Байынқол Қалиұлы



Pdf көрінісі
бет51/64
Дата15.11.2023
өлшемі1,2 Mb.
#124166
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   64
Байланысты:
Байынқол Қалиев

түпкі түбір
түседі. 
Ал 
туынды түбір
десек, сол түпкі түбірден жасалынған жаңа түбірді ойға 
аламыз. Бұл жерде ешқандай шатасу, шатастыру жоқ.
Шатастырудың басы мектепте оқитын оқушыларға 
түбір, түпкі 
түбір, туынды түбір
деп саналарына сіңіріп аламыз да, олар студент 
болғаннан кейін дәл сол ұғымды білдіру үшін оларға «түп негіз» терминін 
ұстанамыз. Міне, шатасу, шатастырудың басы қайда жатыр!. 
Түпкі түбірді 
негізгі түбір
деп атау да онша жарасып тұрған жоқ. Неге 
десеңіз, біріншіден, негізгі түбір деген терминді естіген сайын адамда 
«негізгі емес түбірдің де болғаны ғой» деген ассоциация пайда болады. 
Екіншіден, туынды түбірлердің өздері де реті келгенде негізгі, басты түбір 
бола алады.
Кейбір ғалымдар: «... Оны 
негізгі түбір
деп отырған себебіміз – олар 
мағыналы сөздер және өзінен басқа туындылардың жасалуына негіз бола 
алады» – деген уәж айтады [2: 108]. Жарайды-ақ, негізгі түбір «мағыналы-
ақ» болсын, ол басқа түбірлердің негіз-ақ болсын. Бірақ түпкі түбірлерде 
мағына жоқ деп кім айта алады? Немесе түпкі түбірден туынды түбір 
жасалмай ма?
Жасалғанда қандай! 
Қазақ тіл білімінде 
туынды түбір
термині мен 
туынды сөз
терминдері де шатастырылып жүр. Бұларды бірінің орнына екіншісін 
қолдануға болмайды. Өйткені 
туынды сөз
терминінің мағынасы 
туынды 
түбір
терминінің мағынасына қарағанда кеңірек. Бұл тұрғыдан 
туынды 
сөздердің
бәрін емес, олардың бір тобын ғана 
туынды түбір
деп 
атауымызға болады [1: 33; 2: 125].
Оның үстіне 
туынды сөз
ұғымы тек түбірді ғана қамтымайды, оған 
түбір мен сол түбірге қосылған сөз түрлендіруші қосымшалар да ене 
алады. Олай болса, 
туынды сөз
ұғымы кемінде 3 морфеманың 
қосындысын қамтиды деп білгеніміз жөн. Олар: түпкі түбір, жұрнақ және 
жалғау. Ал 
туынды түбір
болу үшін бірінші кезекте түпкі түбірге 
сөзжасамдық жұрнақ жалғануы шарт. Н.Оралбаева, К.Құрманалиев сияқты 
ғалымдарымыздың айтуларынша, «сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалған 
барлық сөз түрлері де (біріккен сөздер, қос сөздер, күрделі сөздер) туынды 
сөздердің қатарына жатады» [1: 33-34; 2: 125].
Қазақ тіл білімінде уәждемелік (мотивациялық) теориясы 
126 


тұрғысынан тілдегі өздерді уәжсіз (мотивсіз) сөздер, уәжді (мотивті) 
сөздер деп, екіге бөлу дәстүрге айналған (
Уәж
дегенді – 
негіз
деп 
атаушылар да жоқ емес). Уәжсіз сөздер – түпкі түбірлер, уәжді сөздер – 
туынды түбірлер. Ал 
уәж сөз
деген терминнің ұғымына жоғарғылардың 
екеі де, яғни 
уәжсіз сөз
де, 
уәжді сөз
де кіреді. Өйткені туынды сөз (яғни 
туынды түбір) жасауда олардың екеуі де уәж бола алады.
Әдетте түпкі түбір уәжсіз болады. Сөзжасамдық сатының ең соңғы 
сатысандағы туынды түбір – уәжді сөз. Себебі ол сөзжасамға қатыспай, 
сатыны аяқтап тұрады. Ал осы екі аралықтағы (яғни түпкі түбір мен ең 
соңғы уәжді сөздің аралығандағы) туынды түбірлер – уәжді түбірлер. 
Бұлай болатын себебі олар келесі сатыдағы туынды түбірлерге уәж бола 
алады.
Бұл – сайып келгенде, уәж (уәждеуші) сөз уәжді (уәжделуші) сөзбен 
мағыналық жағынан байланысты деген сөз. Өйткені уәжді сөз уәж сөзден 
жасалады. Бірақ бұл айтылғандардан екеуінің мағыналары тең (бір-біріне 
барабар) деген ұғым шықпауға тиісті. Олардың әрқайсысының өз 
мағыналары бар.
Оймызды мысал арқылы нақтылай түссек, жоғарғы сөзжасамдық 
тізбектегі 
уәжсіз сөз
– «біл», уәжді сөздер – «білім», «білімді», 
«білімділік». 
Уәж сөзге
келетін болсақ, көрсетілген сөзжасамдық тізбектің 
ең соңында тұрған «білімділік» сөзінен басқаларының бәрі 
уәж сөзге
жатады. Өйткені «білден», – 
білім,
«білімнен» – 
білімді,
«білімдіден» – 
білімділік
туынды түбірлері (сөздері) жасалынған. «Білімділік» сөзінің уәж 
сөз болмайтын себебі – одан ешқандай туынды сөз жасалып тұрған жоқ. 
Сондықтан да, «білімділік» – 
уәж сөз
емес ол тек 
уәжді сөз
.
Ескерте кетелік: кейбір ғалымдар бұл соңғы үш терминді 
күрделендіріп, уәж дегенді – 
уәждеме
, уәжді дегенді – 
уәждемелі
, уәжсіз 
дегенді – 
уәждемесіз 
деп атап жүр [2: 37-38].
Дұрысы – терминнің әрі қысқа, әрі түсінікті және бірізді (жүйелі) 
болғаны. Олай болса, бұл үшеуін 
уәж сөз, уәжді сөз, уәжсіз сөз
деп атап, 
зерттеу еңбектерде олардың осы қысқа сыңарларын пайдаланғанымыз жөн. 
Егер түбір сөздер де, туынды сөздер де 
негіз
(основа) бола алатын 
болса, онда уәж сөздерді де, уәжсіз сөздерді де негіз деп ұғып, оларды 
127 


уәж негіз, уәжді негіз, уәжсіз негіз
– деп атаумызға неге болмасын? Біздің 
ойымызша, бұлай атауға әбден болады. 
Сөзжасамға байланысты қолданылып жүрген терминдер жөнінде 
айтқанда «лексика-семантикалық тәсіл» деген терминге де тоқталмай 
кетуге болмайды. Біріншіден, бұл қазақша термин емес. Оны 
қазақшаласақ, «лексика» – сөз, «семантика» – мағына болып аударылады. 
Бұл қазақша сөздерді өзара тіркестірер болсақ, «мағыналы сөз тәсілі» 
болып шығады. Көрсетілген қазақша тіркесімде ешқандай мән-мағына жоқ 
екендігі аян. Өйткені сөз болған екен, онда мағынаның болуы міндетті. 
Мағынасы болмаса, ол – сөз емес (Көмекші сөз екеш көмекші сөздердің 
өздерінде де грамматикалық мағына болады).
Ендіше, «лексика-семантикалық тәсіл» деген бір тәсіл емес, ол – 
қосақтауға болмайтын, әрқайсысы жеке-жеке екі тәсіл. Яғни аталған тәсіл 
лексикалық тәсіл мен мағыналық (семантикалық) тәсілдердің механикалық 
қосындысынан тұрады.
«Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы» атты оқулықтар мен ғылыми 
еңбектерде осы тәсілге байланысты мысал ретінде алынып жүрген 
жеті, 
тоқсан, күш, қуат, жұрнақ, жалғау
деген сөздер лексика-семаниткалық 
тәсіл арқылы жасалып тұрған жоқ. Олар – тек семантикалық тәсілмен, яғни 
мағыналарының өзгеруі арқылы ғана жасалған сөздер. Сондықтан 
мұндайларды лексика-семантикалық тәсіл демей, тек 
мағыналық
(семантикалық) 
тәсіл
арқылы жасалған сөздер деп білуіміз керек. 
Неге десеңіз: 
жеті
сөзінің тұлғасы («жеті») өзгермей-ақ, оның о 
бастағы «алтыдан кейінгі сан» (семь) деген сандық мағынасы ғана өзгеріп, 
дамып, «жеті күннің жиынтығы», «бір апта» деген мағына беру арқылы 
жаңа мағыналы жаңа сөз жасалған. Қайталап айтамыз, мұндайларды 
лексика-семантикалық тәсіл дегеннен гөрі 
мағыналық (
семантикалық

тәсіл
деген дәлірек. Өйткені онда лексикалық өзгеріс жоқ, тек мағыналық 
қана өзгеріс бар. 
Ал 
лексикалық тәсіл
дегенге басқа тілдердің бірінен ауысып келіп, 
дыбысталуын қазақ тілінің заңдылығына сәйкес өзгерткен кірме сөздерді 
жатқызуға болады. Мыс.: 
бөкебай
(ор. пуховый), 
жәшік
(ор. ящик), 
кебін 
(ар.кафанун), 
несие
(ар.насиаанун),
күмбез
(п.гумбәд), 
кілт
(п.келид) т.б. 
128 


Бұлар қазақ тілі үшін жаңадан жасалынға жаңа сөздер бола ала ма? 
Әрине, олар өз кезінде жаңа сөздер болды. Ендіше, бұл сияқты 
сөздерді лексикалық тәсіл арқылы жасалған сөздер деп атағанымыз дұрыс. 
Олай болса, лексика-семантикалық тәсіл деген екіге бөліп, бірін –
лексикалық тәсіл, екіншісін – мағыналық (семантикалық) тәсіл деп, 
саралай қарастырғанымыз оңды болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет