Қазақ және орыс тілдерін жаңаша оқытудың
проблемалары. Алматы, 2003. 9-12 бб.
СӨЗЖАСАМДЫҚ ТЕРМИНДЕР ЖӨНІНДЕ
Сөзжасамды дұрыс түсіну үшін онда қолданылып жүрген
терминдерді саралап, даралап бір-бірінен мағыналық айырмашылықтарын,
ұғымдарын ажырата білген жөн сияқты. Сөзжасам теориясында
мағыналарын, ұғымдарын ажырата қарауға, бірінен-бірін бөліп
қарастыруға
тұрарлық
терминдер
жетерлік.
Олар:
сөзжасам,
сөзжасамдық
ұя,
сөзжасамадық
тізбек,
сөзжасамдық
саты,
сөзжасамдық тарам, сөзжасамдық жұп, түбір сөз, туынды сөз, түбір
негіз, туынды негіз, уәж сөз, уәжді сөз, уәжсіз сөз
т.б. [1, 2].
Бұл жерде біз аталған терминдердің бәріне емес, олардың тек
мағыналары шатастырылып жүрген
түбір, түпкі түбір, негізгі түбір,
124
негіз, түп негіз, түбір негіз
деген сияқты бірлі-жарымдарына ғана
тоқталмақпыз. Ол үшін
біл>білім>білімді>білімділік
деген сөзжасамдық
тізбекті нысан етіп алалалық.
Осы сөзжасамдық тізбектегі сөздердің бәрі – түбір, бәрі – сөз.
Айырмашылықтары:
біл
– түпкі түбір, қалғандары – туынды түбірлер;
біл
–
түбір сөз (исходное слово или производящее слово), қалғандары – туынды
сөздер (производные слова).
«Біл» түпкі түбірін –
негізгі түбір
деушілер жоқ емес. Егер оны
«негізгі түбір» деп атасақ, «негізгі емес түбір» де бар екен ғой деген ой
келеді (Тілімізде мұндай түбір жоқ). Осындай шатасулар болмас үшін,
«біл» деген сияқты түбірлерді –
түпкі түбір
деп атағанымыз жөн. Өйткені
түпкі түбірлер туынды түбірлерді туғызуға негіз болады.
Ескерте кететін нәрсе: туынды түбірлерді туғызатын тек түпкі
түбірлер ғана емес, туынды түбірлердің өздері де әр түрлі туынды түбірлер
туғыза алады. Сондықтан, тіл білімінде туынды түбірлерді туғызушы
түбірлердің бәрін (түпкі түбірді де, туынды түбірлерді де –
негіз
(основа)
деп атау қалыптасқан. Осы тұрғыдан жоғарыдағы «біл» сөзін –
негіз, негіз
сөз
деп те атай береміз. Негіз болғанда, ол – түбір негіз. «Біл» түбір
негізінен жасалған
білім, білімді, білімділік
сөздері – туынды негіздер.
Жоғарыда айттық, бір буынды түбір сөздер бұрын түпкі түбір деп
аталынатын еді. Кейінгі кезде ол
түп негіз
деп аталынып жүр [2: 36, 102].
Егер
түпкі түбір
мен
түп негіз
терминдерінің арасында ұғымдық,
мағыналық тұрғыдан айырмашылық болса бірсәрі. Ал олардың арасында
ешқандай айырмашылық болмаса, түпкі түбірді
түп негіз
деген жаңа
терминмен ауыстырудың қажеті шамалы. Біздіңше, оны бұрынғыдай
түпкі
түбір
деп атағанымыз орынды.
Біз, әрине,
түбір
(корень) мен
негіз
(основа) терминдерін ұғымдық
тұрғыдан ажырата қарастыру жағындамыз. Әңгіме сөзжасамға байланысты
терминдер жөнінде болғандықтан бұл жерге «негіз» сөзін араластырудың
қажеті жоқ деп есептейміз. Өйткені негіз термині әдетте сөздердің түрлену
формаларына ғана байланысты аталынатын термин.
Тілімізде
түбір, түпкі (негізгі) түбір, туынды түбір
деген терминдер
де қолданылады. Олардың ішіндегі «түбір» сөзі – түпкі түбірлер мен
туынды түбірлерге ортақ жалпы термин. Солай дей
125
тұрағынымызбен,
түбір
десек көп жағдайда есімізге
Достарыңызбен бөлісу: |