жатқан түрі бөтен, шетелдік сөздерді айтып отырмын. Мұндай сөздер
тіліміде өте көп (академик Ә.Қайдаровтың айтуынша жүз мыңдай – Б.Қ.)
және олар қазақ тілінде жоғарыда көрсетілгендей орысша айтылып,
орысша жазылып жүр.
«Неге олай?» деген сұрақты қоя қалсаң, «қазақ сөздері термин бола
алмайды» деген жауапты естисің. Мен бұл пікірге қосыла алмаймын. Tілде
термин болмайтын, термин бола алмайтын сөздер жоқ. Керек десең, үстеу
сөздер де термин бола алады (Мыс.:
жай, баяу, ақырын, тез,
т.б. – музыка
терминдері). Мәселе оларды өзіміздің термин жасамай, жасай алмай
жүргендігімізде.
Бұл айтылған ойды дәлелдейтін мәнбілер тілде жеткілікті. Мысалға
университеттер мен институттарда қызмет істейтін адамдардың мейлі
орысы болсын, мейлі қазағы болсын – бәріне жақсы таныс, бәріне
түсінікті, әрі мағыналары да жағымды
декан
және
семинар
деген сөздерді
алып көрелік. Бұларды термин емес деп ешкім айта алмайды.
Декан,
семинар
– термин сөздер. Олардың біріншісі – гректің (
dekanus
– десятник)
«ондық» дегенін, ал екіншісі – латынның (
seminarium
– рассадник)
«көшет» дегенін білдіреді [2: 150, 448]. Әрі қарапайым, әрі
жалпыхалықтық
ондық
сөзімен
көшет
сөздері педагогикалық терминге
қалай айналып кетті?
Оның сыры белгілі: Біріншіден, еуропа халқы ол сөздерді терминге
айналдыра білді. Екіншіден, әлгі сөздер өздерінің алғашқы, тура
мағыналарында емес, кейіннен қосылған ауыс, келтірінді мағыналарында
қолданыла-қолданыла келіп, ақыры сол келтірінді мағыналар өзінен өзі
ғылыми, терминдік (тура) мағыналарға айналды.
Рас, жоғарыда айтылған
Достарыңызбен бөлісу: