«Қазақ Әдебиеттану ғылымы: ДӘСТҮр және сабақтастық» атты



Pdf көрінісі
бет41/92
Дата23.10.2023
өлшемі2,56 Mb.
#120672
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   92
Байланысты:
kazak-adebiettanu

 
 


126 
АУЫЗША СӨЙЛЕУ НОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ 
МӘДЕНИЕТІНДЕГІ ӨРІСІ 
 
Куватбаева Ж.Б. 
«Қазақ тілі мен әдебиеті» БББ 2-курс магистранты 
Ғылыми жетекші: Нұрдаулетова Б.И.,ф.ғ.д., профессор, Ш.Есенов атындағы Каспий 
технологиялар және инжиниринг университеті,-Ақтау, Қазақстан 
Ауызша тіл — дыбысталып айтылатын тіл және бұл жерде ой білдірудің құралдары 
мен фонетикалық жүйесі қолданылады; ауызша тіл сөйлеу үрдісінде пайда болады; ауызша 
тілге сөзді суырып салып, табан астында айту шеберлігі мен тілдік ерекшеліктері тән. 
Ауызша тіл тыңдаушыны қажет етеді. Сөйлеуші мен тыңдаушы бірін-бірі естіп қана 
қоймайды, бірін-бірі көріп отырады, сондықтан да Ауызша тіл айтылған ойдың қалай 
қабылдануына тікелей тәуелді болады. Ауызша сөйлеу тілінің құрылымы сауатты түзілген 
болуы керек. Айтылған ойдың мағынасы қарапайым, әрі қысқа беріліп, көрермендердің тез, 
әрі оңай қабылдауларына мүмкіндік жасалуы тиіс. Алайда бұндай талаптар сақталмаған 
жағдайда тілдің ауытқулар пайда болады. Жалпы нормадан ауытқуды академик Р.Сыздық 
уәжді, уәжсіз деп бөледі. Уәждісі өз контексінде қабылдауға болатын ауытқу болса, 
уәжсізін «ақтап алуға» келмейтін ауытқу деп түсіндіреді.
Жалпы мемлекеттік тіл дәрежесі қазақ әдеби тілінің бүгінгі қоғамға қызмет ету 
өрісін кеңейте түсті: бұл күнде қазақ тілі – ең алдымен, оқу - ағарту, тәрбие құралы, одан 
соң сан салада дамып, жоғары деңгейге көтерілген ұлттық көркем әебиеттің тілі, мазмұны 
мен мақсаты түрлене түскен баспасөздің тілі, енді өрістей түскен ғылым тілі, республика 
қолданатын заңдар мен ресми іс қағаздары тілі, театрлар мен радионың тілі, кино мен 
теледи дардың тілі. Сонымен қатар, әрине, қазіргі қазақ тілі – бүгінгі адамдардың күнделікті 
тұрмыс-тіршілігінде өзара ұғынысатын ауызша сөйлеу тілі мен ауызекі сөйлесу тілі. 
Қысқасы, қазақ тілі – бұл күнде республикамыздағы 7-8 миллионға жуық, ал жалпы дүние 
жүзіндегі 10 миллионнан асатын қазақ халқының ана тілі [1]. 
Көптеген зерттеуші ғалымдар бүгінгі таңда жазба тілден гөрі ауызша сөздің 
қоғамдағы орны айрықша мәртебеге ие болып, әлеуметтік мәнділігі күшейе түсті дейді. 
Ауызша жеке адамдар арасында, әртүрлі топта, сахна өнерінде, аудио-аудиовизуалды 
ақпарат құралдарында, электронды байланыс жүйелерінде тілдік қарым-қатынастың негізгі 
құралы болып отыр. 
Қазақ тіліндегі сөздер сингармонизм заңдылығына қарай жуан, жіңішке, еріндік , 
езулік түрінде үндесетіні белгілі. Тек үндестік заңы емес, сөздердің дұрыс айтылу 
заңдылықтары да белгілі бір нормаға сүйенеді. Сонымен, сөйлеу мәдениеті дегеніміз 
ауызша сөйлеудің жалпы тіл мәдениетіне қойылатын талаптармен қатар, өзіне тән 
нормаларды сақтауы болып табылады. Бұл нормаларға сөйлеу үстінде сөздерді дұрыс 
дыбыстау, сөздің сазын келтіріп айту тәртібі жатады[1] 
Дұрыс дыбыстау мәселесін сөз еткенде, төл дыбыстарға баса назар аудармыз. Қазіргі 
қазақ тілінің ауызша сөйлеу нормаларының сақталмау құбылыстары жиі белең алып, 
бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Тілі білімінің басқа салаларына қарағанда 
ауызша сөйлеу нормасын кешенді зерттеуді қолға алу қажеттілігі туды, себебі 
постиндустриялы қоғамның даму сатысы жоғары болса, қазақ тіліңің даму сатысының 
төмен екенін байқаймыз. Сондықтан ұлттық әдеби тіл әбден қалыптасып, барлық 
адамдарға, тіл қолданысының барлық саласында, сол ұлт мекендеген барлық өлкеге ортақ, 
бірдей болған күнде ғана сол тілде ауызша дұрыс сөйлеудің нормасы, оның ішінде 
орфоэпия тәртіптері баршаға түгел міндетті сипат алады. 
Ал сол орфоэпия сөз сазына, айтылымға сүйенеді. Сөздерді дұрыс дыбыстау 
нормалары әдеби тілге тән бірізділік, жалпы халықтың сипат алады. Халық – сөйлеуші. 
Сөйлеушілер әртүрлі әлеуметтік ортада қалыптасады, жаһандану қоғамында өмір сүреді. 
Әртүрлі психикалық, экологиялық факторлар ықпал етеді. Соның саладрынан сөйлеушінің 


127 
жылдам сөйлеуі, тілінің мүкісі болуы мүмкін, белгілі бір аймақтық говрлар да сөз сазына 
айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан ғалымдар тарапынан айтылым түрлері жинақталып, 
белгілі бір нормаларға келтіріліп, жүйелеу бүгінгі күннің кезек күттірмес мәселесіне 
айналған. 
Қазіргі заманда өмірімізге дендеп сіңген ғаламтор жүйесі ауызша сөйлеу 
нормаларына ықпал етеді. Желі пайдаланушылардың тілді қолдану мәдениеті де сан қилы. 
Қазақ тілінің, ана тілінің сөз мәдениетін көтеру – ұлттық мүдде талаптарының бірі. Қазақ 
тіл мәдениетінің үлкен бір саласы – сөйлеу және жазу мәдениеті, оны жоғары деңгейге 
көтерудің басты заңдылығы – дұрыс айту және қатесіз жазу нормасы. Технологияның 
өркендеген зaмaнындa әлеуметтік желілердің тіл мәдениетін дaмытудағы әсері қaзaқ тіл 
білімінде жaн-жaқты зерттелуі тиіс. 
Елімізде кеңінен тараған ресми және бейресим ақпарат таратушы дереккөздерге
«Tiktok», «Instagram», «YouTube», «Facebook», «Twitter», «WhatsApp» т.б. онлайн-
платформаларды жатқызамыз. Бұл желілерде әртүрлі жастағы және әртүрлі
қызығушылықтары бар адамдардың синхроды немесе асинхронды түрде танысуға, түрлі 
сипаттағы қарым-қатынас құруға, жарнама таратуға мүмкіндік алады. Осы әлеуметтік 
желілерде ауызша сөйлеу мәдениеті қаншалықты қалыптасты? Әдеби тілдің ауызша сөйлеу 
нормаларынның сақталмауы, сөзді бұзып қолдану кең өріс алғанын жиі айтып жүр.
Бүгінгі күні әлеуметтік желіде қазақ тілінде сөйлеушілердің қате қолданыстарын 
былайша көрсетуге болады. Олар төмендегідей:
А) синтаксистік қателер. Мысал: несібемді көтеріп қойш, табысымды арттырып қой, 
есікті жаба саласыздар ма.. Тоғызға омбес ғосасалсақ ше? ... т.б. 
Ә) қыстырма сөздерді көп қолдану. Мысалы: анау ші, анау ше т.б. 
Б)орфоэпиялық қателер. Мысал: айтыбатыр, жазыбатыр, келібатыр, барыбатыр, 
баратырмын, ояқ, бұяқ, аняқта, айтамайм, таксиде отсам, машинасына отпаған т.б. 
В) орыс тілі мен қазақ тіліндегі сөздерді аралас құрылыммен сөйлеу. 
Мысал: Дальше жасаймыз, именно осы, вапще ұялмайм, уже алдық, новый киім 
алдым, срочно үй сатамын, мына музыка кайф екен,счетқа ақшам жетпей тұр, посуда жуып 
берсек болады ма? ..Как будто мен оның жазғанын оқып қоятындай т.б. 
Г) қарату сөздерінде туыстықты білдіретін атаулар: радной, мамка, мам, пап, 
бро,братан, махан,пахан, подружкам, подружкалармыз т.б. 
Ғ) қаратпа шылауларды қолданып сөйлеу: еба,айтбайсың ба? Алш, еу! (әпкелш, е!)
Ж) Конфликтогенді сөздер: мәңкиіп, ілмиіп, сүмсік, сүксиген, мырыңдақ, мияулау 
т.б.
Мысалдар әлеуметтік дереккөздерден: «Instagram», « Facebook», «TikTok», 
«YouTube» т.б. желі қолданушыларының бейнежазбаларынан жазылып алынды. 
Қорытындылай келе, қоғам мен тіл қатар дамитын құбылыс. Жаһандану дәуірі 
ауызын арандай ашып тұрған заманда, әлеуметтік желі тілінің мәдениеті сөз мәдениеті 
аясында қарастырылуға тиіс өзекті проблемалардың бірі. Бірінші кезекте көзге көрініп, 
құлаққа түрпідей тиіп тұрған нормадан ауытқулар қазір кері қайтарылмаса, сіңісіп, нормаға 
айналып кету қаупі бар. Әлеуметтік желі ақпараттың жылдам таратылу көзі ретінде тек сөз 
мәдениетінің ғана емес, жалпы ұлттық мәдениеттің виртуалды кеңістікте насихатталуына 
ықпал етеді. Сондықтан тіліміздің ішкі заңдылықтарын бұзып сөйлеу, нормаға сай емес етіп 
жазу тілімізге деген құрметсіздік болып табылады. Оның алдын алу қажет. 


128 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). – Астана, 
2000. – 532 б. 
2. Сыздық Р. Тілдік норма және оның қалыптануы (кодификациясы). – Астана: 
Елорда, 2001. – 230 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет