МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ОҚЫТУДАҒЫ МӘТІНДЕРМЕН ЖҰМЫС
Ақбердыева Б.Қ.
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының
Маңғыстау филиалы-Ақтау қ., Қазақстан
Адам өмірі түрлі қарым-қатынастардан тұрады. Қарым-қатынастар адамдар
арасындағы сыйластық, достық, ауызбіршілік тәрізді мәселелерге құрылуы керек. Ал,
шынайы достық қарым-қатынас тіл арқылы ғана жүзеге асады. Өзге ұлт өкілдеріне
мемлекеттік тілді оқыту барысында біздің алдымыздағы басты міндет - тілді үйретудің ең
қолайлы амалдары мен ұстанымдарын таңдап алу. Өйткені мемлекеттік тілді үйрету
үдерісін тиімді ұйымдастырудың бір өзегі осыған байланысты. Оқытудың қандай да
болмасын амал-тәсілін ұтымды, нәтижелі пайдалану - әрбір оқытушының іскерлігіне
байланысты. Біз де өз тәжірбиемізде осындай мақсаттарды алға қоя отырып, өзге ұлт
өкілдерін оқытуда мемлекеттік тілді оқытудың әртүрлі жолдарын, амал тәсілдерін
қолданамыз. Сондай жұмыс жасаудың бір түрі - мәтіндермен жұмыс жасау.
Әрбір тіл үйренуші үшін өздерінің қызметіне байланысты мәтіндермен жұмыс істеу
- өте қызықты, әрі тиімді. Өйткені олар біріншіден, өздері де білмейтін жаңа сөздермен,
жаңа баламалармен танысады, осы мәтіндер мемлекеттік тілді үйренеді сонымен қатар өз
қызметінде қолданатын сөздерден азда болса мәлімет алады. Әсіресе, атқаратын қызметіне
байланысты мәтіндерді оқытқан кезде, бұл жұмыстың тиімді жері - сөздікпен жұмыс, яғни
тыңдаушы қызметкерлер әр салаға, атқарып отырған қызметіне байланысты термин
сөздердің аудармаларымен танысады. мемлекеттік тіл сабақтарында қолданылатын мәтін
ғылыми
тұрғыдан
сұрыпталған,
өңделген
болуы
тиіс,
ол
тыңдаушының
психофизологиялық ерекшелігіне бейімделіп алынады.
Сабақта мәтіндермен жұмыс істеу барысында, сабаққа қажетті мәтінді таңдап алған
соң, онымен жүргізілетін жұмыстар кезеңдерге бөлінеді: Мәтінмен жұмыстың алдындағы
кезеңі, мәтінмен жұмыс кезеңі, мәтін соңындағы жұмыс кезеңі. Мәтінге дейінгі кезеңде
мәтін алды жаттығулар беріліп, әртүрлі құрлымдық, тіркестерді меңгерту көзделеді.
Мәтінмен жұмыс кезеңінде оқыған мәтінді түсіну, мазмұнын айту, сұрақққа жауап беру,
негізгі ойды анықтау жұмыстары жүргізіледі. Соңғы кезеңде, мәтінге түсініктеме беруді
үйретуге бағытталған жұмыстар жүргізіледі. Мәтін соңындағы жұмыс кезеңінде мәтіндегі
сөздер, сөз тіркестерімен жұмыс жүргізіледі, мәтінді грамматикалық тақырыпен
байланыстыру мақсатында сөз тіркестерін талдауға көңіл бөлінеді. Мәтіндегі терминдерді
есте сақтау мақсатында сол терминдер көмегімен, сөйлем құру жұмысы қарастырылады.
Өзге тіл өкілдеріне мемлекеттік тілді үйретуде бірден-бір қажетті нәрсе мәтін десек,
тыңдаушылар әр уақытта мәтінмен тығыз байланыста болады. Мәтінді меңгерту жолдары
да түрліше болып келеді. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін тақтаға жазып, есте сақтауын
136
қадағалау, пәрменді сөздермен жұмыс жүргізу, мәтіндегі тіл үйренушінің мамандығына
байланысты терминдерді бірнеше рет қайталап айтқызу арқылы есте сақтау, сұрақ-жауап
арқылы мәтіннің мазмұнын игерту.
Міне, осы сияқты кең ауқымды жұмыстың нәтижесінде тыңдаушылар тілді
меңгеруге мүмкіндік алады.
Мемлекеттік тілді меңгерудің ең бастысы – тыңдау, сөйлеу, ойлау, оқу, жазу тіл
үйренудің компоненттері дейтін болсақ, ал мәтінді игеру барысында осы тілдік қызметтің
барлық түрі жан-жақты қамтылады.
Қазіргі таңдағы тіл саясатының басым бағыттарының бірі - мемлекеттік тілді
дамыту мен оның қолданылу аясын кеңейту болса, оның кешенді тармағы - тәуелсіз
мемлекетіміздің болашағына адал қызмет ететін мемлекеттік тілді жетік меңгерген кәсіби
мамандар даярлау болып табылады. Мамандандырылған жоғары оқу орындарында
мемлекеттік тілді оқыту - тыңдаушылардың тілді болашақ кәсіптік қызмет бабында және
жеке қарым-қатынасында қолдана алатындай іскерліктер мен дағдыларды игерту мақсатын
көздейді. Осы орайда мемлекеттік тілдің қолданылу аясының кеңейіп, іс қағаздары,
бұйрықтар, баянат, өзге де құжаттардың мемлекеттік тілде жүргізілуіне байланысты
атқарылып жатқан кешенді іс-шаралардың оң нәтижелерін бүгінде іс жүзінде көруге
болады.
Тіл үйренушілердің кәсіби сөйлеу тілін мәтіндер арқылы дамытуды жүзеге асыру
нәтижесінде олардың мамандық бойынша білімдері толықтырылып, мәтінмен жұмыс істеу
дағдылары жетілдіріледі. Мәтіндермен жұмыс барысында тыңдаушылар болашақ
мамандықтары туралы қосымша мәліметтер мен атқарылатын іс-әрекеттеріне байланысты
ақпаратпен қамтамасыз етіледі. Осы тұрғыда мәтін, оның кәсіби сөйлеу тілін дамытудағы
алатын орнын қарастырайық. Әдіскер-ғалымдардың еңбектеріне сүйенсек, профессор
Ф.Оразбаева өзінің «Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі» атты зерттеу еңбегінде:
«Мәтін - адамдар арасындағы тілдесімдік қатынастың жемісі. Адам өз ойын екінші біреуге
жеткізген кезде қалай болса солай айтылған сөйлемдер тізбегін құрамайды. Керісінше,
жинақталған пікірін, көзқарасын бір-брімен ой жағынан да, қалпы тарапынан да бірлескен
сөйлемдер жүйесімен, яғни мәтін арқылы жеткізеді, баяндайды…. Адам тілдік қатынаста
үлкенді-кішілі, ірілі-ұсақты мәтіндерді сөйлесім әрекетінің кез-келген кезеңінде ойдан
құрап, қолдана береді» [1,28] - деп тұжырымдайды.
Тіл үйренушілердің кәсіби сөйлеу тілін мәтін арқылы дамыту жұмыстары
сабақтардың бастапқы кезеңінен жүзеге асырылады. Тәжірибеміздегі кәсіби бағдарлы
оқыту барысында ең алдымен, тыңдаушылардың кәсіби мамандықтары ескеріліп, сол
мамандыққа қатысты сөздер, сөз тіркестері, негізгі ұғымдар мен терминдерге, олардың
лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне баса назар аударылады. Мәтінде қамтылатын
материалдар жүйесі мамандыққа қатысты оқытылатын арнайы пәндермен тығыз
байланысты болып келеді. Бұл орайда құрылымы, мазмұны жағынан қарапайым мәтіндерді
өз бетімен оқытуды жетілдіру, сұрақ қою, сұраққа жауап беру, жаңа тақырыптық
лексикамен жұмыс істеу, яғни сөз, сөз тіркестерімен сөйлем құрау, талдау сияқты жаттығу
түрлерімен қатар, мәтіннен қажетті ақпаратты тауып, қорытындылау, жинақтау көзделеді.
Іріктелген оқу материалдары кәсіби сөйлеу тілін дамытумен қатар, тіл
үйренушілердің төмендегі дағдыларын да жетілдіреді. Атап айтқанда:
- мәтіндегі ойды, оқиғаны өз өмір тәжірибесімен ұштастыру;
- оқылған мәтінге өз көзқарасын білдіру; - мәтінге әлеуметтік, тарихи, адамгершілік,
кәсіби маңыздылығы жөнінен баға беру.
Мәтіндер
арқылы
кәсіби
лексиканы,
терминдерді
меңгерте
отырып,
тыңдаушылардың сөздік қорларын байыту нәтижесінде өз ойларын қазақ тілінде сауатты
жеткізе білуге үйретуге болады. Тыңдаушыларға ұсынылатын сұрыпталып алынған
аутентивті мәтіндер болашақ мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттырып, сабақ
маңыздылығын арттырары сөзсіз. Мәтін таңдауда мәтіндегі ойдың нақты, дәл берілуі,
тілінің түсінікті болуы - негізгі шарттардың бірі болып табылады. Күнделікті баспасөз
137
беттерінен,
Интернет
желісінен
алынған
мәтіндермен
жүргізілетін
жұмыс
тыңдаушылардың анықтамалық әдебиет, сөздікпен жұмыс істеу, салыстыру, талдау жасау
дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Тіл үйрету сабақтарының бастапқы кезеңдерінде мәтіндердің берілу қағидаттары
қарапайымнан күрделіге қарай алмасу заңдылықтарына негізделеді. Өз оқыту
тәжірибеміздегі кәсіби бағдар барысында оқыту мәселелеріндегі мәтін таңдау
ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ, мұнда ең алдымен тіл үйренушінің кәсіби мамандығы
ескеріле отырып, сол мамандыққа қатысты сөздер, сөз тіркестері, тұрақты тіркестер, негізгі
ұғымдар мен терминдерге көңіл аударылып, олардың лексикалық-грамматикалық
ерекшеліктеріне баса назар аударту жұмыстары жүргізіледі. Мәтінде қамтылатын
материалдар жүйесі мамандыққа байланысты оқытылатын арнайы пәндермен тікелей
ұштастыра алынады [2,45]. Себебі кез-келген мамандық иесі өзі таңдаған кәсібінің қыр-
сырын жетік меңгеруге мүдделі және өз ойын кәсіби сөйлеу тілінде жеткізуге ұмтылуы
оның мамандыққа деген сүйіспеншлігін арттыру мәселесіне келіп тіреледі. Оқыту
барысында аталған мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірінші кезекте тіл үйренушілерге
кәсіби танымдық мазмұндағы құрылымы, мазмұны жағынан қарапайым мәтіндерді өз
бетімен оқытуды жетілдіру, сұрақ қою, сұраққа жауап беру, жаңа тақырыптық лексикамен
жұмыс істеу, яғни сөз тіркестері мен сөйлем құрау, талдау сияқты жаттығу түрлерін
орындаумен бірге, мәтіннен қажетті нақты ақпаратты табу көзделеді.
Тілді оқытуда мәтіннің қатысым әрекетіндегі маңыздылығына сәйкес, оны іріктеп,
таңдаудағы негізгі ұстанымдар төмендегідей жүйеленген:
• мәтін мазмұны толықтай аяқталып, белгілі бір логикалық жүйеге бағынуы;
• мәтін тақырыбы күнделікті өмір талабына сай, танымдық сапасы жоғары, тәрбиелік
мәнінің зор болуы;
• мәтін мазмұны тіл үйренушілердің түсінісуіне қолайлы, даму деңгейлеріне сай
болуы
• мәтінді іріктеп, таңдауда фонетикалық, лексикалық, грамматикалық
ерекшеліктердің ескерілуі;
• мәтіннің танымдық қызығушылықты арттыруы;
• мәтін мазмұнының нақты, қызықты болуы.
Осы талаптарды негізге ала отырып, мәтін тақырыбын таңдауда төмендегі үш
бағытты ұстанамыз:
- тіл үйренушінің күнделікті өміріне байланысты болуы;
- қазақ халқының мәдениеті, дәстүрімен байланысты болуы;
- болашақ мамандығына байланысты болуы [3, 63].
Мәтіндерді қолданысқа түсуіне қарай ғылыми, ғылыми-көпшілік, көркем-әдеби,
газеттік
(көркемсөз)
мәтіндер
деп
бөліп
қарастыруға
болады.
Ғылыми-көпшілік мәтіндер мамандығы арнайы емес оқырмандарды ғылымның
жетістіктерімен жеткілікті түрде хабардар етсе, газеттік мәтіндер (ақпарат, репортаж,
комментарий, корроспенденция) идеялық-саяси ақпараттарды оқырмандарға жеткізеді.
Ғылыми мәтіндер белгілі бір заттың, фактінің, құбылыстың заңдылығын суреттейтін
мәтіндерді айтамыз. Ғылыми мәтіндерге мақала, очерк, реферат, рецензия, аннотация,
ғылыми хабар, т.б жатқызуға болады.
Оқылған мәтіннен белгілі бір ақпаратты алу үшін оны түсініп оқудың маңызы зор.
Оқудың түрлері: 1. Ізденімдік оқу - оқушының өзін қызықтыратын хабарды, фактіні,
сілтемені мәтіннен іздеп тауып, пайдалана білуі. Кез келген ғылыми шығарманың кіріспесі
және қорытындысы болатыны белгілі. Сондықтан ізденімдік оқуды меңгерту ғылыми
шығарманың композициялық ерекшеліктеріне байланысты. 2. Танымдық оқу - тіл
үйренушінің кез келген қызықты, танымдық мәні бар мақала, кітап, пікір, газет-журнал, т.б
оқуы. Ерекшелігі: Арнайы ізденушілік, сол материалды зерттейін деген мақсат бола
бермейді. Информацияны зерттеуден гөрі, жалпы өмірден хабардар болу үшін жүргізіледі.
138
3. Зерделік оқуда-оқушы берілген мәтінді, не материалды бастан аяғына дейін түсініп оқу
керек.
Бүгінгі таңда өзге ұлт өкілдерін мемлекеттік тілде оқыту өзектілігін жоғалтқан жоқ.
Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту мен нығайту өзге ұлт
өкілдеріне мемлекеттік тілді оқытудың мақсат, міндеттерімен үйлесіп отыр. Әр мәдениетті
азамат өз отанын, өскен өлкесін, оның тарихын, мәдениетін, тілін білуге тиісті. Халықтың
тарихын, мәдениетін, тілін, рухани байлығын білу – адамда халыққа деген құрмет сезімін
оятады.
Қорыта айтқанда, оқытудың қазіргі уақыт талаптарына сай әдіс-тәсілдерді қолдана
отырып, кәсіби бағыттағы мәтіндермен жүйелі жұмыс жүргізу арқылы тыңдаушылардың
сөздік қорларын байытып, кәсіби сөйлеу тілдерін дамытуға болады. Мәтіндермен жұмыс
барысында тыңдаушылардың өз бетінше ақпарат алып, онымен жұмыс істеу дағдылары
дамытылып, мамандықтары бойынша білімдері толыға түсері сөзсіз.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі.- Алматы, 2000.
2. Оралбаева Н., Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту
әдістемесі. Оқу құралы. -Алматы: Ана тілі. 1996. -208 бет.
3. Қазақ тілінің практикалық курсы бағдарламасы.- Алматы. 2005.- 84 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |