқымдарды 12 сағат, ал баяу кӛктейтін тұқымдарды 24 
сағат бойы ұстайды. Суыққа тӛзімді тұқымдарға айналадағы t – 15-18°С, ал жылы сүйгіш тұқымдарға 
t – 18-20°С қажет. Бӛpттipy кезеңінде суды 3-4 рет алмастыру қажет, ceбeбi онда оттегі болуы керек. 
Тұрып  қалған  ескі  судағы  еріген  оттегін  тұқым  пайдаланып  қояды.  Содан  кейін  тұқымды  пленкаға 
тӛгіп  жаяды,  бетін  кенеп  қаппен  немесе  брезентпен  жауып,  t  –  20-25°С  қараңғы  жерде  кӛктеп 
шығуына  дейін  ұстайды.  Тұқымды  қайта-қайта  араластырып  тұрады.  Кӛктеулердің  ұзындығы  1,5-2 
мм-ден  аспау  керек.  Мұрты  шыққан  тұқымдарды  желге  қақтырып  себеді.  Қиярдың  және 
орамжапырақтың тұқымдарының кӛктеу мерзімі шамамен 1-2 тәулік, қызанның – 2-3, ал сәбіздің 3-5 
тәулікке  тең.  Кейде  тұқымдардың  бӛртуін  микроэлементтерімен  немесе  ӛсу  стимуляторымен 
ӛңдеулерін  бipгe  жүргізген  жӛн.  Мысалы,  мына  мӛлшердегі  микроэлементтермен  ӛңдейді:  калий 
мырыш  қышқылы  0,5-1  %,  мыс  күкірт  қышқылы  0,001-0,005  %,  бор  қышқылы  0,05-0,5%,  натрий 
кӛмір  қышқылы  0,5-1  %.  Өсу  стимуляторлардан  мына  ерітінділер  қолданылады:  0,03-006  %-тік 
гетероауксин,  0,001-0,01  %-тік  натрий  ғұматы.  Бұл  ерітінділерді  t  –  40-50°С-ге  дейін  жылытылған 
суда  дайындайды.  Ағаш  күлінің  су  ерітіндісін  пайдалануға  болады:  1  шелек  суға  160-200  г.  ағаш 
күлін  араластырып  2  тәулік  бойына  тұндырады.  Содан  кейін  осы  тұнбаның  4-6  бӛлігіне  1  бӛлік 
тұқымды ылғалдандырады, кептіреді, сосын себеді.  
Тұқымды  шынықтыру.  Ылғалдандырылған  тұқымдарды  t  минус  1-3°С  2-3  тәулік  бойына 
ұстайды, сосын себеді және осы тұқымдарға ауыстырылған t-лар қолданады: 20-30 сағат мерзімінде – 
18-20°С,  ал  50-70  сағат  бойына  минус  1-3°С.  Шынықтыру  кезінде  тұқымдарды  араластырып 
отырады, кеуіп кетуден сақтайды. Осы шынықтыру кезде тұқымдардың біршамасы ӛнгіштігін жойып 
алады, сондықтан себу нормасын артығынан алған жӛн. 
Тұқымдарды  сақтау.  Тұқымды  зығыр  талшығынан  жасалған  қапшықтарда  –  2-ден  +  12°С 
дейінгі  температурада  және  ауаның  ылғалдығы  40-тан  50%  дейінгі  аралықта  сақталса  олардың 
ӛнгіштігі  ұзак  уақыт  сақталады.  Мысалы:  басты  пияз  (жуа),  cәбіз,  аскӛк-укроп,  ащы  бұрыш 
тұқымдарының ӛнгіштігі 2-3 жыл, орамжапырақ, баклажан 4-5 жыл, қияр, асқабақ 6-8 жыл, шалғам, 
тұрып 4-6 жыл, қызан 4-6 жыл сақталады. 
Көшеттерді өcipy. Кӛшет арқылы ӛcipy тәсілі ӛсімдіктердің ӛcyi мен дамуын  25-45-тен 60-65 
тәулікке дейін жылдамдатады. Кӛшеттерді ӛcipy мерзімі мен оның ӛcipy технологиясына байланысты 
кӛшеттер ерте, орта және кеш мерзімді кӛшеттерге бӛлінеді. Ерте кӛшеттерді құмырада дайындайды, 
ал орта және кеш кӛшеттерді құмырасыз әдіспен дайындайды. Тұқымды жүйекке себеді, содан кейін 
ӛніп шыққан кӛктеулерді құмыраға ауыстырып егеді (пикировка) немесе тұқымды құмыраға тікілей 
себеді.  Жылы  жайда  іске  қосар  алдын  ала  қажетті  кӛшеттердің  санын  анықтау  керек.  Кӛшеттердің 
жалпы санын нақтылы қажетті кӛшеттерден 10-15% артығымен ӛcipeдi, ceбeбi бірсыпыра кӛшеттер 
орын ауыстырып отырғызғанда (пикировка жасағанда) тіршілігінен айырылады  
Тәттібұрыш.  100  г  жас  жемісінде  270-380  мг  С  дәрумен,  9-23  мг  каротин,  450  г  дейін  Р 
дәрумені  болады.  Ол  қызаннан  гӛрі  жылы  сүйгіш  кӛкӛніс.  Тұқымы  t-15-18°C  кӛктейді,  t  20-25°С 
оның гүлдері ӛсіп дамйды, 110°С тӛмен болса, ол ӛсуін тоқтатады. Жарықты ӛте сүйгіш. 
Егер жарық жеткіліксіз болса жыпырақтарымен гүлдері түсіп қалады. Құрғақшылыққа тӛзімді, 
бірақ гүлдеген және жемісі толысу кезеңінде бұрышты жиі суарған жӛн. Біз жылыжайда "Ласточка" 
іріктемесін ӛсірдік. 
Көшет  өсіру.  Себуге  дейін  бұрыштың  тұқымын  ас  тұзының  5%  ерітіндісіне  салады.  Оған 
батқан ауыр тұқымдарды сұрыптап алады, суға жуады.  1% калий перманганаты ерітіндісіне  15 мин. 
уақыт  дәрілейді,  соңынан  ағынды  суға  жуады.  Тұқымды  микроэлемент  немесе  ӛсу  заттарының 
ерітіндісіне  жібітеді.  Сонында  Тұқымды  жәшікке  немесе  диаметрі  6-8  см  құмыраға  0,6-1,2  см 

 
227 
тереңдікке шашып себеді. Құмырадағы топырақ қоспасы 2 бӛлік боз немесе егістік топырақтан және 
1  бӛлік  қарашіріктен  тұрады.  Тұқым  кӛктегенде  күндізгі  t  23-26°С,  ал  түнгі  18-19°С  болуы  керек. 
Кӛшеттерді  2-3  рет үстеп  қоректендіреді.  1-2  жапырақ  шыққанда  бірінші  рет үстеп  қоректендіреді. 
Ол үшін 1 л  суға  1 г мочевина, 4-5  г суперфосфат, 1-1,5  г калий тұзын ерітеді. 10-14 күннен кейін 
екінші рет үстеп қоректендіреді.  Мұнда фосфордың мӛлшерін  2 есе арттырады. 1 л ерітіндіні 10-12 
ӛсімдікке жеткізеді. Әр үстеп қоректендіруден кейін ӛсімдіктерді таза сумен суарады. 6-8 жапырақтар 
және 1-ші гүл пайда болғанда кӛшеттерді суарылған ашык жерге стаканчигімен немесе құмырасымен 
егеді. 
Ӛсімдіктерді күту тұрақты суару және үстеп қоректендіру болып табылады. Кӛшіріп тіккеннен 
10-14 күн ӛткесін толық минералды тынайтқыштармен алғашқы үстеп қоректендіреді. 
Мұнда  1  л  суға:  1  г  мочевина,  2  г  калий  хлориді,  3  г  суперфосфат  немесе  4  г  нитрофосканы 
ерітеді.  Осы  ерітіндінін  0,2-0,3  л  мӛлшерін  1  ӛсімдікке  береді.  Келесі  үстеп  қоректендірулерді  сол 
қоспалармен дайындалған ерітіндіні 2 аптадан кейін береді. Аналық ұрықтанғаннан кейін 30-40 күнде 
жеміс пісіп жетіледі. 
 
Кесте 3. Шамамен алғандағы 1 м
2
 жабық жердің кӛлемінде ӛсірілетін кӛшеттер саны 
Ӛсірілетін орын 
қызан 
қияр 
Шынылы жылыжай 
3,0-4,5 
қысқа жемісті 4-5 ұзын жемісті 1,5-2,5 
Күзде жылы жайдағы әр 1 м

жерге 24-27 кг қара шipiк шашады және топырақтың беткі қабатын 
тегістейді.  Содан  кейін  жерді  2  рет  суарады,  сонда  арам шӛптер  кӛктеп  шығады,  сол  кезде  оларды 
құрту үшін топырақты қопсытады. 
Қызанның  құмырада  ӛcipiп  ерте  кӛшеттерін  алу  үшін  кӛктеулерді  пикировка  жасайды. 
Тұқымдарды 25 ақпан  - 5 наурыз аралығында себеді. Кӛктеулерді жылы жайда ӛcipeдi. Кӛлемі 1 м
2
 
жерге 8-10 г. тұқым себеді. Себу терендігі 5-2 см, қатар аралығы 3 см. Кӛлемі 1 м
2
 жерде 2000-2200 
кӛктеулерді ӛcipeдi. Тұқымдар толық шығып 18-20 тәуліктен кейін жылы жайға кӛшipiп тігеді, яғни 
пикировка жасайды. Ерте кӛшеттерді мӛлшері 10 х 10 см құмырада ӛcipeдi. 1 м

жердің аумағына 100 
ӛсімдік ӛcipeдi.  
Қызан  кӛшетіне  арналған  құмырадағы  қоспалардың  құрамы  мынадай:  қара  шipiк  5-8  бӛлiк, 
бақша  топырағы  –  1-бӛлік;  жеңіл  топыраққа  –  5  бӛлік,  ал  ауыр  топыраққа  –  8  бӛлік  қара  шipiгi 
жеткілікті.  Кӛктеулердің  шығуына  дейінгі  ауаның  t  –  23-25°С,  шыққан  кезде  бip  апта  бойы  t  –  13-
15°С, одан әpi қарай күн ашық кезде t – 21-23° C, күн бұлттанған кезде 17-19°С; түнде – ӛcipy кезеңі 
бойына 7-9°С. Топырақтың t-сы кӛктеулердің шығуынан бастап алғашқы eкi апта бойы 15°С, кейін – 
13°С,  күндіз  18-20°С  болуы  керек.  Ауаның  ылғалдылығын  кӛшеттер  ӛсірy  мерзімінде  60-65  % 
аралығында ұстау қажет. Сондықтан оларды таңертеде суару қажет, одан соң жылы жайды желдету 
керек. Кӛшеттерді нығыздалған қара шipік топырақ құрамдық құмырада ӛсіргенде 1-2 суару қажет, 
одан  соң  жылы  жайды  желдету  керек.  Кӛшеттерді  нығыздалған  қара  шірік  топырақ  құрамдық 
құмырада ӛсіргенде 1-2 суару қажет. Суару мӛлшері 20 л/м
2
 . Үш рет үстеп қоректендіруді суарумен 
ұштастырады. Үш жапырақ түзілгенде бірінші рет үстеп қоректендіреді. 1 м
2
 жерге шаққандағы үстеп 
қоректендірудің  мӛлшері  және  құрамы:    5  г.  аммиак  селитрасын,  40  г  суперфосфатын,    15  г 
күкіртқышқылын  10  л  суға  ерітеді.  Екінші  үстеп  қоректендіруді  10  тәуліктен  кейін,  ал  және  10 
тәуліктен  кейін  үшінші  үстеп  қоректендіруді  жүргізгенде  тыңайтқыш  мӛлшерін  2  есе  артығымен 
береді.  Ycтeп  қоректендіруден  кейін  жылы  жайды  желдетеді.  Қызанның  ерте  кӛшеттерін  60-65 
тәуліктен кейін шығарып тiгyгe дайындайды. 
Ол үшін кӛшеттерді 5 тен 10 кг/м
2
 дейін қара шipiк берілген үлескіге шығарып тігеді. Шығарып 
тігу ерте мерзімде (сәуірдің соңы - мамырдың басы) болғандықтан үсікке қарсы шаралар қолданылуы 
қажет. Олар мына шаралар: түтін салу, жауындату, қағаздан жасап кӛктеулерге қалпақ кигізу немесе 
пленкамен жабу т.б. 
Орта мерзімде пicemiн аққауданды орамжапырақтың көшеттері. Бұл кӛшеттерді шығарып 
тiгy  (пикировка)  жасамай-ақ  жылы  жайдың  жеріне  eгiп  ӛсірeдi.  25  наурыз  –  5  cәyip  аралығында 
себеді. 3-4 г тұқымды 0,5-1 см тереңдікке кӛлемі 1м
2
  жерге  ceбeдi.  Бipiншi  нақтылы  жапырақ  пайда 
болғанда  алғашқы  арамшӛпті  жою  жұмысын  5-6  см  тереңдікке  жүргізеді  және  ӛскіннің  түбіне 
топырақ үйеді. Жұлынған ӛскіндерді жылы топыраққа мына схема 6 × 5 см - бойынша кӛшipiп тігеді. 
Егер жылы жайда ӛcipiлeтiн ӛскіндер үзілмейтін болса, онда 1 мг жерге 2 г тұқым себіледі.  Мұнда 
қатар аралық кең (12 см) болғандықтан 1 м
2
 270-280 ӛсімдік алуға болады. 
Орта  мерзімде  пiceтiн  орамжапырақты  ерте  пісетін  орамжапырақтан  гӛpi  жоғары  t  ӛcipeді. 
Сондықтан кызып кетпеу үшін жылы жайды желдетіп тұру жӛн. Ӛсімдіктерді ӛсу мерзімінде 2 рет 
суарады. Суару мӛлшері 15-18 л/м
2
 35-40 тәуліктен кейін ӛскіндерді ашық жерге кӛшipiп тігеді. 

 
228 
Көшеттерді  шынықтыру.  Ашық  жерге  кӛшіріп  тiгyгe  10-12  тәулік  қалғанда  кӛшеттерді 
шынықтырады.  Ол  үшін  жылы  жайдың  ауасын  тазартады,  t-ны  тӛмендетеді,  суарады  және  үстеп 
қоректендіруді  тоқтатады.  Ерте  кӛшеттердің  егістікке  кӛшipiп  тiгyгe  7-10  тәулік  қалғанда,  ал  орта 
мерзімді кӛшеттердің кӛшipiп тігуіне 5-6 тәулік қалғанда жылы жайдың тӛбесіндегі әйнектерінен 30 
%-ке дейінгі кӛлемінен түнге қарай аламыз. Шынықтыру кезінде ӛсімдіктер орналасқан аймағының t-
сы жылы жайдың сырткы аумағындағы t-нан 1°С-дан аспауы керек. Егер ауа райының t-сы тұрақты 
тӛмендей  берсе, онда  күндіз  t  8-12°С  тӛмен,  ал  түнде  t  2-3°С  тӛмен  болуы  қажет.  Ауаның  қозғалу 
жылдамдығы  жылы  жайдың  iшiндeгici  сыртымен  бірдей  болуы  керек.  Ол  үшін  ауаны  жаңғыртып 
тұру қажет. Сонымен қатар күнде кемінде 2-3 сағат кӛшеттерге тікелей күн сәулесі түсіп тұруы ӛте 
қажет. 
Көшеттерді  көшіріп  тігуге  әзірлеу.  Кӛшеттердің  қолайсыз  жағдайларға  тӛзімділігін  арттыру 
үшін  кӛшipiп  тiгy  кезеңінде  фосфор-калий  тыңайтқыштармен  үстеп  қоректендіру  қажет.  Орта 
мерзімде  орамжапырақтың  кӛшетін  кӛшipiп  тiгyгe  2  тәулік  қалғанда  оны  мына  ертіндімен  үстеп 
қоректендіреді:  1,5  м
2
  жер  кӛлеміне  берілетін  10  л  суға  мына  қоспа  тыңайтқыштарды,  яғни  20  г 
аммиак селитрасын, 40 г суперфосфатын, 60 г калий күшртқышқылын ерітеді. Кӛлемі  1 м
2
  жердегі 
қызан,  бұрыш, баклажан  кӛшеттеріне  берілетін  10  л  суға  мына  тыңайтқыш  қоспаларын,  яғни:  10  л 
аммиак селитрасын, 40 г суперфосфатын, 80 г калий күкіртқышқылын ерітеді Үстеп қоректендіруді 
орындап  болғаннан  кейін  аталған  кӛшеттерді  суарып,  оның  су  сыйымдылығын  100  %-ке  дейін 
жеткізу қажет [8]. 
Топырақ қоспаларын дайындау және оларды пайдалану. Топырақ қоспаларын дайындау үшін 
бақшадағы,  егістіктегі  немесе  боз  топырақтарды,  қара  шipiктi,  Дария  жағасындағы  шеге  құмды 
пайдаланады. 1 м
3
 қоспаны стеллажды жылы жайдың кӛлемі 5 м
2
 жерге ӛңдейді. 
Бақшадан немесе егістіктен  алынған топырақты күзде арам  шӛбi жок құнарлы үлескіден алып 
дайындайды.  Орамжапырақ  немесе  картоп  ӛскен  үлескіден  топырақ  алуға  болмайды.  Қара  шipiктi 
кеңінен,  түскен  жапырақтардан,  ӛсімдіктердің  қалдыктарынан  дайындайды.  Осы  органикалық 
материалдарды  буртқа  салады,  мұнда  олар  2-3  жыл  мерзімінде  толтырылған  шipiк  жақсы  қара 
шірікке  айналады.  Осы  топырақ  қоспаларын  құмыраша  ыдыстарға  салып,  қоректік  құмыралар 
жасайды.  Осы  қоректік  құмыралардағы  кӛшеттерді  құмыраларымен  eгістiк  жерге  отырғызады. 
Құмыралар ыдысын (қағаз, пленка) толтыру немесе қоректік құмыраны жасау үшін мына қоспаларды 
дайындайды: 5-8 бӛлік қapaшipiктi және 1 бӛлік боз немесе eгiстік топырақты араластырады. Осылай 
дайындалған 1 шелек қоспаға  10-15 г аммиак селитрасын, 45-50 суперфосфатын және 10-12 г калий 
күкіртқышқылын қосады. Кӛктеулерді ӛcipy үшін қоспаны 2 бӛлік қарашіріктен, 1 бӛлік боз немесе 
eгiстiк (бақшалық) топырақтан және 1 бӛлік Дария бойындағы шеге құмнан дайындайды. Диаметрі 6-
10 см қағаздан немесе пленкадан жасалған құмыраны стаканға  немесе бутылкаға орап жасайды. Ол 
үшін ені 12-15 см, ұзындығы 45-60  см газет қағазын немесе  пленканы стаканға немесе бутылкаға 2 
рет  орайды.  Артып  калған  5-6  см  қағаздың  немесе  пленканың  ұшын  бүктейді.  Tүпті  түтік  пайда 
болады.  Ол  түтікті  стаканнан  немесе  бутылкадан  суырып  алады.  Осылай  дайындалған  құмыраның 
биіктігі  8-10  см  болады.  Кӛшеттерді  жылыжайда  ӛcipгeн  жағдайда  4-кестедегі  қоспаларды 
пайдаланады [8]. 
 
Кесте 4. Жылыжайда кӛшеттер ӛсіруге пайдаланатын топырақ қоспаларының сипаттамасы 
Топырақ 
қоспаларының қҧрамы 
(бӛліктер кӛлемімен) 
(бӛліктер кӛлемімен) 
1 шелек қоспаға берілетін минералды тынайткыштар, г. 
аммиак 
селитрасы 
суперфосфат 
калий 
кҥкіртқышқылы 
әк немесе бор 
Боз топырақ (3) + кӛң (1) 

12 
12 

Боз топырақ (3) + 
Kapaшipiк (1) 

50 
50 
30 
 
Жылы жайда ӛсірілетін кӛкӛністерге берілетін топырақ қоспалары 5 кестеде кӛрсетілген. 300 г 
аммиак селитрасын, 3 кг суперфосфатын, 2 кг калий хлоридін 1 м
3
 қоспамен араластырады. 
Көкөністерге  тәжірибе  жүргізу  әдістемесі:  Мектепте,  әсіресе  6-сыныпта  әртүрлі 
дақылдардан  мол  түсім  алу  мақсатында  практикалық  сабақтар  мен  тәжірибелер  жүргізіледі.  Бұл 
сыныптың  оқушылары  қарапайым  әрі  жақсы  тұқымдарды  іріктеп  ӛсіруді,  кӛшет  отырғызуды 
үйренеді. Үлескісі бар барлық мектептерде биолог-мұғалімдер мектеп үлескісіндегі барлық кӛптүрлі 
дақылдарды  ауыспалы  егістікке  орналастыруға  тырысады.  Дақылдардың  нақты  орналасу  ретін 
жергілікті  ұжымдар  мен  шаруа  қожалықтарының  үлгісі  негізінде  анықтаған  жӛн.  Мысалы,  кӛкӛніс 

 
229 
дақылдарды 8 мӛлдекті ауыспалы егіс жасалған: Бір мен екіде кӛпжылдық шӛптер, үште қарбыз бен 
қауын,  тӛртте  қызан,  бесте  пияз  бен  шалқай,  алтыда  орамжапырақ,  жетіде  сәбіз  бен  қызылша, 
сегізіншіде ерте пісетін картоп. 
Басқа дақыларға қарағанда ең қолайлысы, әрі тәжірибе оңай жасалатыны – кӛкӛніс. Себебі бұл 
ӛсімдіктердің  морфологиялық  формалары  мен  белгілері  кӛптүрлі  және  сорттары  кӛп.  Сондай-ақ 
бұлар қарапайым еңбек құралдарымен ӛңделетіндіктен 5-6 сынып оқушыларына қолайлы. 
Кӛкӛніс дақылдары басқа дақылдарға қарағанда топырақтың құнарлығы мен ылғалдылығын кӛп 
қажет  етеді.  Егістік  дақылдары  ӛсе  беретін  жерлерде  кӛкӛністер  ӛспейді  немесе  ӛте  тӛмен  түсім 
береді.  Кӛкӛністердің  түсімі  арамшӛптердің  әсерінен  тӛмендеп  кетеді.  Бүкіл  вегетациялық  кезеңде 
кӛкӛністкрдің әр особі жеке күтімді қажет етеді. Жоғары ӛнімді кӛкӛністерді алу үшін оларды арнайы 
бақша топтарында ӛсіру керек. 
 
Кесте 5. Жылыжайда ӛсірілетін кӛкӛністерге берілетін қоспалар қҧрамы 
Коспалар 
Топырақ қоспаларының қҧрамы (кӛлем бӛліктерімен) және 
олардын рет саны 
Боз немесе егістік топырақтар 





Кӛң 


— 

— 
Қара шipiк 
— 
— 

— 

Ағаш үгіндісі (опилка) 


— 
— 
— 
Дария бойындағы шeгe құм 


— 
— 

БАРЛЫҒЫ: 





 
 
Қияр  ӛсірілген  1  м
2
  жерге  100  г  аммиак  селитрасын,  400  г  суперфосфатын,  180  г  калий 
күкіртқышқылын  береді.  Қызанға  60  г  аммиак  селитрасын,  160  г  суперфосфатын,  80  г  калий 
күшртқышқылын береді. Микротыңайткыштарды epiтiндi күйінде кӛлемі 1 м
2
 жерге береді. Олар: 2 г 
теміркүкіртқышқылы,  1,5  г  магний  күкіртқышқылы,  1  г  мырыш  күкіртқышқылы,  0,5  г  бор 
қышқылын, 0,4 г мыс күкіртқышқылын, 0,4 г марганец күкіртқышқылын береді. 
Егер  топырақ  қоспасына  ағаш  үгіндісін  беру  қажет  болса,  ол  үшін  компост  дайындайды.  Ол 
үшін ағаш үгіндісін басқа тастандылар мен және топырақпен араластырып қоспа дайындайды. Бурт 
дайындағанда  1 м

ағаш үгіндісіне 100-150 кг сиыр кӛңін, 10-20 кг құс саңғырығын және  150-200 л 
қый суын араластырады. Осы қоспа буртта 4-6 ай жатады, бipaқ әр 2 айдан соң оны араластырып тұру 
қажет.  Енді  кейбір  кӛкӛністердің  биологиялық  ерекшеліктерін  және  адамның  тіршілагіндегі 
маңыздарын атайық [4, 6, 7]. 
Аскөк-укроп. Жас  жапырақтарында  43-100  мг/100  г  аскорбин  қышқылы,  3-5  мг/100  г  каротин 
және  баска  дәрумендер  бар.  Калий,  кальций,  фосфор  темір  тұздарына  бай  болады.  Эфир  майы 
жапырақтарға  жағымды  хош  иіс  береді.  Күн  жарығында  жапырақтары  жасыл  қара  және  хош  иісті 
болып  келеді.  Ӛнген  тұқымы  ӛте  жай  кӛктейді.  Сондықтан  оларды  4-5  тәулік  суға  жібітеді, 
араластырады, суын жиі ауыстырып тұрады. Мына іріктемелерді себеді: Грибовский, Армянский 269, 
Узбекский 243: Ұзындығы 8-10 см 4-10 жас жапырақтар дегелегін сепкеннен кейін 25-30 күнде алуға 
болады. 
Тәттібұрыш.  100  г  жас  жемісінде  270-380  мг  С  дәрумені,  9-23  мг  каротин,  450  г  дейін  Р 
дәрумені болады. Ол қызаннан гӛpi жылы сүйгіш кӛкӛніс. Тұқымы  t – 15-18°C кӛктейді, t – 20-25°С 
оның гүлдері ӛсіп дамиды,  t – 10°С тӛмен болса, ол ӛсуін тоқтатады. Жарықты ӛте сүйгіш. 
Егер жарық жеткіліксіз болса жапырақтарымен гүлдері түсіп  қалады.  Құрғақшылыққа тӛзімді, 
бipaқ гүлдеген және жемісі толысу кезеңінде бұрышты жиі суарған жӛн. Біз жылыжайда "Ласточка" 
ipiктемесін ӛсірдік. 
Көшет  өсіру.  Себуге  дейін  бұрыштың  тұқымын  ас  тұзының  5  %  ерітіндісіне  салады.  Оған 
батқан ауыр тұқымдарды сұрыптап алады, суға жуады. 1 % калий перманғанаты ерітіндісіне 15 мин. 
уақыт  дәрілейді,  соңынан  ағынды  суға  жуады.  Тұқымды  микроэлемент  немесе  ӛсу  заттарының 
ерітіндісіне  жібітеді.  Соныңда  тұқымды  жәшікке  немесе  диаметірі  6-8  см  құмыраға  0,6-1,2  см 
тереңдікке шашып себеді. Құмырадағы топырақ қоспасы 2 бӛлік боз немесе eгicтік топырақтан және 
1  бӛлік  қарашіріктен  тұрады.  Тұқым  кӛктегенде  күндізгі  23-26°С,  ал  түнгі  18-19°С  болуы  керек. 
Кӛшеттерді 2-3 рет үстеп қоректендіреді. 1-2 жапырақ шыққанда бipнеше рет үстеп қоректендіреді. 
Ол үшін 1 л  суға  1 г мочевина, 4-5  г суперфосфат, 1-1,5  г калий тұзын ерітеді. 10-14 күннен кейін 
екінші  рет  үстеп  қоректендіреді.  Мұнда  фосфордың мӛлшерін  2  есе  арттырады.  1  л  ертіндіні  10-12 
ӛсімдікке жеткізеді. Әр үстеп қоректендіруден кейін ӛсімдіктерді таза сумен суарады. 6-8 жапырақтар 

 
230 
және  1-шi  гүл  пайда  болғанда  кӛшеттерді  суарылған  ашық  жерге  стаканчиктермен  немесе 
құмырасымен егеді. 
Ӛсімдіктерді күту тұрақты суару және үстеп қоректендіру болып табылады. Kӛшipiп тіккеннен 
10-14 күн ӛткесін толық минералды тыңайткыштармен алғашқы рет үстеп қоректендіреді. 
Мұнда  1  л  cyғa  1  г  мочевина,  2  г  калий  хлориды,  3  г  суперфосфат  немесе  4  г  нитрофосканы 
ерітеді. Осы ертіндінің 0,2 – 0,3  л мӛлшерін 1 ӛсімдікке береді. Келесі үстеп қоректендірулерді сол 
қоспалармен дайындалған ертіндіні 2 аптадан кейін береді. Аналық ұрықтанғаннан кейін 30-40 күнде 
жеміс пісіп жетіледі. 
Петрушка.  Жапырағын  салатқа  және  тамақтың  біріншісі  мен  екіншісіне  қосады.  Эфир  майы 
болғандықтан  жапырағы  дәмді  және  хош  иiстi  болады.  Оның  жас  жапырағында  40-400  мг/100  г  С 
дәрумені,  10  мг/100  г  каротин,  калий,  натрий,  кальций,  магний,  фосфор,  темір  тұздары  және  баска 
минералды  заттар  (1,7%  күл)  болады.  Петрушканың  ӛнген  тұқымын  1-1,5  см  терендікке  шашып 
себеді. 
Шалғам.  Жылыжайда  тамыздан  қарашаға  дейін  және  қаңтардан  cәyipгe  дейін  мына 
іріктемедерді ӛcipeді  – Заря, Тепличный, Ранный красный, Тепличный, Грибовский, Корейский т. б. 
Шалғамның тұқымын тӛмендегі схема бойынша себеді: 4 × 4 см, бұлт күндері 5 × 5 см 1 м.кв. жерге 
5-6 г тұқым себеді. Кӛктеулер шыққанда 5-7 тәулікке дейін t – 5-6°С, одан кейін шалғамның тамыры 
жуандағанға  дейін  t  –  8-10°С,  ал  тамыры  жуандағанда  күн  бұлт  болса  t  –  12-14°С  болу  керек. 
Алғашқы ӛсу кезеңінде шалғам суды кӛп тілемейді. Тамыржеміс: даму барысында аздап жиі суаруды 
колдайды. Ӛнімді жинау кезеңі колайлы жағдайларда 25 тәуліктен кейін басталады, ал бұлт күндері 
сепкеннен кейін 35-45 тәулік ӛткесін басталады. 
Баклажан.  Баклажанный  Алмаз,  Донецкий  урожайный,  Юбилейный  іріктемелері  себіледі. 
Топырақты  ӛңдеу,  кӛшеттерді  кӛшіpiп  тігy  мерзімдері  қызандікі  сиякты  55-60  күндік  кӛшеттерді 
құмырада немесе стаканчиктерде ӛсіреді. Ауаның t-сы ашық күндерде 24-28°С, бұлт күндері 22-24°С, 
ылғалдылығы 60-70 % болуы керек. Kӛшіpiп тiгy схемасы: 
70+30 × 20-2,5 см 2-3 апта бойына 6-7 тәулік сайын суарады, гүлдеу кезеңінде 4-5 тәулік сайын, 
ал жеміс тұзілу мерзімінде 2-3 тәулік сайын суарады. Суарғаннан кейін топырақты қопсыту қажет. 
Баклажанды үстеп  қоректендіріп отырады, ал гүлдену кезеңінен бастап 7-10 тәуліктен кейін бip рет 
үстеп  қоректендіреді.  1  м
2
  жерге  20  г  аммиак  селитрасын,  50  г  суперфосфатын,  15  г  калий 
күкіртқышқылын суға ертіп береді.  
Бiз  базардан  арзандатылған  бағамен  жуаның  майда  пиязшықтарын  сатып  алып,  жылыжайға 
отырғыздық.  Пиязшықтың  түбіртегінен  шашақ  тамыр  жүйесі  ӛciп,  бүршіктерінен  жас  жасыл 
жапырақтар  ӛciп,  дамиды.  Осылай  ӛciп  дамыған,  дәрумендерге  бай  жапырақтарын  жұлып  алып, 
тағам  ретінде  20-40  күнге  дейін  пайдалануға  болады.  Осы  әдіспен  ӛсірiп  жуаның  –  ӛнімін  алуды 
"мүштім пияз" деп атайды. 
Біздің  оқушыларымыз  жылыжайда  сельдерей  мен  киндза  ӛсімдіктерін  тұқымы  мен  себіп, 
олардың жасыл жапырақтарының ӛнімін алып, жұмыстарының ӛнімін кӛріп қуанды. 
Бөлмедегі, терезе алдындағы жылыжайда өнім алу [10]. 
Кӛп  жағдайларда  тәжірибелі  бақшашылардың  бӛлмеде  жылыжай  режимін  жасап  аскӛк,  пияз, 
бұрыш т.б. ӛсіріп, қаңтар ақпан айларында ӛнім ала бастайды. Ал қиярдың ӛнімін алуға бағытталған 
талабы  оң  болмайды.  Себебі  олар  ашык  жердің  жүйегіне  себетін  іріктемелерді  бӛлмеге  себеді.  Үй 
бӛлмесінде киярды ӛсіріп ӛнімін алу үшін бӛлмеге бейімделген іріктемелерді білу қажет. Сонда ғана 
қала пәтерінің бір терезесінің алдынан 30-40 кг кітірлек жас қиярдың ӛнімін алуға болады. Ол ӛнімді 
жеуге де, жабуға да, ал егер пәтердегі бірнеше терезені пайдаланса, сатуға да болады. 
Тұқымды  себуге  солтүстік  терезе  жарамайды,  оңтүстік,  оңтүстік-шығыс  және  оңтістік-батыс 
терезелер  жарайды.  Негізінен  терезеге  неғүрлым  жарық  кӛп  түссе,  соғүрлым  ӛнімді  кӛбірек  алуға 
болады. 
Енді мӛлшері 8-10 л топырақ қоспасы сиятын ыдыс және топырақ қоспасын дайындау керек. Ол 
үшін  полиэтилен  пакеті  ыңғайлы.  Пакет  орнықты  болу  үшін  астыңғы  екі  бұрышын  ішке  қарай 
айналдыру  керек.  Пакеттің  түбіне  биіктігі  1-2  см  майдаланған  керамика  бӛлшектерін,  кірпіш,  тас, 
керамзит,  т.  б.  заттардың  ұсақтарын  тӛсейді.  Бұл  дренаж  қабаты  артық  судың  пакеттің  түбінде 
жиналуын болдырмайды. Ыдыстың түбіндегі артық судың ағып сыртқа шығуы үшін бірнеше тесіктер 
ояды.  Содан  кейін  топырақ  қоспасымен  ыдысты  толтырады.  Қоспаны  бірнеше  әдістермен 
дайындайды.  Мысалы  мынадай қоспаны дайындауға  болады: егістік жерден алынған топырақтың  5 
бӛлігі, қарашіріктің  5 бӛлігі және Дария бойынан алынған шеге құмның  немесе ағаш үгіндісінің 1-2 
бӛлігі.  Осы  қоспаның  әр  10  литріне  толмаған  1  шырпы  коробка  мочевина  (карбамид),  2  коробка-
суперфосфат,  2-калий  күкірт  қышқылын  немесе  1  коробка  калий  хлориді,  1  коробка  ағаш  күлін 

 
231 
қосады. Аталған тыңайтқыштардың орнына 3 коробка гүлдің, кӛкӛніс жеміс-жидектердің қоспаларын 
немесе  нитрофосқа  салады.  Тыңайтқыш  салған  қоспаны  сумен  дымқылдандырады,  араластырады 
және  қоспалар  шӛккеннен  кейін,  ыдысты  жоғары  қырына  5-6  см  жеткізбей  толтырады.  Қоспаны 
ылғалдандыру және суару үшін крандағы суды пайдаланады. Бірақ ол суды пайдалану алдында еріген 
хлорды ұшыру үшін 3- 4 тәулік бойына тұндырады. Содан кейін бӛлме t дейін жылытады. Су еденге 
ақпау  үшін  пакеттің  астына  леген  немесе  шелек  қойған  жӛн.  Енді  ыдыстарды  терезе  алдына 
орналастырады.  Мұнда  ӛсімдіктердің  ӛзара  қашыктығы  35-40  см  болу  керек.  Бӛрткен  және  ӛнген 
тұқымдарды  сепкен  жӛн.  Ол  үшін  жалпақ  тәрелкеге  немесе  табаққа  жылы  суға  ылғалдандырылған 
сорғыш қағазды, фланель матаны немесе бірнеше қабатталған дәкені жаяды. Тұқымды жұка қабаттап 
матаға  жаяды.  Содан  кейін  тәрелканы  (табақшаны)  шынымен,  басқа  тәрелкамен  немесе  қатты 
қағазбен  жабады.  Түнде  осы  тәрелканы  (табақшаны)  t-сы  22-25°С  жылы  жерге  қояды.  24  сағаттан 
кейін тұқымдар ӛнеді, және олардан ұзындығы 3-5 мм тамыршалар ӛсіп шығады. Ӛнген тұқымдарды 
тереңдігі  1,5-2  басбармақпен  немесе  таяқшамен  пакеттің  ортасына  қазылған  ұяға  себеді.  Себілген 
тұқымдарды  елеуішпен  еленген  ылғал  топырақпен  немесе  ағаштың  ылғал  үгіндісімен  тығыздамай 
жабады. Ӛсіру кезеңінде ӛсімдіктерді қажеттілігіне  қарай суарып отырады.  Мынаны  қадағалайды—
топырақтың  күйі  мынадай  болуы  керек:  топырақтың  түйіртпектерін  алақанға  салып  қысқанда  олар 
ыдырамауы керек, бірақ одан су бӛлініп ақпауы керек. 
Сиырдың  кӛңінің  ерітіндісімен  (1:10)  1-2  рет  үстеп  қоректендіру  қажет.  Бірінші  үстеп 
қоректендіргенде  (4-5  жапырақ  кезеңінде)  1л  ерітіндіні  4-5  ӛсімдікке  жұмсайды,  ал  екінші  үстеп 
қоректендіргенде  (гүлдену  кезеңінің  алдында)  1  л  ерітіндіні  2-3  ӛсімдіктерге  жұмсайды.  Үстеп 
қоректендіруге  минералды  тыңайткыштардың  да  ерітінділерін  қолдануға  болады.  Мысалы 
тыңайткыштар  "Рост-1",  "Стимул",  гүлдің  қосындыларын  әр  қайсысынан  1  шырпы  коробкадан  3  л 
суға ерітіп береді. Осындай тыңайтқыштардың беруін реттеу және мӛлшермен беру экологиялық таза 
және  нитратсыз  ӛнім  алудың  кепілі.  Ӛсіп,  дамуы  барысында  ӛсімдіктерді  штордың  карнизіне  ілген 
шпагаттарға  байлайды.  Пәтерлерді  жылыту  кезеңіңде  ӛсімдіктерді  күніне  2  рет  сумен  бүркиді. 
Қажеттілігіне қарай жемістерді үзеді. Жемістерді неғүрлым ертерек үзсе, соғұрлым басқа жемістердің 
дамып жетілуіне жол ашылады. 
Енді  ең  негізі—қандай  іріктеме  және  қашан  себу  керек.  Қаңтар-ақпанда  себу  үшін  (ӛнімді 
жинау мерзімі наурыздан маусымға дейін) кӛктемдік бӛлмелік  қиярдың КВ-1 іріктемесін себу жӛн. 
Бұл іріктеме кӛлеңкеге тӛзімді, ӛте тез ӛсіп дамып, тез ӛнімін береді. Жемісінің ұзындығы 20-25 см, 
ірі  бұдырмақты,  жас  күйінде  жеуге  де,  тұздауға  да  қолайлы.  Тозаңданбайды,  ӛсіп  жетіледі,  бірақ 
гүлдерін  қолдан  тозаңдандырса  ӛнімі  ӛседі  және  жемісінің  сапасы  артады.  Гүлдің  аналығын 
тозаңдату  үшін  аталығын  үзіп  алады,  да,  оның  күлтежапырақшаларын  жұлып  тастайды.  Енді  үзіп 
алған  аталықтың  тозаңқапшықтарын  аналықтың  аузына  тигізеді.  Аналықтың  аузына  тозаң 
түйіршіктері түседі. Тозаңдану осылай ӛтеді. 
Ақпан-наурызда себу үшін (жемісін жинау кезеңі сәуірден тамызға дейін) жаздық бӛлмелік қияр 
ыңғайды (КЛ-1 іріктемесі). Ол t-ның және ылғалдылықтың ӛзгерістеріне тӛзімді. Ұзындығы 12-16 см, 
тұздауға ӛте қасиетті жемістер береді. 
Тозаңдану  бұл  іріктемеге  қажет.  Тамыз-қыркүйек  айларында  себу  үшін  бӛлмелік  күздік  қияр 
іріктемесі КО-1 қолайлы болып табылады. Ол жарық күннің тез қысқару барысында жоғары сапалы 
ӛнім береді. Жемісінің ұзындығы 22-30 см. Жемісін тозаңданбай-ақ бере-береді. 
Газет-журналдардың  материалдарына  қарағанда,  қиярдың  аталған  іріктемелерін  ӛсіріп,  ең 
тәжірибесіз қалалық тұрғын толық ӛнім ала алады. 
Енді  қай  іріктемені  ӛзіңізге  қолайлы  деп  атасаңыз,  сол  іріктеменің  тұқымын  табуға  кірісіңіз. 
Қазіргі уақытта Голландия елінен әкелінген тұқымдарды пайдалану кӛптеген адамдарға ықпал етуде. 
Жергілікті жердің тұқымы ауа райы әсеріне , табиғат, топырақ, судың әсерлеріне тӛзімді келеді. 
КВ-1,  КЛ-1  немесе  КО-1,  "Русские  фермеры",  жергілікті  әуесқой  бақшашалар  сұрыптаған 
тұқымдары сапалы, жақсы болып келеді. 
Ескертулер: Боз топырак-шеңгел астынан алынған топырақ. Оны алу үшін осы топырақтың 2-3 
см  беткі  қабатын  күрекпен  қырып  алып
 
тастаймыз,  себебі  мұнда  зиянды  тұздар  кӛп.  Қабыршақты 
қырып алғаннан соң 15 см тереңдікке дейінгі топырақты аламыз. 
Дария  жағасындағы  шеге  құм  бархандағы  шеге  құмнан  гӛрі  әдетте  құнарлы  болып  келеді, 
сондықтан Дария жағасындағы құмды алу қажет.   

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет