Байынқол Қалиұлы



Pdf көрінісі
бет48/64
Дата15.11.2023
өлшемі1,2 Mb.
#124166
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   64
Байланысты:
Байынқол Қалиев

Терминологиялық Хабаршы, 
Астана, 2003, №4 (6), 26-27 бб. 
 
ҚАЗАҚ ТЕРМИНДЕРІ: КЕШЕ, БҮГІН ЖӘНЕ ЕРТЕҢ 
Термин дегеніміз – сайып келгенде, әдеттегі сөз бен әдеттегі сөз 
тіркестері. Айырмашылықтары: әдеттегі сөз – қарапайым ұғымның атауы, 
ал термин – ғылыми ұғымның атауы. Мәселен, 
күн
деген сөз – әрі сөз, әрі 
термин. Айталық, 
күн шықты, күн көтерілді, күн батты
десек, мұндағы 
күн
сөзі – қарапайым сөз. Өйткені ол аспан денесінің атауын ғана білдіріп 
тұр. Егер 
Күн
дегенді: «Ең үлкен, ең басты ғаламшар (планета). Ол жерден 
333 мың есе үлкен. Күннің қызуы 25-30 млн. градусқа жетеді. Күн барлық 
басқа ғаламшарларға жылу және жарық береді. Жер бетіндегі тіршілік 
Күнге тәуелді», – деп түсінсек және солай деп ұқсақ, онда 
күн
сөзінің 
термин болғаны. Яғни термин сөздің астарында сипаттап айтып беруге
тәптіштеп түсіндіруге болатын шынайы ұғым, ғылыми түсінік жатады. 
Термин туралы сөз ететіндердің көпшілігі терминнің осы ерекшелігін біле 
бермейді. Соған қарамастан термин туралы мақала жазып, осындай 
жиындарда термин жайында сөз сөйлейтіндерін қайтерсіз. 
Ондайлардан «термин дегеніміз не?» деп, сұрай қалсаңыз, қазақ тіліне 
енген орыс сөздерін мысалға келтіреді. Олар үшін термин – тілімізге енген 
орыс сөздері. «Қазақ сөздері де термин бола алады» десең, сенбейді. 
Сенбегенді былай қойып, «қазақ сөздері термин бола алмайды» деп, 
өзіңмен сөз таластырады. 
Екінші бір топ адамдар бар. Олар термин деп – мейлі орыс сөзі 
болсын, мейлі қазақ сөзі болсын, әтеуір тілімізде соңғы кездері пайда 
болған жаңа сөздердің (неологизмдердің) бәрін термин деп атайды. 
Термин дегенді осылай түсінудің өз заңдылығы бар сияқты. Өйткені 
Кеңес өкіметі кезіндегі жаңа сөздердің бәрі: 
колхоз, совхоз, партия, ячейка, 
комсомол, пионер, социализм, коммунизм,
– деген сияқты орыс сөздер 
болып келген жоқ па?! Қазіргі кезде пайда болып жүрген 
конгресс холл, 
миллениум, консорцум, менеджмент 
119 


деген сияқты сөздерде жат жұрттық, дәлірек айтсақ, ағылшынша сөздер 
болып тұр. Бұл сөздердің бәрінің арғы тегі – латын, грек сөздері 
екендіктерін өздеріңіз, оқырман қауым, жақсы білесіздер.
Халықаралық (интернационалдық) терминдер деп жүргендеріміз де – 
шығу тегі жағынан латын, грек сөздері. Ол сөздердің халықаралық термин 
деп танылуы үшін сөзге қойылатын шарттар қандай? Нендей өлшемдермен 
латын, грек, ағылшын сөздерін халықаралық терминдер деп танимыз. Неге 
тек латын, грек, ағылшын, орыс сөздері ғана дүние жүзі халықтарына 
ортақ сөз (термин) болуға тиісті? Халықаралық терминдердің ішінде Азия, 
Африка немесе шығыс халықтарының (олардың ішінде түркі тілдері де 
бар) неге ең болмаса бір-екі сөзі жоқ? 
Жарайды-ақ, халықаралық терминдердің шығу тегі еуропалық-ақ сөз 
болсын делік. Бірақ ол сөздердің дыбысталуын өзгертіп, мәселен, 
әкті 
(акт), 
білиәрт
(билльярд), 
бәлзәм
(бальзам), 
сүрпіріз
(сюрприз) деген 
сияқты, өз тіліміздің дыбыстау заңдылығына орай ыңғайлауымызға неге 
болмайды? Бұл – түптеп келгенде, құрылымы-құрылысы, шығу тегі мүлде 
бөлек, турасын айтсақ, үндестік заңына негізделген жалғамалы 
(аглютинативті) тілдерге жасалған зорлық емес пе? Түпкі мақсаттары – 
еуропалық емес тілдердің тамырына балта шауып, оларды жер бетінен 
құрту болып тұрған жоқ па?
Қысқасы, қойылар сұрақ көп. Ол сұрақтарды шешуге күш салып 
жүрген, ойланып-толғанып, бас қатырып жүрген қазақ ғалымдарын, қазақ 
жастарын сирек кездестіреміз. 
Осы жерде менің «қазақ тілінің дбыстау заңдылығы дегеніміз не?» 
деген сұраққа тоқтала кетікм келіп тұр. Бұл – әншейін айтыла салынған сөз 
емес. Оның түп негізі қазақ тілінің үндестік заңында жатыр. Егер тоқ 
етерін айтар болсақ, қазақ тілін тіл етіп тұрған – сол үндестік заңы. 
Үндестік заңы бойынша бір сөзде не өңшең жуан дауыстылар, не өңшең 
жіңішке дауыстылар тұруы керек. Ол заң бойынша түбір сөзде екі дауысты 
дыбыс, екі дауыссыз дыбыс қатар тұрмайды (Ескерте кететін нәрсе: қазақ 
тілінде екі дауыссыз қатар тұратын бір ғана жағдай бар. Ол – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет