121
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНІҢ АРЕАЛОГИЯЛЫҚ ЖІКТЕЛІМ КЕЗЕҢДЕРІ
(ОҒЫЗ ТІЛ ТОБЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ)
Маңғыбаева А.К.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» БББ 2-курс магистранты- Ақтау, Қазақстан
Ғылыми жетекші: Нұрдаулетова Б.И.,ф.ғ.д., профессор, Ш.Есенов атындағы Каспий
технологиялар және инжиниринг университеті- Ақтау, Қазақстан
Тілдердің
ареалды
ортақтығы
–
әр
түрлі
лингвистикалық
және
экстралингвистикалық факторлардың әсерінен бірдей құрылымдық белгілері бар екендігі
анықталған (тарихи тұрғыдан) ареалогиялық белгілер. Түркі тілдерінің даму және
қалыптасу тарихында көптеген рулық және ортағасырлық, сондай-ақ түркі тілдерінің
ұлттық бірлестіктері болғандығы белгілі.
Түркі тілдеріндегі ареалогиялық ерекшеліктер ең алдымен, аталмыш түркі тілдерінің
өзі сол кезеңде туысқан тілдер саналатын Алтай семьясының басқа топтарынан — моңғол
тілінен, тунгус-маньчжур және кәріс-жапон тілдерінен алшақтағандығынан бастау алды.
Нағыз ареалды жіктелімнің екінші кезеңі, яғни Алтай семьясына жататын кейбір
тілдерден бөліне бастағаннан кейінгі кезең, қазіргі түркітану ғылымында ғылыми тұрғыда
түркі тілдерінің топтасуының алғышарты саналатын б.з. I-II ғасырларда екі үлкен ареалға
бөліну болатын. Осының салдарынан көптайпалы Хунну одағы екіге бөлінді: батыс және
шығыс хунну. Дегенмен бұл тілдердің тілдік ерекшеліктеріндегі нақты элементтер бізге
дейін жетпеген.
Түркі тілдерінің ареалды бөлінуінің үшінші тарихи кезеңіндегі тілдік бөліністер
қазірдің өзінде нақты географиялық іздер ретінде аталады. Тілдердің ареалды бөлінуінің
осы кезеңіне мыналар жатады: бұлғар ареалдары, оғыз ареалдары, қыпшақ ареалдары,
қарлұқ ареалдары, ұйғыр және қырғыз-қыпшақ ареалдары. Үшінші кезеңге сәйкес келетін
бұл тілдік ареалдардың өзіндік құрылымдық деңгейлері, тілдік құбылыстары,
географиялық орналасулары күні бүгінге дейін фактілі түрде нақты сақталып келеді.
Түркі тілдері ареалдарының пайда болуындағы төртінші тарихи кезең географиялық
шекарасы Кеңес Одағы тұсында белгіленген мынадай реалды интеграциялық және
дифференциациялық процестермен сипатталады:
•
КСРО-ның батыс аудандары
•
Кавказ
•
Еділ бойы
•
Сібір
Сонымен қатар кейбір шет елдердегі түркі тілдерінің ареалдары:
•
Түркия
•
Қытай Халық Республикасы
•
Ирак
•
Иран
•
Ауғанстан [1].
Түркі тілдерінің соңғы, бесінші ареалды бөліну кезеңі КСРО халықтары ұлттық
тілдерінің дамуымен сипатталады. Бұл халықтар, жоғарыда атап өткендей, Кеңес
Одағының тиісті түркі республикалары мен автономиялық облыстары және кейбір шет
өңірлердің халқы.
Түркі тілдерінің ішінде ареалдық жіктелімнің барлық кезеңінде географиялық
шекарасы да, тілдік ерекшеліктері де еш өзгеріссіз тұрақты сақталып келген тарихи
ареалдардың бірі – оғыз тіл тобы. Таралған аймақтары: Кіші Азия, Балқан түбегі, Оңтүстік
Молдова, Әзірбайжан, Түрікменстан, Иранның солтүстік аймақтары, Ирак, Сирия және
Ауғанстан. Негізгі тілдері: әзірбайжан, түрік, түркмен және гагауз.
122
Оғыз тіл тобының диапазоны жоғарыда аталған негізгі тілдерден басқа фонетика,
лексика және грамматикалық ерекше белгілерімен сипатталатын негізгі оғыз тілдерінің
диалектілік жүйелеріне кіретін немесе белгілі бір негізгі тілге қатынасы әлі анықталмаған
көптеген оқшауланған диалектілерді қамтиды. Бұл тілдер мен диалектілерде негізінен
Сирия, Ирак, Иран және Ауғанстанда тұратын оғыз тектес әртүрлі этникалық топтар мен
тайпалар сөйлейді. Мәселен, Солтүстік Иранның түркілік құрамын зерттеу нәтижесі
көрсеткендей, осы аймақтың диалектілерінде йомуд, геклен, нохурлы, теке, ата және т.б.
сияқты ірі түркмен тайпалары сөйлейді.
Сонымен қатар, бүгінде қарапапахтар немесе терекеме, қарақоюнлу, дюнбюль
немесе шарыхчи, қашар, айрым, баят, афшар, қашқай, баиндир, игдир, имрели, халаджи
және т.б. сынды өзіндік атаулары бар рулық бірлестіктерге кіретін оқшауланған оғыз
тайпалары мен этникалық топтары ерекше қызығушылық тудырып отыр. Аталған
этникалық топтардың кейбіреулері Кеңес Одағының аумағында, негізінен Закавказьеде
тұрады. Оларға Әзірбайжан аумағында тұратын қарақоюнлы, қашар, айрым, шахсевен, баят
мен афшарлар, Арменияда тұратын карапапах немесе терекемелер жатады. Осы
аудандардың диалектілерін жүйелі түрде зерттеу тұралап қалған, тек бастапқы сатысында
тұр десек те болады. Бұл бойынша қазіргі таңда Н.Н. Джанашия, В.В. Гудиашвили, В.Т.
Джангидзе және т.б. сынды грузин және армян диалектологтарының зерттеулері
жарияланды.
1952 жылы Н.А. Баскаков Армян КСР-нің Калинин ауданында болған кезде осы
өңірлерді мекендейтін терекеме немесе карапапах деп аталатын Әзірбайжан диалектісінің
ерекшеліктерімен танысып, оны былайша баяндайды:
«Қара-Иса, Эвлю, Ильмазлы, Союз-Булах, Сарай, Қызыл-Шафаг, Демирчиляр, Қара
қала, Қызыл-Таш және т.б. диалектілер өте көп екен. Дегенмен, бәрінен де бұрын біздің
назарымызды аударған ұлт атауы – "карапапах" немесе "карапах", мағынасы жағынан
"қарақалпақ" этникалық атауына өте жақын болды» [2]. Бұл мәселе түрік зерттеушісі З.
Валили ұсынған теорияға байланысты түркологияда үлкен қызығушылық тудырды.
Аталмыш ұлттардың (карапапах пен қарақалпақ) жалпы шығу тегі туралы теория негізге
алынып, тілдік диахрониясы жан-жақты сараланды. Алайда, карапапах тілінде жазылған
мәтіндер мен диалектологиялық сөйлеу ерекшеліктері, сондай-ақ осы ұлт тілінде сақталған
жалпы атаулар мен этнографиялық ерекшеліктер тілдік материал деп белгіленіп,
нәтижесінде қарақалпақтар мен карапапахтар этногенетикалық тұрғыдан бір-бірінен алыс
деп танылып, олар оғыздар мен қыпшақтардың жалпы тайпалық бірлестіктерінен шыққан
екі бөлек тіл деген қорытынды жасалды.
Ал «карапапахтар» мен «терекемелер» ше? Түрік ғалымдарының пікірінше, Карса
мен Ахиска аудандарында тұратын осы тайпаның отырықшы бөлігі "карапапахтар" деп
аталады. "Терекеме" атауы сол тайпаның көшпелілеріне тиесілі. Дәлірек айтсақ, "терекеме"
– оған түріктер берген атау. Сондай-ақ ел ішінде бұл тайпаны әр түрлі атаушылық жиі
кездеседі: безбаш, гагаван, чинчават. Терекеме немесе Карса аймағында тұратын
карапапахтардың құрамында "мурид" тобы бар, бірақ олар діни секта болып табылады.
Айта кету керек, екінші реттік экстралингвистикалық факторлардың әсерінен оғыз ареалы
кейінірек подареалдарға бөлінді: оғыз-түркмен — шығыс оғыз ареалдары, оғыз-cелжұқ —
оңтүстік оғыз ареалдары және оғыз-болгар – батыс оғыз ареалдары. Бұл подареалдар
сәйкесінше ерекше белгілермен де сипатталады. Мәселен батыста және Балқанда –
негізінен славян тілдерінің айтарлықтай әсерімен ерекшеленетін маргиналды тілдер;
шығыста – Орта Иран дәуіріндегі Иран тілдерінің бірігуіне ұшыраған аралас оғыз-қыпшақ
диалектілерінің болуы және оңтүстікте екі тілдің әсерінен болған өзгерістер: Кавказ-Иран,
Кіші Азия-Грекия.
Оғыз тілдерінің таралуының аумақтық ұзақтығына қарамастан, олар көршілес
аймақтардың — болгар, қыпшақ, қарлұқ, ұйғыр-оғыз және қырғыз-қыпшақ аймақтарының
маргиналды аймақтары саналады. Түркі тілдерінің тарихи диалектологиясының кезекті
міндеттерінің бірі осы тарихи ареалдардың нақты шекараларын зерттеу және анықтау
123
болып табылады, олар туралы мәліметтер бірқатар арнайы зерттеулерде келтірілген.
Түркологтар еңбектерінде VI-VIII ғасырлардан бастап тарихи мәліметтер жинақтала
бастаған. Бұл бағытта бірқатар зерттеулер жүргізілді, мысалы: И.А. Батманов, А.Н.
Кононов және А.Ф. Габен.
XI-XII ғасырлардағы түркі тілдері мен диалектілерінің географиялық таралуы,
сондай-ақ сипаты туралы салыстырмалы түрде дәлірек және шынайы мәліметтер Махмуд
Қашғаридің "Диуани-лұғат-ат-Түрк" кітабында оғыз, қыпшақ, қарлұқ және аз дәрежеде
басқа да түркі тілдері мен диалектілеріне (негізінен Орта Азия мен Шығыс Еуропаға)
қатысты берілген. Ал болгар, оғыз, қыпшақ, қарлұқ, ұйғыр және қырғыз-қыпшақ тілдері
мен диалектілерінің таралуы туралы толық сипаттама мен мәліметтер XVI-XIX
ғасырлардағы түркологиялық зерттеу еңбектерінде ашыла көрсетілген. Осы уақытқа дейін
болгар, оғыз, қыпшақ, қарлұқ, ұйғыр және қырғыз-қыпшақ тілдерінің барлық ерекшеліктері
толық түсіндірілмеген, сондай-ақ олардың ареалдары дәл анықталмаған. Осының
салдарынан тілдің әртүрлі деңгейлеріндегі белгілі бір құбылыстар мен фактілердің әртүрлі
тарихи қалыптасқан тайпалық қауымдастықтарға қатынасы туралы негізсіз тұжырымдар
жиі жасалған болатын.
Қорытындылай келе, қазіргі түркі тілдері мен диалектілері ғасырлар бойғы өзара
байланыс пен араласудың нәтижесі болып табылады, сондықтан кейбіреулерінің жеке
ерекшеліктері, мысалы, оғыз диалектілері қыпшақ немесе басқа тілдерде, ал қыпшақ
элементтері оғыз немесе қарлұқ тілдерінде және т.б. көрініс табуы әбден мүмкін. Осыдан
шығатын түйін: қандай да бір тілдің немесе диалектінің белгілі бір ареалға қатынасы жеке
ерекшеліктермен емес, топтық белгілердің күрделі изоглосстарымен анықталуы керек.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Вопросы алтайского языкознания : К 70-летию Проф. Н. А. Баскакова: Сб. —
Горно-Алтайск, 1976. 49-б.
2.
Н.А. Баскаков. Огузский ареал в истории консолидации тюркских языков //
Советская Тюркология, № 1. Баку, 1987. 4-б.
Достарыңызбен бөлісу: |