басқа терминология мәселелеріне арналған ғылыми-теориялық, практикалық
конференциялар, семинарлар өткізіп, олардың жинақтарын бастырып
шығарады.
ҚР Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясының
бюллетені болып табылатын «Термионологиялық хабаршының» жылына 4
нөмірі шығарылатыны белгілі. Онда мемтерминкомның ресми құжаттары,
терминком
бекіткен терминдер, бекітілуге ұсынылған терминдердің тізімі
және терминнің теориялық, практикалық мәселелері жөніндегі мақалалар,
сондай-ақ, мамандардың әртүрлі ұсыныстары мен пікірлері басылады.
Бір өкініштісі, терминком бекіткен терминдер, олар шығарған сөздіктер
таралымының аздығынан халықтың қолына жетпей жатады. Сондықтан
болар, халықтың көпшілігі терминком бекіткен терминдерді бекіткен күйінде
емес, өз білермендіктерімен қолданады. Мәселен, терминкомның 2006
жылғы
бір отырысында бұрын
журнал
деп орысша қолданылып жүрген
сөзді қазақша
жұрнал
деп дұрыс бекітіп берді. Бірақ халық мұны
білмегендіктен, ол сөзді әлі күнге дейін бұрынғысынша
журнал
немесе
жорнал
деп қолданып жүр.
Терминкомның бір осал тұсы – кейбір орысша терминдерді сол орысша
күйінде бекітіп беретіндігі. Бұлай етуге болмайды ғой. Менің ойымша,
Қазақстан Республикасы Терминкомының міндеті –
халық бұған дейін
орысша қолданып келген терминдердің қазақша баламаларын тауып, сол
қазақша баламаларды бекітіп беру емес пе?! Орысша терминдерді халық
терминком бекітпесе де орысша қолданып жүр.
Терминком кейде бір орысша терминге екі балама бекітіп береді. Оның
бірі – орысша, екіншісі – қазақша балама. Әрине, мұндай жағдайда халық
оның өзіне жақсы таныс орысшасына жармасады да,
қазақша сыңары сол
күйінде қалып қояды.
Терминкомның үшінші бір олқы тұсы – екі сөзден құралған бір орысша
терминнің бір сыңарын қазақшалап, екінші сыңарын сол орысша күйінде
қалдырады. Бұл тәсілді де құптауға болмайтын сияқты.
Айтқан пікірлеріміз дәлелді болуы үшін, терминкомның 2006 жылғы 29
қыркүйекте бекіткен терминдерін мысалға келтірейін. Бұл мәжілісте
терминком небәрі 19 терминді бекітіпті. Оның екеуі
142
орысша. Мыс.:
цифра – цифр, имидж – имидж
. Үшеуі екі баламадан тұрады.
Мыс.:
авзац – абзац, еже; интеграция – интеграция, кірігу; модернизация –
модернизация, жаңғыру
. Алтауы екіжақты. Яғни екі сыңардан тұратын бір
терминнің бір жартысы (сыңары) – орысша, екінші жартысы – қазақша.
Мыс.: валютный контроль –
валюталық бақылау
, кредитный портфель –
кредит қоржыны
, т.б. Ал қалған сегіз термин қазақша бекітілген (Қараңыз:
Терминологиялық Хабаршы, №3, 2006).
Бұл – әрине, басқа тілдерден, айталық, латын, грек,
орыс тілдерінен
термин алуға болмайды деген сөз емес, болады. Дүние жүзі халықтарының
бәрі көрші тілдерден сөз алады. Мәселе ол сөзді қалай алуда. Басқа халықтар
қай тілден сөз алса да, оны өз халқының тіліне жақындатып,
өз тілінің
дыбыстау заңдарына сәйкестендіріп алады.
Бізде бұл дәстүр қалыптаспаған. Осы тұрғыдан алғанда жоғарыдағы
«кредит» сөзін –
кіредит
деп, «цифр» сөзін –
сыйпыр
деп алуға болатын еді
ғой.
Осы жерде «халықаралық (интернационалдық) терминдерді қазақшаға
аударуға болмайды» деген қағидасымақтың тиянағы, тұрағы, табанының
бедері жоқ пікір екендігін айтқым келеді. Олар аяғын аспаннан салбыратып
түскен не қылған құдіретті сөз? Оны неге аударуға болмайды?
Бұл заңды
шығарған кім? Ол заң қай жерде жазылыпты?
Қысқасы, ойланатын нәрселер көп. Оның бәрін тізіп жатпай, ойымды
қысқа қайырар болсам, қазақша термин жасауда,
оны бекітіп беруде
әрқайсымыз жүз ойланып, мың толғанғанымыз абзал. Қазақ мұндайда «жеті
рет өлшем, бір рет кес» дейді. Сонда ғана біз «халыққа қызмет еттік» деп,
аузымызды толтырып айта аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: