12.
В 12 витамині (кобаламин, антианемиялық витамин), химиялық табиғаты, биологиялық маңызы, авитаминоздары, табиғатта таралуы, тәуліктік қажеттілігі. Химиялық табиғаты. В
12
витамині басқа витаминдерден құрылысының күрделілігімен
және молекуласында металл ионы – кобальттың болуымен ерекшеленеді. Кобальт
порфиринтәрізді (коррин ядросы деп аталады) структураның құрамындағы 4 азот атомымен
және 5,6-диметилбензимидазолдағы азот атомымен координациялық байланыс арқылы
байланысқан.
Биологиялық ролі. Осы уақытқа дейін В
12
витамині арқылы реттелетін 15 шақты реакция
белгілі, солардың тек екеуі сүтқоректілердің жасушаларында жүреді:
Метил В
12
- гомоцистеиннен метиониннің түзілуіне қатысатын кофермент. Сонымен
қатар метил В
12
ДНҚ мен РНҚ-ң алғы заты – нуклеотидтер синтезіне қажет фоль
қышқылының қатысуымен жүретін үрдістерге жағдай жасайды.
-Дезоксиаденозилкобаламин коферменті ретінде тақ санды көміртек атомы бар май
қышқылдарының және тармақталған тізбекті амин қышқылдарының метаболизміне
қатысады.
Авитаминозы. Жануарлар тіндерінде В
12
витаминінің жеткіліксіздігі Каслдың ішкі
факторының синтезінің бұзылуымен байланысты. Касл факторы асқазанның кілегей
қабатында түзіледі, химиялық табиғаты жағынан гликопротеин, кальций иондарының
қатысуымен В
12
витаминімен байланысып, оның ішекке сіңірілуіне әсер етеді.
Авитаминозының негізгі белгісі: моноцитарлық (мегалобласттық) анемия. Бұл аурудың
негізгі белгілері: қанда үлкен эритроциттердің болуы, эритроциттер санының азаюы,
гемоглобин концентрациясының төмендеуі. Қан жасушаларының бұзылуы ең алдымен қан
жасау жүйесінің тез бөлінетін жасушаларындағы нуклеин қышқылдарының алмасуының,
соның ішінде ДНҚ синтезінің бұзылуымен байланысты. В
12
витаминінің авитаминозына
жүйке жүйесіндегі бұзылыстар тән, бұл тақ санды көміртек атомы бар май қышқылдары
ыдыраған кезде жиналған метилмалонил қышқылының улылығымен, тармақталған амин
қышқылы жиналуымен түсіндіруге болады.
Табиғатта таралуы. В
12
витаминін жануарлар да, өсімдіктер де синтездей алмайды. Бұл
– микроорганизмдер: бактериялар, актиномицеттер және көкжасыл балдырлар синтездейтін
бірден-бір витамин. Жануарлардың тіндерінде бауыр мен бүйрек В
12
витаминіне бай.