Биохимия кафедрасы


Н витамині (биотин, антисебореялық, коэнзим R, химиялық табиғаты



Pdf көрінісі
бет69/79
Дата20.10.2023
өлшемі1,68 Mb.
#119857
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   79
Байланысты:
1часть-Биохимия уч.пос.каз - копия

Н витамині (биотин, антисебореялық, коэнзим R, химиялық табиғаты
биологиялық маңызы, авитаминоздары, табиғатта таралуы, тәуліктік қажеттілігі. 
Химиялық табиғаты.
 
Биотиннің құрамында имидазол (мочевина бар) және тиофен 
сақинасы бар, бүйір тізбегі валериан қышқылынан тұрады.
Биологиялық ролі.
 
Биотин карбоксилазалардың құрамында кофермент қызметін атқарады: 
көмір қышқыл газының активті формаларының түзілуіне қатысады. Карбоксилдену 
реакциялары заттар алмасуында: глюконеогенез үрдісінде, бос май қышқылдарының
холестериннің, мочевинаның, пуриндердің және т.б. синтезінде маңызды орын алады: 
ПЖҚ + АТФ + НСО
3
-
ҚСҚ + АДФ + Р
і
 
Пируваткарбоксилаза биотиннің 4 молекуласынан
 
тұратын тетрамер белок, әрбір 
молекуласы апоферменттегі лизиннің қалдығымен байланысқан. Пируваткарбоксилазды 
реакция әсіресе бауыр мен бүйректе маңызды анаплеротикалық (толықтырушы) реакция 
болып саналады. Пируваткарбоксилаза оксалоацетаттың (ҚСҚ) қорын толықтырады
сонымен қатар глюконеогенездің негізгі митохондриялық ферменті болып табылады. 
Ацетил-КоА-карбоксилаза – май қышқылдарының биосинтез реакцияларындағы негізгі 
фермент. Энзимнің активті формасы көптеген ұзын мономерлік жіпшелерден тұрады. 
Ферментативті катализде бикарбонаттың карбоксил тобы ацетил-КоА беріліп, малонил-КоА 
түзіледі.
Биотин + энзим + АТФ 
карбоксибиотин-энзим + АДФ + Рі 
Карбоксибиотин-энзим биотин-энзим 
СН
3
-СО~SКоА СООН-СН
2
-СО~SКоА 
Ацетил-КоА малонил-КоА 
Пропионил-КоА карбоксилаза – тақ санды көміртек атомы бар май қышқылдарының 
тобына қатысатын фермент. Бұл кезде карбоксибиотиннен пропионил-КоА-ға активтенген 
карбоксил тобы стереоарнайы түрде тасымалданып, метилмалонил-КоА синтезделеді. 
Метилмалонил-КоА-оксалоацетат-транскарбоксилаза 
транскарбоксилдену 
реакциясын 
катализдейтін фермент, яғни қымыздық сірке қышқылының пирожүзім қышқылына айналу 
реакциясы (транскарбоксилдену) биотин қатысуымен жүреді.


95 
Авитаминозы.
 
Биотин гиповитаминозы кезінде мынадай патологиялық өзгерістер пайда 
болады: дерматит, майлы себорея, алопеция, шаштың түсуі, ұйқы басу, шаршау, бұлшық 
еттерде ауырсыну. 
Табиғатта таралуы.
Биотин жануар және өсімдіктекті барлық дерлік тағамдарда 
болады. Бауыр, бүйрек, сүт, жұмыртқа сарысы осы витаминге бай. Адам мен жануаралардың 
ішек микрофлорасында биотиннің жеткілікті мөлшері синтезделеді. 
14. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет