Түйіндеме 1 А.Ж.Машимбаева– Құрманғазы атындағы ҚҰК, ф.ғ.к., доцент, mashimbaeva81mail.ru
2 Г.Б. Абсаттарова– Құрманғазы атындағы ҚҰК, магистр, аға оқытушы, sarah070@mail.ru
3 С.С. Джансеитова– Құрманғазы атындағы ҚҰК, ф.ғ.д., профессор, bntb@mail.ru
Тілек сөздері мен қарғыстар – әмбебап суггестиялық мәтіндер Мақалада лингвистика бағыттары суггестивті лингвистика, алғыс, қарғыс жанрлары қарастырылады.
Қарым-қатынастағы прагматикалық актінің ерекше бөлігі ретінде қарастыралатын тілек айту мен қарғыстардың
мәтіндегі тілдік құралдарына талдау жасалады. Сөз бен алғыс, қарғыс айтту әрекеттеріне ерекше назар
аударылады. Бұл белгілі жетістікке жету мақсатында әртүрлі арбау жағдайларының бір көзі ретінде тілдік
қолданысқа енген., лингвистика бағыты саналатын суггестиялық лингвистиканы болашақта дамыту үшін тілдік
құралдар арқылы суггестиялық әсермен жүзеге асатыны анық. Бұл көне танымдық білім мен қазіргі заманғы
әдістерді байланыстыра отырып сөз көмегімен әсер ету феноменін оқып үйретеді. Тілек сөздер мен баталар
адамның дүниеге келген уақытынан бастап дүниеден өткен уақытына дейінгі бүкіл өмірін қамтиды: кішкентай
ұғымнан басталатын «ұйқың тәтті болсын», «үлкен жігіт бол», «денің сау болсын» деген тілектерден бастап,
бақытты өмірді бейнелейтін құттықтау сөздерде, дастархан басында айтылатын үлкен баталарға дейін
мағыналы түсініктерді көрсетеді. Ұлттық дәстүрде тілек айту түрлері әр қилы болып келеді. Соған байланысты
олар күнделікті салт пен отбасы фолькорына, бесік жырларына,ь қарғыстарға, түрлі жоруларға және т.б.
молынан енген. Бұған қарамастан фольклор жүйесіндегі тілектер мәртебесі мәселесі нақты айқын көрініс
тапқан. Тілек сөздер мен қарғыстар «микромәтін», жеке дара жанр, салтты орындаудың бір бөлігі ретінде
қарастырылады.