«Ислам туралы қысқаша мәлімет» сериясы МҰсылманшылықТЫҢ



Pdf көрінісі
бет7/23
Дата04.11.2023
өлшемі1 Mb.
#121853
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Байланысты:
Ы.Алтынсарин

ахсину 
ахляқакум
) яғни «түзетіңіз құлқыңызды» деп. Сол мінезіңізге ҽрқашан 
назар салып, ҿзіңізді жақсы мінезге үйретсеңіз, яғни жоғарыда 
айтылған жеті түрлі жақсы қылықты берік ұстап, жеті түрлі жаман 
құлықтан сақтансаңыз, ҽлбетте, Құдай тағаланың уағдасы екі емес, 
мҽңгі рахатта боласыз. Жақсы құлық құр ахиретте пайдалы болып, 
дүниеде де залал емес. Дүниеде де ізгі құлықты адам һҽм сүйкімді, һҽм 
қадірлі, һҽм ахиретте де Құдайдың сүйген құлдарынан болсалар керек, 
инша Аллаһу тағала
229

2 2 9
(Инша Аллаһу тағала) – Алла тағала қаласа (жазса). 
13 
52 


Мұхаммед пайғамбарымызды ақырғы пайғамбар етіп, бҿтен 
пайғамбарлардан Құдай тағала қасында ҿзінің һҽм умматтарының
57
дҽрежесін артық, сүйіктірек ету Құдай тағаланың ҽзли құдіреті-ді. 
Кҽлҽм шҽрифте айтылған: (күнтүм хайра уммҽтин ухрижҽт лин-нҽси) 
яғни «Мұхаммед пайғамбар умматын қумуғ
58 
умматтардан артығырақ 
еттік», – дейді Құдай тағала. 
Мұхаммед ҽлҽйһис-сҽлҽмның пайғамбарлығы ҽшкере бола 
бастауы қырық жасынан бері болды. Пайғамбарымыз ҽлҽйһис-сҽлҽм 
халыққа түрлі шариғат үйретсе, Құдай тағаланың Жҽбраил есімді бас 
періштесі арқылы ендірілген бұйрықтарымен үйретті. Ол бұйрықтар 
жиылып жазылған кітаптың есімін Құран шҽриф деп атаймыз. 
Пайғамбарымыз ҽлҽйһис-сҽлҽмның сипаты орта бойлы, ақ жүзді, 
жирен сақалды, қара шашты, ешбір адамға бітпеген кҿркем сипатты 
еді. Жауырынында 
мүһр нүбүуәт
59
, яғни Құдай тағала құдіретімен 
жаратылған мүһрі (мҿрі) бар еді. Сҿйлесе тілі балдан һҽм тҽттірек ҽрі 
не айтса тек Құдайдың бұйрықтарын айтып һҽм адамдар ҿз 
араларында бір-біріне ҽділ, рахымды болмақ-ты, бірін-бірі 
ренжітпеске, ҿсек-ҿтірік айтпасқа, бейшара, жетімдерге қайырлы 
болмаққа керек, қай діндегі адамды болса да қиянат етпеске. Үлкен-
кіші, бай-жарлы, құл-патша – баршасы Құдай алдында бірдей. Құл 
екендігіне, денені һҽм кҿңілді, таза сақтамаққа, ҽр сағат Құдайды 
ұмытпай, пендешілікке лайық құлшылық ету турасында тынбай үгіт 
етер еді. Пайғамбарымыз ҽлҽйһис-сҽлҽм еш уақыт дұшпанына да 
жауыз дұға қылмас еді.
Ухуд соғысында
60
бір кҽпір тісін сындырғанда да жылап 
тұрып дұға айтты: «ҽй, Құдая бұл бейшараға тауфиқ (кҿмек, бақыт) 
бер» деп. Ҿмірі ішінде қаншама жұрттарды дінге кҿндіріп, қаншама 
зор дҽулет қазыналар жиылғанда да ҿзі ол малмен аслҽн
61
пайдаланбас 
еді. Ондай малдың бір парасын жұрт пайдасындағы қазынаға, бір 
парасын пақыр-бейшараларға, бір пара-сын сахабаларға
62
берер еді. 
Хатта бұл дүниеден ҿтер уақытында жамағаттарына бір динар, яғни 
бір теңге қалдырып кетуге де шамасы келмеді. 
5 7
Уммат – ұлт, халық. 
5 8
Құмұғ – барша халықтардан.
5 9
Муһр набууҽт – пайғамбарлық белгі (мҿр). 
6 0
Ухуд соғысы – Мұхаммед пайғамбардың пұтқа табынушыларға қарсы бір 
соғысы осы Ухуд тауының жҽне құдықтың жанында болған. 
6 1
Аслан – тегінде, негізінен. 
6 2
Сахабалар – 6-шы түсініктемені қараңыз. 
*** 
Ей, жарандар, дүниеде ешкім мҽңгі тұрмайды. Аз уақыт 
дүниеде қонақ хисабында тұрып, жаман пиғылды жаман құлықты 
болып, ахиретіңізге не жанға, не денеге пайдасы жоқ нҽжіс ұстап 
қайтпаңыз. Адам баласы бұл дүниеге ахирет деген түпкілікті орнында 
қорек ету үшін азық жия шығарылған Құдай тағаланың махлұғы болса 
керек. Дүниеде таза мінез бен қайырлы істер істеп ахиретке кайтсаңыз, 
сол ҿзіңіздің жиып қайтқан жақсылықтарыңыз – ахиретке бірге 
баратын дҽулеттеріңіз. Ол дҽулетіңізбен мҽңгі дүниеде пайдаланып, 
ұжмақ ішінде рахметте қаласыз. Егер дүниеде бұзық пиғылдарда 
болып, 
куфрлерден, 
бидғаттардан, 
риялардан, 
сараңдардан, 
күншілдерден, тҽкаппарлардан, исрафтардан һҽм мұнан ғайри ұры, 
ҿтірікші, ғайбатшылардан болып, ахиретке осындай амалдарды қолға 
ұстап қайтсаңыз, мұның кесапатын, залалын һҽм мҽңгі дүниеде, 
ахиретте кҿресіз. Оның үшін жамандық іс – жылан мен бүйіге мысал. 
Ол бүйі мен жыланды қанша асырап күтсең де, күткеніңе ісініп, 
қолыңа тұтына беруді қоймасаң ақырында бір шағып ҿзіңе зақым 
келтірмей қалмас. Тікенек еккен жерден бидай орып алып ұн ішермін 
деп үміт ету, ҽлбетте, ақымақтық болса керек. Ҽркім не ексе, соны 
орып алса керек. Адамның да дүниедегі амалы осы қалыпты. 
Дүниедегі амал – егінің жақсылық болса һҽм ол жақсылық егініңнің 
шашқан тұқымы рия, хасад, кибрдан болмаса, үміт бар ол егініңнен 
жамандық орып алмассың деген.
Егер істегенің жамандық болса, жақсылық тауып алу да күмҽн 
болса керек, тікен орнына бидай шықпаған рҽуішті. Бірақ Құдай тағала 
пенделеріне қанша күнҽһар болса да қаһар етуден ҽрдайым рахым 
етуге жақынырақ. Оның үшін қанша зор күнҽһар болса да пенде
Құдай тағалаға шын жалбарынып, ихласпен тҽубе қылса, кешірермін 
деді. Лҽкин риясыз істеген жақсылық бір мысқалдай болса да мизан 
таразы күнінде
228
есепке кірмей қалмайды. Мұнан кҿрінеді, ҿзіміз 
түзелмейтін бұзық болмасақ, Құдай тағала ҽрқашан бізге рахым етуі 
шын екендігі һҽм түзелерге тырысуға еш уақыт кеш еместігі. Лҽкин 
ҽрбір іс бастан түзу бола келмесе, түбінде түзелуі де қиын болады. 
Ағашты жас күнінде қисығын түзей келсең түзу болып ҿседі һҽм бір 
түзу болып ҿскен соң жаңадан қисаймайды.
2 2 8
Мизан-таразы күні – 48-ші түсініктемені қараңыз. 
14 
51 


Пайғамбарымыз Құдай тағала бұйрығыменен Меккедегі 
Мҽсжид Харам
63 
дегеннен Бейтүл Муқаддҽстағы Мҽсжид Ақса
64
дегенге барып, ол мҽсжидтен Құдай тағаланың изнімен
65
кҿкке асып, 
Құдай тҽбарак уҽ тағалаға сҿйледі. Мұны миғраж
6
деп атайды. Бұл 
миғражға асқан күні ражаб (ережеп)
6
айының 28 (немесе 27)-күнінде 
болған үшін шаһарлы жерлерде сол күнді мейрам етіседі.
Пайғамбарымыз ҽлҽйһис-сҽлҽмның бас жолдастары тҿртеу еді. 
Бұларды біз шҽһҽриярлар
68
деп атаймыз. Ол шҽһҽриярлардың аты: 
ҽуелі хазірет Ҽбүбҽкр, екінші – хазірет Омар, үшіншісі – хазірет 
Осман, тҿртіншісі – хазірет Ҽли. Бұларға Құдай тағаланың рахматы 
болғай еді. Пайғамбарымыз бұл дүниеден екінші дүниеге сапар 
шегерінде халифалық орнын ҿз ҽулетін жақын кҿріп ҿз ҽулетіне 
бұйырмады. Ҿзінен соң (халифалық) хазіреті Ҽбүбҽкрге бұйырды. 
Одаң соң хазірет Омарға, одаң соң хазірет Османға бұйырды, одаң соң 
хазірет Ҽлиге. 
Пайғамбарымыз 
ҽлҽйһис-сҽлҽм 
жиырма 
үш 
жыл 
пайғамбарлық етіп, ҽуелі араб жұртын дін исламға кҿндірді. Онан соң 
неше уҽ неше бҿтен жұрттарға дін үйретіп, Құдайдың бұйрығын һҽм 
кҽлҽм шҽрифті дүние жүзіне кҽміл ҽшкере етіп, һҽм ҿз тарапынан үгіт 
хадистер
70
қалдырып, 63 жасында бұл жалған дүниеден мҽңгі 
дүниеге қайтты. Мұнан соң жоғарыда айтылған шҽһҽриярлар һҽм 
пайғамбар уақытында бірге жүрген жарандары дін исламды бҿтен 
дүние жүзіне қыдырып жүріп үйретіп, надандарды жолға салды. 
Бұлардан соң пайғамбарымыздан, шҽһҽриярлардан уҽ ғайри 
сахабалардан үйренген сҿздерін кҿріп қалған жақсы мұсылмандар, 
бұларды табиғин
71
деп атайды һҽм бұл табиғиндердің сҿзін естушілер 
тҽбҽғ-табиғиндер. 
6 3
Мҽсжид харам (ҽл-мҽсжид ҽл-харам) қасиетті мешіт – мұсылмандардың Меккедегі 
ең қасиетті орны. Бұл мешіттің ауласында Қағба мен қасиетті Зҽмзҽм бұлағы бар. 
6 4
Бейтул-Муқаддҽстағы Мҽсжид Ақса (ҽл-мҽсжид ҽл-ақса) – (Ең шеткі немесе 
Ең алыс мешіт) – Иерусалим қаласындағы басты мешіт, мұсылмандардың қасиетті 
орындарының бірі.
6 5
Изн – рұксат ету, ризалық беру. 
6 6
Миғраж – кҿтерілу, Мұхаммедтің қанатты Пырақ (Бурақ) деген жануармен 
Алла тағалаға кҿтерілуі. 
6 7
Ражаб – ережеп, мұсылман жылнамасының жетінші айы. 
6 8
Шҽһҽрияр – мұнда: Мұхаммед пайғамбардың жақын жолдастары, 
ізбасарлары. 
6 9
Ҽшкере етіп – жария, танымал етіп. 
7 0
Хадистер – Мұхаммед пайғамбардың ҿсиеттері. 
7 1
Табиғин – Мұхаммед серіктерінің замандастары. 
Бай болсаң баймын деп менменсімей, бай емес бейшараларға 
аяушаң
227 
болмақ. Осы мінездерді тауҽдуғ деп атайды.
Пайғамбарымыз ҽлҽйһиссҽлҽм айтқан:
«...


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет