«Қазақ Әдебиеттану ғылымы: ДӘСТҮр және сабақтастық» атты


ҚАЗАҚ ТІЛІ ЛЕКСИКА-ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ БІРЛІКТЕРІНДЕ «МЕКТЕП»



Pdf көрінісі
бет42/92
Дата23.10.2023
өлшемі2,56 Mb.
#120672
түріСабақ
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   92
Байланысты:
kazak-adebiettanu

ҚАЗАҚ ТІЛІ ЛЕКСИКА-ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ БІРЛІКТЕРІНДЕ «МЕКТЕП» 
КОНЦЕПТІСІНІҢ БЕРІЛУІ 
 
Аскарова А., 
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 1-курс магистранты, 
Ақтөбе қ., Қазақстан 
Қазіргі тіл ғылымында адам дүниетанымының кілті, ғалам жайындағы адам 
санасындағы ақпараттарды түзетін, шындықты игеруші мен шындық арасындағы дәнекер 
болатын, сана қызметінің нәтижесі деп санайтын когнитивтік көзқарас белең алды. Бұл 
арқылы адамның тілінде этнос жайлы, оның тарихы, дүниетанымы, әлемді қабылдауы 
жатқанын аңғарамыз. Когнитивтік көзқарастардың негізінде таным теориясы жатыр. 
Таным териясы мен танымның байланысы негізінде антропологиялық көзқарас 
қалыптасып, әлемдегі ең басты тұлға деп, негіз деп адамды тану саналады. Бұл өз кезегінде 
интеграциялық үрдісте тіл мен танымды, тіл мен мәдениетті, тіл мен халықты зерттеуді 
негіз еткен болатын. Тіл мен танымды бірге зерттеу негізінде қазақ халқының танымы жаңа 
көзқарастармен сараланып, ондағы ақпараттар талданған. Қазақ тіл білімінде «Қазақ әйелі», 
«байлық - кедейлік», «көз» концептілері зерттеліп, қазақ тіл біліміндегі когнитивтік 
лингвистиканың дамуына әсер етті. Қазақ тіл білімінде концепт жайлы көзқарастар мен 
пікірлер бар. Мәселен, А.Ислам концептіні тілде көрініс тапқан күрделі бірлік ретінде 
ұлттық дүниетанымның ықшамды, терең мағыналы құндылықтары [1, 15] деп анықтайды. 
Когнитивтік лингвистиканың негізгі тұжырымдары мына ғалымдар зерттеулерінде 
орнықты: В.Гумбольд, Дж.Лакофф, Л.Вайсебергер, Л.Витгенштейн, Э.Сепир, Э.Кассирер, 
Е.Кубрякова, Ю.Арпесян, Ю.Караулов, М.Минский, Д.Лихачев, қазақ тіл білімінде бұл 
бағытта еңбек жазған ғалымдар: А.Ислам, Э.Оразалиева, Ж.Манкеева, Б.Қасым, Ж.Исаева, 
С.Исакова, С.Кенжеғалиев, Ә.Шадыкенов және концептіні ұлттық константалар деп 
зерттеушілер М.Күштаева, Б.Ақбердиева. Қазіргі күні тіл білімі саласында үлкен 
жаңалықтар тілді антропологиялық негізде зерттеу екенін анық аңғарамыз. Тіл білімінің 
бұлайша жаңа арнада қарастырылуы адамның өмірдегі маңыздылығын айқындаса керек.
Исламдағы жер бетіндегі барлық игіліктер адам үшін деген ұстанымды негізге алып қарасақ 
та, осы антропологиялық бағыттың маңыздылығын көреміз. Сондай-ақ, бұған дейін 
зерттеліп келген тіл білімі құбылыстары жаңа бағытта қарастырылып, мәні, мағынасы, 
санада қалай көрініс табатыны талданып, қарастырылып жатыр. Тілдің адам өмірінде 
коммуникативті қызметі ғана емес, одан да жоғары мағынаға ие екеніне көз жеткіземіз. 
Когнитологтардың айтуынша, концептіні анықтаудың мынадай реті барын айтады, яки 
концептілер бақыланған, қиялдан туған бейнелерді ұқсастырып, ұқсас дүниелердің ортақ 
белгілерін бір ортаға жинақтайтынын айтады, осы негізден когнитивтік моделі 
анықталатынын көреміз [2, 22]. Халық танымның көрінісі мен дүниетанымы «мектеп» 
концептісі арқылы анықталатынын да байқауға болады.
В.Гумбольд , халық тілі оның рухында әрі халықтың рухы оның тілі екенін, тіл 
халықтың басынан кешкен оқиғаларынан тұратынын айтады. Бұған дейінгі уақытта, 
халқымыз мектеп деп медресені таниды. Оқу халқымыз үшін үлкен маңызға ие болғанын 
«мектеп» концептісінен аңғаруымызға болады. 
Зерттеуші Б.Қалиев таным теориясымен сөз мағынасының тікелей байланысты 
екенін, зат пен құбылысты анық біліп, танығанда сөздердің мағыналары айқын білінетінін, 
таным негізінен сөз мағынасымен байланысты екенін жеткізеді [3, 133].


129 
Зерттеуші Ж.Манкеева болса, тілдің танымдық қырын зерделей келе, тілдің 
кумулятивті, мұрагерлік қызметі тілдің ішкі мазмұны мен формасын, халқымызға тән 
рухани қазынаны бойына сіңіріп, сақтағанынан деп таниды [4, 12].
Ислам дінінің енуімен оқу, мектеп, медресе ұғымдары тарады. Мектеп сөзінің өзі де 
араб-парсы тілінен енген. Қазақ тілінің кірме сөздер сөздігінде «мектеп» – оқушылар білім 
алатын орын деп анықталады [5]. Ислам сөздерінің сөздігінде мектеп – «мактаб» екенін, 
араб елдеріндегі «құттаб» өзінің баламасы ретінде, құрандық мектеп мағынасын беретінін 
көреміз. Сонда мактаб деп жазу жазатын жерді, бастауыш мектепті, кабинет, кеңсе деп 
анықталатынын байқаймыз [6]. Қазақ тіліндегі араб-парсы тілдерінің түсіндірмелі 
сөздігінде «мектеп» – «мәктаб» деп аталып, оқушылардың білім алатын оқу орны деп 
анықталатынын көреміз. Мынадай мысал келтіріледі: «Барлық руханиларға уәзипа 
берілуге, неке, талақ, мирас, мектеп, медресе, ғұшыр, зекет, фідия, туған балаларды жазу, 
өлген адамдарды жазу рухани басқармасына берілуге сөз берікті» [7, 98] деген сияқты 
мысалды көреміз.
Ислам діні халық арасына тарағаннан соң, медресе ашылып, қазақ балаларын 
молдаға оқытуға берген болатын. Он сегізінші ғасырға дейін қазақ арасында сауаттылар дін 
ісіне, араб жазуымен, Құранды білуімен анықталған. Ол уақыттарда азаматтық мектептер 
жоқ болды. Ресей патшалығындай «горнизондық» мектептер он сегізінші ғасыр аяғында 
ашыла бастаған. Мектеп сөзі ХХ ғасыр басында енгенін, оған дейін молдадан оқу, 
медреседе оқу, қазақ жерінде ашылған орыс-казак мектептері негізінде школда оқу, 
интернатта оқу деген нұсқалар болғанын көреміз. Солай, ХІХ ғасырдың екінші жартысынан 
бастап қазақ халқының өмірінде экономикалық-әлеуметтік өзгерістер орын алады. Әсіресе, 
мектептер ашылуынан көрінеді. Орынбор, Қазалы, Торғай, Перовск сынды қалаларда қазақ 
балаларына арнап мектептер ашыла бастайды. Сол ғасырда екі кластық уездік және бір 
кластық болыстық мектептер ашылып, 4000 мыңға жуық бала оқып шығады. Оқу-білім 
мектеп пен медреселерде, үкімет қолдауымен ашылған мектеп-школдарда жүргізілгенін, 
дін үстемдік еткенін, көп аса ауқатты отбасылардың балалары оқығанын көреміз. ХІХ 
ғасырдың соңғы жылдарында мұсылманша оқытатын мектептер азайып, үкімет оқу 
орындары көбейді. Осы кезеңде Ы.Алтынсариннің мектеп ашып, балаларға білім берудегі 
қызметі айрықша. Б.Кенжебаевтың дерегіне сүйенер болсақ, ХІХ ғасырдың 70-80 жылдары 
70 кітап қана басылса, 1900-1917 жылдары 200 кітап басылып шыққанын айтады. 
«Өзіміздің түрік тілі менен һәр түрлі балаларымызға оқытуға лайықты мектеп кітаптарын 
жазып, келешек күніміз үшін зор дәулет хазірлеуге керек», «мектеп, медресе сал», «Аулнай 
школдарымызда не болмаса мұсылманша мектеп медреселерімізде оқығандардың ішінде 
өткір зеректерін кентдегі орыстың орта школдарында оқытайық» («Айқап» газеті). 
«С.Көбеев айтқандай, «Айқап» журналы қазақ тілін татар, парсы, араб тілдерінен тазартып, 
қазақтың сап күмістей таза, өзіндік тілін қалыптастыру, қазақ тілінде «жаңа әдіс» 
мектептерін ашу жөнінде елелулі мәселелер көтереді» [8].
Ы.Алтынсариннің «Сәтемір хан» әңгімесінде: «...талап іздемей, жұмыссыз ойнап 
жүргенім ақылсыздық екен деп ойынын тастап, қалаға барды. Қалада бір зор білімді, 
оқымысты молда бар екен, соған үй сыпыруға жалданып, ақысына оқу оқыпты-мыс. 
Ақырында сол Сәтемір асқан данышпан, айдай әлемге патша болған» [9, 68] деген үзіндіден 
оқу деп мектепте оқу екенін, оқу арқылы өз өмірін өзгерткенін көрсетеді. «Талаптың 
пайдасы» деген әңгімесінде: «Солай да болса, әлемге ақылы жеткен патша баланың 
талапты, зерек екенін аңғарып, оқуға бергізіп, ақырында сол бала бүкіл орыс жұртына 
даңқы шыққан Матвеев деген суретші болған» [10, 69], – деп оқуға бергізіп деп, мектепте 
оқыған соң, талабының жоғары болуынан дегеніне жеткенін көрсетеді. «Оқудағы 
балалардың үйіне жазған хаттарын» қарайтын болсақ, мынадай жолдарды кезіктіреміз. 
«балам, алаң болмай ұстаздарыңның айтқанын орнына келтіріп, берген сабақтарын толық 
үйреніп, білуге тырыс».
А.Вежбицкая концептті адамның дүние жайындағы мәдени түсініктері деп танитын 
болса, В.Телия біздің сол нысан жайында білетіндеріміздің барлық жиынтығы деп 


130 
анықтайды. Концептіні анықтаудың үш түрлі негізі бар. Сөздің кез келген мағынасында 
концепттің өмір сүреді деп анықтайтын лингвистикалық бағыт. Зерттелетін тілде сөйлейтін 
халық санасында концепттің тілдік бейнесін талдау арқылы анықталатын когнитивтік 
бағыт. Мәдениеттің ұйытқысы болып табылатын лингвомәдени бағыт деп анықталатынын 
көреміз [10]. Осы орайда, халық танымында «мектеп» концептісінің ақпараттық-
ассоциативті өрісі былайша көрінеді:

«Мектеп - оқу»

«Мектеп - білім» 

«Мектеп - кітап» 

«Мектеп - тәрбие»

«Мектеп – мұғалім» 
Бірінші кезекте, оқу болатыны Абай лексиконында былайша кездеседі:
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім [11, 14], – деген жолдардан «медресе» 
«мектеп» ұғымында келгенін көреміз. Әрі «мектеп-оқу» ассоциативті өрісте 
анықталатынын көреміз.
Интернатта оқып жүр,
Талай қазақ баласы –
Ойында жоқ бірінің 
Салтыков пен Толстой,
тілмаш, адвокат 
Болсам деген бәрінде ой [11. 16], – деп интернаттың «мектеп» екенін, ал мектепке 
оқу үшін бару керектігін аңғарамыз.
Оқытарсың молдаға оны,
Үйретерсің әрнені [11, 23], – деген жолдардан молдаға оқытуды, баланы оқуға 
бергенде ел танысын деп беретінін жеткізеді. Солай, «мектеп» концептісі тарихи 
кезеңдерде түрліше қалыптасып келіп, ХІХ ғасырдың аяғынан бастап қалыптасқанымен, 
оған дейін түрліше танылғанын көреміз.
Жазу жаздық,
Хат таныдық,
Болдық азат молдадан.
Шала оқудан,
Не жарыдық,
Қалғаннан соң құр надан? [11, 25], деген жолдардан қазақ арасында «молдадан оқу» 
шала оқу болғанын, тек Абайдың емес көптеген ақындардың зерттеуінен байқауға болады. 
«Өзің диуанасың, кімге пір боласың?» деген қазақ мақалының жөні осыған келеді. Бұрынғы 
заманда мектеп болмағанда, молдалар келіп күз бен қыста араб әріптерін танытып, құранға 
түсіретін. Нағыз өз ісінің шебері де бар, арасында дүмше молдалар да кезігіп отырады.
Кітапты молда теріс оқыр,
Дағарадай боп сәлдесі [11, 27], – деп осы жерде де молдалардың бәрі бірдей сауатты 
еместігін, сәлдесі ғана болмаса, молда екенін ажыратып болмайтынын, теріс оқып, 
балаларды шала сауатты ететінін айтады.
Ғылым таппай мақтанба [11, 28], – деу арқылы мектепте оқып, ғылым іздеп әлемнің 
сырын түсінуге болатынын жеткізеді. Бұл уақыттарда қазақ арасына орысша мектептер 
ашыла бастаған болатын.
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге [11, 30], – деу арқылы артық білуге, тануға қадам мектепте 
жасалатынын меңзеп, әрі оқушылардың өздеріне айтылған ақыл сынды сезіледі.
Орта ғасырда өмір сүрген, әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фарабидің айтуынша, 
«тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген. Білім қай жерде беріледі десек, ол 
– мектеп. Сонда «мектеп» концептісінде ассоциативті өрісінде тәрбиені де көреміз.


131 
Ы.Алтынсарин де, А.Байтұрсынов та қазақ жерінде мектеп ашып, балалардың 
сауаттануын қолдаған, сол негізде жұмыстанған болатын. Олардың ұсынулары бойынша, 
«мектептің жаны – мұғалім». Түрлі әдіс-тәсілдерді жүзеге асырып, оқушыларды білім 
нәрімен сусындататын мұғалімдердің орны қашанда жоғары. М.Жұмабаев: «Алты алаштың 
басы қосылғанда, төрдегі орын - мұғалімдердікі» дегеніндей, «мектеп» концептісінде де 
мұғалімдердің маңыздылығын көреміз. «Мектеп» концептісінің ассоциативті өрісін сызба 
түрінде қарастыратын болсақ.
Сондай-ақ, «мектеп көрген» деген тіркес қолданылады. Мағынасы: жүйелі білім 
алған, оқыған, көзі ашық. «Менен басқа бұрыннан мектеп көрген балалар өзара «Өте қатаң 
молда» деп сөз қылысады» [12], – деп келтірілген тіркестің де оқу оқып, білім алғанын 
білдіріп, «мектеп» концептісінің ақпараттық-ассоциативті өрісін нақтылай түседі.
Қорыта айтқанда, «мектеп» концептісін анықтауда біз оның концептілік өрісіне
халық танымындағы оқу-ағарту, білім, мұғалім, тәрбие түсініктері өзек болатынын 
айқындадық және оның концептілік мазмұндық құрылымы «медресе – интернат – мектеп» 
динамикасында өзгергенін, лингвомәдени ақпарат тасымалдағанын, маңыздылығын 
жоймағанын анықтадық. 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Ислам А. Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті. 
Филол.ғыл.докт.дисс.автореф – Алматы, 2004. – 47 бет 
2. Байғұтова А. «Қазақ әйелі» концептісінң этномәдени сипаты. Филология 
ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның 
авторефераты. Алматы, 2008. – 31 бет
3. Қалиев Б. Қазіргі қазақ тілі: Фонетика. Лексикология. Алматы, 2004. – 152 бет
4. Манкеева Ж. Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың танымдық негіздері. Алматы: 
«Жібек жолы», 2008. – 356 бет 
5. Қазақ тілінің кірме сөздер сөздігі. Құраст. Ш.Құрманбайұлы, С.Исақова, 
Б.Мизамхан және т.б. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 596 бет
6. Ислам энциклопедиясы. Бас редактор Р.Нұрғалиев. Алматы: Қазақ 
энциклопедиясы, Бас редакциясы, 1995. – 306 бет
7. Мамырбекова Г. Қазақ тіліндегі араб, парсы сөздерінің түсіндірмелі сөздігі. – 
Алматы, 2017. – 658 бет
8. Балақаев М., Сыздықова Р., Жанпейісов Е. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы: 
«Жазушы», 1968. – 248 бет
9. Алтынсарин Ы. Кел, балалар, оқылық. Шығармалары. Алматы: «Атамұра», 2006. 
– 168 бет
10. Нұрдәулетова Б. Когнитивтік лингвистика. Оқулық. Алматы: Қазақстан
Республикасы Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2011. – 312 бет
11. Абай. Өлеңдер, аудармалар, поэмалар. Алматы: «Атамұра», 2020. – 288 бет
"Мектеп" 
концептісі
оқу 
білім 
кітап
тәрбие
мұғалім


132 
12. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 11-том. Құраст. Манкеева Ж., Бизақов 
С., Жүнісбек Ә. Алматы, 2011. – 752 бет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет