грек сөзі. Ол – халықаралық (интернационалдық) термин. Халықаралық
терминдерді өзгертуге болмайды», - дейтін шығар.
Солай-ақ болсын делік. Ендеше, халықаралық сөз болып табылатын
гректің
konos
сөзін орыстар неге
конос
демей,
конус
деп өзгертіп алды?!
Әлде олар бұл ережені білмей ме?! Білсе, қазақ тіліне тараған жоғарыдағы
«заңдылық» орыс тіліне таралмай ма?! Таралатын болса, орыстарға
керексіз болып шыққан бұл «заңдылық» («халықаралық сөздерді өзгертуге
болмайды» деген заңдылық) қазақ тілі үшін неге осыншалықты құнды,
осыншалықты мәнді, мағыналы болып шыға келді?!
Мәселенің бәрі осы «шыға келгендікте» жатыр (Бұл - өз алдына бөлек
сөз етілетін, өте үлкен, әрі күрделі мәселе – Б.Қ.).
Кейбір тілші ғалымдарымыздың пікіріне ден қойсақ. «Орыс тіліндегі
біраз сөздердің екі түрлі мағынасы болады екен. Оның бір мағынасы
жалпыхалықтық мәнде жиі қолданылады да, екінші мағынасы терминдік
мәнде жиі қолданылады. Мұндай жағдайда әлгі сөздің жалпыхалықтық
мағынасын қазақшаға аударып, ал терминдік мағынасын аудармай, сол
орыс тіліндегі қалпында алғанымыз жөн», - дейді (4: 281).
Егер бұл ойды дұрыс деп тапсақ, орыс тіліндегі
функция
сөзінің
жалпыхалықтық (термин емес) мағынасын – «қызмет» деп, ал оның
терминдік екінші мағынасын – «функция» деп алуымыз керек сияқты.
Бұл пікірмен де келісе қою қиын. Өйткені, біріншіден, әр мағынаға
жеке-жеке балама (сөз) іздесек, сөз (термин) мағыналарын белгілеуге
тіліміздің сөздік қоры жетпей қалуы мүмкін. Екіншіден, дүние жүзіндегі
тіл атаулының бәріне тән көп мағыналық дегенді жоққа шығарған
боламыз.
Бұларды былай қоя тұрғанда,
Достарыңызбен бөлісу: