келгенде оған жанымызды қинамай, керекті терміндерді еуропа немесе
орыс тілдерінің бірінен ала салуды дұрыс көреміз де тұрамыз.
Орыс тіліндегі терміндерді соламайымен қабылдай салудың басы
1935 жылғы профессор Қ.Жұбанов ұсынған «Қазақ әдеби тілі
терминологиясының принциптерінен» басталады [1: 283-285]. Оған 1949
жылы жарық көрген С.Бәйішевтің «Қазақ
тілінің терминологиясын
жасаудың негізгі принциптері мен міндеттері» деген мақаласа келіп
қосылды [2]. Содан бері қарай біз қазақша термін жасауды мүлде
қойғанбыз. Тек орыс тіліндегі даяр тұрған терміндерді ғана қабылдап
келдік. Бұл – әрине, саясат. Саясаттың біраз бөлігі сұрқия болатынын
өздеріңізде білесіздер. Сондықтан мен соған тоқталып, уақыттарыңызды
алмай-ақ қояйын.
Бұл жердегі негізгі әңгіме егемендік
алғаннан кейінгі кезеңде
жасалған немесе жасалуға тиісті терміндер жайында болмақшы.
Егемендіктен кейін 10-15 жылдай уақыт өтсе де, «қазақша терміндер бір
жүйеге түсті» деп айтуға ауыз бармайды. Оның себебі жасалған қазақша
терміндерден гөрі қолданыста жүрген орысша терміндердің саны көп. Бұл
пікір мен сөз еткелі тұрған тіл білімі саласына да қатысты.
Шындықты мойындайықшы, термін мәселесіне басқа ғалымдардың
бәрінен жақын тұрған ғылым – тіл білімі емес пе?!
Сол тіл білімі
терминдерінің көбі әлі күнге дейін орысша немесе еуропаша қолданылып
жүр. Айтуға ұят. Алайда ақиқат солай.
Тілшілердің, яғни біздердің абыройымызды жауып жүрген 1910-15
жылдардың өзінде-ақ жасап кеткен Ахмет Байтұрсынұлы атамыздың
қазақша терміндері. Одан бергі уақыт аралығындағы жасалған қазақша
терміндердің жайы мәз емес. Олар арық ат, ауру сиыр секілді ілмиіп
тұрады. Тұрпатына қарасаң,
олардың не орысша, не қазақша екенін біле
алмай дал боласың. Мысал керек пе? Мысал жеткілікті:
апеллятив есімдер,
пассив мүшелер, валенттілік, диахрондық, нормативті грамматика,
флективті тіл, компаративизм, эмоционалдық сөз
т.б.
Кез келген ғылым салаларының терміндері дамысын,
жетілсін десек,
сол ғылым саласындағы терміндерді тұрақты түрде зерттеп, оның артық-
кем тұстарын саралап ескісін қолданудан шығарып
130
тастап, жаңасын жасап жүретін кемінде 2-3 ғалымның болуы шарт деп
ойлаймын.
Қазақ тіл білімінің терміндерін Ахмет Байтұрсынұлы атамыздан
кейін, кеңестік кезеңде Т.Жанұзақов ағамыз зерттеді. Академик
І.Кеңесбаевпен бірігіп, ол зерттеу
еңбекті жеке сөздік етіп, 1966 жылы
бастырып та шығарды [3].
Ол кездің термін жасау ұстанымы өздеріңізге белгілі:
аббревиатура –
аббревиатура, аббревиация – аббревиация, аблаут – аблаут, аблатив –
аблатив,
абсолоютные
синонимы
–
абсолюттік
синонимдер,
агглютинативные – агглютинативті, абстарктная лексика – абсртакты
лексика
деп кете береді.
Мен бұл жерде шып-шырғасын шығармай әлгі сөздіктегі әліпби
тәртібі бойынша қатар тұрған алғашқы біраз терміндерді әдейі беріп
отырмын. Осылардың қаншасы қазақша? Мен
Достарыңызбен бөлісу: