Биохимия кафедрасы



Pdf көрінісі
бет67/79
Дата20.10.2023
өлшемі1,68 Mb.
#119857
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   79
Байланысты:
1часть-Биохимия уч.пос.каз - копия

Фоль қышқылы (В
9

с 
витамині), химиялық табиғаты, биологиялық маңызы, 
авитаминоздары, табиғатта таралуы, тәуліктік қажеттілігі. 
Химиялық табиғаты.
 
Фоль қышқылы 3 құрылымдық бөліктен: птеридин қалдығынан, 
пара-аминобензой қышқылынан, глутамин қышқылынан тұрады. Жасушаларда фоль 
қышқылы НАДФН тәуелді ферменттердің көмегімен тетрагидрофоль қышқылына (ТГФҚ) 
айналады: 
НАДФН
2
НАДФ
 
 
ФҚ ДГФҚ 
фолатредуктаза 
 
 
НАДФН
2
НАДФ
 
 
ДГФҚ
ТГФҚ 
дигидрофолатредуктаза 
Биологиялық ролі.
 
Фоль қышқылы тотығу дәрежелері әр түрлі бір көміртек 
радикалдарының: метил, оксиметил, формил, т.б. тасымалдану реакцияларын катализдейтін 
коферменттердің синтезі үшін субстрат болып табылады. Бұл коферменттер пуриндік 
нуклеотидтердің синтезіне, УМФ ТМФ-қа айналуына, глицин, серин, метионин амин 
қышқылдарының алмасуына қатысады.
Авитаминозы.
 
Фоль қышқылының авитаминозына тән белгілер – қан жасалуының 
бұзылуы және осымен байланысты
 
қаназдықтың әр түрлі түрлері (мегалобласттық, 
макроцитарлық анемия), лейкопения дамиды, бой өсуі тежеледі. В
с
гиповитаминозы кезінде 
эпителийдің регенерациясы тежеледі, бұл үнемі бөлінетін кілегей қабықтарының 
жасушаларындағы ДНҚ синтезіне керек пуриндер мен пиримидиндердің жеткіліксіздігіне 
байланысты, әсіресе ас қорыту жолдарының бұзылыстары байқалады. Адамда фоль 
қышқылының авитаминозы сирек байқалады, өйткені бұл витамин ішек микрофлорасында 
жеткілікті мөлшерде синтезделеді. Дегенмен, кейбір ауруларды емдеуде сульфаниламидтік 
препараттарды көп қолдану авитаминозды тудырады. Бұл препараттар – пара-аминобензой 
қышқылының структуралық аналогы, олар микроорганизмдердегі фоль қышқылы синтезін 
тежейді. Птеридиннің кейбір туындылары (аминоптерин, метотрексат) фоль қышқылына 
мұқтаж барлық органдардың өсуін тоқтатады. Бұл препараттарды онкологиялық аурумен 
ауыратын науқастардағы өспенің өсуін тежеу мақсатында қолданылады. 


93 
Табиғатта таралуы.
 
В
с
витамині жасыл жапырақты өсімдіктерде, мысалы шпинатта көп, 
салатта, орамжапырақат, томатта, жабайы бүлдіргенде кездеседі, бауыр, ет, жұмыртқа 
сарысы осы витаминге бай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет